І бөлім. Жалпы фармакология



бет61/117
Дата03.11.2022
өлшемі1.02 Mb.
#463898
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   117
Farmakologia kitap

Оксипрогестерон (Гидроксипрогестерон, Гормофорт т.б.) капронатыжасанды дәрі, биологиялық және әсерімен прогестеронға ұқсас, сондықтан көбінесе сары дене жетіспеушілігінде прогестерон сияқты қолданылады. Мөлшері 12,5% және 25% майлы ерітіндісі ампула түрінде 1 мл-ден пайданылады.
Rp.: Sol. Oxyprogesteroni capronatis oleosae 12,5%-1ml
D.t.d. № 6 in amp.
S. 1 мл-ден аптасына 1 рет.
#
Антигестагенді дәрі – Мифепристон медициналық тәжірибеде жүктіліктің алғашқы кезеңінде бала түсіру үшін қолданылады.
12.2.3. Андрогенді дәрілер – Тестостерон пропионаты (Testosteroni propionas), метилтестостерон (Methyltestosteronum) және т.б. Қолдану көрсеткіштері: жыныстық жетіспеушілік, жыныс жүйесі қызметінің бұзылуы, акромегалия, клементарий, жатырдан қан кету, ұрық бездері мен сүт бездерінің қатерлі ісіктері. Ерлердің жыныс безінің қатерлі ісігі кезінде қолдануға болмайды.
Қосымша, яғни жанама әсерлері: жыныстық қозу, денедегі тұз бен судың жиналуы, дауыстың өзгеруі, бет пен дененің түк басуы, сүт бездерінің атрофиясы, лоқсу және бас айналуы.
Тестостерон пропионаты (Тестостерон, Андриол және т.б) ер кісінің ішкі жыныс гормонына ұқсас, бірақ жасанды түрінде шығарылады, сондықтан да ұзақ андрогендік әсерін тигізеді. Тестостеронды ер адамның жыныс жүйесінің қызметі бұзылғанда, климакс және остеопороз кезінде қолданады. Әйелдер сүт безінің қатерлі ісігінде тағайындалады. Бұның 1% және 5% майлы ерітіндісі 1 мл тері астына егіледі.
Тестостеронның жанама әсерлері мөлшерін асырып жібергенде жиі байқалады: ер адамның жыныстық елігуінің қозуы, денедегі су мен тұздың жиналуы, қуық үстіндегі без қызметінің бұзылуы, әйелдерде вирилизм (ер адамдарға тән көрініс – дауысы өзгеріп, денесі түктенуі және сүт безінің жойылу) және жалпы бас айналу, лоқсу және т.б. өзгерістер көрінеді. Бұны қолдануға болмайтын кері көрсеткіштер: қуық үсті безінің және бауырдың қатерлік ісіктері, жүкті және бала емізетін әйелдерге.
Rp.: Sol. Testosteroni propionatis oleosae 1%-1 ml
D.t.d. № 6 in amp.
S. Бұлшық етке күніне 1 мл-ден.
#


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет