I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері



бет59/71
Дата12.11.2023
өлшемі1.47 Mb.
#483023
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   71
stud.kz-106064

ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБА
Химияны оқыту әдістемесі курсы болашақ химия мұғалімінің кәсіби даярлығын қалыптастырады. Дәрістік курсты берудегі мақсат маңызды әдістемелік білім негізі мен химияны оқытудың әдіснамасын жүйелі түрде қалыптастыру. Мектепте білім беру мақсатының, ғылым мен практиканың жетістіктерінің өзгеруіне, жоғары мектептегі оқу процесінің жетілуіне орай химияны оқыту мәселесінің қаншалықты жаңартылғаны қарастырылады. Курс бағдарламасын меңгеру студенттердің химияны оқыту әдістемесінің негізін меңгеріп, химиядан оқу жоспарын, күнтізбелік жоспарды, тақырыптық жоспарды, күнделікті сабақ жоспарын құру біліктілігін меңгеруіне мүмкіндік береді. Химияны оқыту әдістемесі курсы бағдарламасы педагогика ғылымы практикасының жетістіктеріне сай, мектеп химия курсы бағдарламасын ескере отырып, болашақ химия мұғалімдерін даярлауға қойылатын талаптар негізінде құрылған.
Пәнді оқу мақсаты: Болашақ химия мұғалімдерін химияны оқыту әдістемесінің теориялық негізімен таныстырып, педагогикалық іскерлігін дамытуға, алған білімін дәстүрлі, жаңашыл технологиялар негізінде химиядан сабақ беруде қолдануға үйрету.
Пән мазмұнының алғы шарттары: - негізгі мектепте оқылатын химия курстарының теориялық тұжырымдамалары бейорганикалық химия, органикалық химияның теориялық негіздері, аналитикалық химия, физикалық химия, жалпы химиялық технология
Пән мазмұнымен байланысты сыбайлас пәндер тізімі: химия-педагогикалық зерттеулер әдістемесі, философия, педагогика және психология


Пәннің минималды еңбексыйымдылығы (оқу жоспарына сәйкес):3 кредит.
Пән мазмұнын дәлелдейтін білім, іскерлік, дағды минимумы:
Пәнді оқу барысында студенттер білуі керек:
1) -химияны оқыту процесінің негізін ( оқыту принциптерін, оқытуға әрекеттік принцп тұрғысынан келу, шығармашылық химиялық ойлауды қалыптастыру);
- химияны оқыту мазмұны негізін қалыптастыру ( оқыту мазмұнын анықтауға жүйелілік тұрғыдан келу, химия курсындағы ғылыми жүйені химия пәнін жүйелі түрде қабылдауды оқыту жүйесіне көшіру негізінде құру);
- химияны оқыту технологияларына жүйелілік тұрғыдан келу(шығармашыл-ізденгіштік және ақпараттық оқыту, проблемалық және программаланған оқыту);
- химияны оқыту нәтижесін бақылау жүйесі;

2) икемділігі:


- өзінің педагогикалық әрекетін ұйымдастыру және талдай білу икемділігі;
- химия бағдарламасы мен оқу жоспары негізінде оқу сабақтары мен сабақтар жүйесін химияны оқыту әдістері мен құралдарын дұрыс таңдап құра білу;
- бағдарлама бөлімдері мен тақырыптарына сәйкес көбірек тиімді оқу сабақтарының әр түрлерін құрып, оқушылардың әр түрлі дайындық деңгейіне сәйкестендіріп жүргізе білу икемділігі;
- химияны оқыту технологиясын құруға қажетті оқыту құралдарын іріктеп, қолдануға лайықтау;
- оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді (орта мектепке және колледждерге) талдау және пәнаралық байланысты қолдана отырып бағдарламалық материалды логикалық реттілікпен түсіндіруге лайықтап, қолдану;
- оқушылардың өзіндік жұмысын ұтымды ұйымдастырып оның нәтижесін тексеру икемділігі;
- оқушы білімін бақылау, бақылау нәтижесін оқыту процесіне қолдану

ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет