Ы есімдерді транскрипциялау ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау



бет19/20
Дата20.05.2024
өлшемі0.68 Mb.
#501578
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Ағылшын және қазақ тіліндегі жалқы есімдерді транскрипциялау ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау

ҚОРЫТЫНДЫ

Диссертация жұмыста жүргізілген зерттеулер аудармашының фондық ақпаратты меңгеру деңгейі төмен екеніне дәлел. Тәжірибелі аудармашылар түпнұсқа авторының өзге де шығармаларын оқиды, оның жазушылық шеберлігіне тән болып есептелетін басты-басты стильдік-тілдік құралдарды аңғарады, шығарма оқиғасына, желісіне негіз етілген тарихи мерзімінің ерекшеліктеріне қатысты өзге де мағлұматтарды зерттейді, сөйтіп жалпы алғанда, сол үшін қажетті тарих, этномәдениет, әлеуметтік мәдениет, ұлттық бітім турасындағы өзінің жалпы білім тәжірибесін жинақтайды. Демек, аударманың сапасын бағалаудың екіжақты межесі аудармашыға талап-міндеттер жүктелетінін көрсетеді. Аударма мәтінінің айтылған талаптардың үдерісінен шығуы аудармашының ойлау-психикалық қабілетіне тікелей байланысты. Түпнұсқадағы айтылған ойды қалай, қандай әдіс-тәсілдермен жеткізудің амалдарын іздестіру барысында аудармашы негізгі матриалды анализдеу және синтездеу процестерін бастан өткереді.


Жалқы есімдердің тіларалық және мәдениетаралық қарым – қатынаста берілуі, халықтар қатынасы сияқты көне. Ал лакуна салыстырмалы түрде жаңа пайда болған термин. «Лакуна» түсінігіне берілген нақты анықтама жоқ, өйткені әр ғалым оны әрқалай қарастырады. Онымен қатысты барлық қиыншылықтар мен қателер және субъективті және объективті себептерге қатысты жанданады. Бірақ дәлсіздіктер мен қателердің саны біздің қиыншылықты шешуге және олардың себептерін сараптауға қаншалықты жауапкершілікпен қарайтынымыздан тәуелді. Берілген дипломдық жұмыста біз осы себептерді сараптауға және шет тілдік ортада лакуналар мен жалқы есімдердің қабылдануына және аударуда олардың нұсқаларына тигізетін әсерін көрсетуге тырыстық.
Лакуналар мен жалқы есімдерді аудару теориясы әлі де жетік зерттелмеген, сондықтан қандай да бір жалқы есімді немесе атауды дұрыс аудармаған, лакуна мәні мәтінде ашылмаған деп толық сеніммен айта алмаймыз. Болашақта бұған лингвистердің жағынан көп назар бөлінеді деп үміттенеміз.
Осы зерттеуде біз Дж.Р.Р.Толкиннің «Хоббит, немесе барып, кері қайту» шығармасындағы лакуналар мен жалқы есімдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуын және оларды аудару барысында аудармашы қандай тәсілдерді қолданғанын көрсетіп өттік.
Берілген дипломдық жұмыста лакуналар мен жалқы есімдерді аударудың тәсілдері қарастырылған және қорыта келгенде жалқы есімдерді аудару барысында жиі қолданылатын тәсіл ол – транскрипция мен калькалау әдістері болып табылады.
Зерттеу барысында әдеби шығармалардағы лакуналар алмастыру, орын толтыру әдістері арқылы берілетіндігіне, жалқы есімдерді аудару барысында аударманың транслитерация, транскрипция, калькалау тәсілдері жиі кездесетініне көз жеткіздік.
Осы жұмыстың теориялық негізіне С.Г. Тер-Минасова, Г.В. Быкова, В. Н. Комиссаров, Ж. А. Жақыпов, Л. С. Бархударов, И.С. Алексеева, В.С. Слепович, Г.И. Антипов сынды ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды. Басқа да көптеген ғылыми ақпарат көздері, авторефераттар қосымша материал ретінде пайдаланылды.
Негізгі зерттеу материалы Дж.Р.Р.Толкиннің «Хоббит, немесе барып, кері қайту» шығармасы болса, сонымен бірге С. Г. ахметова, Ж. Б. Тұрсынбаева, Ж. А. Ысқақова, Е. Ф. Яровая авторларының «Ағылшынша-қазақша сөздігін», Орысша-қазақша сөздік, ABBYY Lingvo First Step 10, Multitran ағылшынша-орысша және орысша-ағылшынша, Sozdik.kz орысша-қазақша және қазақша- орысша электрондық сөздіктерін қосымша пайдаландық.
Біздің қорытынды тұжырымымыз бойынша, жалқы есімдер мен лакуналарды аударудың ерекшеліктерінің әр түрлі сипаты болуы мүмкін. Олар негізінен аударылатын лексикалық бірліктің, яғни антропоним және топоним атауларына тікелей тәуелді болады. Ал лакунарлық шиеленісті жою авторға байланысты.
Онда лакуналар мен жалқы есімдерді аударудың қай түрі көп пайдаланғанын айқындадық. Аудармашының берген аудармаларына түсіндірме беріп, оларды өзімізше талдадық. Зерттеу барысында көптеген ерекшеліктерге кездестік олар лакуналар, жалқы есімдерді аудару немесе оның түрлеріне қатысты. Біз бұл шығармадағы аудармашының аудару тәсілінің қайсысы көп пайдаланғанын анықтадық. Жұмыс барысында алға қойылған мақсат-міндеттерге қол жеткіздік.
Қорыта келсек, баламасыз лексика және олардың басқа тілге аударылуы – күрделі мәселе, себебі олар бір халыққа, ұлттық, тілдік ортаға арналған. Сондықтан аудармашы аудару амал-тәсілін дұрыс пайдаланса, түпнұсқаның ұлттық мәдени ерекшеліктері толығымен сақталады.
Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліне берілуінің трансформациялық модельдерінің ғылыми негізде дәйектелуі төмендегідей түйіндер жасауға мүмкіндік береді:

  1. Аударма бір халықты басқа елдердің мәдениетімен, әдебиетімен, өнерімен таныстыру үшін қызмет етеді. Аударма барысында аудармашының мәдениетаралық байланыстың, этномәдени қарым-қатынастың ортасында әділ дәнекер бола білуі оның ең басты міндеттерінен саналады.

  2. Аудармашының мақсаты көркемдік, дәлдік, түсініктілік сынды талаптармен байланысып жатады. Сондай-ақ, аудармашы екі тілді жете меңгеруі тиіс.

  3. Аударманың теориялық мәселелері екі бағытта: аударманың көркемдік-эстетикалық жақтарына, бейнеліліктің, айқындықтың бір тілден екінші тілге берілу тәсілдеріне баса көңіл бөлетін бағытта және аударма мәселелерін лингвистикалық тұрғыдан қарастыратын бағытта зерттеледі.

  4. Ағылшын және қазақ тілдері екі түрлі тілдік топқа жататындықтан, ондағы біріккен сөздердің сыртқы формаларында да, компоненттік ерекшеліктерінде де елеулі айырмашылықтар болады.

  5. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліндегі баламаларын қарастыруда тілдің мазмұн мен мазмұнды жеткізу өрістері, синонимдес баламаларды өзара салыстыра отыру, басқа да синонимдік құралдарды кеңінен пайдаланудың маңызы зор.

  6. Аударманы лингвистикалық тұрғыдан қарастыру бағыты аударма жасалатын екі тілді жүйелі түрде салыстыруды-салғастыруды көздейді. Аударма барысында салыстырылған тілдердің бірінде грамматикалық тұрғыдан бейнеленген мағыналар басқа тілде лексикалық және басқа құралдардың көмегімен бейнеленуі мүмкін.

  7. Қазақ тілінде әрбір сөз табының күрделі түрлері біріккен, қосарланған, тіркескен немесе қысқартылып алынған формалары арнайы тексерілсе, ағылшын тілінде күрделі сөздер (compound words немсе compounds) деген атаумен сыңарлары бірге жазылатын күрделі сөздер де, бөлек жазылатын күрделі сөздер де, дефис арқылы жазылатын күрделі сөздер де, and, to, in және т.б. жалғаулықтар арқылы жасалған күрделі сөздер де атала береді.

  8. Ағылшын және қазақ тіліндегі күрделі сөздерді сөзжасамдық тәсілдерге, сыртқы тұлғасына, белгілі бір сөз табына қатысы, мағыналық сипаты мен олардың біртұтас мағыналарына, құрамдас сыңарларының тұлғалық, формалық сипатына, жазылу сипатына, екпіннің рөліне, белгілі бір сөйлем құрамындағы синтаксистік қызметіне байланысты қарастырған дұрыс.

  9. Ағылшын тіліндегі күрделі сөздің құрылымдық бірігуі екпіннің бір болуына; бірге немесе дефис арқылы жазылуына; семантикалық тұтастығына; морфологиялық және синтаксистік функцияларының бір болуына байланысты болады.

10 Ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді арнайы зерттеудің арқауы етудің маңыздылығы олардың трансформациялық модельдерін жасаудың маңыздылығымен де шарттасады.
11 Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің трансформациялық модельдерін жасағанда, олардың бойындағы ерекшеліктері барынша толық ескеріледі.
12 Біріккен сөздердің компоненттерінің белгілі бір сөз таптарына қатысты болуы да олардың аударылатын тілдегі баламасын табу үшін көмек бере алады.
13 Ағылшын тіл білімінің танымдық бағытын зерделеу, оның себеп-салдарын айғақтау, ғылыми-теориялық ұстанымдары мен ұғымдық бірліктерін жүйелеу әрі когнитивтік парадигма негіздерін анықтау өзекті тілдік мәселелер ретінде күн тәртібіне еніп келеді.
14 Қазіргі уақытта аударма теориясында бірнеше үлгі (модель) жасалған. Соның ішінде жағдаяттылық, трансформациялық және семантикалық трансформациялар кеңінен таралған.
15 Ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де біріккен сөздердің мағынасы үнемі компоненттерінің мағыналарына қарай анықтала бермейді.
16 Аударма трансформациясында орын алмастыру, сөз қосу, ауыстыру, түсіріп тастау (опущения), яғни бір компонентін түсіру және т.б. әдістері бар. Белгілі бір шығарманы аударуда бірнеше тәсіл қатар қолданыла береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет