І бөлім. Жалпы фармакология



бет107/117
Дата03.11.2022
өлшемі1.02 Mb.
#463898
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   117
Farmakologia kitap

Метронидазолды (лямблиозға карсы дәрілерді қараңыз) трихомонозды емдеу үшін қолданғанда ересектерге 2 г-ды бірден ішу немесе 0,5 г-ды тәулігіне 2 рет 5 күн қатарынан немесе 0,25 г-нан тәулігіне 3 реттен 7 күн қатарынан тағайындалады. Балаларға қолданғанда 1 жастан 5 жасқа дейін – 0,25 г, 6 жастан 10 жасқа дейін – 0,375 г, 11 жастан 15-ке дейін – 0,5 г-нан тәулігіне 3 реттен 7 күн қатарынан беріледі. Қынапты түймедақтарын 1 реттен ұйқы алдында қынапқа салып жату керек, 6 күн қатарынан қолданады.
Трихомонацид түймедақтары және қынап балауыздары 0,05 г. Бұның трихомонадаға деген белсенділігі өте жоғары келеді, сондықтан да трихомонацидті әйелдер мен ер адамдардың урогениталды ауруларына қолданады. Ересектерге ішу ретінде (тамақтың артынан) тәулігіне 0,3 г күніне 2-3 реттен барлығы 3 - 5 күндей қолданылады. Жергілікті балауызды қолдану алдында жатарда қынапты тазалау керек (спринцті әдіспен), содан кейін 0,05 г қынап балауызын 10 күн қатарынан пайдалану керек, тек етеккірден кейін қолданады. Ал ер адамдарға 1% - 10 мл уретра арқылы 10-15 минут бойы жуу керек. Сосын 5-6 күн қатарынан қолданылады.
Трихомонацидтің артық мөлшерін қабылдағанда кілегейлі қабықшаны тітіркендіреді, жағымсыз жағдайлар (сілекейлі сөлдердің көп бөлінуі) байқалады. Бұл кезде трихомоноцидті әрі қарай пайданалуға болмайды.
Rp.: Trichomonacidi 0,05
Olei Cacao 3,0
M. f. suppositorium vaginale
D.t.d. № 6
S. 1 балауыздан жатарда қынапқа салып жатуға.
Тинидазолмен (амебиазға қарсы дәрілерді қараңыз) трихомониазды емдеу үшін ішу ретінде бірнеше кестелері пайданылады: 2 г бір рет ішкізу; 0,5 г-нан 15 минут сайын бір сағатта (4 рет - 2 г) береді; 0,15 г-нан күніне 2 реттен 1 апта бойы (“сол 2 г) қолданылады. Балаларға пайдаланғанда 50-60 мг/кг салмағына теңейді.


5.Токсоплазмозға қарсы қолданылатын дәрілер.
Токсоплазмоз ауруының қоздырғышы Toxoplasma gondii. Ол көбіне лимфа түйіндерін, ішекті, өкпені зақымдайды, жүкті әйелдерді күнінен бұрын абортқа ұшыратады, оны емдеуге хлоридин, аминохинол, левамизол мен сульфанидамидтер қолданылады.
Хлоридинді (безгек ауруларына қарсы дәрілерді қараңыз) жедел және созылмалы токсаплазмозға қарсы қолданылады, циклы 5 күн, 0,05 г-нан, ал сульфаниламидпен бірге қолданғанда 0,025 г-нан. Ем ұзақтығы 2 – 3 циклға созылады. Емнің тағы да қажеттігі болса, онда 1-2 айдан соң қайталауға болады. Токсоплазмозды алдын ала болдырмау үшін 16 апталық жүкті әйелдерге 2 циклды ем қолданылады.
Аминохинолды (лямблиозға қарсы дәрілерді қараңыз) жедел және созылмалы токсоплазмозға 0,1 – 0,15 г күніне 3 рет қолданылады, сульфаниламидтік дәрілермен (тәулігіне 2 г-нан 2-3 рет) бірге қосып беріледі, ұзақтығы 7 күн, үзіліс 10-14 күндей, жалпы емі 2-3 циклмен өтеді. Алдын ала жүкті әйелдерде токсоплазмозды болдырмау үшін аминохинолды бірнеше циклмен береді. Негізінде жүктіліктің 8 аптасына дейін аминохинолды беруге болмайды, сондықтан бірінші циклі 9-14 аптадан басталады. 2-ші цикл – 15-20 аптада, 3-ші цикл – 21-26 аптада, 4-ші цикл – 27-32 аптада жүкті әйелдерге қолданылады.
Левамизолды (гельминттерге карсы дәрілерді қараңыз) иммунитет тапшылығы кезінде - 0,15 г-нан 3 күн қатарынан қолдануға болады, сосын 1 апта үзіліс. Содан соң 2-3 циклды қайталауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет