3.1. Қазақстан Республикасы сотының даму кезеңдері
Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет орнату жолында мемлекетіміздің шенеуніктерінен, тәуелсіз сот жүйесін құруды алдына мақсат етіп қойды. КСРО дәуірінде, жергілікті партия басқармасы, судьялардың өз қызметін тәуелсіз атқаруына және олардың қызметін атқарудағы мерзіміне әсерін тигізе алғаны бізге мәлім болатын. Міне, енді — өз егемендігімізді алғаннан кейін ең алдымен Республикамыздың экономикасын көтеруді және демократия принциптеріне негізделген дамыған мемлекет орнатуды бірінші кезекке қойдық. Ол үшін ең алдымен сот билігін және құқық қорғау органын қайта реформалаудың қажеттігі туды.
Сол себепті, 1992 жылы «Сот-құқықтық реформаның Концепциясы» дер кезінде жасалып қолға алынды. Концепция сол жылы Жоғарғы Кеңестің талқылауына ұсынылды. 1993 жылы Республика Президентінің – «Қазақстан Республикасында құқықтық реформаның тиімділігін арттыру шаралары туралы» Жарлығы шығып құқықтық реформаның қажетгілігін нақтылай түсті. Президент Жарлығынан кейін «Құқықтық реформаның мемлекеттік Бағдарламасы туды». Бағдарламаның негізгі бөлімінде мемлекеттік сот жүйесін қайта реформалау туралы мәселе айтылды.
Азаматтардың құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғауда сот билігінің заң шығарушы және атқарушы билікпен терезесі тең болғандықтан соттардың тәуелсіздігін және олардың ықпалдарын күшейту реформаның негізгі мәселслерінің бірі болып табылады.
«Жаңа сот жүйесін құру, - дейді Бойков А.Д.- бұл бұрынғы мемлекеттік мәжбүр ету механизмінен, жеке адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мехнизміне көшуі». Біз де бұл А.Д.Бойковтың айтқан пікіріне қосыламыз, өйткені, Қзақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру жолында болғандықтан, әрбір адам өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін ең алдымен сотқа жүгінуі керек.
Сот-құқықтық реформаны үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең республиканың тәуелсіздік алуына байланысты. Бұл жылдары мемлекет билігін оның ішінде сот билігін партия және басқа да ұйымдардың ықпалынан шығаруға бағытталған құқықтық реформалардың тұжырымдамалары жасала бастады. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылдалған Қазақстан Республикасы Конститутдиясының 16-тарауында «сот» деген атауымен сот билігін Конституциялық сотқа, Жоғарғы Сотқа және Жоғарғы Төрелік Сотқа, сондай-ақ заң бойынша құрылатын төменгі соттарға тиесілі екені көрсетіліп, сот билігінің өзге мемлекеттік биліктердің қатарында екендігіне кепілдік берілді. Осы Конституция (1993) судьялардың сайлануы мерзімін он жылға дейін ұзартты.
Бұл кездері Жоғарғы сот және облыстық соттардың судьяларын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі, ал аудандық (қалалық) соттардың судьяларын облыстық кеңестер сайлайтын.
Сот жүйесін реформалаудың екінші кезеңі 1994 жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы» №1569 қаулысы шыққаннан кейін басталды деп айтуға болады.
Қаулыда Республикадағы сот жүйесін реформалау туралы жан-жақты айтылды. Әсіресе, сот әділдігін өміршең етуде соттардың кәсіби деңгейін көтеру, олардың ұйымдық жағын нығайту, іс қарауда соттардың ешкімге тәуелді болмауын тиімділікпен арттырудың жаңа жобасын жасады. Сондай-ақ, жалпы соттар мен Төрелік соттарға жіктелудің де қажет емес екенін анықтап берді. Республика Президенті Жоғарғы Сот Кеңесінің және біліктілік алқасының ұсынуымен судьялық қызметтің міндетін түпкілікті бекітуді талап етті. Соттардың қызметін жан-жақты қамтамасыз етудегі кадр, ішкі шаруашылық істерімен айналысудағы сот істерінен бөліп, аппарат басшылығына жүктеу көзделді. Сондай-ақ, сот әділдігін жүзеге асыруда және сот қаулыларын орындауда аппараттың ішкі ұйымдастыру жұмыстарына мейлінше көмек-жәрдем беру керектігі күшейтілсін делінді.
Аталған қаулыда судьялардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруды да маңызды мәселе ретінде қаралды. Мұның өзі судьяларды құрметтеудің мемлекеттік дәрежедегі озық үлгісі екенін танытады. Олардың құқықтарын мемлекеттік тұрғыдан қорғау, қолдаудың принципі мен үлгілерін мықты көрсетіп берді.
1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық дауыс берудің (референдум) нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл жаңа қабылданған Конституцияның 7-бөлімінде "Соттар және сот төрелігі" деген атпен, сот жүйесі "... Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары, Республиканың соттары болып табылады" (75-бап 3-бөлім) - деп көрсетілді.
Сонымен, сот-құқықтық реформасының екінші кезеңі сот жүйесін біріктіре отырып, бір жүйеге келтірілген соттар құрды. Яғни, төрелік соттарды жалпы соттарға қосып, облыстармен Алматы қаласында бірінші сатыдағы төрелік соттарын қалдырып, облыстық соттар мен Жоғарғы Сот құрамында шаруашылық істер жөніндегі сот алқасын ашты. Ал, Конституциялық сотты толығымен жойып, жаңадан Конституциялық Кеңес құрылды.
Жоғарғы сот республикадағы жалпы соттардың ең жоғарғы ұйымы болып табылатынын Қазақстан Республикасы Конституциясында атап көрсетілді. Оның құзыретіне ең жоғары лауазымды тұлғалардың қыдмыстық істері жөніндегі сот істерін қарауды және сондай-ақ кассациялық инстанциясы мәселелерін жүзеге асырды.
1994 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысы негізінде еліміздегі құқық қорғау органдары мен сот құрылысы жөніндегі құқықтық реформалар негізінде 1995 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" Жарлығы шықты. 84 баптан тұратын бұл Жарлық республикадағы тәуелсіз сот билігі мен судьялардың мәртебесі туралы әлемдік өркениеттік құқықтық нормаларға сай келетін жаңаша ережесін жасап, бекітіп берді.
Осы Жарлық 1995 жыдғы Конституцияда көзделген нормаларды, яғни, сот жүйесіне қатысты бөлігін жинақтап, салалық заңдармен заңдастырды. Жаңа Конституциямызда әр биліктің атқаратын қызметі тайға таңба басқандай анықталды. Соған байланысты құқық қорғау құрылымдары мен саласында едәуір өзгерістер мен толықтырулар енгізілу көзделген болатын.
1997 жылғы 1 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" Жарлыққа енгізілген түзетулер мен толықтырулар осы Жарлықтағы 2-баптың 4-тармағын алып тастауына байланысты аумақтық соттарды құру мүмкіндігін жоққа шығарды. Жалпы құқықтық реформа бағдарламасы аумақтық соттарды құруды жоспарлаған болатын. Ондағы мақсаты әкімшілік аумақтық (территория) бөлініске сай емес көлемде аумақтық соттарды құру арқылы жергілікті әкімшшіктің (атқару билігінің) ықпалын болдырмауды көздейді. Сөйтіп, әкімдердің ықпалын азайту идеясы пайда болды. 1997 жылғы 1 шілдедегі өзгертулер мен толықтырулар республика сот жүйесіне жаңа ұғымдар әкелді, оның бірі "сот учаскесі" (судебный участок) ұғымы.
1995 жылғы Конституциямен және 1995 жылғы "Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялар мәртебесі туралы" Президент Жарлығы қабылдануымен республикада сот билігінің қалыптасуының нормативтік-құқықтық сатысы қорытындыланды. Олай дейтініміз, сот-құқықтық реформасы бағдарламасында көзделген өзгертулер мен толықтырулар жоғарыда айтылған құжаттарда орын тапты. Бірақ алға қойған мақсат, міндет іс жүзінде өз шешімін толық тапты деу асығыстық болары анық. Мәселенің барлығы заңдардын қабылдануымен емес оның орындалуымен шешілетін. Бұл жөнінде Ресей Федерациясының ғалымдары мен практиктері былай дейді: "Сот билігін нақты жүргізу үшін соттар қызметік қамтамасыз ететін тиісті жағдайлар жасалуы қажет. Қазіргі уақытта олардың қызметіндегі ұйымдастырушылық, кадр және ресурстық қамтамасыз етулер Әділет министрлігі арқылы жүзеге асырылады... және олардың жергілікті жерлердегі органдары, яғни атқарушы билік құрылымы арқылы" - делінген. Бұдан шығатын қорытынды сот билігін жүзеге асырушы сот органдары қызметіне нақты жағдайлар жасалынуы тиіс. Көптеген ғалымдар мен практиктер материалдық-техникалық, әлеуметтік және кадрларымен қамтамасыз етуді, атқарушы биліктен алып, арнайы сот билігі мен Қазақстан Республикасының Президентіне тәуелді, есеп беретін органдарға шоғырландыруды ұсынған болатын. Міне, қазіргі уақытта, сот қызметін материалдық-техникалық және өзгедей қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанынан Сот әкімшілігі жөніндегі комитет құрылды. Демек, бұл комитеттің құрылу мақсаты елдегі соттар мен судьялардың атқарушы билік ортандарынан тәуелділігін жою болып табылатыны анық көрініп тұр.
Елімізде жүргізіліп жатқан сот-құықтық реформа жергілікті әділет органдарына серпін туғызып, жұмысты жаңаша ұйымдастыруға, оның тиімді тәсілдерін іздестіруге себепші болды. Атап айтқанда, бұл бағыттарда кәсіби шеберліктері мен білімін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық шаралар жүзеге асырылуда.
Осындай шаралардың бірі, судьяға билік мәртебе берумен қатар, оларға қойылатын жаңа талаптарды белгілеген Қазақстан Республикасы Президентініңі "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" Жарлығының 84-бабының талабына сәйкес: "Соттардың тұрақты судьялардан құрылуына байланысты республиканың барлық сот-тарының судьялары Әділет министрімен Жоғарғы Сот Төрағасының бірлескен шешімімен құрылатын комиссиямен аттестациялауы тиіс", — деп көрсетті. Бұл норма еліміздің сот жүйесіне үлкен қозғалыс әкелді. Тұрақты судья атағын алып қызметін одан әрі жоғарылату үшін сот корпусы түгелімен сынақтан өтуі тиіс болды. Сот корпусының кейбіреулері аттестация Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы деген дау көтерді. Ал шын мәнінде Конституцияға көз жіберіп қарасақ оның 79-бабының 3-тармағында: "Республиканың 25 жасқа толған, жоғары заң білімі бар, мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар және біліктілік емтихан тапсырған азаматтары судья бола алады. Республика соттарының судьяларына заң бойынша қосымша талаптар белгіленуі мүмкін" — делінген. Міне, осы нормада көрсетілгендей, судьяларды аттестациялау Конституцияға қайшы емес және ешқандай шектеулер мен тыйым салынбаған, керісінше қосымша талаптар белгіленуі мүмкін деп көрсетілген. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың осы Жарлығындағы аттестациялау туралы норма Конституцияға қайшы еместігін көрсетеді.
Осы мақсаттағы жұмысты кеңейту үшін құқықтық негізін реттейтін нормативтік актіні Қазақстан Республикасының Презңденті 1996 жылғы 24 мамырда "Қазақстан Республикасы соттарының судьяларын аттестациялау туралы" Ережесін қабылдады. Осы Ережеде, аттестациялау соттарды тұрақта судьялармен жасақтау, олардың сапалық құрамын жақсарту, кәсіби біліктілігінің өсуіне баға беру және ынталандыру, істерді қараған кезде заңдылықты нығайту үшін жауапкершілігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен қоғам мүдделерін қорғау мақсатын көздейтінін көреміз. Аттестациялауды жүргізу үшін арнайы аттестациялық комиссиялар құрылды.
Аттестация кезінде судьяның мінездемесі, соңғы жылдағы атқарған жұмысының сапасы, сотта шығарған үкімдері, соның ішіңде үкімді кейінге қалдырғаны, үкім бұзушылығы да ескерілді.
Сынақ комиссиялары кәсіби тексеріс нәтижелері бойынша судьяның кәсіби біліміне, жұмыс тәрбиесі мен сапасына, адамгершілік қасиеттеріне қарай мына шешімдердің бірін қабылдауға құқылы болды:
1) атқарып отырғаы лауазымына сай келеді;
2) атқарып отырған лауазымына сай келмейді.
Осы шешімдердің негізінде қызметінде қалдыру немесе босату мәселелері тиісті орындарда түпкілікті шешілді. Яғни, осы ережеге сай қабылданған атқарып отырған лауазымына сай келмейді деген шешім бойынша, кәсіби сынақтан өтпей қалған судьялар Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялар мәртебесі туралы" Жарлықтың 47-бабының 1-тармағының 3 тармақшасына сай белгіленген тәртіппен оны қызметінен босату негізі болып табылды.
Тұңғыш рет Республикамыздың сот жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялар мәртебесі туралы" Жарлығымен "тұрақты" судьялар ұғымы енгізілді. Оның мәні біріншіден, Қазақстан Республикасы Президентінің тағайындауы, екіншіден, судьялардың ауыстырылмайтындығы, үшіншіден, судьялардың қызметке өмір бойы судья (арнайы жасқа дейін) болуы, сонымен қатар судья лауазымды алуымен анықталады деп қорытамыз.
Сонымен, аттестациялау сот реформасының құрамдас бөлімін құрайды. Республика бірінші рет ел көлеміндегі масштабты сынақты бастан кешірді. Яғни, бірінші рет сот жүйесіндегі қызметкерлерді судья лауазымына сәйкестігін тексерді. «Көпшіліктің көз алдындағы мұндай тетік республикада тіпті бұрынғы одақта болған емес. Ол судьялардың шын мәніндегі тәуелсіздігін қамтамасыз етуге жасалғаы алғашқы қадам», — деп бағалады Н.Шайкенов.
Тұңғыш рет өткізілген аттестация тұрақты судьялардың өз атағына сай екенін көрсете отырып, оларға жаңа мәртебе берді. Бұның өзі республика соттарын нығайтуға бағытталған шара деп санаймыз. Бұл жөнінде республика Әділет министрінің сол кездегі бірінші орынбасары М.Нүркенов 1996 жылы Әділет министрлігі мен Жоғарғы Соттың бірлескен отырысында жасаған баяндамасында; "Сот билігі және оның тәуелсіздігі тікелей судьялардың кәсіби сауаттылығы мен адамгершілігі қасиеттеріне сай болу керек", — деп көрсетті. Бізде бұл тамаша айтылған пікірге қосыламыз. Өйткені, судья лауазымы адамның тағдырын шешетін болғандықтан бірінші кезекте оның сауаттылығы мен адамгершілігі тұру керек.
Сонымен, Республиканың сот жүйесі Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" № 2694 Жарлығына сәйкес 1996 жылдың 24 мамырындағы № 3004 " Қазақстан Республикасы соттары және судьяларын аттестациялау Ережесі негізінде 1996 жылдың 3 маусымы мен 7 шілдесі аралығында Республика көлемінде сайланған және тағайыңдалған судьялар бекітілген тәртіп бойынша аттестациядан өткізілді.
Сол кездегі судьяларды аттестациялау қорытындыларына тоқталатын балсақ, Әділет министрі мен Жоғарғы Соттың Төрағасы міндетін атқарушының 1996 жылғы 28 мамырдағы №1059 бұйрығымен респулика соттарының судьяларын аттестациялау комиссиялары құрылды: Орталық аттестациялау комиссиясының төрағасы — Әділет министрі Колпаков К.А. және Жоғарғы Сот Торағасының міндетін атқарушы Мәмиев Қ.Ә. комиссия мүшелері: Айсин Т.А. — Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы төрағасының міндетін атқарушы, Нұрғалиева Е.Н. — Әділет министрінің орынбасары, Ким Ю.А. — Конституциялық Кеңестің Төрағасы, Елеубаев Ж.С. - Бас прокурордың орынбасары, Қуанышбаева С.Р. - Парламент мәжілісі заң шығару және сот — құқықтық реформа жөніндегі комитетінің төрағасы Рогов И.И. — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Матюхин А.А. — "Әділет" жоғарғы құқық мектебінің директоры.
Төрт аймақтық аттестациялау комиссиясының құрамына кіргендер:
Бірінші аймақ,: комиссия торағасы — Қаженов А.А. — Жоғарғы соттың шаруашылық істер жөніндегі алқасы төрағасының міндетін атқарушы, төрағаның орынбасары — Полумордвинова О.Г. — Әділет министрлігі кадр бөлімінің бастығы.
Екінші аймақ: комиссия төрағасы Тасмағанбетов С.Д. – Жоғарғы Соттың әскери алқасы төрағасының міндетін атқарушысы, төраға орынбасары — Қуанышева М.А. — Әділет министрлігі сот істерін ұйымдастыру Бас Басқармасының бастығы.
Үшінші аймақ;: комиссия төрағасы - Уәйісов М.К. - Әділет министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары — Булович В.Н. — Жоғарғы Соттың судьясы.
Төртінші аймақ: комиссия төрағасы — Борисов В.М. — Әділет министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары — Кенжебаев К.Т. — Жоғарғы Соттың судьясы.
Жергілікті жердегі әділет басқармасының бастығы мен облыстық соттың және Алматы қалалық соттың төрағасы әрбір аймақтық комиссияның мүшесі болып кірді.
Барлық жерде әділет басқармалары мен облыстық соттар аттестацияны ұйымдастыру мен өткізуге қажетті жағдайларды толық қамтамасыз етті.
Бірінші аймақтық аттестациялау комиссиясы аттестацияны Жамбыл, Жезқазған, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстық және Алматы қалалық соттарының судьяларымен өткізді.
Екінші аймақтық аттестациялау комиссиясы аттестацияны Ақтөбе, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Талдықорған және Торғай облысы соттарының судьяларымен өткізді.
Үшінші аймақтық аттестациялау комиссиясы аттестацияны Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облысы соттарының судьяларымен өткізді.
Төртіпші аймақ аттестациялау комиссиясы аттестацияны Ақмола, Семей, Алматы және Атырау облысы соттарының судьяларымен өткізді.
1996 жьығы 1 маусымдағы есеп бойынша республика көлемінде штаттағы 1880 судьяның орнына 1413 судья істеп келді, босалқы орынның саны — 467.
Жоғарғы соттағы 53 орынның босалқысы — 6.
Облыстық және оларға теңестірілген соттардағы судьялардан - 1212 (оның ішінде әрі әкімшілігі бар - 319) - 960 орынның босалқысы - 252.
Әскери соттардағы судьялардан—50 орынның босалқысы—9.
Облыстық 150 және аудандық 252 судья түрлі жағдайлармен жұмыстарынан кеткен. Негізгі себебі — коммерциялық құрылымға кетуіне немесе Ресейге ауысуына, тағы басқа да жағдайларға байланысты.
Аттестацияға Жоғарғы Соттағы 47 адамның 41-і, облыстық және оларға теңестірілген соттардағы 365 судьяның 361-і, аудандық және оларға теңестірілген соттардағы 960 судьяның 941-і, әскери соттардағы 41 судьяның 41-і қатысты.
Аттестация басталғанға дейін судья қатарынан кетуге 32 судьядан өтініш түскен.
Орталық аттестациялық комиссияның мақулдауы бойынша Жоғарғы Соттағы барлық судьялар өздерінің атқарып отырған қызметіне сай деп танылды.
Орталық аттестациялық комиссиясының аттестациясынан өткен облыстық, Алматы қалалық соттарының төрағалары мен төрағаның міндетін атқарушылар және Қазақстан Республикасы әскерлерінің әскери сотының төрағасы атқарып отырған міндеттеріне сай екенін көрсетті.
Екі төрағаның атына ескерту, үш төрағаның атына елеулі ескерту жасалды.
Аумақтық аттестациялау комиссиялары бойынша:
1. Облыстық соттармен Алматы қалалық сотының 363 судьясын атқарып отырған қызметіне сай деп танылды. Олардың ішінде 16 судьяға ескерту, 18 судьяға елеулі ескерту жасалып, 2 судья аттестация талабынан шықпады.
2. Аудандық (қалалық) соттардың 892 судьясын атқарып отырған қызметтеріне сай деп таныды. Олардың ішінде 80 судьяға ескерту, 28 судьяға елеулі ескерту жасалып, 49 судья аттестациядан өтпей қалды (олардың ішінде 19 әкімшілік судьялар).
Үстерінен түскен шағымдарға, сондай-ақ денсаулықтарына және басқа да себептерге байланысты қосымша тергеуді қажет ететін 21 судьянның аттестациялық материалдары кейінге қалдырылды, олардың 2-і — облыстық, 19-ы — аудандық.
Өздерінің орналасуына байланысты жергілікті жерде өткізілген аймақтық аттестациялау комиссиясы әскери соттардың 38 судьясын атқарып отырған міндеттеріне сай деп табылды, үш судья аттестациядан елеулі ескертулерден өтіп, 2 судья аттестациядан өтпей қалды.
Бұл аттестация көпшілік судьялардың кәсіби білімдерінің қанағаттанарлық дәрежеде екенін көрсетті.
Судьялардың моральдық - адамгершілік сапасы қызметтерінің талаптарына және судья деген жоғары атақтарына лайық екенін аңғартты.
Үшінші кезең 2000 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы" Жарлығымен байланысты. Жарлықпен республикадағы соттар қызметін материалдық-техникалық және өзгедей қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі Комитет құрылып, сот билігі атқарушы биліктің ықпалынан толығымен шығарылды.
Бұл Жарлық жалпы қоғам мен соттар үшін үлкен прогрессивтік және тарихи маңызы бар, сот тәуелсіздігі туралы көптен айтылып келе жатқан проблеманы шешкен айтулы құжат болды.
Соттар қызметің қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бірыңғай бұл жүйесіне аталған Комитет пен оның облыстардағы (Астана және Алматы қалаларындағы) әкімшіліктері кіреді. Уәкілетті органның қызметі соттардың тәуелсіздігі мен сот төрелігі процесіне қол сұқпау принциптері қатаң сақтала отырып атқарылатын болды.
Аталған Комитеттің төрағасын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы мен Республика Президенті тағайындайды.
Сот билігінің дәйектілігі онын қабылдаған шешімдердің орындалуымен тікелей байланысты. Сот биліктерін орындау жүйесін соттан бөліп алу — көптеген сот шешімдерінің орындалмай қалуына әкеліп соқты. Бұл проблема атқару өндірісі органының мәртебесін арттыру жөнінде шаралар қабылдауды талап етті. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Презңдентінің 2001 жылғы 22 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығымен Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктерді, сондай-ақ штат саны әрі мүлкі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке және оның облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы әкімшіліктеріне беріле отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау жөніндегі комитеті таратылды. Яғни, атқарушылық өндірісті ұйымдастыру жүйесі Әділет министрлігінен шығарылып, Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі Комитеттің құрамына жеке Департамент ретінде енгізілді
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, «Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау», - тақырыбында жазылған дипломдық жұмысты қорытындылай келе: мынадай мәселелерді қарастырдым.
Жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді қозғау құқығы прокурорға тиесілі.
Азаматтардың өтініштері, оның ішінде процеске қатысушылардың осы іс бойынша өтініштері, ұйымдардың лауазымды адамдарының хабарламалары, сондай-ақ басқа қылмыстық істерді тергеу және қарау барысында алынған деректер жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді қозғауға себеп болады.
Егер келіп түскен өтініште немесе хабарламада осы Кодекстің 471-бабының екінші бөлімнің 1-3-тармақтарында көрсетілген мән-жайларға байланысты шығарылған сот үкімінің бар екендігіне сілтеме болса, прокурор өзінің қаулысымен жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді қозғайды, тиісті тексеру жүргізеді, үкімнің көшірмсі мен оның заңды күшіне енгені туралы соттың анықтамасын талап етеді.
Егер өтініште немесе хабарламада осы ҚР КІЖК-тің 471-бабының екінші бөлігінің 4-тармағында аталған өзге де мән-жайлар көрсетілсе, прокурор өз құзыретінің шегінде жаңадан ашылған мән-жайға орай іс жүргізуді қозғау туралы қаулы шығарады және алдын ала тергеу органына тергеуді жүргізу туралы тапсырма береді. Жаңадан ашылған мән-жайларды мұндай тергеу кезінде осы Кодекстің ережелері сақтала отырып жауап алу, тексеру, сараптама жасау, сұрыптап алу және өзге де тергеу іс-әрекеттері жүргізілуі мүмкін.
Республикадағы сот билігінің тәуелсіздігін бекітудегі тарихи маңызы бар келесі тағы бір оқиға — 2000 жылғы 25 желтоқсанда "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық Заңның қабылдануы. Бұл заң судьялардың құқықтық мәртебесін және жаңа сот жүйесін бекітіп, Жоғарғы Сот Төрағасының және жергілікті соттар төрағаларының өкілдіктерін кеңейтті. Сотқа судьялық қызметке кандидаттарды іріктеуге соттардың жалпы отырысы арқылы судьялар да тікелей қатысатын болды.
Сот корпусының сапалы құрамын жақсарту үшін судья лауазымына кандидаттарға қойылатын жаңа қосымша талаптар — біліктілік емтиханын табысты тапсырған тұлғалардың міндетті түрде тағылымдамадан (стажировка) өтуі белгіленгсн.
Бұл дұрыс әдіс, өйткені болашақ судья сот жұмысына іштен көріп, араласып, үлкен кәсіби мектептен өтеді, әрі өзінің сол жұмысқа лайық немесе лайық еместігін уақтылы пайымдап, өз болашағы туралы дер кезінде белгілі бір қорытынды жасай алады.
Судьяларға қойылатын талаптар қатайды. Заңда тәртіптік-біліктілік алқаларының өкілдігі едәуір кеңейтілді, енді олар тек тәртіптік істерді ғана емес судьяларға қойылатын талаптарды орындамаған жағдайда, соның ішінде судья этикасы нормаларын бұзғаны үшін, судьялардың өкілеттіктерін тоқтату мәселесін де қарайтын болды.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкілеттігі басқа органдарға берілмейді және ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқық жоқ. Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға бағынады.
Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты және жергілікті соттар құрайды.
Жергілікті соттарға:
облыстық және оларға теңестірілген соттар, аудандық және оларға теңестірілген соттар жатады.
Аудандық және оларға теңестірілген соттар бірінші инстанциядағы соттар болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық және қылмыстық іс жүргізу заңдарына сәйкес аудандық сот азаматтық істер мен қылмыстық істердің 90 пайыздан астамын қарайды. Аудандық сотта істерді судья жеке қарайды.
Елбасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы Жарлығымен Алматы және Қарағанды қалаларында мамандаңдырылған ауданаралық экономикалық соттар құрыдды. Бұл соттар экономикалық даулардың неғұрлым заңды шешім табуына әсер еткен жағдайда, мұндай соттарды республиканың барлық облыс орталықтарында құру көзделіп отыр. Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бұл сот барлық облыстарда құрылуда.
Сонымен бұл параграфтағы сот-құқықтық реформасының кезеңдерін қорыта келе республикадағы 1993 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы сот билігінің қалыптасуына шынайы жол ашты деп айта аламыз. Республикадағы сот билігі Конституциялық сотқа, Төрелік сотқа және Жоғарғы Сотқа бөлініп заңмен ресми түрде бекітілді. Сол себепті, сот билігінің қалыптасуының бірінші кезеңі 1993-1994 жылдар аралығын қамтиды. Бұл аралық шынайы, тәуелсіз, дербес сот билігін республикада қалыптасуына алғашқы іргетасын қалаумен ерекшеленеді. Ал қаланған іргетасты тік тұрғызу үшін сот-құқықтық реформаның екінші кезеңінде Конституциялық сотты толығымен таратып және Төрелік сотты шаруашылық алқа негізінде Жоғарғы Сотқа енгізіп, бір жүйеге келтірген сот билігі құрылды, сонымен қатар судьяларды аттестатциядан өткізіп өз лауазымына лайықты екендігін толығымен жас мемлекетіміз дәлелдеп берді. Ал үшінші кезеңді 2000 жылдан басталды деп айтуға болады. Дегенменде, бұл кезеңдерді қоғамымыздың сот-құқықтық реформалардың демократиялық жеңісінің алғашқы қадамдары деп қорытамыз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Алматы 2005 ж.
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу Кодексі, Алматы 2005 ж.
3. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл (Заң актілерінің жинағы). 10 лет независимости Республики Казахстан (Сборник законодательных актов). Алматы; Жетіжарғы, 2001.
4. Қазақстан Республикасының жаңа заңдары. /Құрастырған Ф.Т. Бейсенбина. Алматы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің редакциялық-баспа бөлімі, 1992.
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы: Баспа, 1998.
6. Президент Казахстана выступает за усиление судебно-правовой реформы // Панорама, 1999. 19 марта.
7. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі он үшінші шақырылымының ІІ сессиясында қабылданған. 1994 жылғы 27 желтоқсан. Алматы. 1995.
8. Соттар қызметін заңдық қана емес, саяси да мәні зор. // Егемен Қазақстан, 2001, 8 маусым.
9. Сапаргалиев М.С. Организация Советского суда в Казахстане. Изд-во АН КазССР, Алма-Ата, 1954.
10. Тимофеев В.Г. Судебная система суда РФ. История становления: Контекст лекция. Чубаксары, изд-во Чувашского Университета, 1994.
11. История Советской Конституции. Сб. Документов. 1917-1957 гг. М, 1957.
12. История государства и права Советского Казахстана. Том 1 (1917—1925 гг.) под редакцией д.ю.н. С.З.Зиманова, к.ю.н. М.А.Биндера. Издательство АН Каз ССР, Алма-Ата 1961.
13. Нәрікбаев М.С. Ұлы билерден Жоғарғы Сотқа дейін. Алматы: Атамұра, 1999.
14. Сапаргалиев М.С. Возникновение и развитие судебной системы Советского Казахстана 1917—1967 гг. Алма-Ата: Казахстан, 1971.
15. Шаламов М. Судебное устройство Казахстана. Москва, 1941.
16. Сапаргалиев М. С. История народных судов Казахстана. Алма-Ата, 1966.
17. История законодательства СССР И РСФСР по уголовному процессу (Сборник документов). Москва, 1955.
18. Кожевников В. М. История советского суда. Москва, 1948.
19. История государства и права Советского Казахстана. Том.2 (1926-1937 гг.) под ред. д.ю.н. С.З. Зиманова, к.ю.н. М.А. Биндера. Издательство АН Каз ССР, Алма-Ата, 1963.
20. История государства и права Казахской ССР. Часть 2, под общей редакцией член-корреспондента АН КазССР С.С. Сартаева, Алма-Ата: Мектеп, 1984.
21. Конституция Казахской ССР. От 26 марта 1937.
22. История государства и права Советского Казахстана. Т.3 (1938-1958 гг.) под ред. д.ю.н. С.З. Зиманова, к.ю.н. М.А. Биндера. Издательство АН КазССР, Алма-Ата, 1965.
23. Алексеев Н.С., Шилов Л.А. 50 лет советского высшего юридического образования // Правоведение. 1967, № 5.
24. Положение о выборах народных судов Казахской ССР. Алма-Ата, 1949.
25. "Ведомства Верховного Совета и Правительства КазССР". 1960, №3.
26. Все — на выборы! (За народных судей, действующих от имени народа и в его интересах) //Казахстанская правда, 1960,18 декабря.
27. "Ведомости Верховного Совета СССР", 1954, №17.
28. Қазақ Советтік Республикасының Конституциясы (негізгі заңы). Тоғыншы сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Советінің кезектен тыс жетінші сессиясында 1978 жылғы 20 апрельде қабылданған. Алматы: Казахстан, 1984.
29. Акуев Н. Халықпен мемлекет мүддесі //Егемен Қазақстан. 1996, 30 тамыз.
30. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы; Атамұра, 1998.
Достарыңызбен бөлісу: |