I. Бухглтерлік есеп негіздері


Тауарлы-материалдық қорлар есебі



бет2/6
Дата09.07.2016
өлшемі0.6 Mb.
#186610
1   2   3   4   5   6

1.3. Тауарлы-материалдық қорлар есебі.
Тауарлы-материалдық қорлар - өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады.

Бухгалтерлік есептің №7 «Тауарлы-материалдық қорлар есебі» стандарттарына сәйкес тауарлы-материалдық қорларға мыналар жатады:


• Шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен құрамдас бұйымдар, құрылғылар мн тетіктер, отын, ыдыс (қап, қорап, жәшік т.б.) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық қотлар;
• Аяқталмаған өндіріс;

• Мекеменің іс әрекеті барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар.


2 ҚЕБХС (есеп берудің халықаралық стандарттары) сәйкес қорлар екі өлшемнің ең кішсімен өзіндік құнның және өткізудің таза құнымен бағалануы тиіс.

Қорлардың өзіндік құнына қорларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге кеткен шығындар мен өңдеуге, алуға жұмсалған шығындар кіреді. «Тауарлы-материалдық қорлар» есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына (БЕС 7)сәйкес алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы,шеттен әкелу бажы, жабдықтаушы ұйымдар төлеген делдалдық сыйақылар, көлікті дайындау шығындары мен қорларды алуға тікелей байланысты басқа да шығындар (саудалық жеңілдіктер, артық төлеуді қайтару және т.б. осындай түзетулер алу шығындарын анықтаған кезде қоса есептеледі) кіреді.


7 БЕС 4 т. Сәйкес тауарлы-материалдық қорларды өткізудің таза құны әдеттегі іс-әрекет барысында көзделетін сатуы алым бағасына тең минус сатуды ұйымдастыру мен жинақтап, құрастыру шығындары алынады.
Материалдар алу сәтінде нақты құны (синтетикалық есепте) немесе есептік баға (аналитикалық есепте) бойынша көрсетіледі.Материалдарды алудың нақты құны ұйымның осы қорларды дайындау мен жеткізу шығындарынан және сатып алу бағасынан құралады. Есептік бағалар (алудың жоспарлы өзіндік құны орташа сатып алу бағасымен және т.б.) бойынша материалдарды есептеуде есептік баға ретінде қорлардың құны мен қор алудың нақты құны арасындағы айырма осы шоттаға есептеу арқылы айқындалады. Баланста материалдар есебі нақты құны бойынша көрсетіледі, осы баға бойынша олар синтетикалық есепте, ал аналитикалық есепте – тұрақты есептік бағалармен (келісім-шарттық немесе жоспарлы есептік) есептеледі.
Егер материалдарды есептеу келісім-шарттық бағалар бойынша ұйымдастырылса, онда олардың нақты құны осы бағалар бойынша материалдар сомасына қосу көлік-дайындау шығындары (КДШ) қосылып шығарылады. БЕС-на сәйкес КДШ құрамына жабдықтау-өткізу ұйымдарына төленген үстеме бағалар, барлық қосымша алымдарымен бірге жүкті тасығаны үшін кіре ақы төлемі, АЭСА мекемесінің қоймасына материалдарды түсіру мен жеткізу шығындары, дайындау орындарында ұйымдастырылған арнайы дайындау кеңселерін, қоймалар мен агенттіктерді ұстауға арналған шығындар, материалдарды алу мен жеткізуге байланысты (жабдықтаушылардан жүк жеткізілгендегі ұйымның жүргізушілері, жүк тиеушілер)және іссапар шығындары кіреді.

Егер материалдар есебі алудың жоспарлы өзіндік құны бойынша жүргізілсе, онда қорлардың нақты өзіндік құны осы бағалар бойынша материалдардың құнына қосу, есептік бағалар бойынша құнынан алу нақты өзіндік құнның ауытқулары есептеліп шығарылады. Жоспарлық-есептік бағаларды КДШ жоспарлы мөлшердегі есепке алынған келісім-шарттық бағалар негізінде АЭСА мекемесі өзі жасайды.

Егер қорлар есебі жоспарлы-есептік бағалар бойынша олардың құнынан материалдардың нақты құнының ауытқушылықтарын жекелей есептеп, жоспарлы-есептік бағалар бойынша ұйымдастырылса, мұндай жағдайда ұйым жоспарлы-есептік бағаларды материалдық құндылықтардың атауы, түрлері және топтарына орай, сол шекте белгілейді, ал ауытқулар өндірістік қор түрлері бойынша есептеледі және ай сайын материалдарды пайдалану есеп шотына, жұмсалған және босатылған материалдардың (КДШ мен ауытқулар талдаушы есеп шоттарында жекелей ескеріледі) үйлесімді жоспарлы-есептік құны есебі объектілеріне есептен шығарылады.
Материалдар есебіне, басқа шығындарға қойылатын талаптар 7 БЕС 7-де тұжырымдалған және есепті ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін олардың өзіндік құнын қалыптастыру тұрғысынан шешіледі.
БЕС – 7-нің 6 т. Сәйкес «Тауарлы материалдық қорлардың өзіндік құнына: қорларды алуға жұмсалған шығындар, оларды қазіргі тұратын орнына жеткізуге байланысты көліктік-дайындау шығындары кіреді».
Өндіріске босатылған материалдар құнын анықтаған кезде «Тауарлы материалдық қорлар есебі» 7 БЕС мен ҚЕБХС 2 «Қорлар» ұсынған бағалау тәсілдері қолданылуы мүмкін:

• Орташа өлшемді құн бойынша – есепті кезеңде қозғалысы болған әрбір түрдің, есепті кезең соңында қолданылмағандардың да, өндіріске босатылғандардың да бірлік орташа құнын есептеулер мен анықтауларды қолдануға негізделген.

• ФИФО – есепті кезең соңында есепте тұрған материалдардың құнын ескеріп есепті кезеңде алғашқы сатып алудың өзіндік құны бойынша материалдарды есептен шығаруды болжайды. Яғни алдымен есепті кезең соңында пайдаланылмаған өзіндік құн анықталады.
Қоймадағы және бухгалтериядағы тауарлы-материалдық қорларды құжаттық рәсімдеу мен қозғалысын есептеу. Қоймадағы материалдық қорлар есебін материалды есептеу карточкаларында жүргізеді.

Карточка номенклатуралық нөмір бойынша материалдардың әрбір түріне жеке ашылады және жартылай толтырылған күйі бухгалтериядан материалды-жауапкершілік адамға қолхат арқылы беріледі. Карточкаға жазуды қоймашылар кіріс және шығыстық құжаттары негізінде жүргізіледі.


Бухгалтерия белгіленген мерзімде тікелей қоймада жазбаларды тексереді және карточкадағы қалдықтарды бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырып, карточканың арнайы жолына қол қояды.
Құжаттарды қабылдау қоймада «Құжаттарды тапсыру реестрін» жасау арқылы іске асады. Материалды-жауапкершілікті адамның жұмысындағы ауытқулар анықталған жағдайда бухгалтер бас бухгалтерді немесе басшылықты хабардар етуге тиісті. Ай соңында қоймаға «Материалдар қалдығы кітабы» тапсырылады, оған карточкадан материалдық қорлар қалдығы көшіріледі. Осылайша қоймадағы есеп заттай ал бухгалтерияда қорлардың сақталған орны бойынша ақшаға шағылып көрсетіледі.
АЭСА мекемесінің қоймасынан бухгалтерияға түскен «Құжаттарды тапсыру реестрі» тіркелген құжаттармен бірге бағаланады.
Есептің журналдық-ордерлік материалдар қозғалысы есебі тізімдемесі (ведомості) қоймалар бойынша материалдық қорлардың қалдығы мен қозғалысы жайлы және материалды-жауапкершілікті адамдар бойынша мәліметтер жинақтап қаржыланатын есеп тізілімі жинағы қызмет етеді. Оған материалдар қалдығы тізімдемесінен, есепті кезең ішіндегі материалдар қозғалысы бойынша жинақтаушы тізімдемелерден, сондай-ақ материалды-жауапкершілікті адамдардың материалдық есептерінен мәліметтер көшіріледі. Материалдар қозғалысы есебі тізімдемесі синтетикалық есептің мәліметтерін материалдарды талдаушы есеп көрсеткіштерімен үйлестіруге арналған. Түскен материалдық қорлар құны синтетикалық шоттар шамасындағы немесе белгіленген есептік топтар бойынша келтіріледі. Сонымен қатар, тізімделсе де алынған материалдардың нақты өзіндік құнының есептік бағалар бойынша құннан ауытқулары есебі жүргізіледі. Материалдардың қозғалысын есептеу тізімдемесі, сондай-ақ шығындарды бағыттау бойынша (синтетикалық шоттар, қосалқы шоттар (субшоттар) материалдар шығынын бөлуге де қызмет етеді.

«Материалдар кірісі бойынша жиынтық мәліметтер мен ауытқулар есебі» атты бірінші бөлігі ай ішінде түскен материалдардың есептік құны мен нақты құны бойынша жиынтық мәліметтерді көрсетуге арналған. Бұл мәліметтер көлік дайындау мен объектідегі қоймаларға дейін жүк жеткізу бойынша басқа да шығындарды, темір жол алымдарын және тағы басқа «материалдардың өткізу бағасынан тыс жүргізілген төлемдер кіретін, материалдық қорларды алу мен дайцындауға жұмсалған шығындар ескерілген түрлі журнал-ордерлерден (6, 10, 1, 2, 7, 9 және басқалары) көшіріледі. Осы бөлік тізілімдеменің екінші бөлігін материалдар қалдығы құны нақты өзіндік құны мен ай басындағы есептік бағалар бойынша жазылады. Оған ай ішінде түскен материалдар құны қосылады. Сонан соң нақты өзіндік құнның есептік бағалар бойынша құннан ауытқулар сомасы мен проценті анықталады.

Төлем тапсырмасымен банк мекемелері арқылы алынған және қабылданған тауарлар үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүргізіледі. Сондай-ақ салықтық фактура-шотының нөмірі мен күніне, тауар-көлік жүкқұжатына және тауар босатуды немесе қызмет көрсетуді растайтын басқа құжаттарға, сонымен бірге тауарлық емес операция бойынша тапсырмаларына сілтемесін қызметтердің есеп айырысуы жүргізіледі. Төлем тапсырмасы – бұл қызмет етуші ұйымның банкке арнайы бланкте рәсімдеу арқылы өз шотынан белгілі бір соманы басақа ұйым шотына аудару туралы нұсқау.

Жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі бір айға ашылатын 671 «төлеу шоты» кредит шоты бойынша №6 журнал-ордердегі сәйкесетін шоттардың шоты қоса көрсетіліп жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша дебеттік айналым да көрініс табады.


Айдың аяғында айналымдар саналады, ал төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады. Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу. Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу олардың (өндірістік қорлардың, дайын өнімнің, тауардың) орын-орындарында және барлық қозғалыс кезеңдерінде сақталуын тексеруге, оларды өндіріске қолдануды бақылауға, өткізу үшін қажетсіз және артық материалдарды уақтылы анықтауға саяды.

1.4. Негізгі құралдар есебі.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын обьектілер жатады,олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды. Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші – қор өайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шыққандығы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал- жабдықтар. Олар ұғымның мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтуге арналған. Игілігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға арнаған болып бөлінеді.

Меншік дегеніміз – субьектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субьектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады.Оларды жалға берушінің балансынада есептейді, жалға алушы 001-ші " Жалға алынған негізіг құралдар" баланстан тыс шотынада есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды 2411-ші " Жер ", 2412-ші " Үйлер мен ғимараттар ", 2413 "Меншік және құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар", 2414-ші "Көлік құралдары", 2415-ші "Басқа да негізгі құралдар" шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.

№ 6 – шы «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлік есеп стандартына (БЕС) сәйкес, амортизация – активтің қызмет еткен мерзім бойына амлортизацияланған құнды тарту процесі.

Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.

Жанадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейін айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі құралдар бойынша – шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінін бастап тоқтатылады.

Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шатының немесе шарт талаптарна сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.

Негізгі құралдардың тозуын есептеу үшін 13 « Негізгі құралдадың тозуы » бөлімшесінің мынандай синтетикалық шоттары: 2421 « Үйлер мен ғимараттардың тозуы », 2423 « Машиналар мен жабдықтардың, өткізгіш тетіктердің тозуы », 2427 « Басқа негізгі құралдардың тозуы » пайдаланылады. 12 бөлімшенің шоттарында (2412 – 2415 шоттар) есептелген негізгі құралдар ай сайын амортизацияланады.

Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударымдарды жалға алушы жасайды. Амортизация сомасы өндіріс шығындарының есебін жүргізуші 2930, 8045, 7210 шоттардың дебетінде және 13-ші 2421, 2423, 2425, 2427 шоттарының 2-ші « Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы » деп аталатын аралық шотының кредитінде көрініс табады.

Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолддары қойылған бірінші данасы бухгалтериаға тапсырылады, ал екінші тапсырушы цехта қалады.

Негізгі құралдардың ақысыз төлеу кезінде акт екі дана етіп жасалынады.

Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нөмерін беріп, мүліктік тізімге алынады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалынады. Негізгі құралдар келіп түскен кезде, мына төмендегідей шоттар корреспонденциясы жасалынады.







Шаруашылық операцияларының мазмұны

Сома,тенге

Шоттар корресп-сы

Дебет

Кредит

1

Негізгі құралдарды кәсіпорының өз ішінде орын ауыстыру

200000

2411-2415

2411-2415

2

Негізігі құралдар басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алынды:

  • келісім шарттық құнына

  • ҚҚС сомасына ( тұрғын үй ғимараттарын және жеңіл автомобиль транспорттарын қоспағанда)

150000
24000



2412-2415


1420

3310
3310





3



Құрылтайшылардың кәсіпорынның жарғылық капиталына салған салымдарына салған негізгі құралдар кіріске алынды

600000

2411-2415

5020


4

Негізігі құралдар серіктестік, тәуелді және бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар алынды:

  • баланстық құнына

  • ҚҚС (16%)

  • Беруші жақтың есептеген тозу сомасы

250000

40000


100000



2412-2415

1420


2412-2415

3320-3330

3320-3330

2421-2427


Жиыны (бастапқы құны)

350000

Х

х

5

Тегін алынған негізгі құралдар кірістелді:

  • баланстық құнына

  • берілген күніне дейін есептелінген тозу соммасы




132000


28000



2412-2415

2412-2415


6220


2421-2427



Барлығы (бастапқы құны)

160000

Х

х

6

Түгендеу барысында есепке алынбаған негізгі құралдар анықталды:

  • негізгі құралдардың эксперттік жолмен анықталған қалдық құнына

  • негізгі құралдардың эксперттік жолмен анықталған, бірақ есепке алынбаған тозу сомасына




64000
18000



2412-1215


2412-1215

6220
2421-2427



Барлығы ( эксперттік жолмен анықталған бастапқы құн )

82000

Х

х

7

Кәсіпорынның өзі дайындалған негізгі құралдары:

-негізгі өндіріс цехында

-көмекші өндіріс цехында


300000


200000

2412-1215

2412-1215


8110


Барлығы ( өндірістің өзі дайындаған негізгі құралдар)

500000

Х

Х

Негізгі құрал жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстық сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.

Бастапқы (тарихи) құны – негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан, сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б шығындарынан тұрады.

Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым – жартылай жойылуы, объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса, онда, бірінші кезекте, пайдалы қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе ұзартылуы мүмкін.

Ағымды құн – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.

Баланстық құн – бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.

Сату (өткізу) құны – бірін – бірі жақсы білетін және мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.

Жою құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезіңде пайдалану мүмкіндігі бар баасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл.

Амортизацияланған құн – негізгі құралдардың жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің шығысы ретінде таратылады.



1.5. Жал есебі.
Жалдау – бұл кәсіпорындар мен өзге мүліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді, өзге табиғи ресурстарды және жалгердің шаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді, қайтарымды түрде пайдалануы.Жалға беруші – жалдау шарты мүлікті жалға беретін меншік иесі.

Жалгер – бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатын заңды немесе жеке тұлға. Жалдау шарты – бұл тараптардың еркінділігі мен толық тең құқтылығы негізінде жасалатын жалдау шартының талаптарына сай мүлікті жалға беру туралы жалгер мен жалға беруші арасындағы келісім.

Халықаралық практикада жалдаудың үш түрі бар:

Ұзақ мерзімді жал (лизинг) – бұл мүлікті 3 жылдан артық мерзімге жалдау. Ұзақ мерзімді лизинг жай және қаржылық (қаржыландырылатын) болып бөлінеді. Жай лизинг – жалдау шартының мерзімі аяқталған бойда мүліктің жалға берушіге қайтарылуын көздейді.

Қаржылық (қаржыландырылатын) лизинг – жалды ұзақ мерзімге несиелендірудің нысаны.

Қаржыландырылған жал есебін бұл кәсіпорындар мен өзге ресурстарды және жалгердің шаруашылық немесе өзге қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесінде жалға беруші мен жалгер арасында беруші – жалдау шарты мүлікті жалға иесі өкілеттік берген органдар мен ұйымдар,сондай-ақ заңды және жеке бола алады.Жалгер – бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатын заңды немесе жеке тұлға. Заңды және жеке шетелдік заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер жалгер болуы мүмкін.

Жалдау шарты – бұл тараптардың еркінділігі мен тең талаптарына сай мүлікті жалға туралы мен Мүлікті жалға беруменшік құқығын беруге әкеп соқтырмайды. Жалдау ақысы – жалдаушының жалға алған мүлкі үшін процент – жалдау шартында нақты ақша мүлік құнының үлесі (проценті). Экономикалық табиғаты бойынша ол банк арасындағы келісім шарт негізінде мүліктің капитал салымы – қаржылық жал бойынша минималды

арендалық төлемдердің таза салымы мен өткізілмеген табыс арасындағы айырмашылық. Жал бойынша қарастырылған пайыз мөлшерлемесі – дисконт ставкасы,. мүліктің дисконтталған сомасы.Тәуелділік қарастырылмаған жағдайларға құрал-жабдық, ескірген технологияны қолдану, күтілген табыстың алынбауы.Пайда мүлікті ету оның бағасының жоғарылауы және тарату құны бойынша өткізуден күтілетін табыс.Жалгердің қарыз капиталы жал бойынша жалгердің төлейтін пайыз мөлшерлемесі немесе (қарызды)

кредитті үшін жал пайыз мөлшерлемесі.Минималды жалгерлік төлемдер – жал төлемдері (жал беруші төлейтін және кейін оған өтелетін

қызметтер бағасы мен жал мазмұны мен маңызы.

Жалдау – жалға берушінің дүниені жалға алушыға уақытша пайдалану үшін ақы төлеп тұруға беру. Жал келісім шарты қол практикада жалдаудың үш түрі бар.

• ұзақ мерзімді

• орта мерзімді

қысқа мерзімді

Ұзақ мерзімді жалдау (лизинг) – мүлікті Ұзақ жай және бөлінеді. Жай лизинг

жалдау шартының мерзімі біткен соң Қаржылық лизинг (қаржылық жалдау) ұзақ төлемдер арқылы өтейді.

Қаржылық лизингтің 3 түрі болады:

• Лизинг «стандарт» ол фирмасы арқылы оны тұтынуға жалға

береді;

• Лизинг «лиз-бек» - жабдықтың меншік иесі оны лизингтік фирмаға сатады



және бір мезгілде одан қаржылық жағдайын

уақытша жақсарту тәсілі);

• Лизинг «жабдықтаушы (жеткізуші)» негізгі құрал-жабдықтарды болады, бірақ жалға алған жабдықты өзі емес, басқа жалдаушылар пайдаланады.Қазақстан Республикасының субъектілер тәжірибесінде жай кең меншік иесі құқығын бермей, мүлікті бір жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге жалдау.Қысқа мерзімді мүлікті бұдан кейін сатып алу құқығынсыз жалға алуы.

Экономикалық жал және № 17 «Жалдау есебі» БЕС-на сәйкес негізгі түрде қайтарылуын көздейді, яғни жалдау кезеңінде жалгерге жалданған негізгі құралдарға және мен берушіге уақытылы қайтарылуын бақылау құқы ғана өтеді.Талдамалы онда көрсеткіштер болады.Ағымдағы жалгерлік қаржыландырылатын жалгерліктен басқа ағымдағы жалгерлікте жалгерлік төлемі бүтінжалгерлік мерзімінің бойында есеп беру табылады. ағымдағы жалгерлікте, құқыменбайланысты тәуекелділік пен жалға берген активтері амортизацияланатын мүлік етінде қарастырылады және жал жалгерлікті жалға алушының шоттың дебетіндежәне 6100 (жалға субъектінің негізгі қызметі болса) шоттарының кредитіндекөрініс табады.Жалға берілген көріністабатынболғандықтан, олар бойынша тозу 74002420 мүлікті тек уақытша иемденуі деп түсіндіріледі. Құрал, жалға берушінің бухгалтерлік есебіндегі 2400 құрамында көрініс табады.Алынуға жататын жал ақысы келісілген келісім-шартқа сәйкес 6200«Басқа да» (6260) шоты ақысы келіп түссе тиесілі ақша қаражаттарының шоттары дебеттеліп,6260 шоты кредиттеледі. Жалға алынған негізгі құралдар жалға алушының талаптарына сай оларжұмысын жүргізеді,бірақ ол үшін алдымен алушының жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының есебі бойынша келісілген шарт жағдайына байланысты болып .Егер де жал есеп болса, онда 6280 «Жал ақысы» шоты дебеттеліп және ақша шоты тиесілі жал ақысы өндіріс шоттарына (8бөлімдегі) немесе 7 бөлімдегі шоттарына ауыстырылады.Операциондық жал бойынша ашып көрсетілуі:Активтің тозу шегерілгенге дейінгі баланстық құны, амортизация сомасы, есептік кезеңге жинақталғантозу және құнсыздандыру түріне байланысты көрсетілуі тиіс.

Жал алушының көрсететін ақпараттары:

• келесі көрсетілген кезеңдердің әр қайсысына болашақ 1кем1 жылдан соң, бірақ 5 жылға

дейін; 5 жылдан соң;

• кезең табыстары болып танылған аренда және жал туралы түсінік

«Жалдау есебі» туралы № 17 бухгалтерлік есеп жал – бұл байланысты табыстылық

пен мерзіміне берілуі де, де. келісім бағасы бойынша несие жалдау алынған жағдайда, жалгердің меншігіне. берілуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет