І бөлім. Жалпы фармакология


Доксорубицин гидрохлориді



бет115/117
Дата03.11.2022
өлшемі1.02 Mb.
#463898
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117
Farmakologia kitap

Доксорубицин гидрохлориді (адриамицин, адрибластин және т.б.) - 0,01 және 0,05 г ұнтақ флаконда шығарылады. Мұны қан тамырға егуге 50 -75 мг/м2 мөлшерде 3 аптада 1 рет, немесе 25-30 мг/м2 мөлшерде 1 аптада 1 рет беріледі.
Доксорубицин сүт безі, өкпе, асқазан, қалқанша безі, қуық, жедел лейкоз, лимфогрануломатоз және тағы басқа мүшелер қатерлі ісіктері кезінде қолданылады. Ісіктен басқа қосымша аурулар болса, ол препараттың негізі кардиотоксикалық әсерімен байланысты - миокардит, жүрек жетіспеушілігі, аритмиялар және миокард инфаркты. Қан кету, туберкулез, асқазан және он екі елі ішек жарасы, жүкті әйелдерге, бауыр мен бүйрек жетіспеушілігі, лейкопения мен тромбоцитопения кезінде қолдануға болмайды. Осыған сәйкес жанама әсерлері де байқалады.
Оливомицин - 0,02 г қоймалжың ерітіндісі флакон түрінде шығарылады. Мұны тек қан тамыр арқылы егеді (тері астына және бұлшық етке егуге болмайды, өйткені некроз пайда болады). Ересектерге 5 мг-нан бастап, 10 және 15 мг-ға дейін қан тамыр арқылы тамшылатып 2-3 минут ішінде енгізу керек. Екі күн ішінде 1 рет, 10 мг-нан 20 мг дейін беріледі. Дәрінің емдік шипасы болса 1-1,5 айдан соң қайталаған жөн.
Оливомицинді аталық ұрық безінің ісіктеріне (семинома, эмбрионалды ісік, тератобластома), тонзиллярлық ісіктеріне (лимфоэпителиома, ретикулосаркома және т.б.), жатырдың хорионэпителиомасына, жатыр мойнының ісігіне және т.б. осындай ісіктерге қарсы қолданады. Кардиотоксикалық қатерлі әсерлері болуы мүмкін, сондықтан жүрек-тамыр аурулары кезінде сақ болған жөн, науқастың жағдайы өте нашарлағанда қолданбайды.


5. Өсімдіктен жасалған дәрілер.
Колхамин (демекольцин және т.б.) - 0,002 г түймедағы және 0,5% - 25 г майы. Бұны көбінесе терінің қатерлі ісіктеріне және қылтамақ ісігіне қарсы қолданады. Қылтамақ ісігіне сарколизинмен бірге колхаминді 6-10 мг күніне 2-3 рет береді, бүкіл еміне 50-110 мг беру керек. Колхаминді тері ісіктерінің І-ІІ сатыларында қолдану керек. 1-1,5 г майды жараның үстіне жағып, дәкемен жауып, жабыстырғышпен жапсырып тастау керек. 10-12 рет жаққаннан кейін ісік жарасы бұзылып ыдырай бастайды. Негізгі жағу ұзақтығы 20-25 күн, кейде 30-35 күнге дейін барады. Ісіктің ІІІ және ІҮ сатысында метастаздық ісіктер денені алып бара жатқанда бұл дәріні қолдануға болмайды.
Винбластин (цитобластин, розевин және т.б.) - 0,005 және 0,01 г ампуласы және флаконы. Бұны ұнтақ ерітіндісімен бірге, қан тамыр арқылы 6-10мг/м2 мөлшерде 1-2 аптада 1 рет, немесе 2-3 мг-нан тамшы ретінде 24 сағат беріледі.
Винбластинді лимфогранулематозға, лимфомаға, Капоши саркомасына, қуық ісігіне, аталық ұрық безінің ісігіне, бүйрек, кеңірдек ісіктеріне, нейробластомаға, миеломдық ауруға, созылмалы лейкозға және хорионкарциномаға қарсы қолданады. Қанға, шеткі жүйкеге, асқазанға, сүйекке, буынға және тамырларға көптеген жанама әсерлері бар. Қан түзілуі тежелгенде, жедел ішек аурулары мен асқазан және он екі елі ішек жарасында, өлім халінде, бактериялық инфекцияда және жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.
Винкристин (онкокристин, цитокристин және т.б.) - 0,0005 және 0,001 г флакондағы ерітіндісі; 0,1% - 1, 2, 3 және 5 мл мөлшерлерде ампуласы бар. Бұны қан тамырға аптасына 1 рет 1,5 мг/м2 - 2 мг/м2 дейін қолданады.
Винкристинді лимфогранулематоз, лимфома, Юинг саркомасы, сүт безінің ісігі, өкпенің және тағы басқа ұқсас ісіктері кезінде қолданады. Бұл дәрінің жанама және кері әсерлері винбластинге ұқсас келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет