I бөлім
Халқымыздың қымбат мұрасы мен асыл
қазынасы қазақтың ұлттық саз аспаптары
1.1. Аспаптардың шығу тарихы,жасалуы және қолданылуы
Қазақтың бір туар тұлғасы Мұхтар Әуезов еліміздің музыка өнері жайында "Қалың қазақ елі тартқан сыбызғыдағы салқын саз, қобыздағы қоңыр күй,домбыраның да екі ішекті ғана емес,әдейі күйге арналған үш ішекті тіліне оралған көп күйлердің ескі-жаңасы тегіс тарих үшін елеулі бұйым"деген екен.
Расында да қазақтың музыкалық аспаптары өзіне тән үні, орындаушылық дәстүрі, халқымыздың бітім болмысы, тыныс-тіршілігі мен шежіре тарихын айқындайтын бірегей мәдени мұрасы.Бұл халқымыздың дәстүрлі музыка өнері атадан балаға мирас болып,ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан рухани-мәдени байлығы.
Қазақ халқының музыкалық аспаптарының шығу тарихы сонау ықылым замандарда ұлы Әбу Насыр Әл-Фарабидің тарихи зерттеу жазбаларынан басталады.Заман ағымына байланысы аспаптар өзгеріске ұшырап, бірде шарықтап, бірде ұмытқалы жатты.Уақыт өте келе аспаптарымыздың қайта жандануына Шоқан Уәлиханов,Ахмет Жұбанов,Әлкей Марғұлан,Өзбекәлі Жәнібек секілді өзге тағы басқа ұлт жанашырлары ықпал етсе,қазақтың түңғыш аспаптанушысы,ғалымы Болат Сарыбаев үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізді.Музыкалық аспаптар этно-археологиялық және тарихи-этнографиялық тұрғыда зерделегенде олардың дыбыс шығару қасиетімен қоса, халық болмыс салтымен бірге қалыптасқан тұрмыстық құрал ретіндегі ерекшеліктері айқындалады. Олардың басым көпшілігі әубастан музыкалық аспат ретінде емес, тұрмыстық деңгейде қолданылған құрал,бұйым ретінде пайда болған.Бертін келе олар түрлеріне қарай бөлініп соқпалы-шулы, сылдырлы, үрлемелі, ыспалы, ішекті-шертпелі, көп ішекті, ұрмалы аспаптар болып жіктеледі.
Зерттеу жұмыстар нәтижесінде ұлт аспаптар бір жүйеге келтіріліп, бүгінде кеңінен насихатталып келеді.
Алғашқыда ел арасында әнші,күйшілер өздеріне қажетті аспаптарын жасап алып, ойнап елге өнерлерін көрсетіп жүре берген.Келе-келе қазақ сахарасының жағрафиялық ерекшеліктеріне орай саз аспапатары үндік ерекшклігіне және формасына қарай сан алуан түрге ене бастады.
Өткен заманда ата-бабамыз саз аспаптарын малдың мүйізінен, терісінен, сүйегінен, ішегінен, қылынан, тұяғынан, сонымен қатар саз балшық, ағаш, қамыстан жасаған. Қәзіргі таңда музыкалық аспаптарымыз осы халқымыздың сара жолымен жасалып қолданылуда. Осы кезде байырғы аспаптардың түрлері 40 тан аса болғандығы анықталып отыр. Ертеде ұлттық аспаптарды жұртқа хабар бергенде, аңшылар құсты,аңды үркіткенде,бақсылар сарын айтқанда, әскери жорықтарда ұран салғанда, жау келгенде пайдаланған. Бүгінде сол көне замандағы саз аспаптарымыздың үнін сақтап қалғанымен қызыметтік функциясын өзгерткен.Ертедегі тұрмысқа қажет болса, бүгінде ұлттық фольклорлық ансамбль, оркестрлерден орын тапқан.
Б.Сарыбаев музыкатануда ежелгі аспаптарды біліп,тауып мәдениеттің материалдық игілігі ретінде ғана бағалап қойған жоқ, сондай-ақ бұл ескі аспаптарды халықтың рухани өміріне еңдірді.Б.Сарыбаевтың еңбегінің маңызы аса зор себебі, ежелгі аспаптарда уақыт үні, ғасыр таңбасы болады.Ол қазақтың музыка мәдениетіне жаңа тарихи бет болып қосылып, үнемі жаңарып толығып отырады.Зерттеушінің дербес жинамасы төрт жүзге таман музыкалық аспапты қамтиды, ол сандай-ақ, сыбызғы, сырнай, жетіген, шертер, шаңқобыз, дабыл т.б.халықтық қазақ музыкалық аспаптарының жинамасының иесі.
Достарыңызбен бөлісу: |