Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан біртұтас ел, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мақсаты



Дата26.12.2023
өлшемі315.13 Kb.
#488053
түріСабақ
Қазақстан біртұтас ел


Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан біртұтас ел, біртұтас халық, біртұтас болашақ.
Мақсаты:Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін слыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.
Көрнекілігі: карта, суреттер, нақыл сөздер, шарлар
Барысы: Амандасу, түгелдеу сабақтың мақсатымен таныстыру

Қазақстан – ежелгі ел,бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті.


Ынтымақ, бірлік, достық, татулық,
Бабалардан қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы!
Қазақстан – татулықтың, достықтың, бірліктің киелі бесігі. Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанымен, теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ, біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Тұңғыш президент Н. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»! деп сөйлеген сөзінде: «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды» деді. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады
Сыр бойында баулардан,
Алатаудай таулардан.
Сарыарқамдай даламда,
Көк аспанның астында 
Бірлігіміз жарасқан
Қазақ, Өзбек,Қырғыздар. 
Татар, Орыс,Ұйғырдай, 
Ұлттары бар достасқан,
Бір шаңырақ астында 
Егеменді елімде
Ырысымыз жарасқан
Біздің Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.
Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Отанымыз әрқашанда тыныш болсын!
Ән «Атамекен» Орындайтын 5 «А» сынып оқушылары (Барлық оқушылар ортаға шығады. Қолдарында жалаушалар, шарлар болады.) Бәрі хормен:«Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ»


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет