Құқық” кафедрасы «Қазақстан Республикасының салық құқығы»


Бақылау түрі: Реферат тапсырмалары



бет6/6
Дата14.06.2016
өлшемі1.45 Mb.
#136141
1   2   3   4   5   6

Бақылау түрі: Реферат тапсырмалары
Реферат сұрақтары:

1. Қосылған құн салығы

2. Салық салу объектісі

3. Акциздер

4. Салық салу объектісі, төлеушілері, салық базасын айқындау тәртібі, төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі

5. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары: бонустар, роялти, үстеме пайда салығы.

6. Салыну объектілері, төлеушілері, салық базасын айқындау тәртібі, төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі

7. Әлеуметтік салық

8. Жер салығы. Салық салу объектісі

9. Көлік құралдары салығы. Салық төлеушілер

10. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық

11. Арнаулы салық режимін қолдану, оның ерекшеліктері

12. Шағын бизнес субъектілері

13. Шаруа(фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері

14. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі


11 – апта
Пайдаланғаны үшін төлемақы

Бақылау түрі – Үй жұмысы

Тақырыбы: Тіркеу, лицензиялау алымы және өзге де алымдар


Алымдар дегеніміз мемлекеттік уәкілетті органдар тарапынан өтінуші-келуші белгілі бір тұлғаларға қатысты нақтылы көрсетілген тиісті қызметтермен берілген құқықтар немесе арнайы рұқсаттар үшін сол заңды немесе жеке тұлғаларын алынатын мақсатты – бағдарлы, біршама – эквивалентті әрі міндетті ақшалай төлемдер

Алым өзіне тән мынадай.



  1. біржолғы төлем;

  2. біршама эквиваленттік төлем;

  3. міндетті төлем;

  4. нақты тұлға үшін ерікті сипаттағы төлем;

  5. ақшалай төлем;

  6. өтемдік сипатта болатын төлем;

  7. көрсетілген қызметтің құны есепке алына отырып жүзеге асрылатын төлем;

  8. кейде мемлекеттің материалдық мүддесі басым болып кететін төлем сияқты белгілерімен ерекшеленеді.ҚР алым өзіне тән мынадай:

1)біржолғы төлем;

2) біршама эквивалентті төлем;

3) міндетті төлем;

4) нақты тұлға үшін ерікті сипаттағы төлем;

5) ақшалай төлем;

6)өтемдік сипатта болатын төлем;

7) кейде мемлекеттің материалдық мүддесі басым болып кететін төлем сияқты белгілермен ерекшеленеді;ҚР алымдардың мынадай түрлері:

1. Заңи тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.

8. Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

9. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.

10. Аукциондардан алынатын алым.

11. Консулдық алым.

12. Жекелкген қызмет тұрлері мен айланысу құқығы үшін лицензиялық алым.

13. Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым.

Тақырыбы: Пайдаланғаны үшін төлемақы

Бақылау түрі – Үй жұмысы
Үй жұмысы сұрақтары:
1. Төлемақы түсінігі

2. Алымның ұғымы және оның басқа міндетті төлемдерден айырмашылығы

3. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым

4. Төлемақының ұғымы және оның басқа міндетті төлемдерден айырмашылығы

5. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы

6. Пайдаланғаны үшін төлемақы

7. Төлемақы белгілері

8. Қазақстан Республикасындағы төлемақы түрлері

9. Төлемақы төлеушілер

10. Төлемақы ставкалары

11. Жер учаскелерін пайдалану төлемақысы

12. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы

13. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы

14. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы



  1. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы

  2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы

  3. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы


12 – апта
Салық салу аясындағы мемлекеттік мәжбүрлеу және заңи жауапкершілік
Бақылау түрі – Тест тапсырмалары

Тақырыбы: Мемлекеттік баж. Кедендік төлемдер


Мемлекеттік баж – уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.

Төлеушілер заңдық мәні бар іс-қимылдар жасау және құжаттар беру жөнінде мемлекет уәкілдік берген органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік баж төлеушілер болып табылады.

Мемлекеттік баж:



  1. ҚР азаматтардың паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін;

  2. Жүргізуші куәліктерін бергені үшін;

  3. Көлік құралдарын мемлекетік тіркеу туралы куәліктеін бергені үшін;

  4. Мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін бергені үшін;

  5. Мемлекетік нотариат кеңселері нотарустарының нотариаттық іс-әрекет жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж республикалық бюджет кірісінің маңызды салықтық түсімдері ретінде бекітілген.

Кедендік баждар мен міндетті төлемдер:

  1. Әкелінетін тауарларға салынатын кедендік баждар;

  2. Әкетілетін тауарларға салынатын кедендік баждар;

  3. Отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын кедендік баждар;

Кедендік бақылауды және кедендік процедураларды жүзеге асырудан түскен түсімдер.

Кеден ісін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген кеден төлемдерін алады. Кеден төлемдері бойынша төлеушілер, есептеулердің, төлеудің, қайтарып берудің тәртібі, сондай-ақ жеңілдіктер Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен анықталады. Кеден төлемдеріні ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.Кеден төлемдері:

1. Кеден бажы.

2. Кеден алымдары.

3. Алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы.

4. Алымдар.

Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы “Қазақстан Республикасының бюджет кодексі” мен тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне тұседі.

Сөйтіп, Қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа міндетті төлемдердің түрлері бойынша тым сараланған. Салық қатынастарын реттеуші құқық нормалар Қазақстан Республикасының Салық қодексінде сараланған және тиісті нұсқаулықтарда келтірілген. Салық службасы органдары уәкілітті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады. Салық органдарына облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аймақаралық салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитетері, сонымен бірге қаржы полициясының бөлімшілері жатады.

Тақырыбы: Салық салу аясындағы мемлекеттік мәжбүрлеу және заңи жауапкершілік


Бақылау түрі – Тест тапсырмалары
Тест сұрақтары:

1. Салық – бұл:

1) Міндетті, қайтарылмайтын, өтелмейтін және ұдайы алынып тұратын төлем

2) Міндетті, қайтарылмайтын, өтелетін және ұдайы алынып тұратын төлем

3) Міндетті, қайтарылмайтын, өтелмейтін және біржолғы төлем

4) Ерікті, қайтарылмайтын, өтелмейтін және біржолғы төлем

5) Ерікті, қайтарылмайтын, өтелмейтін және ұдайы алынып тұратын төлем

2. Салықтың субъектісі – бұл:

1) Салық төлеуге міндетті тұлға

2) Салықты белгілеген тұлға

3) Салық төлеушіден салықты ұстап қалуға міндетті тұлға

4) Салықтардың жиналуын жүзеге асыратын тұлға

5) Пайдасына салық төленетін тұлға

3. Салық элементтерінің қайсысы міндетті болып табылмайды?

1) Салық жеңілдіктері

2) Салық ставкасы

3) Салық кезеңі

4) Салық базасы

5) Салық төлеу тәртібі

4. Мемлекеттік баж не үшін алынады?

1) Азаматқа төлқұжат бергені үшін

2) Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін

3) Елдің аумағы бойынша автокөлік құралдарының өткені үшін

4) Аукциондарды өткізгені үшін

5) Жануарлар дүниесін падаланғаны үшін

5. Алым не үшін алынады?

1) Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін

2) Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін

3) Сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін

4) Азаматтық хал актілерін тіркегені үшін

5) Қоршаған ортаны ластағаны үшін

6. Төлемақы не үшін алынады?

1) Орманды пайдаланғаны үшін

2) Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензияны бергені үшін

3) Көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін

4) Виза бергені үшін

5) Аукциондарды өткізгені үшін
7. Жер салығы бойынша салық базасы не болып табылады?

1) Жер учаскесінің ауданы

2) Жер учаскесінің құны

3) Жер учаскесінің табыс әкелуі

4) Жер учаскесін пайдалану дәрежесі

5) Жер учаскесінде шаруашылық қызметтің нәтижелері

8. Жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша салық базасы не болуы мүмкін?

1) Гараждың құны

2) Негізгі құралдардың құны

3) Пәтердің жалпы ауданы

4) Пәтердің орналасқан жері

5) Мүліктік табыс

9.Салықтар қандай нормативтік құқықтық актімен белгіленіп, енгізілуі мүмкін?

1) Тек Салық кодексімен

2) Кез келген заң актісімен

3) Кез келген нормативтік құқықтық актімен

4) Тек Президенттің актілерімен

5) Тек өкілді билік органдарының актілерімен

10.Салықтар қандай нормативтік құқықтық актімен өзгертілуі немесе жойылуы мүмкін?

1) Тек Салық кодексімен

2) Кез келген заң актісімен

3) Кез келген нормативтік құқықтық актімен

4) Тек Президенттің актілерімен

5) Тек өкілді билік органдарының актілерімен

11. Қолданыстағы салықтардың ставкаларын өзгертетін Салық кодексіне түзетулер қай кезден бастап заңды күшіне енеді?

1) Қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан ерете емес

2) Қабылданған айдан кейінгі айдың 1 жұлдызынан ерете емес

3) Салық кодексіне өзгерістерді енгізетін заң актісі ресми жарияланғаннан кейін 10 күннен ерте емес

4) Салық кодексіне өзгерістерді енгізетін заң актісінің өзінде көрсетіледі

5) Салық кодексіне өзгерістерді енгізетін заң актісі қабылданғаннан кейін 1 жыл өткенде ғана

12. Салық салудың қай принципін Адам Смит тұжырымдаған жоқ?

1) Салық салудың экономикалық негізділігінің принципі

2)Салық салудың ыңғайлы болу принципі

3) Салық салудың айқын болу принципі

4) Салық төлеушінің шаруашылық тәуелсіздігі мен еркіндігі принципі

5) Салық салудың үнемді болу принципі



13 – апта
Салық заңнамасын бұзғаны үшін қаржылық құқықтық жауапкершілік
Бақылау түрі – Глоссарий

Тақырыбы: Салықтық құқық бұзушылықтар


Салықтық құқық бұзушылық - салықтық қатынасқа қатысушылардың салық заңдарының нормаларымен белгіленген өздеріне қатысты міндеттерді тиісінше, орындамауларына не мүлдем орындамауларына байланысты тиісті заң актілерінде заңи жауапкершілік көзделген құқыққа қайшы, кінәлі әрекет не болмаса әрекетсіздік болып сипатталады.

Салықтық құқық бұзушылық белгілеріне.



  • жиі көрініс табуына байланысты қоғамға қауіптілігі;

  • құқыққа қайшылығы;

  • кінәлілігі;

  • зардап – залалдың болуы;

  • Құқыққа қайшы әрекет пен оның нәтижесі зардапты зиян және олардың арасындағы себептік байланыс;

  • Құқыққа қайшы, кінәлі әрекеттің жазалануы, яғни теріс әрекеттің жазалануы жатады.

Салықтық құқық бұзушылық жасаған субъектіні заңи жауапкершілікке тарту кезінде мемлекет мынадай мақсаттарға:

  • Салықтың толығымен төленуін қамтамасыз етуге;

  • Құқық бұзушылықтың қайталанбауын қарастыра отырып құқық бұзушыны жазалауға қол жеткізуді көздейді.

Мемлекеттің материалдық мүддесіне қарсы бағытталған құқық бұзушылықтар:

  • Салық төлеуден ешбір негізсіз, заңсыз босату;

  • Салықтарды мүлдем төлемеу, толығымен төлемеу, не болмаса уақытылы төлемеу;

  • Банк мекемелерінің салық төлеушілердің төлемдік тапсырыстарын немесе тиісті атқару құжаттары бойынша бюджетке аударуға тиісті салық сомаларын аудармаулары немесе уақытылы аудармаулары;

  • Салықтарды төлем кезінде ұстап қалмауғ, не болмаса төлем кезінде ұсталған салық сомасын тиісті бюджетке аудармау сипатында көрініс табады.

Мемлекеттің салық жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіретін құқық бұзушылықтар құрамына.

  • Салық декларациясын табыс ету немесе белгіленген мерзімінде табыс етпеу;

  • Салық төлеушінің салық есебіне тұрмауы немесе өзін уақытында салық есебіне қоймауы;

  • Салық есебіне алынғанын растайтын салық органыберген құжаттың бары жоғын тексермей салық төлеушіге банктік шот ашу жатады.

Салықтық міндеттемелерін мерзімінде орындамаған салық төлуші – заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің банктік шарттарындағы ақшалары, қолма-қол ақшалары және оларға келешегі бар девиторларының банктік шарттарында ақшалары болмаған жағдайда салық органы салық төлеушінің келісімін сұрамай-ақ оның билік етуі шектелмеген мүлкін өткізу арқылы, содан түскен қаражаттар есебінен салық берешегі сомасын өндіріп алуға құқылы. Салық төлеуші өзінің билік етуіне шектеу қойылған өз мүлкінің осы шектеу алынып тасталғанға дейін дұрыс сақталуын және тиісінше күтіп ұсталуын қамтамасыз етуге міндетті. Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін мамандандырылған аукционда сату (өткізу) төлеушінің салық берешегі бойынша жиналып қалған мемлекет алдындағы борышын отеуге жұмсалынады.

Салық төлеушінің билігі шектелген мүлкін, оның салық берешегі есебіне аукционда өткізу тәртібін ҚР Үкіметі белгілейді.


Тақырыбы: Салық заңнамасын бұзғаны үшін қаржылық құқықтық жауапкершілік



Бақылау түрі – Глоссарий
Салық кодексі

Құқық бұзушылық

Айыппұл

Жауапкершілік

Салықтық құқық бұзушылық

Кінә

Зардап

Қылмыс

Қаржы құқығы

Салықтан жалтару

Салықтық тексеру

Салықтық бақылау

Салықтық міндеттеме

Салық төлеуші

Салық берешегі

Салық салу объектісі

Салық ставкасы

Салық базасы

14 – апта
Салық заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік
Бақылау түрі – Коллоквиум

Тақырыбы: Салық заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқықтық жауапкершілік


Әкімшілік құқықбұзушылық – бұл жалпы міндетті әкімшілік –құқықтық нормаларды бұзатын және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратын құқыққа қайшы , қоғамдық кауіпті , кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік болып тұрады .

Әрекет түріндегі әкімшілік құқықбұзушылық –бұл өзіне тиісті міндеттерді , заңды талаптарды белсенді орындамаушылық немесе тыйым салынған әрекеттерді жасау (көкнәр егу ) .

Әрекетсіздік болса міндеттерді пассивті түрде орындамаушылық болып тұрады .

Әкімшілік жауапкершіліктің негізі әкімшілік құқықбұзушылықты жасау фактісінің өзінде. Әкімшілік құқықбұзушылықтың белгілеріне: 1)құқыққа қайшылық; 2) кінәлілік; 3) әкімшілік жазалануға жату; 4) қоғамдық кауіптілік кіреді

Құқыққа қайшылық – бұл құқық нормаларын бұзатын әрекетті жасау.

Кінәлілік - әрекеттің кінәлілігі -оның қасахана немесе абайсыздықпен жасалуында . Айып бары - әкімшілік құқықбұзушылықтың міндетті белгісі .

Әкімшілік жазалануға жату –бұл заңдармен әкімшілік жауапкершілікке жатады деп көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылықты жасау.

Әкімшілік құқықбұзушылықтар қылмыстық құқықбұзушылықтармен бірдей объектілерге бағыттылған болып,( мысалы, бұзақылық , жол қозғалысы ережелерін бұзу ) олардан тек қоғамдық кауіптілік дәрежесімен ғана (ауыр болуымен ) ажыратылады.


Әкімшілік құқықбұзушылықтың барлық белгілері болғанымен, әрекетте әкімшілк бұзушылықтың құрамы болмауы мүмкін ( мысал, айыптының 16 жасқа толмауы ).

Әкімшілік құқықбұзушылық құрамы – бұл құқық нормаларымен анықталған, әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратын қоғамға кәуіпті әрекеттер белгілерінің бірлестігі.

Әрекет тек құқықбұзушылық құрамына кіретін барлық белгілері бар жағдайда ғана құқықбұзушылық деп есептеледі .Бұл белгілерге құқықбұзушылықтың объектісі, объектівтік жағы , субъектівтік жағы, субъектісі кіреді. Бұл элементтерден бірінің болмауы жалпы құрам болмауына әкеп соғады.

Әкімшілік құқықбұзушылықтың объектісі болып құқықтың әр түрлі салаларындағы нормаларымен ретке келтірілетін және әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар болып тұрады.

Объектівтік жағы әкімшілік құқықбұзушылықтың сыртқы корінісін, әрекеттің мазмұнын сипаттайды.

Көп жағдайларда құқықбұзушылықтың құрамындағы белгілер ерекше маңызға ие болады : істеу әдісі , жайы (қоғамдық жер, ұшақ іші ), уақыты (түнгі), келтірілген зиян мөлшері. Кейбір кездерде бұл әкімшілік немесе кылмыстық заң нормаларының колданылуын анықтайды.

Құқықбұзушылық субъектісі оны жасаған тұлға, басқа сөзбен айтқанда, осы құқықбұзушылық үшін заңдарға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға жататын тұлғалар болады.

Әкімшілк жауапкершілік субъектісінің жалпы және арнайы белгілері ажыратылады . Жалпы белгілер – бұл 16 жасқа толу және жауапты болуға қабілеттік . Әкімшілік жауапкершілікке тартылатын тұлға осы белгілерге ие болу тиіс.

Арнайы белгілерге ие субъекті арнайы субъекті болып есептеледі. Оны осы ретте жауапкершілікке тарту үшін құқықбұзушылық құрамына қосымша белгілер енгізіледі: 1) тұлғаның лауазымды адам болуы немесе оның қызмет түрі (лауазымды адам , автомобиль жұргізушісі ); 2) құқықтық статусының ерекшелігі (әскери, ата-ана, шетелдік болу ); 3) өткенде құқыққа қайшы мінез –құлқы (әкімшілік бақылаудағы тұлға ) болу .

Субъективтік жағы – бұл субъектінің жасалған құқықбұзушылыққа, онымен келтірілген зияндарға өзінің психологиялық қатынасы . Кінә қасақана немесе абайсыздық нысандарында болу мумкін .

Тақырыбы: Салық заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік
Бақылау түрі – Коллоквиум
Коллоквиум сұрақтары:

1. Акциздер

2. Салық салу объектісі, төлеушілері, салық базасын айқындау тәртібі, төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі

3. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары: бонустар, роялти, үстеме пайда салығы.

4. Салыну объектілері, төлеушілері, салық базасын айқындау тәртібі, төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі

5. Әлеуметтік салық

6. Жер салығы. Салық салу объектісі

7. Көлік құралдары салығы. Салық төлеушілер

8. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық

9. Арнаулы салық режимін қолдану, оның ерекшеліктері

10. Шағын бизнес субъектілері

11. Шаруа(фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері

12. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі

13. Алымның ұғымы және оның басқа міндетті төлемдерден айырмашылығы

14. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым

15. Төлемақының ұғымы және оның басқа міндетті төлемдерден айырмашылығы

16. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы

17. Мемлекеттік бажды төлеушілер, алыну объектілері, мемлекеттік баж ставкалары

18. Кедендік төлемдер, олардың түрлері

19. Салық салу аясындағы мемлекеттік мәжбүрлеудің ұғымы

20. ҚР салық заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік

21. Салық заңнамасын бұзу ерекшеліктері

22. Салықтық құқық бұзушылықтар үшін қаржылық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы

23. Қаржылық құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән белгілері

24. Әкімшілік салықтық құқық бұзушылық үшін әкімшілік құқықтық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы

25. Әкімшілік құқықтық жауапкершіліктің белгілері

26. Салық заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің сипаттамасы

27. Қылмыстық жауапкершілік негізі




15– апта
Салықтық жоспарлаудың құқықтық негіздері
Бақылау түрі – Үй тапсырмасы

Тақырыбы: Салықтық жоспарлаудың құқықтық негіздері


Мемлекеттік салықты жоспарлау тактикалық және стратегиялық жоспарлау болып бөлінеді.

Мемлекеттік салықтық жоспарлау салықтар бойынша тапсырмаларды қарастыру кезінде мынау кезеңдерді қамтиды.



  1. Үкіметтің және салық органдарының осы аядағы нақты іс-қимылдарын және салық салу саласындағы мақсаттармен міндеттерді айқындау;

  2. стратегиялық қоғамдық саяси мақсаттарды есепке ала отырып салық салу концепцияларын әзірлеу және он бағалау;

  3. салық салуға қатысты тәсілдер мен жолдарды өзгертетін немесе сақтайтын ұтымды салық концепциясын тыңдау;

Осы мемлекеттік салықтық жоспарлау белгілі кезеңдеріне байланысты.

  1. жедел салықтық жоспарлау (1 тоқсанға);

  2. ағымдағы салықтық жоспарлау (1тоқсанға);

  3. ұзақ мерзімді жәнге стратегиялық салықтық жоспарлау болып екіге бөлінеді;

Мемлекеттік және корпорациялық салықтық жоспарлау мемлекеттік бюджеттің салықтық кірісіне, сондай-ақ фирмалардың корпорациялық салықтық шығысына байланысты нақтылы мән-жайларды айқындайтын, елдегі әлеуметтік – экономикалық проблемаларды жүйелі түрде көрсете алады, салық әкімшілігін салық салу аясындағы тиісті мүдделерді есепке ала отырып жүргізу жолдарын болжамдайды, концерндердің ішкі трансферт тік бағаларын құру жөніндегі іс-әрекеттерінің салық заңнамасы тұрғысынан қаншалықты рұқсат етілгенін анықтауға мүмкіндік береді, инвестицияланатын орташа пайдасын, сондай-ақ салық ставкасының процентін болашақ салықтың төлемдер ағымына қолдануды болжамдау арқылы фирманың салық төлеу қабілетін айқындайды, салықтық реттеу және салық бақылау бағыттары мен экономикалық-құқықтық тәсілдерін, салықтық аудиттің ерекше құқықтық-бақылау функциясын,сон дай-ақ фискальдық мониторинг институтының жұмыс істеуін ұйымдастыру –басқару процентін болжамдайды.

Мемлекеттік салықтық жоспарлау тактикалық және стратегиялық жоспарлау болып бөлінеді.

Мемлекеттік салықтық жоспарлау салықтар бойынша жоспарлы тапсырмаларды қарастыру кезівде мына кезендерді қамтиды:


  1. Үкіметтің және салық органдарының осы аядағы нақты іс-қимылдарын және салық салу саласындағы мақсаттар мен міндеттерді айқындау;

  2. стратегиялық қоғамдық саяси мақсаттарды есепке ала отырып салық салу концепцияларын әзірлеу және оны бағалау;

  3. салық салуға қатысты тәсілдер мен жолдарды өзгертетін немесе сақтайтын ұтымды салық концепциясын тандау және негіздеу.

Осы мемлекеттік салықтық жоспарлау белгілі кезендеріне байланысты:

  1. жедел салықтық жоспарлау (бір тоқсанға);

  2. ағымдағы салықтық жоспарлау (бір жылға);

  3. ұзақ мерзімді және стратегиялық салықтық жоспарлау болып бөлінеді.

Мемлекеттік салықтық жоспарлауды іске асыру кезінде салық салуға байланысты болжамдар бюджеттік тапсырмалар негізінде қалыптастырылады және еліміздің әлеуметтікэкономикалық дамуының бағдарламаларында беріледі.

Мемлекеттік салықтық жоспарлаудың негізгі міндетіне бюджеттік тапсырманың басым бағыттарының салықтық түсім көздерін және еліміздің әлеуметтікэкономикалық дамуының перспективалық бағдарламаларын экономикалық тұрғысынан немесе заң жүзінде қабылданған салық концепциясы көлемінде негіздеу жатады.



Тақырыбы: Салықтық жоспарлаудың құқықтық негіздері
Бақылау түрі: Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы сұрақтары:
1. Салықтық жоспарлау ұғымы

2. Салықтық жоспарлау тәсілдері

3. Салық төлеушілердің мінез-құлықтары мен іс-қимылдары моделдері

4. Салықтық жоспарлау этаптары

5. Корпорациялық және жеке табыстық жоспарлау

6. Корпорациялық салықтық жоспарлау тактикасы

7. Мемлекеттік салықтық жоспарлау

8. Салықтық жоспарлауды іске асыру механизмі

9. Мемлекеттік салықтық жоспарлау кезеңдері

10. Тактикалық жоспарлау

11. Стратегиялық жоспарлау

12. Салықтық жоспарлаудың құқықтық негіздері

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет