І бөлім. Жалпы фармакология



бет98/117
Дата03.11.2022
өлшемі1.02 Mb.
#463898
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   117
Farmakologia kitap

Фоскарнет (триаптен, фоскавир және т.б.) – ДНҚ- полимеразды және кері транскриптаза АИВ бөгейді. Қарапайым вирусты герпеске, желді шешекке, белдемшелік герпеске (теміреткіге) және цитомегаловирустарға және т.б. ацикловирге үйреншікті болып кеткен вирусты инфекцияларға және иммунитет бұзылған кезде қолданылады.
Фоскарнет – 2,4% ерітіндісі 250 және 500 мл флаконда егуге арналған. Қан тамыр арқылы тамшылатып, алдымен 5% глюкоза ерітіндісінде немесе натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісінде 1:1 араластырып беріледі. ЖИТС, вирустік инфекция ауруларында 60 мг/кг мөлшерде 8 сағаттан немесе 90-120 мг/кг 12 сағаттан сайын 18 – 21 күнге дейін беріледі. Қарапайым және белдемшелік герпесте – 40 мг/кг, 8 сағаттан сайын 14-21 күнге дейін қолданылады.
Фоскарнеттің ең улы әсері нефротоксикалығы (бүйректі уландыру), содан кейінгі қатерлері: анемия, лейкопения, гранулоцитопения, тромбоцитопения, аритмия, ми қан айналымының бұзылуы, іштің өтуі, минеральдық және электролиттік зат айналымның бұзылуы, тыныс алу және аллергиялық өзгерістер пайда болады. Бұдан басқа нейротоксикалық әсері де байқалады: депрессия, психоз, ұйқы қашу, есінен айырылу, энцефалопатия, неврит, тілі күрмеліп, құлағы шуылдап, көзі қараяды және т.б. бұзылыстар болуы мүмкін.

5. Поксвирустарға – табиғи шешек вирустарына (шешек ауруларына) әсер ететін дәрілер.


Метисазон (марборан және т.б.)– шешек вирусының репродукциясын тежейді. Табиғи шешек вирусының алдын алу әсері үлкен. Вакцинация жасағаннан кейін, асқынулардың алдын алу үшін қолданылады. Қайталанатын гениталдық герпеске және вирус Varicella zoster кезінде де қолдануға болады.
Метисазон – түймедағы 0,2 г, ересектер үшін ішетін мөлшері 0,6 г, ал 14 жасқа дейінгі балаларға мөлшері 0,01 г/кг, күніне 2 рет, 4-6 күн қатарынан беріледі. Бас айналу, лоқсу, құсу болуы мүмкін, ондай кезде мөлшерін төмендетсе жанама әсерлері өз-өзінен кетеді. Бауыр мен бүйректің қызметі бұзылғанда, асқазанның аурулары (жарасы, гастрит және т.б.) кезінде қолдануға болмайды. Метисазонды қолданғанда спирттік ішімдіктерді қолдануға болмайды.

6. Гепаднавирустары – В және С гепатит вирустары (созылмалы белсенділігі бар гепатитке) әсер ететін дәрілер.


Интерферондар – молекулалық салмағы аздау (15000-25000) келетін белоктар вирусқа және қатерлік ісікке қарсы әсерлігі, иммуномодуляторлық әсері өте жақсы. Қазіргі кезде көбінесе жасанды генді инженерлік тәсіл мен алынған рекомбинанттық α-интерферондаральфаферон, виферон, локферон, реальдирон, реаферон, интрон А, роферон А; β-интерферондарбетаферон, рефиб, ферон т.б. және γ-интерферондар имукан т.б. Бұлардың бәрі вирустық ауруларға, қатерлі ісікке және т.б.ауруларға қолданылады.
19 тарау. Микоз ауруларына қарсы қолданылатын дәрілер.
Патогендік және шамалы-патогендік ұсақ саңырауқұлақ микробтардан пайда болған ауруларды микоздық сырқаттар деп атайды. Бұлар өте көп көшпелі жергілікті және жүйелі аурулар. Енді осы микоздық ауруларына қолданылатын дәрілер мынандай топтарға жіктеледі:
І. Патогенді микозды тудыратын ауруларға қарсы қолданылатын дәрілер:
1) жүйелі микоздарға (гистоплазмоз, криптококкоз, бластомикоз т.б.) ауруларына қолданылатын дәрілер:
а/ антибиотиктер – амфотерицин В (Amphotericinum), микогептин (Mycoheptinum).
б/ жасанды заттар – миконазол (Miconazole), кетоконазол (Ketoconazole), флюконазол (Fluconazole).
2) эпидермомикозға (дерматомикозға) қолданылатын дәрілер:
а/ антибиотиктер – гризеофульвин (Griseofulvinum).
б/ жасанда заттар – тербинафин (Terbinafine) және йодтық дәрілер – спирттік йод ерітіндісі, калий йодиді.
в/ жергілікті қолданылатын дәрілер: клотримазол (Clotrimazole), «цинкундан» майы (Unduentum Zincundanum), «ундецин» майы (Unguentum Undecinum), микосептин, йодтық препараттар т.б.
ІІ. Шамалы патогендік микоз тудыратын ауруларға (кандидомикоз) қарсы қолданылатын дәрілер:
а/ антибиотиктер – нистатин (Nistatinum), амфотерицин.
б/ жасанды заттар – миконазол , клотримазол (Clotrimazole).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет