ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕР МЕН ЛАКУНАЛАР БАЛАМАСЫЗ ЛЕКСИКА ТҮРІ РЕТІНДЕ...........................................................................
1.2 Ағылшын тіліндегі лакуналар мен олардың жіктелуі..............................
1.3 Жалқы есімдердің ерекшеліктері мен топтастырылуы..........................
2 ЛАКУНАЛАР МЕН ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕРДІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ ТӘСІЛДЕРІ.............................................................................
2.1 Баламасыз лексиканы ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселесі..
2.2 Жалқы есім мен лакуналарды аудару ерекшеліктері..............................
2.3 Көркем шығармаларда кездесетін баламасыз лексикаларды аудару тәсілдері (J.R.R Tolkien “The Hobbit, or there and back” (Дж.Р.Р Толкин «Хоббит, немесе барып, кері қайту») шығармасы негізінде).....................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................
КІРІСПЕ
Ағылшын және қазақ тіл білімдерінің сан салалы теориялық ұстанымдары бүгінгі күнде аудармаға қатысты зерттеулердің негізгі бағыт-бағдарын анықтауға, маңызды қорытындылар шығаруға мүмкіндік беретіндіктен, бұл тілдердегі материалдарды аударудың жалпы және жеке лингвистика шеңберіндегі өзіндік заңдылықтарын сұрыптау және осы тұрғыдағы жұмыстардың өзге ізденістер қатарында алар орнын нақтылау қажеттігі ғалымдардың алдына тың мәселелер қойып отырғаны даусыз.
Қазіргі жан-жақты халықаралық қатынастар кезінде, шетелдік есімдер мен атаулар қазақ тілінің сөздік құрамындағы маңызды бөлікті құрайды. Шет тілдерден алынған жалқы есімдер мен атауларды қолданбайтын қандайда бір адамзаттық қызмет салаларындағы мамандарды немесе ғылым және мәдениет қызметкерлерін көз алдымызға елестету қиын. Олардың көбі, мысалға: тілшілер, оқымыстылар, редакторлар, аудармашылар, көмекшілер, библиографтар, кітапханашылар және тағы басқалары күнделікті шетелдік есімдер мен атауларды қазақ тілінде жазу қажеттілігімен жүздеседі.
Есімдер мен атаулар әрқашан маңызды орында болатын. Есімді білуден адамдар бір – бірімен танысуды бастайды. Жалқы есімдер адамдар арасындағы түсінушілік пен қарым – қатынасы үшін өте қажет. Мысалға, басқа тілде сөйлесуге өткен кезде, таныс заттар мен түсініктерге қатысты басқа жалпы сөздерді қолдануға тура келеді. Осылай жалқы есімдер тіларалық қатынастарда сонымен қатар шет тілін оқуда және сол тілден аударуда демеуші нүкте болады. Осы шет тілін оқуда және сол тілден аудару кезінде есімдер мен атауларға көп көңіл аудару қажет емес деген елесті тудырады. Мұндай әдістеме жаңылысқа негізделген. Жалқы есімдер расында да тілдік тосқауылды жеңуге көмектеседі, бірақ өзінің бастапқы тілдік ортасында олардың терең ойлық құрылымы, бірегей ерекшелік формалары және этимологиялық ерекшеліктері, басқа да бірліктерімен бірнеше байланыстары және тілдік категориялары бар. Басқа тілде есімнің берілу барысында бұл қасиеттердің көбі жоғалып кетеді. Егер бұл ерекшеліктерді білмей немесе назар аудармасақ, онда есімді басқа лингвистикалық негізге өткізуде есімді ұстанушының теңестірілуін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар оны қиындатуы да мүмкін.
Жалқы есімдер өздерімен - өздері автоматты түрде өте формальды түрде аударылады деп айтылған. Мұндай формальды әдістеменің нәтижесі бұл көптеген қателер, басқаша оқылу, мәтінді аударуда дәлдіктің жоқтығы және шетелдік есімдер мен атауларды қолдану болды. Ал, басқа кезде керісінше – көтермелі толық «дәлдік» аудару барысында жағымсыз естілетін, айтуға келіспейтін немесе ақылға сыймайтын есімдер мен атаулардың шығуына әкеледі. Бұндай жағдай сұрақтың жеткіліксіз ғылыми зерттелуімен де түсіндіріледі. Дегенмен де ономастика лигвисттердің назарынан тыс қалмаған, олар осы категориялық лексикалық белгілерінің берілуіндегі тіларалық заңдылықты зерттеуге көп көңіл бөлмеген. Осыдан барып берілген тақырыптың барлық оқулық курстары арқылы көрсетілуіндегі анық қиыншылықтар айтылған.
Таңдалған тақырыптың көкейкестілігі: көркем әдебиетте кездесетін жалқы есімдер мен лакуналарды ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару кезінде оның баламасын табу қиындық туғызады. Бұл үшін автор баламасыз лексиканы аудару барысында қандай әдістердерді қолдану қажет екендігін әрқашан да біле бермейді. Сол себепті, менің жұмысым баламасыз лексиканы дұрыс аударудың әдіс-тәсілдерін зерттеу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – ағылшын және қазақ тіліндегі лакуналар мен жалқы есімдерді баламасыз лексика ретінде қарастыру және олардың аудару кезіндегі ерекшеліктерді анықтау. Көркем шығармадағы баламасыз лексиканың аударылу тәсілдерін зерттеу.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылады:
Баламасыз лексика түсінігін зерттеу;
Ағылшын тіліндегі жалқы есімдер мен лакуналардың қазақ тілінде берілу ерекшеліктерін анықтау;
Жалқы есімдер мен лакуаларды аудару кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді зерттеу;
Көркем шығармада кездесетін баламасыз лексиканың анализін беру.
Зерттеу мәліметтері ретінде жалқы есімдер мен лакуналардың баламасыз лексика ретінде қолданылуы және оны зерттеу мақсатында Дж.Р.Р. Толкиннің «Хоббит, немесе барып, кері қайту» шығармасы қолданылады.
Зерттеу объектісі: ағылшын тіліндегі баламасыз лексиканы қазақ тіліне аударудың әдіс-тәсілдері.
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы - бұл қолданылған мәліметтер мен зерттеу қорытындыларын ағылшын тілінен сабақ беру тәжірибесінде, лексикологияда, стилистикада және аударма теориясы мен тәжірибесінде пайдалануға болады.
Жұмыстың жаңалығы шығармада жалқы есімдер мен лакуналарды ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару кезінде тура баламасын табу мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдердің ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан, 68 атаудан тұратын пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |