“Салық құқығы” пәнінің барлық тақырыптары бойынша
6-ші семестрде оқып үйренуге ұсынылатын әдебиеттер:
а) негізгі :
Нормативтік құқықтық актілер
-
Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы, 2002
-
Конституционное право Республики Казахстан. Сборник конституционно-правовых актов. Алматы, 2002
-
Қазақстан: мемлекеттік кезеңдері (конституциялық актілер). Алматы, 1997
-
Сапарғалиев Ғ. “Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы” Алматы “Жеті жарғы” 2004ж.
-
Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. (Екінші бөлімі). Алматы, 2001
-
Салықтық құқық С.М.Найманбаев. Жалпы және ерекше бөлім. «Жеті Жарғы” 2006ж.
б) қосымша әдебиеттер:
-
Мемлекет және құқық негіздері. Е. Баянов. 2001ж.
-
«Қаржы және қаражат « Журналы.
-
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы
-
ҚР-ның 2001ж 12 маусымдағы заңы.
-
Балабин В.И. Налоговое право : теория практика, Налоговое право. Ежов Ю.А. М. 2001г
-
Қаржы құқығы. Қарасева И.В. Жалпы бөлім .2000ж.
-
Налоговое право РК. Общая часть. Худяков.А.И. 2002г
БІРІНШІ РЕЙТИНГ БАҚЫЛАУ БІРІНШІ РЕЙТИНГ БАҚЫЛАУ
№
|
Тақырыптар
|
Апталар
реті
|
Ұпайлар
|
Бақылау
түрі
|
1
|
Қазіргі заманғы мемлекет өміріндегі салықтардың ұғымы және ролі
1.Салықтық төлемдердің белгілері
2. Салықтың басқа міндетті төлемдер түрлерінен айырмашылығы
|
1 - апта
|
| Үй жұмысы
|
2
|
Салық заң құрамының элементтері
1.Салықтың объектісі және заты, олардың байланысы және айырмашылықтары
2.Салық нормасы, салық салу бірлігі, салық ставкасы
|
5,00 балл
|
3
|
Салық заң құрамының элементтері
1. Салықтық кезең
2. Салықтық жеңілдік-тер: ұғымы және түрлері
|
2 - апта
|
|
Реферат
|
4
|
Салық салу және мемлекеттің салықтық қызметі
1. Салық салудың ұғымы
2. Салықты белгілеу субъектісі және нысаны
|
5,00 балл
|
5
|
Салықтық құқық құқықтық құрылым ретінде
1. Салықтық құқықтық жүйесі
2. Салықтық құқықтың қайнар көздері
|
3 - апта
|
|
Глоссарий
|
6
|
Салықтық құқықтық нормалар
1.Салықтық құқықтың реттеуші нормалары
2.Салықтық құқықтың негізгі және туынды нормалары
|
4,00 балл
|
7
|
Салықтық құқықтық қатынастар
1. Салықтық құқықтық қатынастардың субъектілік құрамы
2. Салықтық құқықтық қатынастардың туындау, өзгеру және тоқтатылу негіздері
|
4 - апта
|
|
Тест тапсырмалары
|
8
|
Салық төлеушілер
1. Салық төлеушілердің мәртебесін айқындау
2. Салық төлеушілердің түрлері
|
4,00 балл
|
9
|
Салықтық міндеттеме
1. Салықтық міндеттеме-нің азаматтық құқықтық міндеттемеден өзгешелігі
2.Салықтық міндеттемені орындау мерзімдері
|
5 - апта
|
|
Реферат
тапсырмалары
|
10
|
Салықтық міндеттеме
1.Салықтық міндеттеме-нің туындауының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздері
2.Салықтық міндеттемені тоқтату негіздері
|
4,00 балл
|
11
|
Салық салу аясындағы мемлекеттік басқару.
1.Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, қолданысқа енгізу және жою.
2.ҚР Президентінің салық салу аясындағы өкілеттігі
|
6 - апта
|
|
Үй жұмысы
|
12
|
Салықтық бақылау
1.Салықтық тексеру жүргізу тәртібі
2. Салықтық тексеру актісі, оның мазмұны және құқықтық маңызы
|
4,00 балл
|
13
|
Салықтық бақылау
1. Салық төлеушілер мониторингі
2. Салықтық тексеру нәтижелеріне және салық органдары лауазымды адамдарының іс-әрекет-теріне шағымдану тәртібі
|
7 - апта
|
|
Коллоквиум
|
14
|
Корпорациялық табыс салығы. Жеке табыс салығы
1. Салық салу объектісі, салық субъектілері
2. Салық салынатын табысты анықтау тәртібі
|
4,00 балл
|
1 аралық бақылау
|
30,00 балл
|
|
1 - апта
Салық заң құрамының элементтері
Бақылау түрі – Тест тапсырмалары
Тақырыбы: Қазіргі заманғы мемлекет өміріндегі салықтардың ұғымы және ролі
Нарық жағдайындағы Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесінің ұйымдастырылу құқықтық мағынасы әдетте, тиісті құрылымдық проблемаларды шешуді қалайды. Еліміздегі жаңаша нарықтық сипаттағы әлеуметтік экономикалық өзгерістер мемлекеттік басқару аясындағы ұйымдастыру процестерінің және әкімшілік-құқықтық реттеу құралдарының одан әрі дамуының маңызы мен қажеттілігіне, сондай-ақ жетілдірілуіне нұқсан келтіре алмайды. Әйтсе де, қоғам дамуының қазіргі жағдайы мемлекеттік басқару аясына, оның реттеушілеріне және оларды іс жүзінде пайдалану механизміне айтарлықтай ықпал етіп отырғанын білеміз. Сонымен бірге қоғам жүйесіндегі қандай болмасын бастамалардың мемлекет қолдауынсыз және мемлекеттік реттеусіз өркениетті, құқықтық мемлекет ретіндегі даму арнасында көрініс таба алмайтыны да белгілі. Демек, мемлекеттің қолдауы мен реттеуі мемлекеттік басқару және әкімшілік-құқықтық реттеу жүйесі мен механизмінде тікелей көрініс табады.
Қазіргі кездегі мемлекеттік басқарудың әкімшілік құқықтық ұйымдастырылуының бастауы басқарудың жетекші субъектісі мемлекеттің саясатын қоғам өмірінде тиісінше іске асыру арқылы айқындалады. Әр деңгейдегі және әр профильді атқарушы билік органдарының өзара үйлестірілген жүйесін құру, олардың жүйе ішіндегі өзара байланыстарын қамтамасыз ету, олардың тиісті деңгейлеріндегі заңдық өктем екілеттіліктерді нақтылы және ұтымды бөлу, қажетті басқарушы функцияларды республикалық (орталық) ауқымда қалыптастыру және оларды жергілікті мемлекеттік басқару деңгейінде іске асыру кезінде орталықсыздандыру тәрізді ұйымдастыру құқықтық проблемаларын шешуге бүгінде, көптеген факторлар ықпал етеді.
Мысалы, Қазақстандағы атқарушы билік жүйесін ұйымдастырудың жанаша мазмұны, орталық атқарушы билік органдары мен жергілікті мемлекеттік басқару жүйесіндегі әкімдіктер арасында оларға тиесілі қызмет ауқымы мен өкілеттіліктерін бөлу, мемлекеттік басқарушы қызметтің функциялары мен тәсілдерін атқарушы билік жүйесіне сай келетіндей етіп жетілдіру қажеттілігі, мемлекеттік меншік объектілерін сақтау және олардың тиімді жұмыс істеулерін көздеп қолайлы жағдайды қамтамасыз ету қажеттілігі, мемлекеттік реттеуді мемлекеттік басқаруға қарсы қоюға жол бермейтін ұйымдық-құқықтық талаптардың объективтілігі, нарықтық шаруашылық жағдайындағы мемлекеттік басқарушылық процесінің стихиялық реттеуші сипатында көрініс таппауы үшін тиісті ұйымдастыру қағидаларын қатаң сақтау қажеттілігі тәрізді және т.б. факторлардың маңызы ерекше болады.
Сонымен мемлекеттік басқару көптеген субъективті факторлардың әкімшілік-құқықтық реттелуінің шынайы жай-күйіне, сондай-ақ әлеуметтік нормалардың орны мен рөлін бағалау негізінде басқарушылық қызмет түрінде жүзеге асырылады.
Нарық жағдайындағы қоғам өмірі мен елімізде жүзеге асырылып жатқан арнаулымемлекеттік қызметтердің, мақсатты бағдарлары мен тиесілі салалары болғандықтан оларды іске асыратын атқарушы билік органдары кай саладағы болмасын процестерге ұйымдастыру ықпалын тигізе отырып, қоғам мен мемлекеттің тынысталаптарына сай тәртіптейді.
Мемлекеттік басқарудың объектісі қоғамдық, жүйенің мынадай мәселелерін қарастыру кезінде: басқарушы объектілердің мәні, нысаны, функциялары және құрылымы объективті табиғи, сондай-ақ әлеуметтіктарихи жағдайлармен және заңдылықтармен тікелей шартталуы арқылы анықталады; сонымен бірге әрбір басқарылушы объектінін ерекшелігі мен қоғам өміріндегі орны, оның аясында жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің (жұмыстың, еңбектің) мақсатымен, мәнжайымен, технологиясымен және басқа да маңызды көрінісімен айқындалады.
Қазақстандағы қазіргі тікелей немесе жанама мемлекеттік басқару көбінесе мемлекеттік экономика секторындағы объектілердің оралымдық дербестіктерінің сонғы жылдары айтарлықтай ұлғаюын есепке ала отырып жүзеге асырылады.
Сонымен, мемлекеттік басқарудың басты негізі мемлекеттік билік (әкімшілік билік деп айтуға болады) пен оның қарамағындағы құқықтық, ақпараттық, экономикалық, техникалық, ұйымдастыру және т.б. орасан мол ресурстардан тұрады. Мемлекеттің нарықтық және құқықтық даму жағдайындағы мемлекеттік басқару әкімшілік билік негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік реттеу болып табылады.
ҚР мемлекеттік бюджеті республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін жиынтық бюджет ретінде көрініс табады.Республикалық бюджет ҚР заңымен бекітілген, бюджет кодекинде айқындалған салықтар және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталық мемлекеттік органдар мен оларға ведостволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттерін және функцияларын қаржыландыруға сондай-ақ мемлекеттік саясаттық жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.
Жергілікті бюджеттер облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті, аудан облыстық маңызы бар қала бюджеті сияқты деңгейлерге бөлінеді. Облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қала, абана бюджетіне тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілген әкімшілік аумақтық бірліктегі мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырлған ақша қоры жатады.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің салықтық кірістері ауқымындағы салықтық құқық:
1. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді бағалау және алу механизмдерін қалыптастыру арқылы мемлекеттің салық салу жүйесінің құқықтық негізін құрайды.
2. Мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдерін құқықтық реттеу аясындағы мемлекеттің әмірлі ерік ықтиярын білдіреді.
3. Материалдық бюджеттік қатынастармен тікелей байланысты мемлекеттің салық жүйесінің трансферттік қабілетін айтарлықтай дәрежеге көтеруі арқылы бюджеттердің салықтық түсімдерін қамтамасыз етеді.
4. Салық жүйесінде туындайтын трансферттік сипаттағы салықтық қатынастардың нақтылы материалдық тиімділігіне республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы трансферттік реттеу көлемімен ұштастырады.
5. Мемлекеттің салық жүйесінің макроэкономикалық даму көрсеткіштеріне байланысты жай-күйлерін, сондай-ақ оның фискалдық қатынастар мақсатына сай трансферттік қабілетін айқындау барысында республикалық және жергідікті бюджет кірісімен шығысының барынша жоғарғы балансына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
6 Салық салу процесінің даму негізін құрайды, сондай-ақ мемлекеттің салық жүйесінің фискалдық әлеуметі негізінде қалыптастырылатын республикалық және жергілікті бюджет кірісінің салықтық бөлісінің олардың бюджеттік шығысының көлемімен байланыстырылады.
Мемлекеттің салықтық қызметінің құқықтық нысаны болып табылады, мемлекеттің салық саясатының негізін құрайды және салықтық механизм элементтерін айқындайды.
Мемлекеттің бюджет жүйесінің аса маңызды құрамы негізі мемлекеттің салықтық құқығының көмегімен мәжбірлеу арқылы алынатын міндетті төлемдер – салықтар, алымдар, баждар, төлемақылар және және т.б., яғни жинақтап айтқанда салықтық түсімдер болып есептелінеді.
Тест сұрақтары:
1. Салық құқығының қай институты мемлекеттің салық қызметі органдарының жүйесін белгілеп, олардың құзыретін бекітеді?
1)Мемлекет салықтық құрылымының құқықтық негіздері
2) Мемлекет салықтық құрылысының құқықтық негіздері
3) Салық міндеттемелерінің құқықтық негіздері
4) Салықтық бақылаудың құқықтық негіздері
5) Арнаулы салық режимдерін құқықтық реттеу
2. Салық құқығының қай институты мемлекет салық жүйесінің құрылысын және салықтардың әртүрлі бюджеттер арасында бөлінуін белгілейді?
1)Мемлекет салықтық құрылысының құқықтық негіздері
2) Мемлекет салықтық құрылымының құқықтық негіздері
3) Салық міндеттемелерінің құқықтық негіздері
4) Салықтық бақылаудың құқықтық негіздері
5)Арнаулы салық режимдерін құқықтық реттеу
3. Салық құқығының қай институты салықтық тексерістердің нысандарын, әдістерін және жүргізудің тәртібін белгілейді?
1)Салықтық бақылаудың құқықтық негіздері
2) Мемлекет салықтық құрылысының құқықтық негіздері
3) Мемлекет салықтық құрылымының құқықтық негіздері
4) Салық міндеттемелерінің құқықтық негіздері
5) Арнаулы салық режимдерін құқықтық реттеу
Глоссарий
Салықтар - өте көп қырлы, мемлекттің даму кезеңдері өзгерген сайын нақтыландырылатын ұдайы жүзеге асырылатын міндетті ақшалай төлем болып табылады.
Салықтар экономикалық және әлеуметтік – саяси қатынастардың өзінің бойында жинақтаулы күрделі әрі қоғам өмірінің көп аспектілі қаржылық құқықтық құбылысы болып табылады.
Тақырыбы: Салық заң құрамының элементтері
Бақылау түрі – Тест тапсырмалары
1. Салық құқығы қандай қатынастарды реттейді:
1) Мемлекеттік кірістерді қалыптастыру бойынша қатынастарды
2) Мемлекеттік бюджеттің қаражаттарын бөлу бойынша қатынастарды
3) Мемлекеттік ақша қорларының қаражаттарын пайдалануды ұйымдастыру бойынша қатынастарды
4)Елдің қаржы жүйесін ұйымдастыру бойынша қатынастарды
5) Мемлекеттің қаржы ресурстарын шоғырландыру, бөлу және пайдалануды бақылау бойынша қатынастар
2. Салық қатынастары қандай қоғамдық қатынастардың түрі болып табылады?
1) Қаржы қатынастарының
2) Тауар-ақша қатынастарының
3) Жеке мүліктік емес қатынастардың
4) Басқару қатынастарының
5) Кредит қатынастарының
3. Салық қатынастары бірыңғай ұдайы өндірістік циклдің қай сатысында пайда болады?
1)Бөлу
2) Өндіру
3) Тұтыну
4) Айырбас
5) Барлық сатыларда
4. Салық құқығының қай институты мемлекеттің салық қызметі органдарының жүйесін белгілеп, олардың құзыретін бекітеді?
1)Мемлекет салықтық құрылымының құқықтық негіздері
2) Мемлекет салықтық құрылысының құқықтық негіздері
3) Салық міндеттемелерінің құқықтық негіздері
4) Салықтық бақылаудың құқықтық негіздері
5) Арнаулы салық режимдерін құқықтық реттеу
5. Салық құқығының қай институты мемлекет салық жүйесінің құрылысын және салықтардың әртүрлі бюджеттер арасында бөлінуін белгілейді?
1)Мемлекет салықтық құрылысының құқықтық негіздері
2) Мемлекет салықтық құрылымының құқықтық негіздері
3) Салық міндеттемелерінің құқықтық негіздері
4) Салықтық бақылаудың құқықтық негіздері
5)Арнаулы салық режимдерін құқықтық реттеу
6. Салық құқығының қай институты салықтық тексерістердің нысандарын, әдістерін және жүргізудің тәртібін белгілейді?
1)Салықтық бақылаудың құқықтық негіздері
2) Мемлекет салықтық құрылысының құқықтық негіздері
3) Мемлекет салықтық құрылымының құқықтық негіздері
4) Салық міндеттемелерінің құқықтық негіздері
5) Арнаулы салық режимдерін құқықтық реттеу
7. Салық құқығының қай институты салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу тәртібін белгілейді?
1)Салық міндеттемелерінің құқықтық негіздері
2) Салықтық бақылаудың құқықтық негіздері
3)Мемлекет салықтық құрылысының құқықтық негіздері
4) Мемлекет салықтық құрылымының құқықтық негіздері
5) Арнаулы салық режимдерін құқықтық реттеу
8. Салық құқығының қай институты бірыңғай жер салығының есептелуі мен төлену тәртібін белгілейді?
1)Арнаулы салық режимдерін құқықтық реттеу
2) Жер салығын құқықтық реттеу
3) Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салуды құқықтық реттеу
4) Мүлік салығын құқықтық реттеу
5) Акциздерді құқықтық реттеу
9. Бұл институттардың қайсысы салық құқығының жалпы бөліміне кіреді?
1)Салық міндеттемелерінің құқықтық негіздері
2) Арнаулы салық режимдерін құқықтық реттеу
3) Жер салығын құқықтық реттеу
4) Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салуды құқықтық реттеу
5) Мүлік салығын құқықтық реттеу
10. Бұл институттардың қайсысы салық құқығының ерекше бөліміне кіреді?
1)Арнаулы салық режимдерін құқықтық реттеу
2) Салық міндеттемелерінің құқықтық негіздері
3) Салықтық бақылаудың құқықтық негіздері
4) Мемлекет салықтық құрылысының құқықтық негіздері
5) Мемлекет салықтық құрылымының құқықтық негіздері
11. Салық құқығының қай институты оңайлатылған декларация негізінде салықтардың есептелуі мен төленуін белгілейді?
1) Арнаулы салық режимдерін құқықтық реттеу
2) Корпорациялық табыс салығын құқықтық реттеу
3) Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салуды құқықтық реттеу
4) Жеке табыс салығын құқықтық реттеу
5) Акциздерді құқықтық реттеу
12. Салық салынатын айналым қай салықтың объектісі болып табылады?
1)Қосылған құн салығы
2) Корпорациялық табыс салығы
3) Жеке табыс салығы
4) Жер салығы
5)Үстеме пайда салығы
13. Мүліктік табыс қай салықтың объектісі болып табылады?
1)Жеке табыс салығы
2) Корпорациялық табыс салығы
3) Үстеме пайда салығы
4) Мүлік салығы
5) Ренталық салық
14. Салық салынатын табыс қай салықтың объектісі болып табылады?
1) Корпорациялық табыс салығы
2) Жеке табыс салығы
3) Үстеме пайда салығы
4) Әлеуметтік салық
5) Ренталық салық
15. Жұмыскерге төленетін жұмыс берушінің шығыстары қай салықтың объектісі болып табылады?
1) Әлеуметтік салық
2) Корпорациялық табыс салығы
3) Жеке табыс салығы
4) Үстеме пайда салығы
5) Ренталық салық
2 - апта
Салық салу және мемлекеттің
салықтық қызметі
Бақылау түрі – Реферат тапсырмалары
Тақырыбы: Салық заң құрамының элементтері
Салық алуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты атауларын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін кіріктіретін салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды. Салық механизмінде өзара байланысты элементтерден тұратын нұсқаулық қолданылады.
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтын тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.
Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады: салық субъектісі, салық салынушы, объектісі, салық базасы, салық салудың өлшемі(единицасы), салық мөлшерлемесі, үлес(квота), салықпұл, салық жеңілдіктері, салық төлеудың мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілір мен салық органдарының міндеттіліктері мен құқықтары, салықтарды төлеуді бақылау, салық заңнамасын бұзғаны үшін санкциялар және басқалары.
Салық субъектісі немесе салық төлеуші. Ол – салықты және бюджетке басқа төлемдерді төлеуші тұлға, алайда нарық механизмі арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға – салық салынушыға аударылуы мұмкін.
Салық салынушылар – нақты салық ауыртпалығы(салық жүктемесі) түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.
Салық объектісі. Мүлік пен іс-әрекеттер салық объектілері және салық салуға байланысты объектілер болып табылады, олардің болуына байланысты салық төлеушінің салықтық міндеттемесі туындайды.
Салықтар - өте көп қырлы, мемлекттің даму кезеңдері өзгерген сайын нақтыландырылатын ұдайы жүзеге асырылатын міндетті ақшалай төлем болып табылады.
Қазақстан аумағында алынатын салықтардың түрлеріне:
-
корпорациялық табыс салығы;
-
жекелей табыс салығы;
-
қосылған күн салығы;
-
акциздер;
4-1 Экспортталатын ішкі мұнайға, газ коденсатына рента салығы;
-
жер қойнауын пайдаланудың салықтары мен арнаулы төлемдері;
-
Әлеуметтік салық;
-
Жер салығы;
-
Көлік құралдары салығы;
-
Мүлік салығы жатады;
Салықтар экономикалық және әлеуметтік – саяси қатынастардың өзінің бойында жинақтаулы күрделі әрі қоғам өмірінің көп аспектілі қаржылық құқықтық құбылысы болып табылады.
Салық:
-
түсім көзі жалпы ұлттық табыстың белгіленген бөлігі болып табылатын төлем;
-
міндетті төлем;
-
жекелей - эквивалентсіз төлем;
-
қайтарылмайтын төлем;
-
мемлекет кірісін қалыптастыратын төлем;
-
ұдайы төлем;
-
мәжбірлі төлем;
-
заң жүзінде белгіленген төлем;
-
құқыққа сай төлем;
-
жүзеге асырылуы кезінде төленетін салық сомасының меншік нысанына ауысуымен көрініс табатын төлем;
-
мөлшері алдын ала айқындалған төлем;
-
қатаң белігіленген мерзімде жүзеге асырылатын төлем;
-
өте тұрақты салықтық міндеттемелер туындататын төлем;
-
белгіленіп, бекітілуі кезінде нақты салық төлеушілердің төлем қабілеттілігі есепке алынатын төлем;
-
ақшаның төлем құралы ретіндегі функциясын көрсететін төлем;
-
жүзеге асырылуы заңи жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілетін төлем;
-
тек құқықтық нысанда болатын төлем;
-
біржақты өктем тәртіппен мемлекет белгілеген төлем;
Тақырып:Салық салу және мемлекеттің салықтық қызметі
Бақылау түрі – Реферат тапсырмалары
Реферат сұрақтары:
1. Салық құқығы пәні,мәні жүйесі
2. Салық салу және мемлекеттің салықтық қызметі
3. Салық құқығының құқықтық реттеу әдістері
4. Салық құқығының құқық саласы ішінде алатын орны
5. Салық элементі түсінігі
6. Салық обьекті
7. Салық нормалары, оны төлеу тәртібі
8. Салық құқығы нормалары
9. Салық құқығы нормалары ерекшеліктері
10. Салық құқығы нормаларының түрлері
11. Салық заң құрамы элементтерінің ұғымы және құқықтық маңызы
12. Салық субъектісі: ұғымы, түрлері.
13. Салықтардың туындауы мен қолданыста болуының қоғамдық экономикалық және саяси себептері, бастаулары мен жағдайлары
-
Салықтардың функциялары: ұғымы, түрлері, аралық
қатынастары
3 - апта
Салықтық құқықтық нормалар
Бақылау түрі – Глоссарий
Тақырыбы: Салықтық құқық құқықтық құрылым ретінде
ҚР салық жүйесіндегі салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің жұмыс істеуінің қоғамдық механизм салық төлеушілердің келісімін қажет қылмайтын, сонымен қатар әлеуметтік бағдарлы, демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде салық төлеушілердің экономикалық – қаржылық мүдделерінің сақталуын мүмкіндігінше қамтамасыз ету жолдары қатаң ескерілетін, тек қоғамдық – мемлекттік мүдделер басымдылығын мақсаттайтын субъектінің бір жақты әмірлі ерік білдіруінің негізінде туындайтын қатынастардың қалыптасып дамуының кепілдендіретін әлеуметтік-экономикалық реттеуші қосымша құралдың болғанын қалайды.
ҚР қазіргі заманғы салықтық құқығы мынадай өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады:
-
Салық салу процесін негіздейтін салықтық құқықтық нормаларда мүмкіндігінше мемлекетпен салық танушылық экономикалық қаржылық мүдделерінің қарама – қайшылығын ескеріледі.
-
Мемлектің салық саясатының экономикасы тұрғысынан ҚР таратылатын халықаралық инвестицияларға салық салуды төмендету немесе толығымен жою көзделінеді.
-
Салықтық құқықтық нормалар ҚР салық жүйесінің макроэкономикалық салу көрсеткіштеріне байланысты жай күйін және трансферттік қабілетін фискальдық бағдарламаларына сай айқындайды.
-
Салықтық құқықтық нормалар мемлекеттік шаруашылық аясындағы, сондай-ақ корпоративтік және жеке меншік шаруалар аяларындағы фискальдық қатарының құқықтық, негізін құрайды.
-
Салықтық құқықтық мемлекеттік бюджетің салықтық кірісін реттеу аясындағы мемлекеттік императивті ерік білдірудің негізін құрайды.
-
Салықтық құқықтық нормада саылқ базасын айқындай және салық стапкларын белгілеу процесіне байланысты корпоративтерде ережелер қатаң нақтыландырылады.
-
Салықтық құқықтық ҚР салық салудың заңы негізін құрайды, сондай-ақ мемлекеттің салық қызметінің құқықтық ысалы болып табылады.
-
Салықтық құқық мемлекеттің салық жүйесінің фикальдық негізінде қалыптастырылатын бюджеттік кірістің салықтық бөлігін бюджеттік шығыстың көлемімен байланыстырады.
-
Салықтық құқық нормалары саылқтық механизмнің барлық элементтерін айқындай отырып мемлекеттің саылқтық менеджментінің негізін құрайтын саылқтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.
-
Салықтық құқықтық нормалары салық салу аясында туындайтын трансферттік сипаттағы салықтық қатынастың нақтылы материалдық тиімділігін республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы трансферттік реттеу көлемімен ұштастырылуын көздейді.
Мемлекеттің салықтық құқығы екі негізге:
1) Экономикалық салықтық тиісті іс-қимылдар мен қатынастарды регламенттейтін ҚР Конституциясына және салықтық заңдарға.
2) Салық салу жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуінің халықаралық құқықтық стандарттарына сүйенеді.
Салықтық құқықтың жалпы көлемі ына.
-
Салықтар, салық салу және мемлекеттің салық жүйесі;
-
Мемлекеттің салықтық қызметі;
-
Салықтық құқық құқықтық құрылым ретінде;
-
Салықтық құқықтық нормалар және салықтық құқықтық қатынастар,
-
Салықтық міндеттемелер;
-
Шағын кәсіпкерлікке арналған арнауы салық режимі;
-
Салық салу аясындағы салықтық ынталандыру және мемлекттік мәжбірлеу;
-
Мемлекттің салықтық құрылысы;
-
Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару;
-
Мемлекеттік салықтық жоспарлау;
-
Мемлекеттік салықтық бақылау тәрізді институттардан құралады;
Ерекше бөлім мынадай тәртіппен орналасқан:
-
Мемлекттік деңгейден бюджетке алынатын салықтар мен басқада міндетті төлемдерді құқықтық реттеу.
-
Жергілікті деңгейдегі бюджетке алынатын салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді құқықтық реттеу.
Құқықтық нормалар деп құрамындағы нұсқамаларының сақталуы мемлекеттік мәжбірлеу шараларымен қамтамасыз етілген, өзінің заңы күші жаралатын суқұмындағы нормалық регламенттің жағдайының темірдей құрсауына түсетін барлық тұлғаларға қатысты нақты айқындалған міндеттер мен құқықтар белгілейтін, сан мәрте қолдану мақсатында ұзақ мерзімді көздей отырып тиісті нормативтік құқық актілерде қалыптастырылған жалпыға міндетті жүріп тұру қағидаларын айтамыз.
Сол сияқты құқықтық нормалар мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын мемлекеттік қаржылық қатнастарды реттеуге ат салысатын көптеген қаржылық құқық қатнастарының ішінен айрықша дараланып, мемлекеттің қаржы жүйесіне кең арналған транзиттік қаражаттар ағымын бағыттап бұруды мақсаттайтын әрі күнделікті жүзеге асырылатын, көбіне императивтік-әлеуметтік,сонымен бірге қажетті кездерді диспозитивті икемді мемлекет пен қоғам тарапынан әрдайым шексіз әлеуметтік үміт артылып және мол материалдық мүдде жүктелетін құқықтық нормалар болып табылады.
Қаржылық құқықтық нормалардың айықша түрі ретінде ерекшеленетін құқықтық нормалар:
-
Уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан белгіленеді және мемлекеттік өктем-әмірлі сипатта болады.
-
Салықтық қатынастарына субъективтік құқықтар беру және заңи міндеттер жүктеу арқылы олардың салық салу аясындағы тиісті іс қимылдарына тікелей ықпал етіп отырады.
-
Салықтық заң актілерін қабылдау жолымен белгіленеді;
-
Мемлекеттің солу аясындағы салықтық қатынастарды реттеу тегінде заңдардың берік режимін орнатуға және салықтық тәртіптің аяқталуын қамтамасыз етуге ат салысады;
-
салық салуға байланысты жағдайлар мен мән-жайларды мұқият сипаттауларымен, диспозицияларының құру кезіндегі жан-жақты нақтыландырылуымен және баяндап, жазуға қатысты тіл ерекшелігімен көрніс тапқан;
-
Өздерінің жүйесіндегі императивтік, құзыреттік және есептеу нормаларымен ерекшеленеді;
-
Өздерінің құрамындағы нормалардың көбінесе мемлекеттің материалдық мүдделерін көздеулеріне орай, сондай-ақ салық салу аясындағы құқықтар мен міндеттердің біркелкі белгіленбеуіне байланысты қатысушы тараптардың арасында заңи теңсіздік туындатады.
Тақырып: Салықтық құқықтық нормалар
Бақылау түрі – Глоссарий
Құқық
Салық құқығы
Құқықтық норма
Диспозиция
Гипотеза
Санкция
Айыппұл
Салық
Төлемақы
Алым
Мемлекеттік баж
Кедендік төлемдер
Мемлекеттік бюджет
Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет
4 - апта
Салық төлеушілер
Бақылау түрі – Тест тапсырмалары
Тақырып: Салықтық құқықтық қатынастар
Мемлекетіміздің қазіргі нарықтық даму жағдайындағы салық салу саласындағы басқаруы оның салықтық құқығының, маңызды элементі болып табылады.
Осы саладағы салықтардың қоғамдандырылған ақшалай ағымын басқару жүйесі мынадай көрініс табады:
-
салық жүйесі корпорациялық және жеке кәсіпкерлік, сондай-ақ салықтық бюджеттік аялары субъектілерінің құқықтық қатынастарының кешені болғандықтан, бір мезгілде басқарушы және басқарылушы жүйе болып табылады;
-
салық салу аясын басқару механизміне халықаралық және отандық басқаруда кеңінен пайдаланылатын тәсілдерді енгізу салықтық, телем сомаларының ағымдарын айтарлықтай деңгейде басқаруды қамтамасыз етеді;
-
мемлекеттік қаржылар мен корпорациялық қаржылар аясының субъектілері арасында экономикалық тұрғыдан негізделген және өзара анықталып, нақтыландырылған қарым-қатынастарды біртіндеп қалыптастыруды жүзеге асырады;
4) фискалдық мониторинг жүргізу нәтижесінде салық жеңілдіктері мен кредиттерінің тиімді механизмін қалыптастыруға, фискалдық жүйедегі жалпы салық режимін қадағалауға және салықтық басқарудың басқа да тәсілдерін ұтымды пайдалануға қол жеткізіледі;
5) салықтық басқару нәтижесінде мемлекеттің жиынтық, қаржылық балансын — Республикалық бюджетті құруға қажетті өте тыңғылықты ақпараттық база айтарлықтай деңгейде қалыптастырылады.
Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару, салық, салу жүйесінде өздеріне тиесілі мемлекеттік басқаруреттеу қызметтерін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың және салық әкімшілігін жүргізетін мамандандырылған салық органдарының жүйесін айқындайтын, сондай-ақ олардың салықтық қызметінің шеңбері мен тиісті өкілеттіктерін белгілейтін салықтық құқықтың жалпы бөлімінің институты болып табылады.
Салық төлеуші салық заңдарымен реттелетін қатынастарға заңды немесе уәкілетті өкілі арқылы қатысуға құқылы.
Салық төлеушінің атынан заң негізінде уәкілетті болатын тұлға салық төлеушінің заңды өкілі болып табылады.
Салық төлеуші салық қызметі органдарымен қатынастарда өз мүдделерін білдіруге уәкілетті болатын жеке немесе заңды тұлға салық төлеушінің уәкілетті өкілі болып табылады. Салық төлеушінің уәкілетті өкілі салық төлеуші беретін сенімхат (құрылтай құжаттары) арқылы әрекет етеді, сенімхатта оның өкілеттіктерінің нақты тізбесі көрсетіледі.
Салық заңдарымен реттелетін қатынастарға салық төлеушінің өзінің қатысуы оны өкіл алу құқығынан айырмайды, сол сияқты өкілдің қатысуы салық төлеушіні аталған қатынастарға өзінің қатысу құқығынан айырмайды.
Салық төлеуші өкілдерінің салық заңдарымен реттелетін қатынастарға сол салық төлеушінің қатысуын байланысты жасалған әрекеттері (әрекетсіздігі) салық төлеушінің әрекеттері(әрекетсіздігі) болып танылады.
Тақырып: Салық төлеушілер
Бақылау түрі – Тест тапсырмалары
1. Салықтарды кім белгілейді?
1) Мемлекет
2) Қоғам
3) Заңды тұлғалар
4) Саяси партиялар
5) Референдум арқылы азаматтар
2. Қай салық жанама салық болып табылады?
1) Акциздер
2) Корпорациялық табыс салығы
3) Жер салығы
4) Әлеуметтік салық
5) Мүлік салығы
3. Қай салық тікелей жеке салық болып табылады?
1)Жеке табыс салығы
2) Қосылған құн салығы
3) Көлік құралдары салығы
4) Жер салығы
5) Мүлік салығы
4. Қай салық тікелей нақты салық болып табылады?
1) Жер салығы
4) Әлеуметтік салық
-
Қосылған құн салығы
4) Акциздер
5) Жеке табыс салығы
5. Корпорациялық табыс салығы – бұл:
1) Тікелей жеке салық
2) Жанама жекеше салық
3) Тікелей нақты салық
4) Жанама әмбебап салық
5) Прогресивті салық
6. Жеке табыс салығы – бұл:
1) Тікелей жеке салық
2) Жанама жекеше салық
3) Тікелей нақты салық
4) Жанама әмбебап салық
5) Регрессивті салық
7. Қосылған құн салығы – бұл:
1) Жанама әмбебап салық
2) Тікелей жеке салық
3) Жанама жекеше салық
4) Тікелей нақты салық
5) Прогресивті салық
8. Акциздер – бұл:
1) Жанама жекеше салық
2) Тікелей жеке салық
3) Тікелей нақты салық
4) Жанама әмбебап салық
5) Прогресивті салық
9. Әлеуметтік салық – бұл:
1) Тікелей жеке салық
2) Жанама жекеше салық
3) Тікелей нақты салық
4) Жанама әмбебап салық
5) Прогресивті салық
10. Жер салығы – бұл:
1) Тікелей нақты салық
2) Тікелей жеке салық
3) Жанама жекеше салық
4) Жанама әмбебап салық
5) Арнайы салық
11. Мүлік салығы – бұл:
1) Тікелей жеке салық
2) Тікелей нақты салық
3) Жанама жекеше салық
4) Жанама әмбебап салық
5) Арнайы салық
12. Көлік құралдары салығы – бұл:
1) Тікелей нақты салық
2) Тікелей жеке салық
3) Жанама жекеше салық
4) Жанама әмбебап салық
5) Арнайы салық
13. Салық – бұл:
1) Міндетті, қайтарылмайтын, өтелмейтін және ұдайы алынып тұратын төлем
2) Міндетті, қайтарылмайтын, өтелетін және ұдайы алынып тұратын төлем
3) Міндетті, қайтарылмайтын, өтелмейтін және біржолғы төлем
4) Ерікті, қайтарылмайтын, өтелмейтін және біржолғы төлем
5) Ерікті, қайтарылмайтын, өтелмейтін және ұдайы алынып тұратын төлем
14. Салықтың субъектісі – бұл:
1) Салық төлеуге міндетті тұлға
2) Салықты белгілеген тұлға
3) Салық төлеушіден салықты ұстап қалуға міндетті тұлға
4) Салықтардың жиналуын жүзеге асыратын тұлға
5) Пайдасына салық төленетін тұлға
15. Салық элементтерінің қайсысы міндетті болып табылмайды?
1) Салық жеңілдіктері
2) Салық ставкасы
3) Салық кезеңі
4) Салық базасы
5) Салық төлеу тәртібі
5 - апта
Салықтық міндеттеме
Бақылау түрі – Реферат тапсырмалары
Тақырып: Салықтық міндеттеме
Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұрұға, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.
Мемлекет салық қызметі органы арқылы салық төлеушіден – оның салық міндеттемелерін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және Кодексте көзделген тәртіппен мәжбурлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.
Салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер.
Мүлік пен іс-әрекеттер салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайды.
Салық базасы дегеніміз салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құн, физикалық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы айқындалады.
Салық ставкасы. Салық ставкасы салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Салық ставкасы салық базасының өлшем бірлігіне процентпен немесе абсолютті сомамен белгіленеді.
Салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсініледі, ол аяқталған соң салық базасы айқындалады және бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы есептеледі.
Салық төлеуші салық міндеттемесін орындау үшін мынандай іс-әрекеттер жасайды:
-
салық органына тіркеу есебіне тұрады;
-
салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілердің есебін жүргізеді;
-
салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық базалары мен салық ставкаларын негізге ала отырып, бюджетке төленуге тиісті салық және басқа да міндетті төлемдер сомасын есептейді;
-
салық есептілігін жасайды және оны белгілеген тәртіппен және мерзімдерде салық қызметі органдарына табыс етеді;
-
салық заңдарына белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептеп шығарылған және есептелген сомаларын, сондай-ақ салық міндеттемесі орындалмаған жағдайларда, салық өсімпұлдары мен айыппұлдарын төлейді.
Салықтық міндеттеме қазіргі қоғам қажеттілігіне сай келетін салық салу жүйесін құру ісіне ат салысуы арқылы салықтық қатынастарға қатысушының құқықтары мен міндеттерін қатаң айқындауға қол жеткізетін және ұлттың табысына қайта бөлуге қатысты экономикалық мән-жайлары мен өктем билік тұрғысынан ерекшеленетін құқықтық құрал ретінде танылады.
Салықтың міндеттемесінің мән-жайын заң шығарушы былайша айқындаған:
-
тиісті салық заңдарына сәйкес салық төлушінің мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салықтық міндеттеме болып табылады;
-
салықтық міндеттеме талаптарына сай салық төлуші салық органында тіркеу есебіне тұруға; салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектіні айқындауға; салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеп шығаруға, салық есептілігін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлуге міндетті.
-
мемлекет өзінің салық органдары арқылы салық төлушіден оған тиесілі салықтық міндеттемелерді толық көлемде орындауын талап етуге құқылы;
-
салықтық міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда мемлекет салық кодексінің тиісті баптарында көзделген тәртіп негізінде салықтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.
Тақырып: Салықтық міндеттеме
Бақылау түрі: Реферат тапсырмалары
Реферат тақырыптары:
Салықтық міндеттеме
Салық төлеуші
Салық ставкасы
Салық базасы
Салықтық құқықтық қатынастар
Салықтық норма
Салық объектісі және заты
Салық салу бірлігі
Мемлекеттің салықтық қызметінің ұғымы
Мемлекеттің салықтық қызметін жүзеге асырудың құқықтық
негіздері
6 - апта
Салықтық бақылау
Бақылау түрі – Үй тапсырмалары
Тақырып: Салық салу аясындағы мемлекеттік басқару
Қазіргі кездегі мемлекеттік басқарудың әкімшілік құқықтық ұйымдастырылуының бастауы басқарудың жетекші субъектісі мемлекеттің саясатын қоғам өмірінде тиісінше іске асыру арқылы айқындалады. Әр деңгейдегі және әр профильді атқарушы билік органдарының өзара үйлестірілген жүйесін құру, олардың жүйе ішіндегі өзара байланыстарын қамтамасыз ету, олардың тиісті деңгейлеріндегі заңдық өктем екілеттіліктерді нақтылы және ұтымды бөлу, қажетті басқарушы функцияларды республикалық (орталық) ауқымда қалыптастыру және оларды жергілікті мемлекеттік басқару деңгейінде іске асыру кезінде орталықсыздандыру тәрізді ұйымдастыру құқықтық проблемаларын шешуге бүгінде, көптеген факторлар ықпал етеді.
Мысалы, Қазақстандағы атқарушы билік жүйесін ұйымдастырудың жанаша мазмұны, орталық атқарушы билік органдары мен жергілікті мемлекеттік басқару жүйесіндегі әкімдіктер арасында оларға тиесілі қызмет ауқымы мен өкілеттіліктерін бөлу, мемлекеттік басқарушы қызметтің функциялары мен тәсілдерін атқарушы билік жүйесіне сай келетіндей етіп жетілдіру қажеттілігі, мемлекеттік меншік объектілерін сақтау және олардың тиімді жұмыс істеулерін көздеп қолайлы жағдайды қамтамасыз ету қажеттілігі, мемлекеттік реттеуді мемлекеттік басқаруға қарсы қоюға жол бермейтін ұйымдық-құқықтық талаптардың объективтілігі, нарықтық шаруашылық жағдайындағы мемлекеттік басқарушылық процесінің стихиялық реттеуші сипатында көрініс таппауы үшін тиісті ұйымдастыру қағидаларын қатаң сақтау қажеттілігі тәрізді және т.б. факторлардың маңызы ерекше болады.
Сонымен мемлекеттік басқару көптеген субъективті факторлардың әкімшілік-құқықтық реттелуінің шынайы жай-күйіне, сондай-ақ әлеуметтік нормалардың орны мен рөлін бағалау негізінде басқарушылық қызмет түрінде жүзеге асырылады.
Нарық жағдайындағы қоғам өмірі мен елімізде жүзеге асырылып жатқан арнаулымемлекеттік қызметтердің, мақсатты бағдарлары мен тиесілі салалары болғандықтан оларды іске асыратын атқарушы билік органдары кай саладағы болмасын процестерге ұйымдастыру ықпалын тигізе отырып, қоғам мен мемлекеттің тынысталаптарына сай тәртіптейді.
Мемлекеттік басқарудың объектісі қоғамдық, жүйенің мынадай мәселелерін қарастыру кезінде: басқарушы объектілердің мәні, нысаны, функциялары және құрылымы объективті табиғи, сондай-ақ әлеуметтіктарихи жағдайлармен және заңдылықтармен тікелей шартталуы арқылы анықталады; сонымен бірге әрбір басқарылушы объектінін ерекшелігі мен қоғам өміріндегі орны, оның аясында жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің (жұмыстың, еңбектің) мақсатымен, мәнжайымен, технологиясымен және басқа да маңызды көрінісімен айқындалады.
Қазақстандағы қазіргі тікелей немесе жанама мемлекеттік басқару көбінесе мемлекеттік экономика секторындағы объектілердің оралымдық дербестіктерінің сонғы жылдары айтарлықтай ұлғаюын есепке ала отырып жүзеге асырылады.
Сонымен, мемлекеттік басқарудың басты негізі мемлекеттік билік (әкімшілік билік деп айтуға болады) пен оның қарамағындағы құқықтық, ақпараттық, экономикалық, техникалық, ұйымдастыру және т.б. орасан мол ресурстардан тұрады. Мемлекеттің нарықтық және құқықтық даму жағдайындағы мемлекеттік басқару әкімшілік билік негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік реттеу болып табылады.
Мемлекеттік басқарудың функционалдық құрылымын құру, мемлекеттік органдарға бағыты, қызмет ауқымы, мәні мен нысаны бойынша мақсатқа сай келетін басқарушы функция беру; кешенді басқарушы міндеттерді дербес іске асыруға мүмкіндік беретін ұтымды басқарушы функцияны басқару жүйесінде шоғырландыру; басқарушы функцияларды олардың мәні мен көлеміне сай келетін ұйымдастыру, заңдық, ақпараттық және өзге де ресурстармен толықтыру арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырылу құрылымын құру барысында: ұйымдастыру күш-қуатының жалпы көлемін басқару вертикалі мен горизонталі бойынша ұтымды бөлу; өзара субординациялық байланыстарды нақтылы белгілеу; міндетті түрде горизонтальдық үйлестіру байланыстарын қалыптастыру; төменгі тұрған элементтердің дербестілігін және өзіндік басқаруын қамтамасыз ететін өзара байланыстарды айқындау іске асырылады.
Ал басқарушы қызметті ұйымдастыру: мемлекеттік басқару элементтерінің әлеуметтік рөлінің оны іске асыратын адамдардың мүмкіндігімен сәйкес келуін қамтамасыз ету; мемлекеттік басқарудың бір элементін жүзеге асырудың жаңадан түрлендірілген әралуан нысандары мен әдістерін пайдалану; мемлекеттік басқару элементтерімен жұмыс істеу кезінде олардың ақпараттық, психологиялық және педагогикалық мәнжайларын басқарушы процеске қатысушылардың түсіністікпен қабылдауына біртіндеп бағдарлау барысында көрініс табады.
Мемлекеттік басқарудың манызы мен мағынасын жеткілікті деңгейде түсіну үшін міндетті түрде мемлекеттік басқару функцияларын таныпбілу қажет.
Мемлекеттік басқару функциясы басқарушы ықпалдың мағынасы мен сипатын, сондай-ақ олар мемлекеттің қоғамдық функцияларымен тығыз байланыста болғандықтан соларды жүзеге асыру жолдары мен тәсілдерін көрсетеді. Мемлекеттік басқару функциялары мемлекеттің біртұтас басқару субъектісі ретіндегі өзара байланыстарын сипаттай отырып ашып көрсетеді. Мемлекеттік басқару функциялары белгілі бір басқарушы ықпал түрін білдіретіндіктен оларды жіктеу қажеттілігі туындайды. Осындай жіктеу барысында аталмыш функцияларды мемлекеттік басқару функциялары және мемлекеттік органдардың басқарушы функциялары деп бөлу көптеген басқарушылық проблемаларды тиісінше қарастырудың әдіснамалық негізін құрайды.
Тақырып: Салықтық бақылау
Бақылау түрі – Үй тапсырмалары
Үй тапсырмасы сұрақтары:
1. Салық салу аясындағы басқару органдарының жүйесі
2. Салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттерінің мәні.
3. Салықтық бақылау ұғымы
4. Салықтық бақылаудың өзіне тән белгілері, оның міндеттері мен мақсаты, элементтері және түрлері
5. Салықтық бақылау қандай нысанда жүзеге асырылады
6. Салықтық бақылау түрлері
7. Салықтық тексеру
8. Салық салу объектілері
9. Салықтық қызмет
10. Салық органдары
7 – апта
Корпорациялық табыс салығы
Жеке табыс салығы
Бақылау түрі – Коллоквиум
Тақырыбы: Салықтық бақылау
Қазіргі кезендегі салықтық бақылаудың басты мақсаттарына салық заңдарының тиісінше орындалуына тексеру жүргізу, сондай-ақ салық төлеушілер (олардың ішінде ірі салық төлеушілер) мен салық салу объектілерін уақтылы есепке алу жатады.
Салықтық тексерулер де тек салық органдары тарапынан ғана жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының салық, заңдарын тексеру болып табылады. Салықтық тексерулердің мынадай:құжаттық тексеру;
-
рейдтік тексеру;
-
хронометраждық қараптексеру сияқты түрлері болады. Осы салықтық тексерулерді жүргізу тәртібі, мерзімдері, кезенділігі және түрлері заң жүзінде қатаң белгіленген.
Салықтық тексерулер мына келесідей кезенділіктерді сақтай отырып:
-
жылына бір реттен жиі емес кезенде — кешенді түрде;
-
салықтын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің белгілі бір түрі бойынша жарты жылда бір реттен жиі емес кезенде — тақырыптық тексеру түрінде жүзеге асырылады.
Салықтық тексерулер әмірлі нүсқамалар негізінде жүргізіледі және осы нұсқамада мына реквизиттер міндетті түрде болуы керек:
-
нүсқаманың салық органында тіркелген датасы мен нөмірі;
-
нүсқаманы берген салық органының аталуы;
-
салық төлеушінің толық аталуы;
-
салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
5)тексерудің түрі;
-
тексеруші тұлғалардың лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты;
-
тексеру жүргізілетін мерзім;
-
құжаттық тексерулер кезінде тексерілетін салық кезеңі.
Мемлекеттік салықтық бақылаудың бір нысаны болып табылатын құжаттық тексеру өзіне орай кешенді, тақырыптық және қарсы тексеру түрлерінде жүзеге асырылады.
Кешенді тексеру салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салықтық, міндеттемелердін орындалуын тексеру болып табылады.
Тақырыптық тексеру салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің жекелеген түрі бойынша салықтық міндеттеменіңорындалуына қатысты жүргізіледі.
Қарсы тексеру салықтық тексеруді жүзеге асыру кезінде салықорганында салық төлеушілер жүргізген операциялардың, салық есебінде дұрыс көрініс тапқаны туралы қосымша ақпарат алу қажеттілігі туындаған жағдайда, салық төлеушілермен байланыста болған үшінші бір тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру болып саналады.
Тақырыбы: Корпорациялық табыс салығы
Жеке табыс салығы
Бақылау түрі – Коллоквиум
Коллоквиум сұрақтары:
1. Салықтардың туындауы мен қолданыста болуының қоғамдық экономикалық және саяси себептері, бастаулары мен жағдайлары
2. Салықтардың функциялары: ұғымы, түрлері, аралық қатынастары
3. Салықтық бақылау ұғымы
4. Салықтық бақылаудың өзіне тән белгілері, оның міндеттері мен мақсаты, элементтері және түрлері
5. Салық салу аясындағы басқару органдарының жүйесі
6. Салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттерінің мәні.
7. Салықтық міндеттемені орындау
8. Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің атқарылуын қамтамасыз ету тәсілдері
9. Салықтық міндеттеменің ұғымы, элементтері және ерекшеліктері
Достарыңызбен бөлісу: |