I бөлім не үшін үйлену керек?


Нағыз жігіт қандай болуы керек?



Pdf көрінісі
бет15/42
Дата06.12.2022
өлшемі1 Mb.
#466642
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
Нағыз жігіт қандай болуы керек?
Әр жігіт нағыз жігіт болғысы келетін шығар. Әр қыз 
нағыз жігітке тұрмысқа шыққысы келетін шығар. Бірақ 
әркімде «нағыз» деген критерий әр түрлі. Мен өзімнің 
«нағыз жігіт» нұсқамды ұсынып көрейін. Кітаптың мақсаты 
үйленуге қатысты кеңес беру болғандықтан, құрметті 
қарындасым, сөз салып келген жігітіңді сынағанда, менің 
«нағыз» нұсқама көңіл бөлші. Құрметті інім, ал сен менің 
«нағыз» нұсқама лайық болуға тырысып көрші. 
Кейде жұлдыздар, блогер немесе кәсіпкерлерді 
кумир етіп алған қыздарды көремін. Соларға өлердей 
ғашық болмаса да, іштей «күйеуім осындай болса екен» 
деп армандайтындар бар. Болашақ жарың жайлы ойлау, 
оны елестету, өз қалауыңды білу жақсы ғой. Бірақ мен бір 
нәрсе айтқым кеп тұр. 
Айналайын қарындасым, мықты блогер немесе 
мықты кәсіпкер мықты жар, мықты әке де болады деген 
заңдылық жоқ. Кейде тіпті керісінше де болуы мүмкін. 
Кәсіпте пысық жігіт отбасына келгенде сараңдық танытады, 
аз көңіл бөледі. Саған кәсібі дөңгелеп тұрған, бірақ саған, 
балаларыңа аз көңіл бөлетін адам керек пе? Сен сондай 
өмірге дайынсың ба? 
Менің түсінігімде мықты отағасы болатын нағыз 
жігітте мына қасиеттер болуы керек: жауапкершілікті өз 
мойнына ала білу, уәдесінде тұру және сабыр. Бұл тізімді 
шекіз ұзарта беруге болады. Бірақ мен осы ең негізгі үшеуі 
жайлы айтқым кеп тұр. Бұлар болса, қалғаны реттеліп 
кетеді деп ойлаймын. Әрқайсына тоқталып өтейін. 


40
Нағыз жігіт қ
анд
ай бо
луы к
ерек?
II БӨЛІМ
Әр ісі, әр сөзі үшін жауапкершілікті өз мойнына алу 
қасиеті кейбір жігіттің бойында жоқ. Жауапкершілік кімнің 
қолында болса, сол басқарады. Әйелдер неге мықты боп 
кетті, неге лидер боп кетті деген сұрақ туса, біл, жігіттер 
жауапкершілік алудан бас тартып жатыр деген сөз. 
Елестетші, дүкендегі бір вазаны сырып алдың дейік. Ешкім 
көріп тұрған жоқ. Үндемей өтіп кете берсең де болады. 
Бірақ жауапкершілікті өз мойнына алатын жігіт болсаң, сен 
сатушыны шақырып, ескертіп, «құнын өзім төлейін» дейтін 
едің. 
Отбасында да біреудің қызын аманат етіп алған 
соң, әр проблемаға өзің жауапты екенініңді түсінсең, 
сен әйеліңді кінәламайтын едің. Проблеманы шешуді 
өз жауапкершілігіңе алып, шешетін едің. Отбасылық 
кикілжіңде, ұрыс-керісте, ажырасуда ешқашан бір 
тарап қана кінәлі болмайды. «Махаббат некеден кейін 
басталады» деп жатады ғой. Мен айтар едім «Некеден 
кейін жауапкершілік басталады» деп. Сен Алланың 
алдында жарың үшін жауаптысың. Махаббат пен 
ғашықтықтың басты айырмашылығы жауапкершілікте. 
Жігіттің бойында жауапкершілік бар ма, жоқ па екенін 
қалай білуге болады? Оның әңгімесіне қарап, біраз нәрсені 
білуге болады. Ол бір проблемасы жайлы айтқанда 
басқаларды кінәлай ма? Әлде проблеманың шешілуі 
тікелей өзіне байланысты екенін айта ма? Адамды оның 
өзі жайлы не айтатынына қарап емес, өзгелер жайлы не 
айтатынына қарап тануға болады.
Жауапкершілік «жауап беру» деген сөзден шықса 
керек. Яғни, сен түбі әр әрекетің, әр сөзің үшін жауап 


41
Нағыз жігіт қ
анд
ай бо
луы к
ерек?
II БӨЛІМ
бересің. Бұл өмірде болмаса да, о дүниеде Алланың 
алдындағы жауапқа дайын бол. 
Екінші қасиет: уәдеде тұру. Былайша айтқанда, бір 
сөзді болу, сөзден секірмеу. Адамның абыройы уәдесінде 
тұрған сайын арта береді. Уәде бердің бе, істе. Істей 
алмайсың ба, уәде берме. Кейбір жігіттер үйленер алдында 
уәдені үйіп төгеді де, үйленіп алған соң, «қашан айттым?» 
деп айнып шыға келеді. 
Адамның уәдеге беріктігін, бір сөзділігін қалай білуге 
болады? Оның сөзі мен ісінің сәйкестігіне қарау керек. 
Ол айтып жүрген нәрсесін өзі істей ме, жоқ па? Кішкентай 
уәдесінің өзін орындай ма, жоқ па? Мысалы, «кешке 
хабарласам» деп хабарласпай кетсе, үлкен уәделерін 
орындауы да күмәнді. Уәдеде тұру да жауапкершілік алуға 
кеп тіреледі. Сөзіңе жауап беру. Айттың ба, істе. 
Жігітті жігіт ететін түптеп келгенде оның сабыры. 
Жігіт сабырсыз бола бастағанда жігітке тән қасиеттерінен 
айырыла бастайды. Әйел адам табиғатынан сабырсыздау 
келеді. Эмоцияға берілгіш. Эмоциямен бір қатты сөз 
айтып жіберуі мүмкін. Сол кезде жігіт сабырмен қабылдап, 
эмоцияға ерік бермей, ашуын басқара алса, әйел 
ұрсып-ұрсып қояды да, жігіттің бұл әрекетін өте жоғары 
бағалайды. Ал әйеліңмен «ә» десе, «мә» деп салғыласып 
кетсең, сен сабырсыздық танытқан боласың.
Жігіт проблемалардың бәрін шешкіш супермен 
болмай-ақ қойсын, спортик болмай-ақ та қойсын. Бірақ 
жауапкершілікті өз мойнына алатын, уәдесінде тұратын 
сабырлы болсын. Кейбір жігіттер бар физикалық тұрғыдан 
анау айтқандай мықты болмауы мүмкін. Бірақ осы үш 
қасиеті бойында болса, ол еркек деген атына лайық 


42
Қызғ
а қ
амқ
оршы к
ерек
II БӨЛІМ
бола бастайды. Көзқарасында бір сес һәм сұс пайда 
болады. Оған деген құрметің де артады. Ал кейбір бір 
қарағанда мықты боп көрінген жігіттер уәдеде тұрмай, 
жауапкершіліктен қашып, сабырсыздық танытып, 
абыройынан айырылып жатқанын талай көрдім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет