І. Жалпы ережелер


І кезең орта мектептерде іріктеу сынынан жеңіп шыққан 5 оқушы аудандық іріктеу сайысына жіберіледі. ІІ кезең



бет2/4
Дата07.02.2024
өлшемі48.16 Kb.
#491263
1   2   3   4
«Ясауитану» Республикалық байқауының қағидасы

І кезең орта мектептерде іріктеу сынынан жеңіп шыққан 5 оқушы аудандық іріктеу сайысына жіберіледі.
ІІ кезең аудандық іріктеуден үздік шыққан 5 оқушы облыстық іріктеу сайысына қатысады.
ІІІ кезең облыстық іріктеу сайысынан үздік шыққан 5 оқушы Республикалық сайысқа қатысуға жолдама алады.

2.2. Облыстық іріктеу сайысын өткізу тәртібі


  1. Облыстық іріктеу турына аудандық іріктеуден жеңіп шыққан бес оқушыға дейін қатыса алады.

  2. Облыстық іріктеулер «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы бекіткен осы Қағида негізінде ұйымдастырылады.

  3. Облыстық сайыста қойылатын билет сұрақтары azretsultan.kz веб-сайтына жарияланған талаптарымен сәйкес келуі тиіс.

  4. Облыстық байқауда, сонымен қатар Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан қалалық байқауларында жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар байқаудың Республикалық кезеңіне қатысады.

2.3. Республикалық сайысты өткізу тәртібі


  1. Республикалық «Ясауитану» байқауына қатысып жүлделі (бас жүлде, 1,2,3) орындарды иеленген оқушылар екінші рет байқауға қатыса алмайды.

  2. Республикалық байқау қазақ тілінде өтеді.

  3. Республикалық байқаудың хикметтері мен билет сұрақтары музей-қорықтың www.azretsultan.kz веб-сайтына жарияланады.

  4. Республикалық «Ясауитану» байқауы осы қағиданы басшылыққа ала отырып өткізеді.



ІІІ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫС ЕКІ КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ. 

І кезең


Сайысқа қатысушылар жеребе бойынша бірнеше топқа бөлініп, әр топ кезекпен сахнаға шығып сынға түседі. Байқауға қатысушылардың алдын-ала берілген хикметтерді қай деңгейде жаттағанын анықтау мақсатында сайысты жүргізуші хикметтен үзінді айтып, ары қарай кез-келген бір қатысушыға, тоқтаған жерден жалғастырып әкетуді бұйырады. Ол бір немесе бірнеше шумақты жаңылыспай айтқаннан кейін, жүргізуші келесі бір сайыскерге хикметті үзілген жерінен іліп алып, кідірмей жалғастырып кетуді сұрайды. Жүргізуші осылай жас сайыскерлерден қырық хикметті кездейсоқ ретпен түгелдей сұрап шығуы тиіс. Бұл сында кідіріп тоқтап қалған, хикметті ұмытып қалған, қателесіп хикмет ретінен жаңылған қатысушының бір балы шегеріліп отырады. Сайыс барысында қатысушыларға үш рет қателескенге дейін мүмкіндік беріледі. Үш рет қателескен оқушы сайыстан шығады. Бірінші кезең қатысушылардың жартысы (1/2) шығып қалғанша жалғасады. Сайыскерлерге қазылар алқасы 10 балдық бағалау жүйесі бойынша баға береді.
І кезеңде еш мүдірмей, қатесіз айтып шыққан хикметшіге 10 балл қойылады. 1 рет мүдірген сайыскерге 9 балл қойылады. 2 рет қателескен қатысушыға 8 балл беріледі. 3 рет қателескен қатысушы жарыстан шығарылады.
І кезеңнің мақсаты – оқушылардың хикметтерді қаншалықты деңгейде игергендігін, зейін мен зерде қабілетін анықтау.



ІІ кезең


Қатысушылардың іріктеу кезеңінен өткендері сайысты ары қарай жалғастырады. Сайыскерлер алдыңғы кезеңдегідей бірнеше топқа бөлінеді. Қатысушыларға үш сұрақ қойылады. Бұл сында оқушылар Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармаларына, хикметтердегі ұғымдарға, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлерге, жерленген тұлғаларға, хикметтегі тірек сөздердің мән-мағынасын, шумақтарын толық айтып шығулары тиіс. Сұрақтарға түгел жауап берген оқушыларға жоғары ұпай қойылады. Бұл кезеңнің мақсаты Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Ясауидің өмірі, шығармашылығы, хикметтегі ұғымдар, кесененің және ондағы жәдігерлердің тағылымдық мәні жайлы қатысушылардың білімдерін сарапқа салу, оқушылардың ойлау деңгейін, хикметтердегі рухани ұғымдарды қаншалықты түйсінгендігін айқындау. Сұрақтар билет түрінде болады (техникалық мүмкіндікке байланысты компьютердегі ұяшықтарда жасырылуы мүмкін). Қажеттілігіне қарай қатысушыларға қазылар тарапынан қосымша сұрақтар қойылуы мүмкін. Үш сұраққа да дұрыс толыққанды жауап берген сайыскерлерге жоғарғы балл қойылады. Ұпай саны 10 балдық жүйемен бағаланады.
Екінші кезеңнен кейін сайыскерлердің барлық кезеңдегі жинаған ұпайлары қосылып, қорытындысында жоғарғы нәтиже көрсеткен сайыскер жеңімпаз атанады. Осы жүйемен қалған қатысушылар да жүлделі орындарға ие болады.



ІV.БАЙҚАУДЫҢ БИЛЕТ СҰРАҚТАРЫ ТӨМЕНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚАМТИДЫ






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет