ІІІ. ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН ЖАЙЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ COT ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Құжат (лат. Docmentum деген сөзден шыққан) дәлелдеме, куәлік дегенді білдіреді. Орыс тіліне құжат деген сөз Петр патша дәуірінде енген болатын, ол кезде документ деп құқықтық маңызы бар іс қағаздарын айтатын. Кейін «документ» сөзінің екі түрлі мағынасы пайда бола бастады: 1) тар, тұрмыстық мағынасы - төлқұжат және жеке басының куәлігі; 2) кең мағынада - қандай да бір нәрсені айғақтайтын, куәландыратын заттың барлығы.
Сот құжаты қоғамдағы сот үрдісі процесін қамтамасыз ететін құжаттар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Қылмыстық істерге байланысты сот төрелігін жүзеге асырғанда заң тиісті іс жүргізу құжаттарын толтыруды талап етеді. Мысалы, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 328-бабына сәйкес басты сот талқылауы барысында хаттама жүргізіледі. Казақстан Рсспубликасының ҚІЖК 325-бабының 1-бөлігінің күшімен басты сот талқылауында шешетін барлық мәселелерге сот қаулы алады; Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 44-тарауына сәйкес бірінші сатыдағы сот істі шешкен кезде үкім, ал Қазақстан Рсспубликасы ҚІЖК-нің 387-бабында көзделген негіздерде сот кеңесу бөлмесінде жеке қаулы шығарады.
Егер де қылмыстық іс рақымшылық (апелляциялық) шағым наразылық бойынша қарастырылса, онда Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 423-бабына сәйкес рақымшылық (апелляциялық) қаулы шығарылады; қадағалау сатысындағы судья, қадағалау шағымын алдын ала қарастырғанда, оны зерттеп, танысып шыққаннан кейін Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 460-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес тиісті сот сатысына шағымдалған сот қаулысын қайта қарау туралы ұсыныс енгізеді. Шағымдалатын сот қаулыларын қайта қарауға негіз жоқ болса, қадағалау шағымының иесіне жазбаша хабарлама жіберіледі. Қадағлау сатысындағы сот өз шешімдерін Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 467 және 468-баптарына сәйкес, қаулы нысанында қабылдайды.
Жоғарыда аталған іс жүргізу құжаттары негізгі сот құжаттары деп есептелген мен, сот тәжірибесінде басқа да іс жүргізу құжаттары кездеседі. Ол қылмыстық істің нақты мән-жайларына, сотталушының жеке басына, жинақталған материалдарына байланысты дайындалатын іс құжаттары, алайда мұндай құжаттар әрбір іс үшін міндетті емес. Олар: шақыру қағазы, қолхат, хабарлама, ерекше пікір, ресми ескерту, бұйрық және ұйғарым.
Сонымен, сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі сот құжаттарына барлық сот шешімдері (қаулы, үкім), сот отырысы хаттамасы, сондай-ақ қосымша іс жүргізу құжаттары (шақыру қағазы, қолхат, хабарлама, жазбаша хабарлама, жазбаша тапсырма, ерекше пікір, бұйрық, ұйғарым және т.б.) жатады.
Сот төрелігін жүзеге асырғанда негізгі сот құжаттары міндетті болып табылады және олар қылмыстық іс жүргізу заңнамаларында толықтай реттелген. Заңда бұл құжаттардың атауы ғана емес, олардың қолдану түрі мен қаулы, үкім және хаттаманың реквизиттері де көрсетіледі. Судьялар қылмыстық істерді қараған кезде көбіне қаулы шығарады.
Сот құжатының осы түрі арқылы судья немесе сот құрамы басты сот талқылауын тағайындаудан бастап қадағалау сатысында шешім қабылдағанға дейінгі көптеген мәселені шешеді.
Айталық, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 299-бабына сәйкес, судья келіп түскен іс бойынша осы бапта көзделген шешімдердің біреуін қаулы нысанында қабылдайды.
Басты сот талқылауында кез келген сот шешімі істегі туындаған мәселеге жауап береді, оны шешеді және қаулыда тұжырымдайды. Сөйтіп, жеке жағдай үшін заң шығарылады – judex lex facit inter partes.
Сот талқылауы барысында туындайтын барлық мәселе бойынша соттың шығаратын көптеген шешімдері қаулыларда тұжырымдалуы және Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 325-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот отырысында жариялануы тиіс. Үкім шығарылған кезде, бірге қабылданатын қаулылар үкіммен бірге жарияланады, бұл әдетте жеке қаулылар болады.
Басты сот талқылауында шығарылатын сот қаулылары екі түрлі болады: 1) кеңесу бөлмесіне бармай шығарылатын ауызша қаулылар; 2) соттың кеңесу бөлмесінде шығаратын жеке жазбаша құжат түріндегі қаулылар.
Ауызша деп аталатын қаулыларды судьялар сол жерде, яғни, сот отырысы залында кеңескеннен кейін, даусыз, айқын мәселелер бойынша қабылдайды. Сот залында шығарылған қаулы мазмұнын төрағалық етуші ауызша тұжырымдайды және ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
Сот күрделі, даулы мәселелер бойынша туындаған дауларды кеңесу бөлмесінде талқылап қаулы шығарады. Мәселен, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 325-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот келесі мәселелер бойынша кеңесу бөлмесінде жазбаша қаулылар шығаруға міндетгі істі қосымша тергеуге жіберу туралы, істі қысқарту туралы, қылмыс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы, бұлтартпау шарасын таңдау, өзгерту немесе оның күшін жою туралы, бас тарту туралы, сараптама тағайындау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 387-бабында көзделген негіздер пайда болса, сот кеңесу бөлмесінде жеке қаулы алады. Ол қаулылар судья немесе сот құрамы қол қоятын жеке құжат түрінде жасалады және жазбаша дәйектемелерді талап етеді.
Басты сот талкылауында шығарылатын соттың барлық қаулылары жедел түрде міңдетті жариялауға жатады. Судья немесе сот құрамы шығаратын қаулыларды мазмұны бойынша төмендегідей 9 топқа бөлуге болады;
1) сот талқылауын бастайтын;
2) сот талқылауын бөлетін;
3) сот талқылауын аяқтайтын,
4) сот іс-қимылдарын көздейтін;
5) жеке;
6) апелляциялық сатының;
7) үкімді орындауға байланысты;
8) қадағалау сатысы тобы;
9) қылмыстық іс өндірісін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне және шешімдеріне шағым жасалатын қаулылары;
Бірінші топқа: Қазақстан Республикасы ҚДЖК-нің 301, 299-баптарына сәйкес алдын ала тыңдауды өткізу және басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы;
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 391-бабында көзделген тәртіпте жеке айыптау ісі бойынша шағымды өзінің іс жүргізуіне қабылдау туралы судьяның қаулысы; апелляциялық сатының сот отырысын тағайындау туралы қаулы (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 408-бабы); сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі істі қарау туралы қаулы (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 515-бабы) жатады.
Аталмыш қаулылар сотта қылмыстық істердің түрлі санаттары және материалды қараудың іс жүзіндегі алғы шарттары болып табылады. Мұндай қаулылар Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 299 және 302-баптарының талаптарына сәйкес сот отырысын тағайындау үшін жеткілікті негіздердің бар екендігі туралы қорытынды, сондай-ақ Қазақстан Рсспубликасы ҚІЖК-нің 300-бабында көзделген мәселелерге сай болулары қажет.
Екінші топқа: басты сот талқылауын кейінге қалдыру және іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы қаулылар жатқызылады.
Басты сот талқылауын кейінге қалдыра тұру туралы қаулыны сот Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 321, 327 336 және 344-баптарына сәйкес мына жағдайларда шығарады:
1) сот отырысына шақырылған адамдардың бірінің кедмеуі салдарынан;
2) жаңа дәлелдемелер алдыру қажеттілігіне байланысты;
3) басты сот талқылауында тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында;
4) сотталушыға айыптау қорытындысы көшірмесін және басқа құжаттарды тапсырмаған немесе уақытылы тапсырылмаған жағдайда;
5) іске қатысушы адамдардың бірі болмауына немесе оны ауыстыруға байланысты;
6) сот отырысына шақырылған қорғаушы, сарапшы және прокурорға қылмыстық іс материалдары мен танысып шығу мүмкіндігі берілуіне байланысты.
Осы айтылған жағдайдын бәрі сот отырысын кейінге қалдыру, оны сол кезеңде жалғастыру, істің айғақты мән-жайларын дұрыс анықтау және процеске қатысушылардың құқықтарын сақтау мүмкін болмағанда, объективті қажеттіліктен туындайды.
Сот отырысын кейінге қалдырғанда сот келмеген адамдарды шақыру немесе қажетті дәлелдерді алдыруға шаралар қолданады, сонымен бірге процеске қатысушыларға оның кейінге қалдырылғаны, қайта қаралатын күні мен уақыты туралы міндетті түрде хабарлайды. Ал, сот тәжірибесінде басты сот талқылауын белгісіз мерзімге қалдыру жағдайлары жиі кездесіп тұрады, ол қылмыстық іс жүргізу заңнамасын өрескел бұзу болып есептеледі.
Мұнда сот талқылауын кейінге қалдыруды сот отырысының үзілісінен айыра білу керек. Сот отырысында үзіліс жасалғаннан кейін, істі тыңдауға үзіліс жарияланған сәттен бастап жалғастырылады. Сот талқылауын кейінге қалдырған кезде іс бойынша сот отырысының жалғастырылуы немесе қайтадан басталуы мүмкін. Егер келесі отырыста де бұрынғы сот құрамы қамтамасыз етілсе, оны тоқтатылған сәтінен бастауға болады.
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 50-бабында көзделген негіздерге сүйене отырып, кодекстің 321-бабының 2-бөлігіне сәйкес іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы қаулы шығарылады:
1) сотталушы соттан жасырынып қалған жағдайда;
2) айыпталушы жүйкесінің заңда көзделген тәртіпте куәландырылған уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр науқастануы;
3) соттың нақты қылмыстық істе қолданылуға тиіс заңның немесе өзгеде нормативтік-құқықтық актілердің Конституцияға сәйкес еместігін тану не адамның және азаматтың Конституциямен бекітілген құқықтары мен бостандығын шектейтіндігі туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасауы;
4) қылмыстық іс бойынша одан әрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін тежеусіз күштің іс-әрекеті жағдайында анықтаушының, тергеушінің немесе соттың қаулысымен толықтай немесе тиісті бөлігінде тоқтатыла тұруы мүмкін;
5) тиісті сараптама жүргізілген;
6) осы Кодекстің 55-тарауында көзделген тәртіппен құқықтық көмек алуға байланысты іс жүргізу әрекеттері орындалған жағдайда анықтаушының, тергеушінің немесе соттың қаулысымен толықтай немесе тиісті бөлігінде тоқтатыла тұруы мүмкін.
Алайда, істі кейінге қалдырып, оны тоқтатқан кезде сот жаңа сот отырысы басталуының белгілі бір мерзімін белгілей алмайды. Сот іс бойынша өндіріске кедергі келтірген мән-жайлар жойылғанға дейін іс жүргізуді тоқтата тұрады.
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 304-бабының 2-бөлігіне сәйкес, іс бойынша іс жүргізу бірнеше айыпталушының біреуіне қатысты қорғануға арналған оның құқығына немесе басқа да айыпталушының құқығына нұқсан келтірмеуі шартымен уақытша тоқтатылуы мүмкін. Оларға қатысты іс жүргізу тоқтатылмаған айыпталушылар қамауда болған және судья оларға бұлтартпау шарасын өзгертуді мүмкін деп таппаған жағдайда іс жүргізу отыз тәуліктен аспайтын мерзімге тоқтатылуы мүмкін. Егер осы уақыт ішінде айыпталушылардың біреуіне қатысты іс жүргізуді уақытша тоқтатуға негіздер жойылмаса, онда басқа айыпталушыларға қатысты іс жүргізу жаңартылуы және басты сот талқылауының күні белгіленуі тиіс.
Үшінші топқа: қылмыстық істі қосымша тергеу үшін қайтару және қылмыстық істі тоқтату туралы, сондай-ақ қылмыстық істі соттың қарауына жіберу жөнінде қаулылар жатады.
Сот басты сот талқылауы сатысында қылмыстық істі сот талқылауына дайындау барысында осындай шешім қабылдауға көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберу туралы қаулы шығарады (ҚР ҚІЖК-нің 303-бабы).
Ондай шешім қабылдау негіздері басты сот талқылауы басталғанға дейін де, сонымен бірге сот тергеуі барысында да немесе аяқталғаннан кейін де анықталуы мүмкін.
Істі қосымша тергеуге жібергенде басты сот талқылауы аяқталады, сол арқылы сот отырысында тұлғаға бұрын тағылған айыпты қарастыру туралы сот шешімінің күші жойылады. Сондықтан Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 323-бабының 2-бөлігіне сәйкес, іс қосымша тергеу аяқталғаннан кейін сотқа келіп түскен кезде сот отырысын тағайындау мәселесі жалпы тәртіппен шешіледі.
Сот талқылауы істі тоқтату туралы қаулы шығарумен аяқталуы мүмкін, егер талқылау барысында Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 37-бабының 1-бөлігі 3-12-тармақтарында көзделген мән-жайлар анықталса, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 317-бабының 6-бөлігі ережелеріне сәйкес айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда, іс басты сот талқылауында Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 38-бабының 1-бөлігіңде көзделген негіздер бойынша да тоқтатылуы мүмкін. Яғни, сот Қазақстан Республикасының ҚІЖК-інің 38-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көзделген ақтамайтын жағдайлары бойынша адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық істі қысқартуға құқылы.
Жеке айыптау істері және жеке-жариялы айыптау істері, яғни жәбірленушінің шағымы бойынша қозғалатын істер ондай шағым болмаған жағдайда қысқартылуға жатады.
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 33-бабында көзделген қылмыс туралы істер жеке айыптау істері болып есептеледі, іс жәбірленушінің арызы бойынша қозғалады және тараптар білімге келген жағдайда іс тоқтатылады.
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 34-бабында көзделген қылмыс туралы істер жеке-жариялы істер болып есептеледі, іс жәбірленушінің арызы бойынша қозғалады, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 67-бабында бекітілген жағдайларда, яғни жәбірленушінің айыпталушымен бітімге келгеніңде іс тоқтатылады.
Сот талқылауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 306-бабында көзделген жағдайларда аяқталуы мүмкін: ««егер судья істің өзі соттауына жатпайтынын анықтаса, онда ол мұндай шешімнің заңдық негіздерін келтіре және іс жолданатын сотты көрсете отырып, істі соттың қарауына жататындығы бойынша жіберу туралы қаулы шығарады, ол туралы процеске қатысушыларға хабарлайды».
Төртінші топқа: тергеу іс-қимылдарын жүргізу үшін сот отырысында шығарылатын алып келу туралы, бұлтартпау шарасын таңдау, өзгерту немесе тоқтату туралы, қарсылық білдіру туралы өтініштерді қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы, қылмыстық процеске қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы, мүлікке тыйым салу туралы қаулылар жатады.
Басты сот талқылауы барысында ең кең таралған тергеу әрекеттерінің бірі - сараптама тағайындау, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 354-бабына сәйкес сот тараптардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен сараптама тағайындауға құқылы. Сараптама тағайындау туралы қаулы Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 325-бабына сәйкес кеңесу бөлмесінде шығарылады және жеке құжат түрінде жазылады. Өзге қаулылар соттың қалауынша не Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 360-бабында көрсетілген тәртіппен, не сол орында — сот отырысы залында қаулыны сот отырысының хаттамасына енгізе отырып шығарылады.
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 315, 322-баптарында көрсетілген мән-жайлар болса, сот айыпталушыны келтіруге, сондай-ақ оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдануға немесе өзгертуге құқылы. Сот сотталушыны еріксіз келтіру туралы қаулы шығарумен қатар, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 75-бабы 9-бөлігінің негізі бойынша жәбірленушіге де, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 82-бабына сәйкес куәгерге де қатысты қаулы шығара алады.
Сот Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 11-тарауына орай, өз құзыретінің шегінде қылмыстық іс бойынша іс жүргізуден шеттету туралы мәлімделген қарсылық білдірулер мен өтініштерді шешуге немесе адамның қылмыстық процеске қатысуын жоққа шығаратын мән-жайлар анықталған кезде тиісті қаулы шығару арқылы өз бастамасына сай оны іс бойынша іс жүргізуге қатысудан шеттетуге құқылы. Сот талқылауына қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сот Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 99, 100 және 101-баптарына сәйкес, процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қаулы шығарады.
Сот отырысы залында қоғамдық тәртіпті бұзған, не сотты сыйламаушылық байқалған жағдайда қылмыстық істі қараушы соттың (судьяның) қаулысымен кінәлі адамға әкімшілік заңдарында көзделген жаза шаралары қолданылуы мүмкін.
Үкімде азаматтық талап, басқа да мүліктік жaзaлap немесе мүмкін болатын мүлікті тәркілеу бөлігінде орындауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 161-бабына сәйкес сот мүлікке тыйым салу туралы қаулы шығаруға құқылы.
Бесінші топқа: ерекше сипаттағы сот қаулылары жатады. Олар Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 387-бабында көрсетілген жеке мән-жайларға байланысты соттың реакциясын білдіреді, яғни оңда мемлекеттік органдардың немссе лауазымды адамдардың, ұйымдардың немесе олардың басшыларының назарын аударатын басты сот талқылауы барысында анықталған және қарастырылатын іске қатыссыз мән-жайлар жатқызылады. Сондықтан олар жеке қаулылар деп аталады. Сондай-ақ сот Қазақстан Республикасы ҚІЖК 59-бабының 4,5-бөліктерінде көрсетілген негіздер бойынша қадағалау сатысында істерді қарау кезінде жеке қаулы шығаруға құқылы. Сот өзінің жеке қаулыларымен мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар, ұйымдардың немесе олардың басшыларының назарын іс бойынша анықталған заңның бұзылу фактісіне, қылмыс жасауға себепті болған азаматтардың құқықтарын бұзу, қызметтік не азаматтық борышын бұзуына, сондай-ақ азаматтық немесе қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен жоғары саналылығы, ерлігі туралы жағдайларға аударады.
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 387-бабында жеке қаулы бойынша бір ай мерзімнен кешіктірілмей қажетті шаралар қабылдануы және оның нәтижелері туралы жеке қаулы шығарған сотқа хабарлануы тиіс екендігі айтылған. Алайда заң осының орындалуына ешқандай кепілдік қарастырмаған. Сол себепті, жеке қаулысына жауап ала алмаған сот бұл жөнінде қайта-қайта ескертпелер жасауға мәжбүр болады. Өйткені жеке қаулысы жауапсыз қалған соттың бар қолынан келері - жоғары сатыда тұрған сотқа соттың жеке қаулысын орындауға жете көңіл бөлмеген жауапты қызметкердің үстінен шағым айту ғана.
Сондықтан Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің «Соттардың қылмыстық істер бойынша жеке қаулылар шығару тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысында (№11,2003 жылдың 19 желтоқсан) былай деп көрсетті: «Лауазымды тұлға жеке қаулыны қараусыз қалдырса немесе онда көрсетілген заң бұзушылықты жою жөнінде шара қабылдамаса, онда ол жеке қаулыға өз уақытында жауап қайтарылмағанға теңестіріледі, соған сәйкес сот төрағасы немесе іс бойынша төрағалық етуші Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай - ӘҚБтК) 636-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жазу үшін сот қызметкеріне нұсқау беруге құқылы, яғни ҚР ӘҚБтК-нің, 541-бабына сай бұл әкімшілік іс сотта қаралуға тиіс. Осы фактілерді куәландыратын қажетті құжаттардың қосымшасымен, ӘҚБтК-нің 42-тарауына сәйкес артықшылықтары және әкімшілік жауаптылықтан қорғанышы бар адамдарды әкімшілік жауапқа тарту ерекшелігін ескере отырып, сондай-ақ ӘҚБтК-нің 35-бабының ережесі бойынша адамдардың әкімшілік жауапкершілікке тартылуы шешілетін жағдайды санамағанда, тиісті аумақтағы сотқа жіберіледі.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 183-бабының 4-бөлігіне орай, сот қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істі талқылау кезінде кылмыс белгілсрін байкағанда ол туралы жеке қаулы ретіндс прокурорға хабарлауға міндетті.
Алтыншы топқа: апелляшялық сатыдағы сот шығаратын қаулылар жатады. Қазақстан Рсспубликасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысына (№13, 2003 жылдың 19 желтоқсаны) сәйкес, апелляциялық сатының өкілеттіктерін жүзеге асыру жөніндегі барлық іс-әрекеттер қаулымен ресімделеді. Жәбірленушіден, куәлардан жауап алу кезінде сот хатшысы хаттама жүргізеді.
Сот істі апелляциялық тәртіппен қараудың нәтижесінде Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 411-бабына сәйкес өз қаулысымен мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) үкімді, қаулыны өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;
2) үкімнің күшін жойып, істі қысқартады;
3) үкімді (қаулыны) өзгертеді;
4) үкімнің күшін жойып, істі бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жібереді;
5) үкімнің күшін жойып, істі Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 303-бабында көрсетілген негіздер бойынша қосымша тергеуге жібереді;
6) Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 387-бабында көрсетілген мән-жайлар анықталғанда жеке қаулы шығарады.
Алелляциялық сатыдағы соттар қаулы дайындаған кезде ҚІЖК-нің 422-бабының талаптарын қатаң басшылықка алулары қажет.
Қаулының кіріспе бөлігінде ҚІЖК-нің 422-бабының 2-бөлігінде көрсетілген мәліметтермен қатар сот үкіміне (қаулысына) шағым берген немесе наразылық білдірген тұлғаларды, сондай-ақ бірінші сатыдағы сот қабылдаған шешімді көрсеткен жөн.
Сипаттау-дәлелдеу бөлігінде шағымның (қарсылықтың) немесе наразылықтың әрбір дәлеліне тиянақты жауап беріліп, істі тексерудің барысы мен нәтижелері, заңға сілтеме жасала отырып, сот қабылдаған шешімнің негіздері мен дәлелдері көрсетіліп, айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені, қылмыстың саралануы және жазалау шаралары туралы мәселелер бойынша нақтылы жауаптар болуы қажет. Наразылық немесе шағым қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайда апелляциялық сатыдағы сот қаулыда шағымдағы немесе наразылықтағы дәлелдерді теріске шығаратын тиянақты негіздерді келтіруге міндетті.
Үкім бұзылған немесе өзгертілген жағдайда, үкімге негіз етіліп алынған дәлелдемелердің неге жеткіліксіз деп танылғанын, қандай заң бұзушылықтар орын алғанын, олардың үкімнің мәніне қалай әсер еткенін көрсету қажет.
Қорытынды бөлікте қабылданған шешімінің мәні баяндалып, үкімге енгізілген әрбір өзгеріс көрсетіледі. Қорытынды бөліктің тұжырымдамасы ҚІЖК-нің, 411-бабында баяндалған шешімдердің бірін бейнелеуге тиіс.
Апелляциялық сатыдағы соттың іс бойынша шығарылған жеке қаулыны бұзу немесе өзгерту туралы шешімі, жеке қаулыда істің мәніне қатысты мән-жайлар баяндалған жағдайлардан басқа реттерде жеке қаулымен ресімделеді.
Апелляциялық қаулыларды ҚІЖК-нің 423-бабының қағидаларын сақтай отырып шығару қажет.
Сот құрамы қаулының толық мәтінін іс қаралған күннен бастап жеті күннің ішінде дайындап, қол қойған жағдайда, қаулының қорытынды бөлігі іс қаралғаннан кейін дереу кеңесу бөлмесінде шығарылып, оған соттың бүкіл құрамы қол қояды. Істі қарауға қатысқан судьялардың бәрі қаулының толық мәтініне қол қойғанға дейін қаулы орындауға жіберілуге тиіс емес, ал оның көшірмесін мүдделі адамдарға жіберуге болмайды.
Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы ол жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. Апелляциялық қаулыны орындау кезінде туған күмәндер мен түсініспеушіліктерді сол қаулыны шығарған сот ҚІЖК-нің 49-тарауының қағидалары бойынша қарауы мүмкін.
Жетінші топқа: соттың үкімін орындаумен байланысты қаулылар жатады. Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 49-тарауында көрсетілген мәселелерді шешу үшін үкім шығарған сот не сотталушының жазасын өтейтін жеріндегі сот немесе сотталушының тұрғылықты жері бойынша сот үкімді орындау барысында туындайтын күмәндар мен түсініксіздіктерді жою туралы; жазалау шарасын өзгерту немесе жою туралы; жазалау түрін өзгерту туралы; медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы және үкімді орындауға байланысты өз құзыреті шегінде қаулылар шығарады.
