76. ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басындағы АҚШ-тың сыртқы саясаты.
Американдықтар өздерінің экономикалық жүйесін мақтан түтады, сондай-ақ, ел азаматтарына жақсы өмір сүру мүмкіндігін береді деп сенеді. Алайда елдің көптеген жерлерінде кедейлік проблемасы бар. Үкіметтің кедейлікті болдырмау шаралары жүмыс істегенімен мәселені толығымен шешкен жоқ. Осылайша тұрақты экономикалық өсу кезеңдерінде жұмыс орындары көбейіп, кедейлік деңгейі төмендегенімен оны жойыл жібере алмады. Федералдық үкімет төрт адамнан тұратын отбасына өмір сүру үшін ең төменгі кіріс мөлшерін есептейді. Әрине, ол сан отбасының орналасуы мен өмірдің құнына байланысты өзгеруі мүмкін. 1998 жылы осындай төрт адамнан тұратын отбасылардың жылдық кіріс мөлшері 16 530 доллардан кем болса, олар кедейлікте өмір сүреді деп саналатын.
Кедейлікте өмір сүріп жатқан американдықтардың саны 1959 жылы 22.4 пайыз қүраса, 1978 жылы 11.4 пайызға төмен- деп кетті, бірақ сол уақыттан бері өзгеріс шамалы болды. Мысалы, 1998 жылы көрсеткіш 12.7 пайыз құрады. Сонымен қатар, осы жалпы ңифрлар аясында естен тандырар деректер жасырынып тұр. Мысалы, 1998 жылы барлық афро-американдықтардың төрттен бірі (26.1 пайызы) кедейшілікте өмір сүрді. Осы қапа көрсеткіш сонда да 1979 жылғы жағдаймен салыстырғанда, белгілі бір ілгерілеуді көрсетеді. Ол кезде елдің қара нәсілді халқының 31 пайызы ресми түрде кедей категориясына енгізілді, және бұл 1959 жылдан бастап, кедейліктің ең төменгі деңгейі болды. Әсіресе кедей категориясына жиі жалғыз басты аналар, және осы себепке орай 1997 жылы барлық балалардың бестен бірі дерлік (18.9 пайызы) кедейлікте тұрды. Қара нәсілді балалардың арасындағы кедейліктің деңгейі 36.7 пайыз, ал испан тілінде сөйлеушілер арасында бұл - 34.4 пайызын құрады. Кейбір сараптаушылардың пікірінше, кедейліктің ресми мәліметі, кедейшіліктің шын, нақты деңгейінен асады, өйткені ол азық-түлік талондары, медициналық қызмет көрсету және мемлекеттік баспана беру сияқты мемлекеттік көмек көрсету бағдарламаларына назар аудармай, тек қана ақша шығындарын есепке алады. Бірақ басқалардың пікірінше, көрсетілген бағдарламалар шеңберінде отбасылардың азық-түлік және денсаулық сақтау қызметіндегі барлық қажеттіліктерін сирек орындады, ал мемлекеттік баспана барлық мұқтаж адамдарға жетпейді. Кедейліктің ресми деңгейінен жоғары табысы бар отбасылар, баспана мен денсаулық сақтау қызметі немесе киім-кешек сатып алу үшін ақшаны азық-түлік алуда үнемдеп, кейде аштықта болғаны жайлы айтылады. Сонымен қатар, кедейліктің шегінде өмір сүріп жатқан адамдар кейде табысты ақшалай формала кездейсоқ жұмыстан немесе экономиканың «жасырын» секторындағы жұмыс нәтижесінде алады, және ол ешқашан ресми мәліметтерде көрсетілмейді.
Кез-келген жағдайда, американдық экономикалық жүйеде игілік тең емес екендігі айқын. Вашингтондағы экономикалық саясат институтының мәліметтер! бойынша, 1997 жылы ең ауқатты Америка отбасыларының 20 пайыз үлесі, ұлттық табыстың 47.2 пайызын құраған, ал тұрмысы нашар кедей жанүялардың 20 пайызы ұлттық табыстың тек 4.2 пайызын құрады, ал кедей отбасылардың 40 пайызына табыстың 14 пайызы жеткізілді.
Америка экономикасын тұтасымен алғанда сәтті болғанынша қарамастан, теңсіздік жайлы қобалжу 1980-ші және 1990-шы жылдары сақталынып отырды. Әлемдік деңгейде өсіп келе жатқан бәсеке, өндіруші кәсіпорынның көптеген дәстүрлі салаларындағы жұмыс атқарып жүрген жұмысшыларға қауіп төндірді, және олардың жалақысының өсуін тоқтатты. Сол кезде федералдық билік біртіндеп ауқатты адамдардың есебінен кедей жанұялар пайдасына шешілетін мәселелерге бағытталған салық саясатын жүргізуден бас тартты және сол кезде үлессіз қалғандарға көмек беретін ішкі әлеуметтік бағдарламалар тізбегіне шығындарды азайтты. Сол уақытта дәулетті американдықтар қосымша табыстың көп бөлігін қор нарығындағы акция құнының қарқынды өсу нәтижесінен алды. 1990-шы жылдардың соңында кері дамуының белгілі нышандары пайда болды: жалақының өсуі, әсіресе кедей жұмысшылардың еңбегін төлеу, тездетілді. Бірақ, онжылдықтың соңында да осы ағымның тұрақтылығы жайлы айту әлі ерте еді.
Президент Франклин Рузвельт экімшілігінен бастап АҚШ мемлекеттік аппаратының көлемі елеулі өсті. Жұмыссыздық пен Улы Депрессия кезеңінің қайғы-қасіретін жоқ қылу мақсатындағы «Жаңа Бағыт» деп аталған Рузвельттің саясатында көптеген әлеуметтік бағдарламалар жасап, бар бағдарламаларды кеңейтті. Мемлекттік басқару көлемінің өсуіне АҚШ-тың Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін көптеген ірі әскери мемлекеттердің бірі болуы да ықпалын тигізді. Соғыстан кейінгі кезеңде қалалар мен қала маңындағы аймақтардың өсуіне байланысты мемлекттік қызмет көрсету де кеңейтілді. Білімге қажеттіліктің өсуіне байланысты мемлекет мектептер мен колледждерге белгілі бір мөлшерде қаржы бөле бастады. 1960-шы жылдардағы жалпы ұлттық ғылыми-техникалық прогреске ұмтылу - көптеген мемлекттік мекемелердің пайда болуына, және әртүрлі аймақтағы, оның ішінде космосты игеруден бастап, денсаулық сақтауға дейінгі мемлекеттік инвестициялардың өсуіне әкелді. 20-шы ғасырдың аяғында мүлдем болмаған, зейнетақылық және медициналық қызмет көрсету бағдарламаларын көптеген американдықтардың бой ұруына байланысты федералдық шығындар одан да күшейе түсті.
Көптеген американдықтар мемлекеттік басқарудың федералдық аппараты шектен тыс өсті деп санады, алайда статистика бұл деректі жоққа шығарды. Мемлекеттік секторда жұмыспен қамтамасыз ету өсті, бірақ жергілікті билік пен штат деңгейінде ғана. 1960-1990 жылдарда мемлекеттік қызметкерлер саны 6.4 миллионнан 15.2 миллионға дейін өсті. Мемлекеттік басқару жүйесінің федералдық деңгейінде жұмыс орын- дарының қысқаруы нәтижесінде 1998 жылы көрсетілген көрсеткіш 2.7 миллионға дейін төмендеді, бірақ бұл қысқарулар штат пен жергілікті деңгейде жұмыспен қамтамасыз етудің өсуі арқылы өтелді. Осы жылдың ішінде жұмыспен қамтамасыз ету 16 миллионға жетті. (1968 жылы Америка әскери қызметкерлерінің саны Въетнаммен соғыс кезінде құраған 3.6 миллионнан, 1998 жылы 1.4 миллионға дейін төмендеді).
1970-ші, 1980-ші, 1990-шы жылдары мемлекеттік қызмет көрсету көлемін кеңейту мақсатындағы салықтардың өсуі, сонымен қатар американдықтардың «көлемді мемлекеттік билікке» деген жиіркеніші және мемлекеттік қызметкерлер кәсіподақтарының өсуі көптеген басқарушыларды мемлекеттің қажетті қызмет көрсетушісінің ең тиімдісі ме, жоқ па деген ойға келуге мәжбүр етті. Мемлекеттік билік функцияларын жеке секторға тапсыру процесін анықтаушы ретінде жаңа сөз пайда болды - жекешелендіру - ол тез арада бүкіл әлемге әйгілі болып кетті.
АҚШ-та жекешелендіру негізінен муниципалды және аймақтық деңгейде өткізілді. Бұрын жергілікті қызмет атақаратын көшелерді жарықтандырудан бастап, тұрмыстық қалдықтарды жоюға дейін, немесе, деректерді өңдеу мен абақтыны ұстау сияқты жұмыстарды жүргізуді АҚШ-тың Нью-Йорк, Лос-Анжелес, Филадельфия, Даллас және Феникс секілді ірі қалалары әртүрлі жеке компаниялар мен коммерциялық емес ұйымдарға үсына бастады. Сонымен қатар, кейбір федералдық мекемелер өз әрекеттерін жеке өнеркәсіп үлгісіне сай ұйымдастыруға үмтылды. АҚШ-тың пошталық қызметі салық арқылы бюджеттен түсетін қаржыға сенбей өзін-өзі қаржыландыру негізінде жұмыс істейді.
Алайда, қоғамдық қызмет көрсетуді жекешелендіру даулы сұрақ болып қала береді. Оны жақтаушылар жекешелендіру шығындарының қысқаруы мен тиімділігінің жоғарылауына ықпалын тигізеді десе; қарсыластары - керісінше пікірді қуаттады және кәсіпкердің пайда алатындығын және ол әрекеттің міндетті түрде тиімді бола қоймайтындығын уағыздаған. Әрине қоғамдық қызмет көрсетушілерінің кәсіподағы жекешелендірудің көптеген шығындарына күрт қарсы шығады. Олар мұндай жағдайда жеке мердігершілер өздерінің бәсекелестік сұранымына қарай қаржы көлемін азайтыл, қажетті келісімге қол жеткізіл, содан соң, бағасын елеулі жоғарылатады деген пікірді қозғайды. Жекешелендіру жақтаушылары бұл процестің бәсекелестікті нығайта алатындығын және соған байланысты өте нәтижелі бола алатындығын атап өтеді. Кей жағдайда жекешелендіру қаупі жергілікті мемлекеттік қызметкерлерді ниеттендіріп, нәтижелі жұмыс істеуге мәжбүр етеді.
Мемлекеттік басқару, мемлекеттік шығындар және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін реформалау жөніндегі пікірталастың көрсетуінше АҚШ-тың тәуелсіздік алғанына 200 жылдан астам уақыт өтсе де ұлттық экономикадағы мемлекеттің рөлі өткір талас тақырыбы болып қала бермек.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ Әлемдік саяси аренада жетекші орынға шығуға күш салды. 1914-1917 жылдары АҚШ бейтараптық саясатын жүргізді, бұл ел экономикасына оң әсер етті.
1920 жылдары АҚШ Латын Америкасындағы саяси экспансия үшін күресіп, Жер сатып алып, өз компаниялары арқылы несие берді. Осы аймақтың кейбір елдерінде АҚШ қаржы мен кеденге тікелей бақылау жасады, кейбір жағдайларда олардың қатысуын армия қолдады.
Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін АҚШ-тың билеуші элитасында оқшаулану доктринасы өте танымал болды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталуы және 1945 жылы тамызда Жапонияның атом бомбалары АҚШ-тың еуропалық және әлемдік саясаттағы рөлі мен маңыздылығын тез өзгертті. Маршал жоспары деп аталатын Батыс Еуропа елдеріне экономикалық көмек жоспарын 1947-1952 жылдары өте сәтті жүзеге асыру АҚШ-қа Батыс Еуропаға үстем экономикалық және саяси әсерін "шоғырландыруға" мүмкіндік берді, содан кейін[қалай?] және әлемнің басқа аймақтарына. 2012 жылы Гарвард профессоры С. М. Уолт атап өткендей, АҚШ "Батыс жарты шардағы Гегемон"болып табылады.
1940 жылдардан бастап Америка Құрама Штаттары бүкіл әлемде көптеген қарулы қақтығыстар мен әскери төңкерістерге қатысты, оның ішінде 1953 жылы Ирандағы төңкеріс, 1961 жылы шошқа шығанағы операциясы, Югославия, Ауғанстан және Ирак соғыстары.
2002 жылы "Жэньминь Жибао" атап өткендей, қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейін АҚШ өз басшылығымен бір полярлы әлем құруға ұмтылды.
Профессор Джон Грейдің пікірінше, АҚШ-тың әлемдегі біріншіліктен айырылуы әлемдік экономикалық дағдарыспен (2008 жылдан бастап) жеделдеп, Ирак соғысының басталуымен байқалды
АҚШ-тың Ресейдегі бұрынғы елшісі Джеймс Коллинздің 2015 жылғы мәлімдемесіне сәйкес, АҚШ-тың сыртқы саясатын қайта қарау және басымдықтарды өзгерту туралы кез-келген әңгіменің негізі жоқ: АҚШ-тың алдында Қытайды тежеу, Ислам радикализм мәселелерін шешу, мұнай ресурстарын бақылау, НАТО-ны нығайту және трансатлантикалық қатынастарды дамыту, Қиыр Шығыстың демократиялық мемлекеттерімен, Үндістанмен одақ құру, Иран мәселесі ерекше маңызға ие.
Достарыңызбен бөлісу: |