86
Үйлену т
ақырыбына қ
атыс
ты cұр
ақ
-ж
ау
ап
ҚОСЫМША
Жауап: Бір досым үйленер алдында болашақ әйелі екеуі
тексеріліп алды. Бедеу ме, жоқ па деп. Себебі ол үшін
әйелінің бала көтере алуы маңызды болды. Өз басым ондай
талап қоймаппын. Алла бала нәсіп етпесе, бала асырап
алуға болады дедім бе екен. Дінмұхаммед
атамыз Зухра
апамыздан перзент сүймесе де, 50 жылдан аса уақыт
бірге тұрған
және махаббатын сақтай білген, оны ерекше
бағалаған. Пайғамбарымыз «бала көтеруге қабілетті
әйелдермен некелесіңдер» деп өсиет еткен. Бедеулікті
де емдеуге болады деп ойлаймын. Үмітсіз шайтан! 10 жыл
бала сүймей, бірден үшем нәсіп болған отбасыны білем.
Сұрақ: Ұнататын қыздың білімі жоғары болса,
қиындық тумай ма?
Жауап: Болуы мүмкін. Себебі қыз білімім көп
деп тікелей
айтпаса да, жоғарыдан қарап тұрғандай болады. Бір
үстемдік бардай. Бірақ сен де біліміңді көтере аласың ғой.
Джек Лондонның “Мартин Иден” деген шығармасын оқып
көрші. Біздің
тілмен айтсақ, ауылда мал бағып жүрген
жігіт қалаға кеп, Лондонда оқитын байдың қызын ұнатып
қалады. Бірақ
қай жағынан да артта екенін, ол қызға лайық
емес екенін түсініп, өзгеруге бел байлайды. Ағылшын, орыс
тілдерін үйренеді, жұмыс істейді, дұрыс киінуді үйренеді,
қысқасы, қызға деген махаббат оны танымастай өзгертеді.
Бұл —менің қазақшалаған түрім.
Достарыңызбен бөлісу: