4.1. Қожа Ахмет Ясауи туралы
4.2. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихы
а) кесененің салыну тарихы
ә) құрылыс ерекшеліктері
б) кесенедегі жазулар және олардың мағынасы
в) кесенені жөндеу, қайта қалпына келтіру жұмыстарының тарихы
г) Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнайы сыйға тартылған көне жәдігерлердің символдық мәні (Лауха /ту/, Шырағдан, Есік, Тайқазан т.б.)
4.3. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленген тарихи тұлғалардың өмірі, қызметі, тарихтағы орны
4.4. Қазақстан тарихы пәніне байланысты сұрақтар
4.5 Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени мұралар
5.1. Дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық байқауының ұйымдастыру жұмыстарын «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы құрған ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
5.2. Ұйымдастыру комитетінің құрамына қорық-музейдің жауапты қызметкерлері, Ясауитанушы ғалымдар, т.б. тұлғалар кіреді.
5.3. Дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық байқауының ұйымдастыру комитеті:
1) Байқауды өткізудің жалпы тәртібін белгілейді;
2) Тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады;
3) Байқаудың қорытындыларына талдау жасайды және жинақтап қорытады;
4) Байқау материалдарын баспасөзде жариялайды;
5) Байқау туралы толық мәліметтерді www.azretsultan.kz сайтынан алуға болады.
6.1 Қазылар құрамына қойылатын талаптар:
Қазылар алқасы 5 адамнан тұрады.
Ұйымдастырушы орган – «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы директоры немесе оның орынбасары байқау қазыларының төрағасы болып табылады.
6.2 Байқауға қатысушы оқушыларға қойылатын талаптар
Әр облыстан және Астана мен Алматы, Шымкент, Түркістан қалаларынан алдын-ала іріктеуден өткен 5 оқушы Республикалық байқауға қатысады.
Республикалық байқауға қатысу туралы өтініш облыстық және қалалық білім бөлімдері арқылы ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына (төменде көрсетілген)
Достарыңызбен бөлісу: |