I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері


Химиялық тілді саналы меңгеру және пайдалана білу жағдайлары



бет24/71
Дата12.11.2023
өлшемі1.47 Mb.
#483023
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71
stud.kz-106064

1.6.2 Химиялық тілді саналы меңгеру және пайдалана білу жағдайлары

Орта мектептегі химияның мазмұны тіл арқылы баяндалып, оқыту құралдары мен әдістері тілге негізделетіндіктен, оқыту барысында мұғалім мен оқушы еңбегінің үйлесуін тіл мен сөйлеу арқылы көрсетуге болады.


Әлеуметтік тәжірибе болып табылатын білім мұғалімнен оқушыға заттар мен құбылыстар және оларды түсіндіретін тіл және сөйлеу арқылы беріледі. Бұл әрекет бірімен – бірі тығыз байланысты жүреді, сондықтан оқушылар химиялық тілді меңгереді, содан соң химия тілі арқылы заттар мен құбылыстар жөніндегі білімді игереді деп шартты түрде ғана айтуға болады.
Мектеп тәжірибесінде химия тілінің құрылу тәсілдеріне көбірек көңіл бөлінеді де ,мағынасы ескерусіз қалады. Осыдан барып оқушылар тіл таңбалары арқылы беріліп отырған шындықтың өзін елестете алмайды, білімі таяз болып қалады.
Бұл кемістікті болдырмау үшін оқушылардың таным барысы сызбанұсқада көрсетілген бірінші қадамнан –тәжірибеден басталып, тіл мен сөйлеу арқылы оқушының санасынан өткен соң қайтадан тәжірибеде сыналу керек.
Оқыту барысындағы тілдің қызметін асыра бағалауға жол берілмеуі тиіс, сонымен бірге тілді саналы игерудің қажеттігін оқушылар мойындауы қажет. Ол үшін мұғалім мына мәселелерге көңіл аударады.
Химиялық символика мен номенклатура жөніндегі білім оқушылардың химиядан жалпы дайындығына қарай біртіндеп өтіледі. Осыған орай мұғалім әр кезеңде берілетін білім мен біліктің көлемін бағдарламаның талаптарына сәйкес дұрыс анықтап, оқушыларға жеткізудің тиімді әдістерін таңдап ала білуі керек.
Әр сыныптағы химия курсының теориялық негізін құрайтын маңызды материалдарды өткенде химиялық тіл жаңа сатыға көтеріліп, мағынасы жағынан толыса түседі. Демек, жаңа теориялық материалды өтуге байланысты химиялық тілге енетін өзгерістерге оқушылардың назарын үнемі аударып отырған жөн.
Химиялық символиканың кейбір белгілі мәселелері және жүйелік номенклатураның негізі оқулықта өте қысқа баяндалады. Солардың мазмұнын ашып көрсету әдістемесіне жете көңіл бөлу керек.
Химия тілін оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру - маңызды міндеттердің бірі. Химияда физиканың, математиканың символдары және өзге жаратылыстану ғылымының ұғымдары мен зат атаулары жиі пайдаланылады. Солардың арасында үйлеспеушілік тумауын бақылап отырғаны дұрыс.
Химияда төрт таңбалар жүйесі қолданылады: заттар мен құбылыстардың сыртқы белгілері, сөз таңбалар символдар жүйесі және номенклатуралық таңбалар. Тұрақты ғылыми ақпарат осы жүйелердің бірінен екіншісіне ауысып отырады. Оның ауысу бағыты оқыту барысында таңбалардың қолданылу ретіне байланысты. Оқыту тиімді болу үшін әр нақтылы жағдайда мұғалім таңбалардың пайдаланылу ретін дәл анықтауы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет