Хаттамасы №____
______________________________________________________пәні
студент_____________________________тобы_________________________
Курстық жұмыс тақырыбы _____________________________________
_________________________________________________________________
Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.________________________________________________________________
2.________________________________________________________________
3.________________________________________________________________
Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) _____, қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен)_____балл.
Сомалық баллы______
Жұмыстың бағасы____________
Курстық жұмыс жетекшісі____________________________________
Комиссия мүшелері________________________________________________
Комиссия мүшелері________________________________________________
Қорғау күні__________2014ж.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден тұратын қазақтың төл сөзі: індет — жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде «эпизоотология» деп аталады. Ол да екі ұғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері — арасында, zооп — жануар) және 1оgоз - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері - арасында, детов - халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті.
Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жұғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы т.б.)
Бұл аурумен көбінесе жас қозылар ауырады. Байқалатын кезі — қой қоздайтын мезгіл. Індеттін, коздырғышы сыртқы ортада ұзақ уақыт тіршілік ететіндіктен ауру қайта-қайта өрши беруі мүмкін.
Індет сау төлге ауру қойдан жұғады. Өйткені дизентерия қоздырғышы бар қойды қозы емеді де, ауру енесінің сүті арқылы төлге енеді. Сонымен катар, ауру қоздырғышымен ластанған қой қоралар, қой қоздайтын бөлмелерден індет жаңа туған қозыларға тарайды.
Аурудың қоздырғышы ішек куысында уын шығарады да, оның іріткіш қасиетінің салдарының ішектің кілегей қабығы қабынады. Соның әсерінен пайда болған токсин қозы организмін улайды.
Сонымен қатар, токсин қанның ақ түйіршігін уландырып, олардың фагоцитарлық қызметін жояды. Осы уланудың салдарынан ыдыраған тканьдер кеселді одан сайын өршіте түседі.
Ешкінің жұқпалы плевропневмониясы - дененің қызынып, плевропневмония ретінде байқалатын жіті өтетін аса жұғымтал ауру.
Қазақстанда бұл ауру өте ерте заманнан белгілі. Әр түлік малдың ең қатерлі індеті ретінде сиырда - қарасан, қойда – топалаң, жылқыда – жамандат, түйеде – ақшелек, ешкіде – кебенек ең қауіпті ауру болып есептелінеді.
Бұл жағдай халықтың әдеби мұраларында, психологиялық стереотиптерінде көрініс тапқан. Осындай көне аурудың зерттелуі мардымсыз дәрежеде болып келді. Ғылымда бұл ауруды 1873 ж. Том Алжирде ашты деп есептелінеді. Қоздырушысының микоплазма екендігін тек 1940 ж. Ленгли дәлелдеді.
1954 ж. Эдвард бұл микробты Mycoplama mycoides түрінің cаpri вариантына жатқызды. Кебенек Жерорта теңізі аймағында, Таяу Шығыста ертеден бері кең тараған. Греция, Ливан, Иран, Үндістанда байқалып тұрады.
Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда да кең тараған. Ресми түрде 1952 жылдан бері біздің елде байқалмайды деп есептелінеді [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты – ешкінің індетті плевропневмониясы ауруының диагностикасы мен сауықтыру шараларын зерттеу.
1 Негізгі бөлім
1.1Ешкінің індетті плевропневмониясы
Ешкінің жұқпалы плевропневмониясы- дененің қызынып, плевропневмония ретінде байқалатын жіті өтетін аса жұғымтал ауру.
Тарихи деректер. Қазақстанда бұл ауру өте ерте заманнан белгілі.
Әр түлік малдың ең қатерлі індеті ретінде сиырда - қарасан, қойда – топалаң, жылқыда – жамандат, түйеде – ақшелек, ешкіде – кебенек ең қауіпті ауру болып есептелінеді.
Бұл жағдай халықтың әдеби мұраларында, психологиялық стереотиптерінде көрініс тапқан. Осындай көне аурудың зерттелуі мардымсыз дәрежеде болып келді.
Ғылымда бұл ауруды 1873 ж. Том Алжирде ашты деп есептелінеді. Қоздырушысының микоплазма екендігін тек 1940 ж. Ленгли дәлелдеді.
1954 ж. Эдвард бұл микробты Mycoplama mycoides түрінің cаpri вариантына жатқызды.
Кебенек Жерорта теңізі аймағында, Таяу Шығыста ертеден бері кең тараған. Греция, Ливан, Иран, Үндістанда байқалып тұрады.
Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда да кең тараған. Ресми түрде 1952 жылдан бері біздің елде байқалмайды деп есептелінеді.
1.1.1Ешкінің індетті плевропневмониясының қоздырушысы
Қоздырушысы-Mycoplama mycoides түрінің cаpri варианты – морфологиясы, қоректік ортада өсуі сиырдың жұқпалы плевропневмониясының қоздыруышысына ұқсас, одан тек антигендік құрамы арқылы ерекшеленеді.
Микоплазманы жаңадан алынған патматериалдан сұйық және тығыз қоректік орталарда өсіру арқылы оңай бөліп алуға болады.
Тығыз ортада шық сияқты мөлдір, ортасы батыңқы, формасы түймеге ұқсас өсін береді. Өсінділері екі түрлі S және R формалы болып келеді. Сұйық орта сәл ғана лайланып бетінде нәзік қабыршық түзіледі.
Микоплазма сыртқы ортаның әсеріне төзімсіз, 55-56ºС оны 40 мин өлтіреді. 1 % креолин ерітіндісі 5 мин, 0,25 % фенол 2 сағатта өлтіреді. 50 % глицерин ерітіндісіне салғанда қоздырушының уыттылығы үй температурасында 27 күн, ал 10-12ºС-та қараңғы жерде 50 күн сақталады.
Шіріген материалда белсенділігін 3 күн, ал минус 1-ден 2ºС-ге дейінгі аралықта уыттылығын 2 айға дейін сақтайды.
1.1.2 Ешкінің індетті плевропневмониясының індеттік ерекшеліктері
Ауруға тек қана ешкі шалдығады. Қолдан койға жұқтыруға болады, бірақ барлық жағдайда емес.
Табиғи жағдайда 3 жасқа дейінгі ешкілер ауырады. Одан ересек ешкілер мен еметін лактар сирек шалдығады. Ауру коздырушысының. бастауы ауру және ауырып жазылған ешкілер. Олар микоплазманы жөтелгенде, танаудан аққан сорамен және несеппен бөліп шығарады.
Қоздырушысы аэрогендік жолмен жұғады. Шыққан ауру сол ағымдағы жергілікті індет ретінде тұтанып, індет ошағындағы ешкінің барлығы дерлік шалдығады. Өлім көрсеткіші 90-100 %-ға жетеді.
1.1.3Ешкінің індетті плевропневмониясымен дерттенуі
Кебенектің микоплазмасы өкпеге енген соң бронхалар арқылы бронхоаралық ұлпаға өтіп, онда тез өсіп-өнеді, қабыну процесін тудырады. Алдымен алвеолалар зақымданады да, бастапқы пневмония ошақтары пайда болады.
Олар ірі ошақтарға бірігеді де, сырты қабыршақтанып, өліеттенген телімдерге айналады.
Бұның нәтижесінде өкпедегі ауа алмасуы бұзылады. Пневмония одан әрі өршігенде экссудативті процесстер басым болып, плевраны да қамтиды. Дерт асқынғанда екі өкпеніде зақымдайды.
Қабынған өкпе ұлпасы қызыл гепатизация, кейде сұрғылт гепатизация сатысында болады.
Зақымданған қан және сөл тамырлары тромбамен бітеледі де, өкпе ұлпасының өліеттеніп, шіріп, секвестрлер пайда болуына әкеліп соғады. Бұдан барып дерттің бүкіл денеге жайылып, өлітию байқалады.
1.1.4 Ешкінің індетті плевропневмониясы өтуі мен симптомдары
Жасырын кезеңі 1-3 апта. Ауру әдетте жіті, кейде созылмалы өтеді.
Жіті өткенде жануардың ыстығы бірден 41-42ºС-қа көтеріледі, жүруі қиындайды, жем-шөпке қарамайды.
Ауру мал шөлдеп, жөтеледі. Бастапқыда құрғақ, қатты жөтеледі, кейіннен экссудативті плеврит байқалғанда жөтел дымқылданады.
Танаудан бастапқыда сұйық, кейіннен қоймалжың іріңді экссудат ағады.
Өкпені тыңдағанда бастапқыда везикулярлық, кейіннен бронхалық тыныс естіледі, сырыл пайда болады.
Қабырғаларының арасын басқанда жануар ауырсынады.
Ауру өршіген сайын жүректің қызметі бұзылып, жүрек соғысы жиілейді. Тынысы тарылып, демігеді.
Кей жағдайда ауырған малдың қабақтары ісініп, көзінен ірің ағады. Буаз ешкі іш тастайды. Өлер алдында іші өтеді, 7-10 күнге созылады. Өліммен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |