Ы есімдерді транскрипциялау ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау


ІV. Компоненттерінің арасындағы қатынасқа қарай



бет6/20
Дата20.05.2024
өлшемі0.68 Mb.
#501578
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Ағылшын және қазақ тіліндегі жалқы есімдерді транскрипциялау ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау

ІV. Компоненттерінің арасындағы қатынасқа қарай:

    1. Бағыныңқы күрделі сөздер. Мұнда компоненттердің бірі семантикалық жағынан негізгі және басыңқы болады да, екіншісі бағыныңқы болады, бұл бағыныңқылық қатынас түрліше болуы мүмкін: салыстырмалы қатынаста, мысалы, honey-sweet, eggshell-thin, шектеу қатынасында, мысалы, breast-high, knee-deep, екпіндік қатынаста, мысалы, dog-cheap, обьектілік қатынаста, мысалы, gold-rich, себептік қатынаста, мысалы, love-sick, кеңістік қатынаста, мысалы, top-heavy, мезгілдік қатынаста, мысалы, spring-fresh, субьектілік қатынаста, мысалы, foot-sore т.б.

    2. Екі компоненті де семантикалық жағынан тең дәрежедегі салаласқан күрделі сөздер. Бұл топқа бір кісі атқаратын екі қызметті білдіретін secretary-stenographer, woman-doctor т.б. күрделі сөздер жатады. Аталған топқа редупликация арқылы жасалған күрделі сөздер де жатады: fifty-fifty, no-no, pooh-pooh, pretty-pretty, blah-blah және өзара дыбыстық алмасуға ұшыраған редупликация арқылы жасалған күрделі сөздерді де жатқызуға болады: criss-cross, walkie-talkie, razzle-dazzle, bibble-babble, chit-chat.

V. Күрделі сөздер компоненттерінің орналасу тәртібіне қарай тура тәртіпті күрделі сөздер, мысалы, kill-joy және жанама тәртіпті күрделі сөздер болып бөлінеді, мысалы, nuclear-free, rope-ripe т.б.
Күрделі сөздің құрылымдық бірігуі мына мәселелерге байланысты болады: екпіннің бір болуы, бірге немесе дефис арқылы жазылуы, семантикалық тұтастығы, морфологиялық және синтаксистік функцияларының бір болуы.
Ағылшын тіліндегі жеке сөзге тән белгілер мен күрделі сөздерге тән белгілерді салыстырғанда біріккен сөздер сөз тіркестеріне қарағанда, жеке сөздерге әлдеқайда жақын деген қорытынды шықты.
Күрделі сөздер ағылшын тіліндегі әр алуан ұғымдардың атауы ретінде қызмет етеді. Олардың әркелкілігі жасалу жолдарына, мағыналық сипатына, формалық ерекшеліктеріне қарай сипатталады. Мысалы, ағылшын тілінде foot сөзінің қатысы арқылы foot way (жүргінші жолы, бір аяқ жол) foot wear (аяқ киім) foot ball (футбол добы), football (футбол), footballer (футболшы), footmark (із), footpad (жүргінші жолы, бір аяқ жол), footstool (аяққа арналған шағын орындық), foot-warmer (аяқ жылытқыш), footnote (сілтеме), footstep (із), footprint (аяқ алынған таңба (із)), foot-race (жүгіруден жарыс), footpath (бір аяқ жол), footmark (із), footfall (басылған аяқ дыбысы), т.б. күрделі зат есімдер жасалынған. Мұнда күрделі зат есімдердің компоненттерінің бірігуі, қосарлануы немесе тіркесуінің өзі мағына өзгертетіні көңіл аудартады. Бұл мысалдарда foot және ball сөздерінің тіркесе байланысуы, басқаша айтқанда бөлек жазылуы аяқпен ойнауға арналған ойын құралы деген мағынаны білдірсе, олардың бірігіп келуі, яғни бірге жазылуы доппен ойналатын ойын деген мағынаны беріп тұр. Олай болса, ағылшын тіліндегі күрделі сөздердің компоненттерінің бірігуі мен тіркесуі мағына ажыратушылық қызмет атқарады.
Қолымыздағы материалдар негізінде ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің төмендегі модельдер бойынша жасалған мысалдарын қарастырып көрейік:
- N+N моделі-екі зат есім түбірлерінің бірігуі арқылы: hand paper, tear gas, piano keys, painter-lover, workforce, bird-dog, boat-ride, sunbather, oak tree, coffee time, cough drops, air-rifle, motorcycle, killer shark, cane sugar;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет