Кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
1.1 жобаның тақырыбын талдау
|
Мүмкін болатын тақырыптарды таңдап алып, оқушыға ұсыну
|
Алдымен талқылайды, тақырып бойынша бір шешімге келеді.
|
|
Мұғалім оқушыларға жоба тақырыбын бірлесе отырып, таңдауды ұсынады.
|
Оқушылар тобы мұғаліммен бірлесіп тақырып таңдап, сыныпқа талдауға ұсынады.
|
|
Мұғалім тақырыпты талқылаған кезде қатысады.
|
Өз бетімен тақырыпты талдап алып, сыныпқа талқылау үшін ұсынады.
|
1.2 жоба тақырыбын тақырыпшаларға бөлу.
|
Алдын ала тақырыптарды тақырыпшаларға бөліп, оқушыларға таңдауға ұсынады.
|
Әр оқушы өзіне тақырыпша таңдайды немесе өз нұсқасын ұсынады.
|
|
Оқушымен жобаның тақырыпшаларын талқылауға қатысады.
|
Тақырыпшаларды белсенді түрде талқылап, оның жаңа нұсқасын ұсынады. Әр бір оқушы өзіне тақырыпша таңдайды (өзіне роль таңдап алады).
|
1.3 шығармашылық топ қалыптастыру
|
Өздеріне нақты тақырыпша және әрекет түрлерін таңдап, алған әрекет түрлеріне байланысты бір топқа біріктіруге ұйымдастыру жұмысын жүргізеді.
|
Оқушылар өздерінің рольдері бойынша кіші топтарға бөледі.
|
1.4 материалды зерттеу жұмысына дайынду
|
Егер жоба көлемді болса мұғалім алдын ала ізденгіштік әрекетті жүзеге асыру үшін және әдеби шолу жасау үшін тапсырмалар мен сұрақтар құрастырады.
|
Кейбір жоғарғы және орта сынып оқушылары тапсырма құруда мұғаліммен бірге жұмыс істейді. Ал команда мүшелері іздеу жұмысын жүргізу үшін сұрақтарды сынып оқушылармен талқылайды.
|
1.5 жобалық әрекет нәтижесін белгілеу формасын анықтау
|
Мұғалім оқушымен бірге талқылауға қатысады.
|
Оқушылар топ ішінде зерттеу нәтижесінің қандай формада көрсетілетінін талқылайды (видео фильм, табиғи нысан, әдеби шолу т.б.)
|
2 жобаны құру
|
Кеңес береді, оқушылар жұмысын бақылап, олардың әрекетін ынталандырады.
|
Оқушылардың ізденгіш әрекеті ынталанады.
|
3 нәтижені өңдеу
|
Кеңес береді, оқушылар жұмысын бақылап, олардың әрекетін ынталандырады.
|
Алдымен топ ішінде содан кейін басқа топтармен бірлесе отырып нәтижені өңдейді.
|
4 презентация
|
Экспертизаны ұйымдастырады, эксперт бола алатын ата-ана т.б. шақырады.
|
Өз жұмыс нәтижесін баяндайды.
|
5 рефлексия
|
Өзінің педагогикалық ұйымдастыру әрекетін бағалайды, өзіндік әрекетін бағалайды.
|
Өз бағаларын және басқаларын ескере отырып рефлекцияны жүзеге асырады. Топтық рефлекция тиімді болады.
|