96
Үйлену т
ақырыбына қ
атыс
ты cұр
ақ
-ж
ау
ап
ҚОСЫМША
Cұрақ: Екеуміз білім жолында жүрміз. Сағынған
уақытта қалай сабыр ету керек?
Жауап: Сағынуға уақыт қалмайтындай мұрныңнан
шаншылып білім алу керек.
Cұрақ: Жігіттің сені ұнататынын қалай байқауға
болады?
Жауап: Инстаграмда қызық емес постарыңа лайк баса
бергенінен, бір
өтініш айтсаң, «ок ок» деп орындауға
асыққанынан білуге болады.
Cұрақ: Екінші жартысын Алла тағала маңдайға
жазып қояды деген шын ба?
Жауап: Шын. Бірақ бұны дұрыс түсіну керек. Сіздің екінші
жартыңыз кім болатынын Алла тағдырыңызға жазып
қойған. Сіздің қандай шешім қабылдайтыныңызды, не
істейтініңізді алдын ала біліп жазып қойған. Алла үшін
уақыт деген ұғым жоқ. Түсінікті болу үшін мынандай мысал
келтірейін. Астрономдар зерттеулер жүргізіп, күнтізбеде
«Алматыда 24 тамыз күні Күн сағат 06:05-те шығады»
деп алдын ала жазып қояды. Сол күні күн тура сол уақытта
шығады. Енді қараңызшы. Күн астрономдар сол уақытта
жазып қойғаны үшін сол уақытта шықты
ма әлде физикалық
заңдардың нәтижесінде шықты ма? Екінші нұсқа дұрыс
иә? Сол сияқты біз де
екінші жартымызды іздейміз, әрекет
қыламыз, сөйтіп сол әрекетіміздің нәтижесін көреміз. Ал
97
Үйлену т
ақырыбына қ
атыс
ты cұр
ақ
-ж
ау
ап
ҚОСЫМША
Алла оны алдын ала біліп тағдырымызға жазып қойған. Сол
үшін түк істемей, тәуекел еттім деудің қажеті жоқ. Әрекетке
— берекет.
Достарыңызбен бөлісу: