I. Бухглтерлік есеп негіздері



бет4/6
Дата09.07.2016
өлшемі0.6 Mb.
#186610
1   2   3   4   5   6

Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын  кестелерді жиі жасайды.

3.Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позицисын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

 4.Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері (синтез) болуы мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық, сондай-ақ экономикалық және математтиканың статистиканың дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.

И. М. Лоханина мен З. К. Золкина алдымен есеп беруді құрастырудың сапасын тексереді, содан кейін оны оқуды жүргізіп, соның негізінде кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалайды, одан кейін кәсіпорынның мүліктік жағдайына және оның қалыптасу көздеріне, қаржылық дербестігіне және талдау қабілеттілігіне тереңдетілген талдау жасайды.

Ол талдаудың келесі бөліктерінен тұрады: қаржылық жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезеңдегі оның өзгерісі; кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау; кәсіпорынның іскерлік белсенділігін және төлеу қабілеттілігін талдау.

Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңдегі өзгерісін салыстырмалы аналитикалық баланс-нетто бойынша бағалау, сондай-ақ қаржылық тұрақтылықтың абсольюттік көрсеткіштерін талдау, олардың ойынша, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бастапқы пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұрақтылықты талдаудан туындап, ағымдағы төлеу қабілеттілігін бағалап, болашақтағы төлем қабілеті мен қаржылық тепе-теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға тиіс.

5.Қаржылық талдаудың коэффициенттер әдісі. Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффиценттерді пайдалану болып табылады.

Коэффиценттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффиценттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффиценттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.

Қатынасты талдаудың рөлін асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі олардың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшеліктері орташа салалық мәліметтер. Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өтен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.

Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда бәздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағыы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.

6.Салыстырмалы  (кеңістік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.

 

2.3. Экономикалық талдауды ақпараттарымен қамтамасыз ету


Басқару объектілерінде жүргізіліп отырған терең де сапалы өзгерістер ұйымдастырушылық құрылымдар мен басқару органдарын қайта құруға әкеліп соғады. Әрдайым даму мен жетілу үстінде болатын басқару объектісін бұрыңғы қалыптағы әдіске салуға болмайды. Керісінше, әдістер өзгертіліп отырған экономикалық міндеттерге сәйкестендірілуі тиіс.

Ол бір жағынан нарыққа өтпелі кезеңде аймақ басқару суъектісі ретінде, екінші жағынан нақтылы едегі әлеуметтік-экономикалық процестер әсерінен біріккен жергілікті қызығушылығы бар адамдар қауымдастығы әсерінен дамиды.

Бұрынғы орын алған мемлекеттік билік пен басқару құрылымдарының бірқатар кемшіліктері болды. Олардың қараты төмендегідей:


  • қоғамның дағдарыс жағдайынан шығуын, қолда бар өндірістік, экономикалық және интеллектуалдық әлеуметің тиімаді пайдалануын қамтамасыз етіледі;

  • нарықтық қатынастарды өндіру мен дамытуға жағдай тудыруды, жоғары өнімді ынталандырудың жаңа тетіктерін енгізуді, кәсіпкерлік пен бәсекені жетілдіуді мүмкін етіледі;

  • басқару органдарының әдістері мен нысандары ескіше болды. Мемлекеттік басқару мен тікелей шаруашылықты жүргізу қағидалары ұштасып жатты;

  • салалық басқару органдарында қайта бөлу қызметі басым болып, кәсіпорындар әрекетіне себепсіз араласу мен олардың экономиалық дербестігін шектеу орын алды; елеулі кемшілік болып қабылданған бсқарушылық шешімдерге жауапкершіліктік орын алмауы табылды;

  • келісімсіз әрекет жасау, қызметті қайталау, атқарушы органдарда кең етек алды.

Басқарудың ұйымдсатырушылық құрылымы серпіндікпен сипатталатын және объектінің жағдайымен байланысты болған соң, ұйымдастрырушылық мәселелері өтпелі кезеңнің әр сатысында зертеліп отыруы қажет. Ол мәселелер топтарға жинақталады:

  • басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандырудың арақатысын оңтайландыру, яғни басқарудың иерархиясының барлық сатысында оның функцияларын, құқықтарын және жауапкершілік қызметтерін анықтап айыру. Сонымен қатар негізгі топтағы кәсіпорындар, фирмалар, бірлестіктердің шаруашылық дербестігін елеулі көтері;

  • рсепубликалық, аймақтық және бағдарламалық деңгейде қабылдаудың міндеттерді шешуде басқару органдарының үйлестігі мен әрекеттестігі;

  • еңбекті ұйымдсатырудың пайдалы нысандарн, шешім қабылдаудың әдістерін және басқару құрылымдарды пайдалана отырып, бсқару аппаратының жұмысын тиімді етіп құру. Осы аталған кешені аппаратты құруды жан-жақт қамтиды. Осының өзі ұйымдастырушылық жүйелердің талдау объектісі болп табылады.

Жалпы диалектикалық тұрғыдан қарасақ ұымдастырушылық құрылым мен оның басқаратын объектісі бір-бірімен өте тығыз байланысты, бір-бірінсіз жеке дара қызмет ете алмайды. Басқаратын объект болмаса басқарушы орандардың да қажеті шммалы. Сондықтан да бұл екі ұғым диалектикалық нысан және мазмұн деген категорияларына сәйкес келеді. Мазмұн өзгерсе нысан өзгеруі заңды құбылыс.

2.4. Экономикалық талдау түрлері
Модельдеу мен дерексіздендіру (абстракциялау), ойша жіктеу макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі болып табылады. барлық макроэкономикалық үдерістер модельдерді (үлгілерді) салу негізінде зерделенеді. Макроэкономикалық модельдер араларындағы негізгі өзара қатынастарды табу мақсатымен экономикалық үдерістер мен құбылыстардың графикалық немесе алгебралық баяндалуы. Модельді салу үшін әр зерттелетін құбылыстың ең маңызды сипаттарын айырып, мәні, маңызы аз құбылыстар мен факторлардан дерексіздену қажет.

Сонымен, модель (үлгі) дүниенің, шындықтың қарапайым көрінісі, ол экономикалық үдерістер дамуының негізгі заңдылықтарын тауып, экономикалық өсу, инфляция, жұмыссыздық сияқты күрделі макроэкономикалық мәселелердің шешу нұсқаларын әзірлеуге мүмкіндік беретін жеңіл түріндегі көрініс болып келеді. Макроэкономикалық модельдердің түрлері көп: функциялар, графиктер, сызбалар мен кестелер, олар макроэкономикалық шамалар араларындағы, экономикалық құбылыстар араларындағы, экономикалық құбылыстар араларындағы себеп – салдар байланыстарын түсінуге мүмкіндік береді. Макроэкономикада функциялардың әр түрлерін айырады.

Барлық функцияларды графиктер мен кестелер түрінде көрсетуге болады. Модельдерге (үлгілерге) көрсеткіштердің 2 түрі кіреді: экзогенді және эндогенді.

Экзогенді шамалар – ол сырттан берілетін, үлгіден тыс қалыптасатын көрсеткіштер. Экзогенді шамалар тәуелсіз болып келеді. Эндогенді шамалар – үлгінің ішінде қалыптасатын көрсеткіштер.

Э
Үлгі
кзогенді эндогенді

ауыспалы ауыспалы

Сурет 1.1
Үлгі экзогенді шамалардың (сыртқы күш, қозғалу) өзгеруі эндогенді шамалардың өзгеруіне әсер етуін көрсетуге мүмкіндік береді (Сурет 1.1). мысалы егер тұтыну функциясының түрі С=C (Yd,W) болса,

мұнда С-жиынтық тұтыну шығындардың шамасы,

Yd-қолдағы табыс және

W-байлық


онда Yd және W – экзогенді шамалар, ал С – эндогенді болып табылады. Бұл үлгі қолдағы табыстың немесе байлықтың өзгеруі тұтыну шығындар шамасын қалай өзгертетінін талдауға мүмкіндік береді. Сонымен, тұтыну тәуелді шама ретінде (функция), ал қолдағы табыс пен байлық шамасы – тәуелсіз шамалар (функцияның негізі) ретінде саналады. Әр түрлі үлгілерде бір шаманың эндогенді де, экзогенді де болуы мүмкін. Солай, тұтыну үлгісіндегі тұтыну шығындары (С) эндогенді (тәуелді) шама ретінде, ал жиынтық сұраныс үлгісінде тұтыну шығындары (С) экзогенді (тәуелсіз) шама, яғни ауыспалы болып келеді, ол жиынтық шығару мен жиынтық табыстың шамасын анықтайды.Макроэкономикалық ауыспалылардың маңызды ерекшелігі – олардың 2 топқа бөлінуі: ағындар көрсеткіштері мен қорлар көрсеткіштері. Ағын – ол белгіленген мерзім ішіндегі сан. Макроэкономикада уақыт бірлігі ретінде жыл саналады. Қорлардың көрсеткіштеріне жатады; ұлттық байлық, жеке байлық, капитал қоры, жұмыссыздардың саны, өндірістік әлеует, мүмкіндік, мемлекеттік қарыз және т.б. Макроэкономикалық көрсеткіштер абсолюттік және салыстырмалы деп бөлінеді. Абсолюттік көрсеткіштер ақша (құндық) түрінде (бұған адам санымен өлшенетін жұмыссыздар санының көрсеткіштері енбейді), ал салыстырмалы – пайыздарда немесе салыстырмалы шамаларда өлшенеді. Салыстырмалы көрсеткіштерге жұмыссыздық деңгейі, дефлятор (бағалардың жалпы деңгейі), инфляция қарқыны, экономикалық өсу қарқыны, пайыз мөлшері, салық мөлшері және т.б. кіреді.

Макроэкономикада тепе-теңдік жағдайларды зерделеудің зор маңызы бар. Тепе-теңдіктің 3 түрін айырады: тұрақты, тұрақсыз және бейтарап (сурет 1.2). Жүйедегі тепе-теңдік тұрақты деп саналады, егер тепе-теңдік жағдайдан шығарылып, жүйе өз бетімен оған қайтакелсе, тұрақсыз – орнына қайтпаса және бейтарап – жүйе алғашқы жағдайына келе ме, жоқ па – анық айтуға болмаса. Макроэкономикалық үлгілерде уақыт факторының маңызы зор. Талдауда осы фактор қалай есептелуіне байланысты макроэкономикалық үлгілердің 3 түрін айырады: статикалық, салыстырмалы статиканың және динамикалық. Статикалық модельдер уақыттың белгіленген сәтіндегі экономикалық ахуалды сипаттайды. Салыстырмалы статика модельдері экономикалық жүйенің бір тепе-теңдік жағдайдан екінші жағдайға көшу нәтижесін көрсетеді, бірақ, бұл көшудің қалай болатындығын зерттемейді. Бұл процестің (үдерістің) механизмі динамикалық үлгілерде зерделенеді. Динамикалық үлгілерде дисконттау қағидасы маңызды рөл атқарады, яғни болашақ табыстардың құнын қазіргі мерзімге келтіру (PV). Дисконттау әдісі инвестициялық жобалардың қаржыландыруына қаржыларды салу нәтижелілігін анықтауында, құнды қағаздарды сатып алғанда, тұтынудың уақытаралық таңдауында пайдаланады.


2.5. Өндрістік қызметтің негізгі көрсеткіштерін талдаудың негізі


Кәсіпорындарды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне өндірістік процестер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез келген технологиялық процесс түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі, қосымша, қызмет көрсету, басқару және т.б.жұмыстарын іске асырады. Дайын өнімді жасауды

Негізгі капитал – ұзақ кезең бойы қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы. Олар өндіріске қызмет ете отырып, өзінің табиғи-заттай формасын сақтайды және өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнімдер мен қызметтерге көшіреді және меншік иесіне ақшалай формада бөліктеп қайтарылады.

Өндірістік негізгі қорларға өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, сауда және басқа да материалдық өндіріс бағытындағы негізгі қорлар жатады. Өндірістік емес негізгі қорлар тұрғын үй, мәдениет, спорт мекемелері, балабақша, емдеу орындарына қызмет көрсету үшін бағытталған. негізгі қорларға ғимараттар, құрылыстар, машина мен құралдар, есептеу техникасы, тасымалдау құралдары, өндірістік және шаруашылық құралдар жатады.

Материалдық өндіріс саласында кызмет ететін капитал өнеркәсіп капиталы деп аталады.

Өнеркәсіпке немесе ауыл шаруашылығына бөлінген ақша өндірістік объектіні салуға, машиналар мен жабдыктарды сатып алуга, сол сияқты өнім өндіруге қажетті шикізат пен материалдарға жүмсалады.

Өнеркәсіп капиталының өндіріс объектілерін, станоктарды, жабдықтарды қамтитын бөлігі өндіріс процесінде көп жылдар әрекет етеді. Оны негізгі капитал деп атайды. Шикізат, материалдар, энергетикалық ресурстар өндіріс процесінде бір мезгілде пайдаланылады да, өндірілген өнімге бірден көшеді.

Негiзгi құралдар – деп өндiрiсте ұзақ ауқыт бойы пайдаланылатын, өзiнiң бастапқы заттай нысанын (пiшiнiн, түрiн) сақтай отырып, құнын шығарылған өнiмге, орындалған жұмысқа, көрсетiлген қызметке бiртiндеп бөлiп-бөлiп есептелген амортизациялық аударым мөлшерiнде ауыстыратын еңбек құралы, яғни материалдық активтер.

Шаруашылық субъектiлерiнде негiзгi құралдың есебiн дұрыс жүргiзу үшiн және олардың тиiстi түрде сақталуын қамтамасыз ету үшiн әрбiр негiзгi құралдарға инвентарлық номер берiледi.

Еңбек ақы бұл — жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем.

Қалыпты жағдайда еңбек акы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады.

Былайша айтуға болады -еңбекақы кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кеткен шығындардың бір бөлігі. Бұлардан басқа еңбекақыны мынадай факторлар анықтайды.

Жұмыс күші, яғни құны. Бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақы құны. Бұларға жататындар:



  • жұмыскердің қажеттілігін қанағаттандыратын мүлік құны;

  • оны мамандыққа оқытуға кеткен шығандар;

• оның отбасының өмір сүруіне қажетті заттардың құны.

Нақтылы жұмыс күнінің құны қажетті өнім көлемін анықтайды. Оның өзіндік жұмыс күшінің құны әр елде әр түрлі және уақыт өткен сайын өзгеріп те отырады.



2.6. Ұйымның қаржылық тұрақсыздығын талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.

ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 ”Бухгалтерлік есеп талдау” заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:



  1. бухгалтерлік баланс;

  2. қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;

  3. ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

Онда сонымен қатар түсіндірмен хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдар- ментолықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субиектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазйлуы тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер турады түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сигменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісініңң әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.

ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беру құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыты өзгерді.

Егер де қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпарттар мен емес сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, он олар, яғни қолданушылар ақша қаражатының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кей біреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілділігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға қосымша ақпараттрды талап ете алады. Қоданушылардың көпшiлiгi қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзi ретiнде сенуi тиiс.

Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдауда негiзгi ақпарат көзi қызметiн бухгалтерлiк баланс атқарады.

Баланс – есептi жылдың басындағы және соңындағы кәсiпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Бiрiншiден, баланс меншiк иелерiн шаруашылық субъектiсiнiң мүлiктiк жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъектi ненi иеленедi, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсiпорын жақын арада үшiншi жақ алдындағы өз мiндеттемелерiн ақтай ала ма, соны бiлдiредi. Екiншiден, басшылар кәсiпорынның басқа ұқсас кәсiпорындар жүйесiндегi өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы,ресурстарды пайдалану тиiмдiлiгiнiң салыстырмалы сипаты және кәсiпорынды басқару бойынша әр түрлi сұрақтарға шешеiмдер қабылдау туралы түсiнiк алады. Үшiншiден, баланстың мазмұны, оны iшкi қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкiндiк бередi.

Баланс – бұл белгілі бір күнге еәсіпорынға тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие болады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс.

Активтер – бұл ұйымға тиісті немесе ол пайдаланатын бағалы нәрсе.

Пассивтер – басқа біреуге тиісті нәрсе. «Пассив» термині таза бухгалтерлік ұғым болып табылады және ол кәсіпорынның қарызы дегенді білдіреді.

Капитал – пассивтердің арнайы түрі.

Капитал алғашқы капитал мен қызметте қалдырылған табысты қоса алғандағы меншік иесінің бизнестегі үлесі болып табылады.

Актив дегеніміз – бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорын ресурстарының шығынына әкеліп соқтырады.

Капитал – бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты

Активтер – бұл құндық бағасы бар кәсіпорынның мүлкі, мүліктік, жеке мүліктік емес иелігі және құқығы болып табылады.

Міндеттеме – бұл тұлғаның белгілі бір әрекеті басқа бір тұлғаның пайдасына жасайтын міндеті – мүлікті беру, жұмыс атқару. Ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір іс-әрекеттен бас тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын талап етуге құқығы бар.

Меншікті капитал – бұл субъектінің өз міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейін активтері.

Балнс бухгалтерлік есептің «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі анықтаулар»№2 стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және міндеттемелердің мәні анықтайды, сондай – ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады.

Баланс активі мен пассивін құру принциптері бұрынғы қалпында қалып отыр, яғни активтер олардың өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі төмен активтерден өтімділігі жоғары активтерге қарай, пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімінің жеделдігі азынан көбіне қарай.

Тікелей түрде қарастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:



  1. ұзақ мерзімді активтер

  2. ағымдағы активтер

  3. меншікті капитал

  4. ұзақ мерзімді міндеттемелер

  5. ағымдағы міндеттемелер

Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды: активтер, меншікті капитал және міндеттемелер. Қалған екі элемент – табыс және шығын – қаржышаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі.

Сондай-ақ стандарт, негізгі қызметтен алынған табыс пен шығынды, төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болатын табыс пен зиянды, сондай-ақ есеп кезіндегі есептік бағаның, есеп саясатының өзгеруінен және қаржылық есептегі елеулі қателерді түзетуден болатын әр түрлі табыс және шығындарды ашудың тәртібін анықтайды.

Бұл есептің жасалуы №3 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келесідей түрде болады.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп.



Көрсеткіштердің аты

Код

Табыстар

Шығындар()

1

2

3

4

1. Негізгі қызметтен алынатын табыс

010




*

2.Сатылған өнімнің (жұмыс, қызметінің) өзіндік құны

015

*




3. Жлпы табыс

020







4. Кезең шығындары










- жалпы және әкімшілік шығындар

025

*




- пайыздары төлеу шығындары

030

*




- сату бойынша шығындар

035

*




5. Негізгі қызмет бойынша табыс(шығын)

040







6. Негізгі емес қызмет бойынша табыс (шығын)

045







7. Салық салынғанға дейінгі әдеттегі қызметтен алынған табыс (шығын)

050







8. Тбыс салығы

055

*




9. Салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметтен алынған табыс (шығын)

060







10. Төтенше жағдайлардан болатын табыс (шығын)

065







11. Таза табыс (шығын)

070








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет