I бөлім не үшін үйлену керек?


Екінші жартыңды интернет арқылы табуға бола



Pdf көрінісі
бет14/42
Дата06.12.2022
өлшемі1 Mb.
#466642
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Екінші жартыңды интернет арқылы табуға бола 
ма?
Бір намазхан досым бар. Бес жыл бұрын үйленген. 
Ол кезде біз бойдақпыз. «Ол кім? Қалай таныстың?» деп 
сұраймыз ғой баяғы. Сонда ол «Ұстаз арқылы» деген 
еді. Біз «МашаАлла, не деген тақуалық! Өмірлік жарын 
таңдауда рухани ұстазына жүгінген екен» деп сүйсіндік.
Діни кітаптардан оқушы едік. Бұрын шәкірттер 
шейхтары кімге үйлен десе, соны жар етіп алатын еді. 
Сөйтіп соның берекесімен бақытты ғұмыр кешетін. Бұл 
бауырымыз да соған амал еткен-ау деп ойладық. Сөйтсек, 
кейін өзі айтады: «Ұстаз болғанда, ВК-да Бауыржан 
Әлиұлына жазылған қыздардың арасынан таптым» деп. Бір 
жағынан логикасы да дұрыс. Өзімен көзқарасы, ұстанымы 
бір адамды солай іздеген ғой. Онлайн болса да, ұстаздары 
бір.
Кейін сол қызға хабарласып, ниетін білдірді. Ниет 
болғанда, артық әңгімесіз Алла разылығы үшін отбасын 
құрғысы келетінін айтқан. Ол қыз басқа қалада тұратын. 
Ерінбей кездесу үшін 2-3 рет барып қайтты. Талаптарын 
айтып, үйленуге қатысты мәселенің бәрін талқылады. Көп 
ұзамай үйленіп кетті. Болды. Ешқандай романтика жоқ. 
Қыз бен жігіт боп жүру жоқ. Қазір екеуі бақытты өмір сүріп 
жатыр. Ұзағынан болсын!
Тағы бір досым өстіп «ұстаз арқылы» болашақ 
жарын іздеп көрген ғой. Болмады. Сөйлескен қыздары 
«үйлену ниетімен жазып тұрмын» дегенін түсінбей қалды-
ау дейм. Енді әр адамның көзқарасы, алған тәрбиесі, 
дүниетанымы, түсінігі әр түрлі ғой. Әркім өзінің теңін 


38
Екінші ж
ар
тың
ды инт
ерне
т арқылы т
аб
уғ
а бо
ла ма?
II БӨЛІМ
табады.
Сөз соңында айтарым, екінші жартыңды интернет 
арқылы ма, басқаша ма, іздесең, басты ниетің отбасын құру 
болсын. Қыз бен жігіт боп жүре тұру үшін, уақытты өткізу 
үшін болған қарым-қатынастың ешқайсы жақсылыққа 
апармайды. Ниетіміз түзу, ісіміз тура болсын.
Қазір онлайн өмір адамның өмірінің бір бөлігіне 
айналып кеткен ғой. Онлайн/оффлайн өмірдің арасындағы 
шекара өшіп бара жатыр. Күнде сторизден көріп жүрген 
блогерің туысқаныңдай боп кетеді. Мен тіпті мынадай 
нәрсені байқадым: онлайн бір адамды бақылап жүремін. 
Кейін тірідей алғаш рет кездескенде бұрыннан таныс 
адамша емін-еркін сөйлесіп кетеміз. Қызық иә?
Мен Динармен басында онлайн сөйлесе бастағам. Оған 
дейін оны барлық әлеуметтік желілерде сырттай зерттегем. 
Сосын тірідей кездестік. 
«Онлайн» деп шошудың қажеті жоқ. Ең бастысы, 
онлайн өмір сенің шын өміріңнің көлеңкесі болсын. Әдетте 
онлайнда белсенді боп жүрген қыздар тірідей сөйлесе 
қалсаң, ұялып, үндемейтін боп шыға келеді. Өмірде 
белсенді болсаң, онлайнда да соны көрсет. Бірақ керісінше 
өзіңде жоқ қасиеттерді онлайнда көрсетіп, көзбояушылық 
жасама. 


39
Нағыз жігіт қ
анд
ай бо
луы к
ерек?
II БӨЛІМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет