Үскірік
Сыбызғы
Сазсырнай
Үілдек
Керней
Даңғыра
Мүйіз
Тұяқ тас
Шың дауыл
Дауылпаз
Дабыл
Ыспалы
Үрлемелі
Нар қобыз
Сазген
Ұлттық музыкалық аспаптар
Ұрмалы - сілкімелі
Ұрмалы - соқпалы
Қоңырау
Домбыра - қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.Домбыраның екі ішектісінен басқада үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.
Қыл қобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар.Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы – балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобыздың пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты екені де айтылады.
Жетіген - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар өтседе, баяғы қарапайым күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылады. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде : өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айрылған қасіретті қайғысынан туындаған әуен- деседі. Бізге «жетіген» деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді.
Адырна - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң- құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады. Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты- үсті терімен қапталады.Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішіктер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды.
Шертер – ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көлемі домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды еске салады, оған жұмыр түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі шек тартылады. Аспап бір ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған. Ол бақташылар арасында кең тараған. Қазақтың көне музыкалық аспаптарының біріне жататын ол шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Шертер екі немесе үш ішекті болып келеді. Ертедегі шертерлер ағаштан ойылып, шанағы көнмен (терімен) қапталған.
Шаң қобыз - бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады.Аспапта жеке ән- күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге болады. Шаң қобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады.
Саз сырнай – алты тесікті үрлеп ойналатын аспап. Саз балшықтан күйдіріліп жасалады. Мұның бетіне өрнек ойылып, ол жыланкөзбен көмкерілген
Сыбызғы - үрмелі аспаптардың ішінде кең тарағаны. Бұл аспап бақташы-малшылардың өмірімен тығыз байланысты болғандықтан, ел ішіндегі қариялар оны «жылқы малының азаны» деп атаған. Сырты жылтыр сары қурайдан жасалатын сыбызғының сырты малдың ішегімен кейде мал өңешінің ақ шелімен қапталады. Бұл оның жауын-шашынға төзімді болып сақталуына, қурайдың жарылып кетпеуіне және үнінің таза сақталуына байланысты қолданылатын әдіс-тәсіл. Сыбызғы аспабының үні самал желдей майда, тембрі жұмсақ, ерекше әсер береді. Мұның бетіне өрнек ойылып, ол жыланкөзбен көмкерілген
Достарыңызбен бөлісу: |