Сегізінші топқа: Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 468-бабына сәйкес қадағалау сатысындағы соттың қаулысы осы Кодексте аппелляциялық қаулы үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысына іс бойынша шешім қабылдаған барлық судьялар қол қояды. Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 464-бабына сәйкес сот қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелері бойынша:
шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғау және қадағалау шағымын қылмыстық істі сұрата отырып қадағалау сатысында қарау туралы;
шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тарту туралы;
қадағалау шағымын қайтару туралы қаулы шығарады.
Соттың қадағалау шағымын алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарған қаулысында;
қаулының шығарылған күні мен орны:
қадағалау шағымын қараған және қаулы шығарған тиісті сот судьяларының тегі мен аты жөні;
дау туғызған сот актісін көрсете отырып қаулы шығарылған іс;
қалағалау шағымын берген адам;
қадағалау шағымында келтірілген дәлелдер;
Шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғаудың немесе одан бас тартудың не қадағалау шағымын оларды берген адамдарға қайтарудың негіздері;
осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірі көрсетілуге тиіс.
Қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелері бойынша шығарылған қаулының көшірмесі қадағалау шағымын берген адамға жіберіледі.
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 467-баптың алтыншы бөлігінің бірінші тармағына сәйкес шағымды (наразылықты) қанағаттандырусыз қалдырады не істі сот қадағалауы тәртібімен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Тоғызыншы топқа қылмыстық іс бойынша өндірісті жүргізетін мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне жасалынған шағымдарға байланысты соттардың қаулылары жатқызылады.
2003 жылдың 20 наурызында қабылданған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Прокурордың сезіктіні, айыпталушыны қамауға алу, үйде қамап ұстау немесе қамауға алу, үйде қамап ұстау мерзімін ұзарту жөніндегі санкциясына сотқа шағымдану туралы» №1 нормативтік қаулысында былай делінген:
«Судья прокурордың қамауға алу, үйде қамап ұстау не оның мерзімін ұзарту туралы санкциясына сотқа берген шағымын алғаннан кейін сот отырысын дайындау туралы қаулы шығарады. Қаулыда, атап айтқанда:
- сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны;
- шағымның дәлелдерін тексеру үшін қажетті тұлғалардың сот отырысына шақырылғаны;
- қылмыстық істің немесе шағымдалып отырған бұлтартпау шарасын таңдап алудың негіздемелері мен тәртібіне қатысы бар қылмыстық іс материалдарының бір бөлігінің сұратылғандығы;
- шағымды қарау үшін қажетті құжаттардың сұратылғаны;
- қамауда отырған адамның, оның өкілінің, қорғаушысының қажет болған жағдайда сот отырысына шақырылғаны көрсетілуі тиіс».
Шағымды қараудың нәтижелері туралы судьяның қаулысы дәлелді болуға тиіс. Онда айыпталушының, сезіктінің анкеталық мәліметтері, атап айтқанда:
- қаралып отырған шағымның мәні және шағымды кімнің бергені;
- тұлғаның қылмыстық заңның қай бабы бойынша жауапқа тартылып отырғаны;
- оны кімнің қашан ұстағаны, қамауға алғаны;
- прокурордың қамауға алу, үйде қамап ұстау немесе олардың мерзімін ұзарту жөніндегі санкциясына шағымдану уәжі;
- прокурордың қамауға алу, үйде қамап ұстау немесе олардың мерзімін ұзарту жөніндегі санкциясының заңдылығы мен негізділігіне немесе қамауға алу, үйде қамап ұстау түрінде бұлтартпау шарасын бұзу немесе өзгергуге себеп болған дәлелдерге сүйеніп қабылданған шешімнің мәні;
- бұлтартпау шарасы жеңілдетілген жағдайда өзге қандай бұлтартпау шарасының тағайындалатыны;
- сезіктіні, айыпталушыны қамаудан босатудың негіздері;
- судьяның қаулысына шағымданудың (наразылық келтірудің) тәртібі мен мерзімі көрсетілуге тиіс.
Судья қаулысы ҚІЖК-нің 110-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, оны шағымдануға құқығы бар адамдарға дереу жіберіледі және оның көшірмесі қылмыстық іс материалдарына тіркеледі.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі істі алдын ала тыңдауды жүргізу барысында (ҚІЖК 301-баптың 2-тармағы), басты сот талқылауы кезінде (ҚІЖК 328-баптың 1-тармағы) соттың және қылмыстық сот өндірісіне қатысушылардың барлық іс жүргізу әрекеттеріне хаттама жүргізуді міндеттейді.
Біздің ойымызша, заң шығарушы сот мәжілісіне хаттама жүргізуді мынадай себептерге байланысты міндеттейтін сияқты: біріншіден, процеске қатысушылар айтқан барлық фактілерді жадында ұстауға адамның есте сақтау қабілеті жеткіліксіз, әсіресе, кейбір істерді қарау мерзімі апталап, тіпті айлап созылған кездері мүлдем қиындап кетері анық; екіншіден, судьяны және сот процесіне қатысушыларды субъективизмнен қорғау үшін, өйткені судья заңды және негізделген үкім шығару барысында қылмыстық істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық, әділ қарауы тиіс, ал мұндай талапты орындау, әрине, алдын ала тергеу және сот талқылауы барысында жинақталған материалдарды кеңесу бөлмесінде хаттама негізінде салыстыру арқылы жүзеге асырылмақ; үшіншіден, жоғары тұрған сот қабылданған қаулының, үкімнің заңдылығын және негізділігін ресімделген хаттама арқылы ғана тексере алады; төртіншіден, сот өндірісін куәландыру үшін.
Басты сот талқылауында судьялардың дәлелдемелерді тікелей және ауызша зерттеуі басты сот талқылауы рәсімі мен жүретін дәлелдеу процесін көрсету, ерекше іс жүргізу құжатында — сот отырысы хаттамасында бекітіледі.
Жалпыға мәлім, «Хаттама - сот талқылауының айнасы» деген ұғым көпшіліктің қолданатын сөзіне айналып кетті. Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 328-бабының 3-бөлігіңде хаттаманы рәсімдеудің қатаң сақталатын ережелері бекітілген, онда сот отырысы хаттамасында міндетті түрде қамтылуы тиіс мәліметтер келтірілген: «басты сот талқылауының күні, оның басталу және аяқталу уақыты; қандай іс қаралып жатқаны; соттың атауы және құрамы, хатшы, аудармашы, айыптаушы, қорғаушы, сотталушы, сондай-ақ жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сот шақырған басқа да адамдар; сотталушының жеке басы туралы деректер және бұлтартпау шарасы; соттың жүргізілген реттегі іс-әрекеті, іске қатысушы адамдардың арыздары, қарсылық білдірулері және өтініштері; соттың кеңесу бөлмесіне бармай шығарылған қаулылары, қаулылардың кеңесу бөлмесінде шығарылуына нұсқау; іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міңдеттерінің түсіндірілуі; айғақтардың егжей-тегжей мазмұны; сарапшыға қойылған сұрақтар және оның мәні, айыптаушыны қамаудан босату туралы шешімдердің біреуін шығарады. Егер прокурордың сезіктіні, айыпталушыны медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыруға берген санкциясына сотқа шағымданса, онда сот мәжілісінде жүргізілген тексерулер мен дәлелдерді зерттеу жөніндегі басқа іс-әрекеттердің нәтижелері; іске қатысушы адамдар хаттамада куәландыруды өтінген фактілерге нұсқамалар; тараптардың сот жарыс сөзінде сөйлеген сөздерінің және сотталушының соңғы сөзінің негізгі мазмұны; үкімнің жарияланғаны және оған шағымдану тәртібі мен мерзімі түсіндірілгені туралы нұсқама көрсетіледі. Бұған қоса, хаттамада егер орын алған болса, сотты сыйламаушылықты куәландыратын фактілер және тәртіп бұзушының жеке басы мен соттың тәртіп бұзушыға қолданған ықпал ету шаралары да атап көрсетіледі.
Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейінгі бес тәуліктен кешіктірілмей жасалып, оған наразылық етуші мен хатшы қол қоюға тиіс. Сот талқылауы барысында хаттама бөліп-бөліп жасалуы мүмкін, оларға және бүтіндей хаттамаға сот отырысына төрағалық етуші мен хатшы қол қояды (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 328-бабы, 4-бөлігі).
Сот талқылауы хаттамасының дұрыс жазылуы төңірегінде сот отырысының төрағалық етушісі мен хатшысының арасында түсініспеушілік туса, соңғысы өзінің келіспеушіліктерін жазбаша түрде сот отырысы барысында жасалған жазбаларымен бipгe хаттамаға тіркеуге құқылы (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 328-бабы, 5-бөлігі). Заңның бұл нормасы басты сот талқылауы кезінде киноға түсіру, бейне, дыбыс жазбасын қолдануға мүмкіндік береді, олардың материалдары сот отырысы хаттамасына қоса ұсынылады, оларға сүргіш салынып, іспен бірге сақталады. Хаттамада аталған техникалық құралдардың қолданылғаны туралы белгі қойылады (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 328-бабы, 6-бөлігі).
Істі апелляциялық немесе қадағалау тәртібінде қараған кезде қажет болған жағдайда жазба материалдары қайтадан алынуы мүмкін.
Төрағалық етуші тараптарға басты сот талқылауының хаттамасы дайындалғаны туралы хабарлауға және онымен танысуға мүмкіндік беруге міндетті (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 328-бабы, 7-белігі).
Басты сот талқылауында жауап алынған адам хаттамадағы өз айғақтарының жазылуымен тапыстыру жөнінде өтініш жасауға құқылы. Мұндай мүмкіндік өтініш мәлімделгеннен кейінгі күннен кешіктірілмей берілуге тиіс (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 328-бабы, 8-бөлігі).
Сот қаулысына дау айтысу процеске қатысушылардың, хаттамамен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етпеу апелляциялық сот сатысының істі қайта рәсімдеуге қайтаруы үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 329-бабына сәйкес «басты сот талқылауының хаттамасына қол қойылғаннан кейінгі бес тәуліктің ішінде тараптар, сондай-ақ, осы Кодекстің 328-бабының 8-бөлігінде көрсетілген өзге іс адамдар хаттамаларға ескертпелер беруге құқылы. Аталған мерзімді іс бойынша төрағалық етуші тараптардың өтініші бойынша он тәулікке дейін ұзарта алады».
Басты сот талқылауы хаттамасына ескертпелер жасау құқығы сот отырысы хаттамасының толық және дұрыс жасалуына бағалау жасау құралы болып табылады. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелерді төрағалық етуші, ал ол ұзақ уақыт бойы болмаған кезде осы соттың басқа судьясы қарайды. Қажет болған жағдайларда (мысалы, өтініш берушінің хаттамада нақты нені көрсеткісі келетіні анық емес болса) төрағалық етуші нақтылау үшін ескертпе берген адамдарды шақыртуға құқылы.
Ескертпелерді қарау нәтижелері бойынша судья олардың дұрыстығын куәландыру туралы не оларды қабылдау туралы дәлелді қаулы шығарады. Хаттамаға және судьяның қаулысына жacaлғaн ескертпелер басты сот талқылауларының хаттамасына қоса тігіледі (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 330-бабы).
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 301-бабына сәйкес сот отырысының хаттамасы алдын ала тыңдау барысында да жүргізіледі.
Алдын ала тыңдау да, сондай-ақ басты сот талқылауы да сот отырысы хаттамасының міндетті қатысуымен жүргізіледі, ол Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 87-бабына орай, сот отырысының хаттмасында көрсетуге жататын барлық жағдайларды толық және дұрыс жазып отырады. Сот отырысының хаттамасын жүргізетін, қылмыстық іске мүдделі емес мемлекеттік қызметші сот отырысының хатшысы болады. Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 90-бабы және 94-бабының 1-бөлігінің 2-тармағы көзделетін мән-жайлар туындаса, оған қарсылық білдіріледі.
Тұлғаның сот отырысына сот отырысының хатшысы немесе соттың приставы ретінде оның алдында қатысуы олардың сот отырысына тиісті сапада одан әрі қатысуын жоққа шығаратын мән-жай болып табылмайды. Сот отырысының хатшысы мен соттың приставына қарсылық білдіру туралы мәселені істі қараушы сот шешеді (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 94-бабы).
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы «Сот отырысының хаттамасы жөнінде қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларын қолдану туралы» 23 желтоқсан 2005 жылғы №11 сәйкес ҚІЖК-нің 301-бабында, ҚІЖК-нің 41-45-тарауларында көзделген жағдайлардан басқа, сондай-ақ хаттаманы мынадай кезде жүргізу міндетті:
- ҚІЖК-нің 109-бабында тәртібімен прокурордың шешіміне шағымды қарау;
- сезіктіге, айыпталушыға қамауға алу, бұлтартпау шарасын қолдануға және қамау мерзімін ұзартуға, сондай-ақ сезіктіні, айыпталушыны сот медициналық сараптама өткізу үшін медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыруға берген прокурордың санкциясының заңдылығы мен негізділігін ҚІЖК-нің 110, 111-баптарының тәртібімен тексеру;
- Істі апелляцияда қарау кезінде жәбірленушіден, куәдан, сарапшыдан жауап алу;
- ҚІЖК-нің, 452-457-баптарының тәртібінде үкімнің орындалуымен байланысты мәселелерді шешу:
- ҚІЖК-нің 54-56-тарауларында көзделген тәртіпте ерекше өндірісте істерді қарау (медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану, іс жүргізу өндірісінің іс-әрекеттері туралы шет мемлекеттер сотының тапсырмасын атқару; шет мемлекеттер сотының үкімін орындаумен байланысты мәселелерді шешу).
Сот практикасын зерделей келгенде, судьялардың сот отырысы хаттамасының дұрыс жүргізілуіне жете көңіл бөле бермейтінін көруге болады.
Тіпті, кейбір судьялар бұрынғы қылмыстық іс жүргізу заңдарын да қолданылған әрекет еткен хаттамалардың үлгілерін қазіргі қылмыстық іс жүргізу заңымен іс қарағанда сол үлгілерге салып пайдаланатыны да ұшырасады. Соның нәтижесінде, хаттамаларда сот отырысы кезінде судьяның барлық іс-әрекеттері, оның ішінде процеске қатысушылардың іс жүргізу құқықтарын түсіндіруге қатысты әрекеттері толық көрінбей қалады.
Ал судьялардың кейбіреулері заңда көзделген мүмкін болатын мән-жайларды белгілеп, сот отырысының хаттамасы үлгілерін дайындап алған. Мұндай үлгілерді хаттама бланкісі ретінде қолдана отырып, олар нақты іске қажеті жоқ мән-жазбаларға көңіл бөлмейді (мысалы, қорғаушыдан бас тарту, соған орай сот шешіміне қарсылық білдірулер, оларды шешу және т. б.).
Сот тәжірибесінде хаттамаларда соталушының, жәбірленуші мен куәлардың жауаптары қысқартылып, толық көрініс таба бермейтініне байланысты бұзушылықтардың жиі кездесетіні; хаттамаларда және заңдық фактілерді бұрмалау (көбіне-көп андаусыз); мәселелердің анықталмай қалуы; төрағалық етушінің объективті еместігі және әділетсіздігін, айыптау жағының басымдығын көрсететін деректері келтірілмейді; берілетін өтініштер өтініш берушінің айқындамасын білдіретін дәлелдерсіз ұсынылады, сондықтан соттың қабылдаған шешімінің дұрыстығын бағалауға мүмкіндік болмайды; айыптаушы мен қорғаушының жасалған қылмысты заңдық тұрғысынан саралауы мен дәлелдеуі бойынша сот жарыс сөзінде айтылатын негізгі дәлелдері де келтірілмейді және т.б. Сондай-ақ, шығарылған үкімге хаттаманы «кешіре салу» жағдайлары да белгілі.
Сайып келгенде, сот отырысының хаттамасында соттың барлық іс жүргізу әрекеттері оның іске тікелей қатысы бар-жоғына қарамастан көрініс табуға тиіс.
Мәселен, басты сот талқылауының дайындық бөлімінде бір-қатар әрекеттер іске тікелей қатысты емес, дегенмен оларды жүргізген кезде Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 41-тарауында көрсетілгендей, белгілі бір реттеу және іс жүргізу нысанын қатаң сақтау талап етіледі.
Сот отырысының хатшысы жүргізетін сот отырысы хаттама болып табылмайды. Ол іс жүргізу нысанымен әзірленген және заңмен белгіленген тәртіпте хатшы мен төрағалық етуші қол қойғаннан кейін ғана хаттама болып есептеледі. Қылмыстық іс жүргізу заңы хаттама жүргізудің мәшіңкелік, немесе компьютерлік әдістерін қарастырады, сондай-ақ хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшін стенография қолданылуы мүмкін (ҚР ҚІЖК 328-баптың 2-тармағы). Алайда, іс жүзінде көрсетілген норманы орындау үлкен қиындық тудыруда. Өйткені бүгінгі таңда соттарда стенографияны меңгерген хатшылар жоқтың қасы. Оның үстіне Қазақстанда мұндай мамандарды әзірлеу мәселесі әлі он шешімін тапқан жоқ.
Қылмыстық іс жүргізу заңында стенографиялық жазбалар туралы нақты ештене айтылмаған. Ал, ғылыми әдебиеттерде стенограмма сот хаттамасы ретінде төрағалық етуші мен хатшы салыстыра тексеріп, түзеткеннен және қол қойғаннан кейін ғана іс жүргізу мәніне ие болады деген тұрақты пікір қалыптасқан. Аталмыш тұжырым, қазіргі заманғы іс жүргізу саласындағы ғалым Н.А.Әбдіқановтың пікірі бойынша, сот өндірісінің жалпы талаптарына қайшы келмейді.
Ал енді сот талқылауын машиналық немесе компьютерлік әдістермен қағазға түсіру мәселесіне келер болсақ, іс жүзінде хатшылар сот мәжілісінде хаттаманы қолмен жазып, тек отырыстан кейін ғана машиналық немесе компьютердің көмегімен оны ресіпдеп жүр. Хаттаманы әзірлеудің мұндай технологиясы, біздің ойымызша, өте тиімсіз - көп уақыт жоғалту болып табылады.
Шын мәнінде, хатшының хаттама жүргізуден басқа да міндеттері толып жатыр ғой. Айталық, істерді сот талқылауына әзірлеу барысындағы тиісті жұмыстарды орындау (сұрау салу, хаттар әзірлеу, сотқа шақыру, т.б.); процеске қатысушыларды, куәларды шақыру; істерді қараудың, апталық кестесін жасау және оны аудандық соттың кеңсесіне тапсыру; қылмыстық істерді алдын ала тыңдаудан және басты сот талқылауынан кейін ресімдеу; қарау қорытындысын істерді есепке алу журналына жазу; процеске қатысушыларға Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген мерзімдерде табыс етілуі тиіс сот актілерінің (үкімдердің, қаулалардың, т.б.) көшірмелерін беру; Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңдарына сәйкес қарсылық білдіру құқықтарының бар екендігін түсіндіре отырып, апелляциялық шағымдардың немесе наразылықтардың көшірмелерін процеске қатысушыларға және тараптарға жолдау; сот актілерінің орындау қағаздарының (сот актісінің, орындау қағазының көшірмесін алғандығы жөнінде қолхатты іске тіркеп) көшірмелерін бергендігі, жолдағандығы туралы мәліметтерді көрсете отырып, анықтамалық қағаздарды әзірлеу және аудандық сот торағасының, судьялардың, кеңсе меңгерушісінің және сот әкімшісінің тапсырмасы бойынша басқадай кеңсе жұмыстарын атқару.
Біздің пайымдауымызша, сот мәжілісі хаттамасын жүргізу әдісін жақсартудың бірден-бір жолы сандық технологияны пайдалану болып табылады. Мысалы, қазір АҚШ соттарында, Украйнаның Жоғарғы сотында, Ресейдің Жоғарғы сотында арнайы стетнотайптық техника қолданылады. Осы қондырғы арқылы хатшы сот мәжілісінің хаттамасын толық көлемде жасай алады. Сот процесін жазып алатын аталмыш «SRS-Fеmida» жүйесі «Соттағы іс жүргізу» кешеніне енеді. Бұл жүйенің ең басты ерекшелігі фонограмма түсіру арқылы сот процесін толық жазу, сот мәжілісінің электронды формулярын жасау, сондай-ақ стенографиялық модульдің (сандық транскрайбер) көмегімен есептердің мәтінін тікелей» аяу болып табылады.
Сот мәжілісінің барысын жазып алудың ұсынылып отырған әдісі сот процесінің ашықтығын, толықтығын және айқындығын қамтамасыз етеді. Дәл осы жағдайда сот мәжілісі хаттамасының толықтығына және дұрыстығына ешкімніңде күдігі болмайды. Киев облысындағы Апелляциялық соттың тарағасы Юрий Ничипоренко «SRS- Fеmida» жүйесі туралы өз ойын былай жеткізеді: «Жүйе өте қарапайым, пайдалануға ыңғайлы, сот мәжілісі хаттамаларын әзірлеу процесін әлдеқайда жеңілдетуге, олардың әділ жазылуына мүмкіндік береді. Сот процесінің аудиожазбасы кез келген фрагменттерді келесі бір сот мәжілістерінде қажет уақытында тез тауып алуға барынша қолайлы».
Осындай жаңа жүйені Қазақстанның сот саласына енгізу, әрине, Процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге, сот хаттамасының уақытын үнемдеуге, сот мәжілісі хаттамасының толық және дұрыс жазылуына мол мүмкіндік берер еді.
Сот құжаттары заң және стилистикалық тұрғыда өте сауатты әзірленуі тиіс. Дәл осындай қатаң талап сот мәжілісінің хаттамасына да қатысты. Бір өкініштісі, бұл жөнінде аудандық сотта іс жүргізу туралы заңда да, нұсқаулықта да ештеңе айтылмаған. Дегенмен де, хаттаманың мәтіні анық және түсінікті жазылуы тиіс. Хаттаманы сауатсыз, ұқыпсыз әрі үстірт жазуға жол берілмейді. Мұндай келеңсіздік орыналған жағдайда, төрағалық етуші судья хатшының назарын хаттаманың тіліне, стиліне аударуға мінлетті.
Заңда хаттаманың толық және дұрыс жүргізілуіне байланысты төрағалық етуші судьяның жауапкершілігі нақты көрсетілмеген. Алайда, хаттаманың мазмұны үкімнің заңдылығымен, негізділігімен тікелей байланысты ғой. Eгep ҚP ҚІЖК 328-бабының 4-тармағында көрсетілген «...хаттамаға сот отырысына төрағалық етуші мен хатшы қол қоюы» деген ережеге сүйенер болсақ, судьяның хаттамаға қол қоюы, оның заңға сәйкес ресімделгеніне келісетіндігін (бақылау жасағанын) көрсетеді емеспе. Өкінішке орай, сот тәжірибесінде хаттамаларға қол қойылмаған жағдайлар да кездеседі. Бұл өз кезегінде, әрине, сот талқылауына сенімсіздік тудырады: «Сот мәжілісінің хатшысы хаттамаға қол қоймағандықтан оның дұрыстығы күдікті».
Заңда белгіленген тәртіпте жазбаша нысанда, соның ішіңде қосымша техникалық құралдарды (киноға түсіру, бейне және дыбыс жазбасын) қолдана отырып, жасалатын сот отырысының хаттамасы істерді сотта қарау кезінде дәлелдеу процесінің дұрыс көрініс табуына кепілдік беретін іс жүргізу актісі болып табылады. Техинкалық мүмкіндіктерге келетін болсақ, соттар оларды жеткілікті қаржыландырудың, сондай-ақ арнайы даярланған кадрлардың жоқтығына байланысты пайдалана алмай отыр.
Л.С.Халдеев «...егер бүгінгі таңдағы техникалық мүмкіндіктерді қолдансақ, онда сот отырысының әрбір хаттамасы, шынында да, сот процесінің барысын түгелдей бейнелей алар еді және іс бойынша шығарылатын шешіммен бір мезгілде дайындалар еді. Мұндай жағдайдың, бір жағынан, сот талқылауы барысында судьялардың іс жүргізу нормаларын бұзу фактілерін жоюға, сондай-ақ сот отырысының хаттамасына келтірілген ескертпеден бас тарту туралы шешім қабылдау кезіңде алдын алуға және тәртіптік әсері де болар еді», — деп әділ атап көрсеткен.
Сот отырысы хаттамасының негізгі маңызы оның процеске қатысушыларына, сондай-ақ жоғары тұрған сот сатыларына істі қарау нәтижелері туралы, шығарылған үкімнің заңдылығы мен негізділігі жөнінде бағалауға мүмкіндік беретіндігінде болып табылады.
Сот отырысының хаттамасы, ең алдымен оған жол берілуі тұрғысынан бағаланады. Ол заңда белгіленген белгілі бір іс жүргізу нысанын сақтағанда ғана заңдық маңызға ие бола алады. Сондықтан да хаттаманы жүргізу және пайдаланудың іс жүргізу сипаты болады.
Хаттамадағы барлық өзгерістер, толықтырулар мен түзетулерді дер кезінде, ұқыпты жасау керек және оны сот отырысына төрағалық етуші мен хатшының қолдарымен куәландыруы қажет. Осыған байланысты хаттамаға судьяның онымен егжей-тегжейлі таныспай қол қоюына жол берілмейтіндігіне назар аударған жөн, мұндай жағдай тәжірибеде аз кездеспейді. Сот отырысының хаттамасына төрағалық етушінің қол қоюын заң шығарушы бос қағаз бастылық деп емес, оның дұрыстығының негізгі кепілдемесі ретінде қарастырады.
Сот отырысының хаттамасын заңда қатаң реттеу тәртібімен жүргізу және оның жүргізілуіне процеске қатысушылардың тарапынан белгілі бір бақылау жасауы істі қарайтын судьялардың жауапкершілігін арттырады, өйткені сот отырысының хаттамасында көрсетілген соттың барлық іс-әрекеттері мен шешімдері тексерілуі мүмкін.
Сот шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін бірінші сатыдағы соттың зерттеген дәлелдемелерінің негізінде жоғары тұрған сот тексереді.
Егер іске тіркелген хаттама істі қарау барысыңда жасалған қорытындылардың негізділігін дұрыс және олардың объективті шындыққа сай екеңдігін бағалауға мүмкіндік беретін болса, онда тексеру нәтижелі болады. Сот тәжірибесінде нашар жүргізілген хаттама, сот отырысында іс жүзіндегі мән-жайлар мен фактілерді толық емес немесе дұрыс көрсетпеген кезде үкімді бұзуға негіз болатын жағдайлар да кездесіп тұрады.
Хаттамалық жaзбaлap - істі бірінші сатыда қарайтын соттар үшін де өте маңызды. Өйткені сот бірнеше апта, тіпті айлар бойы созылатын үлкен сот процестері бойынша сот талқылауы барысында-ақ түрлі мәселелерді дұрыс шешу үшін, сондай-ақ соттың өзін-өзі бақылау құралы ретінде қолданылуы мүмкін істің жеке мән-жайларын бағалау және саралау үшін хатшы жүргізетін сот отырысының хаттамасына жүгінуге мәжбүр болады.
Істі бірінші сатыдағы сотта қарау кезіндегі хаттамалық жазбалар кеңесу бөлмесінде түрлі қаулылар шығару барысында қолданылуы мүмкін және үкімді шығару сәтінде сараланады.
Жоғарыда мазмұндалғандар басты сот талқылауының толықтығының және объективтілігінің кепілі болатын маңызды шарт, — ол хаттаманың дұрыс іс жүргізу нысанында дайындалғандығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық-процессуалдық құқық теориясында үкімнің басты қасиеті ретінде айыпталушыны қылмыс жасағандығы жөнінде кінәлы деп тани алатын және оған тиісті жаза тағайындай алатын бірден-бір құжат немесе қылмыстық істер бойынша әділ соттың бірден-бір негізгі актісі немесе соттың іс жүргізу функциясын - қылмыстық істі мәні бойынша шешуін неғұрлым толық нысанда жүзеге асыратын бірден-бір процессуалдық акті екендігі көрсетіледі.
Демек, үкім дегеніміз сотталушының кінәлылығы немесе кінәсыздығы және оған жаза қолдану не қолданбау туралы мәселелер бойынша сот мәжілісіңде шығарылатын шешім. Бұл жерде «шешім» деген сөздің «үкім», «қаулы» деген процессуалдық актілерге байланысты қолданылатынын атап өткеніміз жөн. Аталмыш актілердің ортақ белгілері сол, олар құқықтық сауалдарға жауап бере алады, яғни, өндіріс жайын, сот әрекетінің мазмұны мен нәтижесін көрсететін сот хаттамасынан сот шешімін ажыратуға мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда шешім-актінің мәнін аңғартатын текті ұғым, ал қаулы мен үкім — қылмыстық сот өндірісінде шешімнің түрлері. Шешімнің түрлері оны қандай органдардың қабылдайтындығына, онда қандай мәселелердің қамтылатындығына байланысты әр қилы болып келеді. Шешімдер өзара қабылдаудың процессуалды іс тәртібімен, сондай-ақ жазылу нысанымен ерекшеленеді.
Кінәсіздік презумпциясы принципін баянды еткен Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабына сәйкес айыпталушының (сотталушының) кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі. Қылмыс жасалған деп айыпталушы азаматтың құқықтары мен мүдделеріне берілетін ең маңызды кепілдіктерінің бірі осыдан көрінеді, өйткені үкім шығару сотталушының кінәсі туралы мәселені заңды және негізді түрде шешуге, оған заңда белгіленген жазаны қолдану немесе оның кінәсіздігі мен оны сотта ақтау сияқты іс жүргізу нысандарымен рәсімдеуге мүмкіндік береді.
Үкім мемлекет атынан барлық дәлелдемелер жиынтығын соттың ішкі сенімімен мұқият зерттеуі және бағалауы негізінде шығарылады. Үкімде нақты қылмыстың алдын ала тергелуі мен сотта қаралуының қорытындысы келтіріледі.
Кез келген, тіпті салыстырмалы түрде қарапайым болып келетін қылмыстық істер бойынша шығарылатын үкімдер көп қырлы іс жүргізу құжаттары болып табылады, онда сотталушының кінәлілігі немесе кінәсіздігі туралы негізгі мәселелерді шешумен қатар осы мәселеден келіп шығатын: азаматтық талап туралы, заттай дәлелдемелер туралы және т.б. көптеген мәселелер шешіледі. Топтасқан және көп оқиғалы істер бойынша үкім шығару едәуір қиыншылық туғызады.
Үкімге қойылатын басты талап - оның заңды және негізді болуы. Бұл талапты бұзу үкімді бұзуға әкеліп соғады. Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 44-тарауына сәйкес үкім сот отырысында қаралған істегі бар мәліметтерге негізделуі тиіс. Алдын ала тергеудегі мәліметтер, оларды сот тергеуі процесінде тексергеннен кейін ғана үкімнің негізіне айналуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 371-бабына сәйкес сот үкім шығару кезінде мынадай мәселелерді:
1) жасалуына сотталушы айыпталып отырған әрекеттің орын алғаны дәлелденді ме;
2) бұл әрекет қылмыс болып табыла ма және ол нақ, қандай қылмыстық заңда көзделген (бабы, бөлігі, тармағы);
3) сотталушының бұл әрекетті жасағаны дәлелденді ме;
4) сотталушы бұл қылмыстың жасалуына кінәлі ме;
5) оның жауаптылығы мен айыбын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар бар ма;
6) сотталушы жасаған қылмысы үшін жазаға тартылуы тиіс пе;
7) сотталушыға қандай жаза тағайындалуға тиіс;
8) жаза тағайындамай үкім шығару үшін немесе жазадан босатуға негіздер бар ма;
9) бас бостандығынан айыруға сотталған сотталушы түзеу немесе тәрбие беру мекемесінің қандай түрі мен тәртібінде жазасын өтеуге тиіс;
10) азаматтық талап-арыз қанағаттандыруға жата ма, кімнің пайдасына және қандай мөлшерде, сонаай-ақ егер азаматтық талап берілмесе, мүліктік зиян өтелуге жата ма;
11) азаматтық талап-арызды немесе ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету үшін тыйым салынған мүлікті не істеу керек;
12) заттай дәлелдемелерді не істеу керек:
13) іс жүргізу шығындары кімге, қандай мөлшерде жүктелуге тиіс;
14) сот сотталушының кұрметті, әскери, арнайы немесе өзге атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан, мемлекеттік награлаларынан айыруға (айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізуге) тиіс пе:
15) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 88-бабында көзделген жағдайларда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы;
16) қылмысты жасауға әсер ететін мән-жайлардың болуы туралы;
17) сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы;
18) бұрынғы үкім бойынша шартты сотталудың күшін жою немесе оны сақтау туралы мәселелерді шешуге тиіс.
Осы баптың 5-бөлігіне сәйкес, сот негізгі мәселелерді шешіп, мынадай қосымша мәселелерді:
1) сотталушының, ал қажет болған жағдайда жәбірленушінің ата-анасыз қалған, кәмелетке толмаған балаларын жайғастыру туралы;
2) сотталушының мүлкін, қажет болған жағдайда жәбірленушінің мүлкін қорғау туралы;
3) жеке қаулы шығару қажеттігі туралы мәселелерді шешуге көшеді.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің 2002 жылдың 15 тамызындағы «Сот үкімі туралы» №19 нормативтік қаулысында былай дейді: «Қабылданатын үкімнің процессуалдық нысанын сақтаудың маңыздылығына соттардың назарын аудару қажет. Өйткені осы арқылы сот қабылдаған шешімнің мазмұны толық ашылады. Ол өзінің нысаны жағынанда, мазмұны жағынан да ҚІЖК-нің 377—383-баптарының талаптарына сай болуы тиіс».
Мазмұн дегеніміз назарға алынған құбылыстың ішкі көрінісі, оның касисттерінің құрамдас элементтерінің жиынтығы үкімге байланысты алғанда, барлық жайтты нақтылы көрсетеді. Ал, нысан дегеніміз құбылыстың сыртқы көрішсі, оның жүйесі, кескіні үкімге байланысты алғанда мазмұнның баяндалу тәсілін көрсетеді. Шешімнің нысаны — жалпы алғанда сот өндірісінің процессуалдық нысанына тән белгілердің бірі. Сондықтан да заңмен белгіленген шешімнің нысанын дәлме-дәл сақтау - сот өндірісі мен шешімінің заңды болуына аса қажетті шарты.
Мазмұн мен нысан бір-бірімен тығыз байланысты болады. Өйткені, шешімнің заңдылығы мен мегізділігіне қатысты қойылатын басты талап оның мазмұнына да, нысанына да бірдей қатысты. Негізінен нысан мазмұнды барынша аша түсуді көздейді.
Шешімді дұрыс рәсімдеу жай ғана техникалық үдеріс (процесс) деп қаралмауы тиіс.
Әрбір үкім өзінің мазмұны жағынан жеке-дара болып есептеледі. Әйтсе де, олардың әрқайсысында кінәлылық немесе кінәсыздық жаза қолдану, т.б. мәселелер шешілетін болғандықтан кез келген үкімнің жалпы нысанын анықтайтын негізгі (жалпы) мазмұны туралы сөз қозғауға болады. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы үкімнің мазмұнына (оңда жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша қайсыбір жайттарды және шешімдерді мазмұндау), соңдай-ақ үкімнің нысанына (үкімнің құрамдас бөліктерін орналастыру мен мазмұндау тәртібі анықталған) өзіндік талаптар қояды. Заң шығарушының тек мазмұнға ғана емес, сонымен қатар нысанға жіті көңіл бөлуі - үкім нысанының оның мазмұнына сәйкес келмеуі мазмұнды бұрмалап жіберуі мүмкін екендігімен түсіндірілмек. Мазмұны мен нысаны жағынан сапалы үкім жазу тиісті білімді және тәжірибені талап етеді.
Сот үкімі айыптау немесе ақтау үкімі болуы мүмкін.
Айыптау үкімін сот қылмыс оқиғасы дәлелденген деп және осы қылмысты жасаған сотталушыны кінәлі деп танығанда шығарады.
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 375-бабының 2-бөлігіне сәйкес айыптау үкімі:
1) сотталушы өтеуге тиіс қылмыстық жаза тағайындала отырып;
2) адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып;
3) қылмыстық жаза тағайындала және оны өтеуден босата отырып;
4) қылмыстық жаза тағайындалмай;
5) қылмыстық жазаны өтеу кейінге қалдырыла отырып шығарылады.
Ақтау үкімі, егер:
1) қылмыс оқиғасы болмаса;
2) сотталушының әрекетінде қылмыс құрамы болмаса;
3) қылмыс жасауға сотталушының қатысуы дәлелденбесе шығарылады. Аталған негіздердің кез келгені бойынша ақтау соттың сотталушының кінәсіздігін тануды білдіреді және оның толық ақталуына әкеп соғады. Ақтау үшін түрлі негіздер тек азаматтық іс бойынша ұсынылғандарға ғана ықпал етеді.
Үкімді шығару тәртібі Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 370-373-баптарынша белгіленген. Үкім судьялар кеңесінің құпиясы жағдайында шығарылады - үкім шығару кезінде кеңесу бөлмесінде осы іс бойынша соттың құрамына енетін судьялар ғана болады. Кеңесу бөлмесінде өзге адамдардың, соның ішінде запастағы судьяның болуына жол берілмейді.
Жұмыс уақыты аяқталған соң, сондай-ақ жұмыс күні ішінде сот (судья) демалу үшін кеңесу бөлмесінен шығып, үзіліс жасауға құқылы. Судьялардың талқылау және үкім шығару кезінде орын алған пайымдауларды жария етуге құқығы жоқ.
Үкім көпшілік жай дауыспен шығарылады және соттың барлық құрамы, соның ішінде - азшылықта қалған судьялар да оған қол қояды. Төрағалық етуші барлық жағдайларда өз дауысын ең соңынан береді. Төрағалық етуші. сондай-ақ азшылықта қалған судья кеңесу бөлмесінде ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқылы, үкім жариялаған кезде хабарланбайды, бірақ іске қоса тіркеледі.
Кез келген сипаттағы үкім кіріспе. сипаттамалы-дәлелді және қорытынды бөлімдерден тұрады. Үкімнің мазмұны және құрылымы онда шешілетін негізгі мәселелердің мәні бойынша анықталады (кінәлі және жаза шарасы). Осыған орай, үкімнің кіріспе бөлімінде үкімнің Қазақстан Реслубликасының атынан шығарылғаны және үкімнің шығарылған уақыты мен орны, үкім шығарған соттың атауы, соттың құрамы, қандай тұлғалардың қатысқанын, үкім кімге қатысты және не үшін айыпталатындығын нақты айқындауға мүмкіндік беретін мәліметтер көрсетілуі тиіс (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 378-бабы). Айыптау үкімінің сипаттамалы-дәделді бөлігінде істің қандай нақты мән-жайлары анықталғаны не анықталмағаны және неліктен екендігі туралы шешімдерді, өзінің қорытындыларын (сот жасаған қорытындыларын растайтын дәлелдемелерді, олармен анықталған мән-жайларды, өзінің дәлелдерін келтіреді) көрсетеді. Заң айыптау үкімінің сипаттамалы-дәлелді бөлігінің мазмұнын Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 379-бабында және ақтау үкімінің сипаттамалы-дәлелді бөлігінің мазмұнын Қазақстан Рсспубликасы ҚІЖК-нің 381-бабында белгілеген.
Үкімнің қорытынды бөлігінде сотталушыны қылмыс жасауға кінәлі деп тану туралы шешім және нақты қандай қылмыс үшін айыпталатыны жазаның түрі немесе сотталушыны ақталған деп тану туралы және үкімде шешілуі тиіс (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 371-бабында көзделген мән-жайлар) өзгеде мәселелер туралы шешімдер көрсетіледі. Айыптау үкімнің қорытынды белігінің мазмұны - Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 380-бабында, ал ақтау үкімінің мазмұны — Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 328-бабында белгіленген. Үкімнің кіріспе, сипаттамалы-дәлелді және қорытынды бөліктері үкімнің құрылымын айқындайды. ол әрбір үкім шығарылған жағдайда міндетті болып табылады.
Негізгі сот құжаттарына қарағанда қосымша іс жүргізу құжаттары қылмыстық іс жүргізу заңдарына толықтай регламенттеле қоймаған. Заңдарда, әдетте олардың тек атаулары мен маңызы ғана аталып өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |