I кебенек немесе ешкшщ жїќпалы плевроинсвмониіяіс и



бет4/4
Дата04.12.2023
өлшемі213 Kb.
#485463
1   2   3   4
stud.kz-64076

Созылмалы өткенде аурудың белгілері бәсең байқалады, дененің ыстығы өзгермелі, негізінен созылмалы пневмонияның белгілері байқалады.
Малдың күтімі нашар болса ауру асқынып кетеді. Ауру жануар тірі қалса да, толық жазылып кетпейді, ұзақ уақыт сақталады.
1.1.5 Ешкінің індетті плевропневмониясындағы өлекседегі өзгерістер

Ауру жіті өткенде көкірек қуысында 1-2 л қызғылт-сары түсті лайланған экссудат жиналады. Өкпе тұтастай немесе жеке бөліктері бауырланудың әртүрлі сатысында, ал тіліп көргенде «мәрмәр» түсті болады.


Плеврада ұйыған фибрин жіп тәрізді немесе жұқа қабыршақ болып жабысып тұрады. Бронх төңірегіндегі және өкпе аралық сөл түйіндері ұлғайып, суланады.
Кебенек созылмалы өткенде өкпе өліеттеніп, өліеттенген телімдердің айналасы қабықтанады. Өкпенің ұлпасы іріңдеп, ыдырайды.

1.1.6 Ешкінің індетті плевропневмониясын балау


Ауруды балағанда індеттанулық деректер: оның тез таралып, өлім көрсеткішінің жоғары болуы, тек қана ешкінің ауыратыны ескеріледі. Клиникалық ерекшеліктері: тұрақты жоғары температура, жөтел, плевропневмония, малдың тез жүдеуі.


Осы ауруға тән өлекседегі өзгерістер: өкпенің жаппай бауырлануы, тіліп қарағанда «мәрмәр» түсті болуы. Нақты диагноз қою үшін қоректік ортада өсіріп, қоздырушысын бөліп аламыз.
Алынған өсінді КБР және ДПР арқылы анықтайды. Ауру созылмалы өткенде балау қиындық туғызады(КБР-мен анықтайды).
Балау қиындық туғызып жатса, лақтарға биосынама қояды.
Ажыратып балау. Кебенектің кейбір белгілері пастереллезге ұқсайды. Пастереллез кезінде ешкілермен қатар, қойлар да ауырады.
Сонымен қатар бактериологиялық тексеруде айқын нәтиже береді. Пастерелламен зертханалық жануарлар оңай жұқтырылады.
1.1.7 Ешкінің індетті плевропневмониясының емі

Кебенекпен ауырған ешкілерді емдеу үшін новосальварсан немесе оның туындысы новарсенол қолданылады. Новосальварсанның дозасы ересек ешкіге – 0,5 г, лаққа 0,3 г. Оны 5 мл дистилденген суға ерітіп, көктамырға баяу, өте мұқият 1-2 мин бойы жібереді.


Ерітіндінің тері астына болмашы мөлшері кетіп қалса, асептикалық қабыну процесін тудырады.
Новарсенолды малдың әр кг. массасына 0,01 г мөлшерде 2% судағы ерітіндісін көктамырға жібереді.
Бұл дәрілерді бергеннен кейін мал жазыла қоймаса 5-6 күннен кейін емдік процедураны қайталайды.
Сонымен қатар осарсолмен емдеуге болады. Жануардың 1 кг массасына 0,01 г мөлшерде 2% сода ерітіндісіне езіп, күніне 1 реттен 5 күн бойы ішкізеді. Бұдан басқа тетрациклин тобындағы антибиотиктерді: биомицин, тетрациклин немесе окситетрациклинді пайдалануға болады.
1.1.8 Ешкінің індетті плевропневмониясының иммунитеті

Кебенекпен ауырып жазылған ешкіде ұзақ уақытқа берік иммунитет қалыптасады. Өкпенің зақымданған ұлпасының эмульсиясынан формолвакцина дайындалған пайдаланылады.


1.1.9 Ешкінің індетті плевропневмониясын дауалау және күресу шаралары

Кебенек шыққан шаруашылыққа карнтин қойылады. Барлық ешкілер күн сайын тексеріліп, термометрияланады.


Күдікті ешкіні бөліп алып,емдейді. Ауруларын сойып, етін шартты жарамды ет ретінде пайдаланады. Қалған ешкілерді оқшаулайды.
Қораны тазалап, 2% күйдіргіш натрийдің қыздырылған 70º ерітіндісімен, 2% формалин ерітіндісімен дезинфекциялайды.
Карантин ең соңғы ауру ешкі сойылған немесе өлгеннен кейін 2 айдан соң алынады.
1.2 Сиырдың жұғымтал плевропневмониясы

Сиырдың жұғымтал плевропневмониясы (мәлік, ала өкпе, Рleuropneumonia contagiosa bovum, повальное воспаление легких крупного рогатого скота) - өкпенің беріштеніп қабынуы, экссудативті плеврит арқылы ерекшеленетін аса жұғымтал ауру.


Тарихи деректер. Ауруды алғаш рет Буржел (1765) сипаттады, ал оның жұқпалы екендігін Хаберст (1792) дәлелдеді. Виллемс (1850-1852) ауырған сиырдың өкпесіндегі сөлді сау сиырды иммундеу үшін пайдалануға болатындығын көрсетті. Қоздырушысын француз ғалымдары Нокар мен Ру (1898) ашып, сүзгіден өтіп кететін плевропневмотропты микроб ретінде сипаттады.
Өткен ғасырдың соңы мен осы ғасырдың басында мәлік дүние жүзінде кең тарады, ал қазір бұл ауру көптеген елде жойылды. Сөйтседе бірақтар Африка және Азия елдерінде әлі де болса кезігеді, ал кейбір Европа елдерінде оқтын-оқтын байқалып қалады. Бұрынғы Кеңес Одағында ауру 1928 ж. жойылды деп есептеледі.
Қоздырушысы - Мусoplasта тусоіdes var. Mусоides микроорганизмдердің жүйеленуі бойынша Моlicutes класының Мусоplasmatales қатарына жатады. Аса полиморфты дөңгелек, сопақша таяқша, бүршіктенген түрде болады. Үлкендігі 0,2-0,8 мкм, бактериологиялық сүзгілерден өтіп кетеді.
Полиморфтылық және сүзілгіштік қасиеті мықты торша қабырғасы болмай, оның орнында тәуелсіз қабатты цитоплазмалық мембрананың болуынан. Қоздырушы аурудың асқынған кезеңінде экссудат пен ішкі ағзалардан оңай бөлінеді, қан сарысуы мен ашытқы экстрактары қосылған Мартен сорпасында өседі.
Микоплазмалар химиялық және физикалық әсерлерге төзімсіз. Күн сәулесінен немесе ауада кептіруден 5 сағ, 58°С температурада 1 сағ ішінде өледі.
Кәдімгі дезинфектанттар әдеттегі концентрациясында қапысыз зарарсыздандырады. Сонымен қатар микроб кейбір жағдайда ұзақ сақталады. Шіріген материалда 9 күн, суықта қатырылған өкпенің кесіндісінде жыл бойы тіршілігін жоймайды. Лиофильдік жағдайда кептірілген микоплазманың уыттылық куаты 5 жылға жетеді.
Індеттік ерекшеліктері. Сиырдың жұғымтал плевропневмониясымен табиғи жағдайда сиырдан басқа буйвол, кодас, бизон, енеке (зебу) ауырады. Қолдан қойға, ешкіге, түйеге, солтүстік бұғысына жұқтыруға болады.
Ауру малдың сөлін тері астына жіберсе сол жердегі шелде жайылған флегмониялық қабыну байқалады. Маңындағы сөл безі зақымданып, организм тұтастай уланады.
Жұқтырылған бұзау 15-17 күнде өледі. Егер материалды (сөлді) құйрықтың ұшындағы тері астына жіберсе, аздаған ғана орны шектелген реакция байқалады. Кейде өліеттеніп, малдың құйрығы түсіп қалады, асқынып кетсе тіпті өлімге соқтырады.
Жұқтырудың басқа жолдары (көк тамырға, кеңірдекке, өкпеге, жеммен бірге) мәлікке тән құбылыстар бермейді. Плевра ішіне жұқтыру өкпені зақымдамай экссудативтік плеврит тудырады.
Шово мен Нокар ауруды қолдан жұқтару үшін ауру сиыр мен сау сиырдың тұмсықтарын қан арқылы қосарлап тұмшалап оң нәтижеге жеткен болатын.
Жұқпалы плевропневмония кезінде ауру қоздырушысының бастауы ауырған мал. Әсіресе созылмалы түрде ауырған мал аса қауіпті, өйткені ондай жағдайда аурудың көзге түсер белгілері байқалмайды.
Ауру ауырған мал мен сау малды бірге ұстағанда жұғады. Бұл үшін аз уақыт жанасудың өзі жеткілікті.
Ауру малдың денесінен қоздырушы танаудан аққан сора, жөтелген кездегі шашыраған сұйықтық, ара-тұра несеп, сүт, шарана арқылы бөлініп шығады. Аурудың берілуінің ең ықтимал мүмкіндігі - респираторлық жолмен жұғуы. Жұқпалы плевропневмонияның микоплазмасы өкпенің беріштенген ошақтарында жылдан аса уақыт сақталады. Ауруың асқынуы микробтың сыртқы ортаға бөлінуіне себеп болады.
Сиырдың мәлікке бейімділігі әр өлкеде әртүрлі болуы заңды құбылыс. Ауру ұзақ уақыт жайлаған аймақта жергілікті малдың оған төзімділігі жоғары болады.
Ал сырттан әкелінген мал тез ауырады. Табындағы мал түгелдей ауырмайды, олардың бір бөлігінде ауру жұкқан кезде тек қана ыстығы көтеріліп, серологиялық оң реакция байқалады да, өкпесі зақымданбайды.
Жұқпалы плевропневмония індеті баяу өрбіп, бірнеше жылдарға созылады. Малдан малға жұғуы тығыз, нашар желдетілетін қорада тезірек өтеді. Ауруға шалдығу көрсеткіші 70%, ал өлім көрсеткіші 20%-ке жетеді.
Дерттенуі. Мәліктің қоздырушысы жануар денесіне тыныс жолдары арқылы еніп, ұсақ бронхалардың бойында орын тебеді. Орналасқан жерінде қабыну процесін тудырып, өкпедегі бөлікше аралық дәнекер- ұлпаны зақымдап, оны домбықтырады.
Сол тамырлары бітеліп, нәтижесінде крупозды пневмония өрбіп, осы ауруға тән өкпенің бауырлану процесінің әртүрлі стадиялары байқалады [1,3,4].
Қабыну, қан және сөл тамырларының бітелуі нәтижесінде өкпенің зақымданған бөлігінің анемиялық өліеттенуі байқалады. Бұл процесс кеудеаралық және бронхалық сөл түйіндерін және өкпе пердесі - плевраны қамтиды.
Одан кейін өліеттенген телімдердің айналасында дәнекер ұлпадан құралған қабыршақ түзіледі де, секвестерлер пайда болады. Олардың ішінде ауру қоздырушысы ұзақ уақыт сақталады да, қабыршақтың бүтіндігі бұзылса айналадағы сау ұлпаға өтіп, өкпенің сау бөліктерін қабынуға ұшыратады. Баяу типтес сезімталдық дерттің өрбуінде біршама маңызды роль атқарады.
Жұқпалы плевропневмониямен ауырған малдың айығуы ұзаққа созылып, толықтай жазылып кетпейді. Сөл тамырларының қабынуы мен бітелуі экссудаттың сіңірілуіне бөгет жасайды.
Қоздырушысының қанға түсуі бірқатар ішкі мүшелерді (бауыр, бүйрек, жүрек) дегенеративтік өзгерістерге ұшыратады.
Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 2-4 апта, кейде 4-6 айға созылады. Ауру аса жіті, жітіден төмен, созылмалы және кәдімгідей емес түрде өтеді.
Аса жіті өткен кезде өкпе мен оның пердесі күшті зақымданып экссудативтік плеврит пен пневмонияның белгілері білінеді. Тыныс алу қиындап, жөтел пайда болады.
Денесінің ыстығы 41°С-тан асады. Ауырған мал жемшөпке қарамайды, күйістен қалады, іші өтеді, 2-8 күн ішінде өледі.
Жіті өткенде ауру бастапқыда жөтелмен қатар дененің қызуының аздап жоғарылауы арқылы байқалады. Одан кейін дененің ыстығы 42°С-қа дейін көтеріліп, әдетте төмендемейді, кейде айнымалы түрде байқалады.
Ауырған мал қозғалмауға тырысып, алдыңғы аяқтарын алшақ ұстап, мойнын созып, арқасын бүгіп, аузын ашып тұрады.
Тынысы тарылып, қабырғаларының арасын, арқасын басқанда ауырсынады, жүрек соғысы дүрсілдеп, тамыры баяу соғады. Сауын малдың сүті қайтады. Жөтел басында құрғақ қысқа, қатты, кейіннен дыбысы бәсең, ылғалды болады. Перкуссия жасағанда дыбыс төмендеп, аускультация кезінде тыныс естілмейді. Плевра зақымданса үйкелген дыбыс шығады. Өкпеде каверналық қуыс болса тамшының тамған дыбысы естіледі.
Өкпенің негізінен біреуі ғана, кейде екі өкпе де қабынады. Сора танаудың екі тесігінен бірдей ағады.
Кеуденің төменгі тұсы мен сирақтары домбығады. Іштің қатуы мен өтуі алма кезек байқалады. Ауырған мал 2-4 аптада өледі. Өлім көрсеткіші 70%-ке жетеді. Кейде процесс жітіден төмен, не созылмалы түрге ауысады. Әдетте ауырған мал толық сауықпайды.
Жітіден төмен өткен аурудың барлық клиникалық белгілері айқын байқалады. Ауырған мал сирек жөтеледі, іші өтіп, ыстығы көтеріледі.
Созылмалы өткен кезде мал арықтайды, жөтеліп, оқтын-оқтын іші өтеді. Перкуссия мен аускульация арқылы өкпеде секвестер қуыстарын байқауға болады. Жөтелген кезде ірінді іріміктер шашырайды.
Кейде төсінде, кеудесінде, сирақтарында домбығу байқалады. Ауру бірнеше айға созылады, көбінесе ауырған мал өліп қалады, не пышаққа ілінеді.
Аурудың кәдімгідей емес түрінде малдың аз уақыт ыстығы көтеріліп, селқостанып, жемшөп жеуі нашарлайды. Оқтын-оқтын жөтеліп қояды.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өлекседегі негізгі өзгерістер көкірек қуысында байқалады.
Әдетте олар бұл ауруға тән құбылыстар ретінде патологиялық-анатомиялық диагноз қою үшін толық негіз бола алады.
Көбінесе өкпенің біреуі ғана зақымданып, процес соның артқы немесе ортаңғы бөлігінде шоғырланады. Зақымданған телім бұдырайып тұрады, басып көргенде тығыз болады.
Тіліп қарағанда әр жері бауырланудың әр түрлі сатысында болады да, өкпенің ішінен дәнекер ұлпадан тұратын талшықтар өтеді. Бұл жолақтанған талшықтар қызыл-сары түсті болып, ортасында кеңіген сөл тамырлары көзге түседі. Осының бәрі өкпе ұлпасын тілгенде мрамор суретті көрініс береді.
Аурудың соңғы кезеңінде өкпенін өліеттенуінен пайда болған секвестрлер кезігеді. Олардың сыртын дәнекер ұлпалардан тұратын қабыршақ қаптайды.
Плевраның зақымдануы жиі ұшырайды. Әдетте өкпе пердесі қалыңдап, оған фибринді жалқақ жабысып, аурудың кейінгі сатысында плевра қабықтары дәнекер ұлпалар арқылы бір-біріне жабысып қалады.
Көкірек қуысында фибрин іріміктері аралас экссудат болады. Көкірек қуысының сөл түйіндері ұлғайып, тіліп қарағанда түрі майлы ұлпаға ұқсайды, өліеттенген ұсақ телімдер кездеседі.
Басқа ағзаларда әдетте өзгеріс болмайды. Кейбір жағдайда суланған немесе фибринді перикардит, ал бұзаулардың буыны суланған фибринді қабынуға ұшырайды, тері асты шелінде іркілдеген жалқақтар ұшырасады.
Балау. Жұғымтал плевропневмонияға диагноз қою үшін індеттанулық деректерді (сиыр ғана ауырады, індет баяу өрбиді), клиникалық белгілерін (пневмония, плеврит), патологиялық-анатомиялық өзгерістерді (өкпедегі, плеврадағы өзгеше зақымдар, секвестерлер) және зертханалық зерттеулердің нәтижесін (бұзауға қойылатын биосынама, бактериологиялық және серологиялық тексерулер) негізге алады.
Тірі кезінде балау қиыншылық тудыратындықтан бірнеше ауруға күдікті малды сояды. Бұл мақсатта биосынама жақсы нәтиже береді. Ол үшін аурудан сау шаруашылықтан әкелінген бұзаулардың тері астына өлген малдың өкпе сөлін немесе көкірек қуысындағы экссудатты жібереді.
Бактериологиялық зерттеуге плевраның экссудатын немесе өкпенің зақымданған телімінің сөлін пайдалануға болады. Аурудың жіті өткен кезеңінде қоздырушыны қаннан да бөліп алуға болады.
Ауруы жасырын түрде өтетін жануарларды айқындау үшін серологиялық реакциялар: КБР, конглютинация реакциясы, боялған антигенмен пластинкадағы АР, ДПР, ҚГАР, ИФР. Ескеретін жәйт, мәлікке қарсы егілген мал 8 айға дейін КБР-да оң нәтиже береді.
Ажыратып балау. Мәлікті пастереллезден, туберкулезден, парагриптен, эхинококкоздан, жұқпайтын крупозды пневмониядан, жарақатты перикардиттен ажырату керек.
Пастереллез көкіректегі түрімен қатар ішектегі түрінде өтеді. Пастереллез кезінде өкпенің қабынуы қауырт, жіті өтеді. Түпкілікті балау бактериологиялық зерттеу арқылы айқындалады.
Туберкулез баяу өрбиді. Өкпеден басқа сирек болса да желін, жыныс мүшелері зақымданады. Ажырату үшін туберкулин сынамасы мен бактериологиялық тексеру жүргізіледі.
Парагрипп негізінен жас төлде кездеседі, жіті өтіп, жасырын кезеңі өте қысқа (1-2тәулік) болады. Айқындау үшін серологиялық және вирусологиялық зерттеу әдістері қолданылады.
Эхинококкоз өкпені зақымдағанымен плевра таза болады. Эхинококкозға арналған аллергиялық сынама оң нәтиже береді.
Жарақатты перикардит жекелеген жануарларда ғана байқалады. Төсін, жүрек тұсын басқанда ауырсынады. Сойғанда бөгде зат шығады, дүңгіршек қарын мен диафрагма бір-біріне жабысып қалады.
Жұқпайтын крупозды пневмония әдетте жіті өтіп, малды жаппай қамтымайды, өкпеде секвестерлер болмайды [2,3,4,5].
Емі. Ауру малды жедел бөліп алып сояды. Аурудың тез тарау қаупі болғандықтан емдеуге тиым салынады.
Иммунитет. Мәлікпен ауырып жазылған және егілген малда иммунитет қалыптасады. Ерте заманнан бері бұл ауруға қарсы жасанды иммунитет қалыптастыру үшін әртүрлі әрекеттер жасалып келеді.
Мысалы, африкалықтар пышақтың жүзін аурудан өлген малдың өкпесіне батырғаннан кейін сау малдың мандай терісін тілу арқылы егу әдісін пайдаланған.
Кейіннен Белгиялық дәрігер Виллемс (1852) бұл әдіске ғылыми негіздеме жасады, ал Л.Пастер осы әдіспен егу үшін қолдан жұқтырылған бұзаудың тері асты шелінде іркілген сөлді пайдалануды ұсынды.
Кейіннен егу үшін қоздырушының қоректік ортада алынған таза өсінін қолдана бастады. Өлтірілген өсіннің иммундық қасиеті төмен, ал тірі өсін асқынған жағдайларға әкеп соғатын болғандықтан, тірі өсінді арнайы әдіспен дененің белгілі бір жерлеріне ғана (құйрықтың ішкі жағындағы тері астына) егетін әдіс ұсынылды. Осылай еккенде асқыну байқалмай, ұзақ уақытқа (1-2 жыл) иммунитет қалыптасады.
Қазіргі уақытта шет елдерде тауық эмбрионында өсірілген авинделген вакцина қолданылады. Сонымен қатар аттенуацияланған немесе табиғи әлсіреген штамдардан даярланған вакциналар пайдаланылады. Оба мен мәлікке қарсы ассоциацияланған вакцинаны қолдану тәжірибесі де оң нәтиже береді.
Дауалау және күресу шаралары.
Біздің елде жұғымтал плевропневмония жойылғандықтан негізгі назар көрші елдерден бұл аурудың әкелінуіне жол бермеуге аударылады. Күрестің нәтижесі уақтылы дәл диагноз қоя білуге байланысты. Ауру шыға калғанда карантин қойылып, барлық ауырған, күдікті, сонымен қатар КБР беретін малдар сойылады.
Етін пайдаланып, зақымданған ұшаның телімдері мен ішкі ағзалар жойылады.
Тері кептіру арқылы зарарсыздандырылады. Қора жайды мұқият тазалап, 2% күйдіргіш натрий, 10-20% хлорлы әкпен дезинфекцияланады. Көң биотермиялық жолмен зарарсыздандырылады [1,2,6,7].
1.3 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау


Індеттанудың негізгі зерттеу әдісі. Жұқпалы ауру байқалған сәтте індеттанулық талдау арқылы ауруға балау қою мен қатар індеттанулық балау қойылады.
Ауруға балау қою дегеніміз (нозологиялық балау) кай ауру екенің анықтау болса (мысалы, аусыл, немесе топалаң), індеттанулық балау-байқалған жұқпалы ауруға індеттану тұрғысынан толық сипаттама беру болып табылады. Яғни індет тізбегінің әрбір буынын, індет ошағының ерекшеліктерін анықтайды.
Бұл әдіс арқылы аурудың себептері, таралу жолдары індет ошағының қалыпты жағдайлары айқындалады.
Осындай талдау жүргізу барысында клиникалық, паталогоанатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, аллергологиялық зерттеулер жүргізіледі. Барлық алынған мәліметтер індеттанулық талдау актісінде қортындалады. Соған сүйеніп індетке қарсы шаралар белгіленеді.
Індеттанулық талдау мен бақылау жұқпалы ауру байқалған кезде ғана емес, бұрын жұқпалы аурудан таза емес шаруашылықта да, жұқпалы аурудан таза шаруашылықта жүргізіледі. Бұндай зерттеудің мақсаты аурудан таза емес шаруашылықта жүргізілген індетке қарсы сауықтыру шараларының нәтижелілігін анықтау болса, аурудан таза шаруашылықта сақтық шараларына баға беру.
Салыстырмалы тарихи сипаттау белгілі бір жұқпалы аурудың бұрын-соңды байқалуын анықтайды, бұрынғы болған жұқпалы аурулардың қазіргі індеттік жағдай әсерін зерттейді.
Жұқпалы аурулар туралы өткендегі деректерді мынандай ақпар көздерінен алады: ауырған жануарларды тіркеу журналы (№ 1 форма), індетке қарсы шараларды тіркеу журналы (№ 2 форма), ауданның індет ақуалын тіркейтін журнал (№3 форма), актілер, есеп-қисаптар мен ресми статистика материалдары.
Аталған құжаттарды пайдалана отырып ретроспективалық (өткендегіні) талдау жасалынады. Оның нәтижесінде аурудың динамикасы, маусымдылығы, кезенділігі анықталынады. Жалпы алғанда салыстырмалы тарихи сипаттау — індеттік ақуалға уақыт тұрғысынан хронологиялық талдау жасау болып табылады.
Салыстырмалы географиялық сипаттау аурудың таралу ауқымын және індет ошағын қалыптасуына әсер ететін табиғи ландшафтық факторларды зерттейді. Нәтижесінде жұқпалы аурулардың белгілі бір әкімшілік аймақта (аудан, облыс), тексерілетін территорияның табиғи белдеулерінде таралуы туралы тұжырым жасалады.
Салыстырмалы географиялық сипаттауды іске асыру үшін, сол территорияның індеттік картасы нозогеографиялық картасы пайданылады. Індеттік картада жұқпалы аурулардың әрқайсысының байқалған жерлері белгіленеді де (картада қазба байлықтарын белгілеген тәрізді), нозогеографиялық картада нақтылы бір аурудың таралу шекаралары көрсетіледі.
Аурудың таралған аймағын нозоареал деп атайды. Осындай зерттеулер жұқпалы ауруды таралуына картографиялық талдау жасау болып табылады. Соңымен саластырмалы географиялық сипаттау арқылы белгілі бір аурудың кеңістіктегі моделі жасалынады.
Індеттанулық эксперимент — тәжірибе ретінде қолдан жұқтыру арқылы жануарларды арасында жұқпалы ауру таратып, індет процесіне бақылау жасау. Бұл бір ғана жануарға ауруды жұқтырып биологиялық сынама (биопроба) емес, ауруды жасанды түрде жануарлардың арасында тарату.
Бұндай тәжірибенің індеттану ғылымына індетті таралуы туралы аса құнды мол мәліметтер беретіндігі даусыз.
Індеттанулық эксперимент жасанды індет ошағында, аурудың одан тысқары тарап кетпеуін мұқият қадағалаған жағдайда өткізіледі. Бірақта бұл әдісті іс жүзінде пайдалану мүмкін бола бермейді. Соңдықтанда практикада бұндай эксперименттен гөрі экономикалық шығын келтірмейтін қоршаған ортаға қауіпсіз математикалық моделдеу мен індеттанулық болжам қолданылады.
Математикалық моделдеу деп абстракциялық жолмен індет процесінің әртүрлі көрсеткіштері арқылы індет процесінің моделін жасауды айтады. Індет процесінің математикалық моделі уақыттық және кеңістіктік деп екі түрге бөлінеді.
Індет процесінің уақыттық (хронологиялық немесе динамикалық) моделі, індеттің басталу, даму, аяқталу кезеңдерін қарастырады. Кеңістіктік модель болса, ол індеттің жайылу ауқымын анықтауға бағытталады.
Індеттанулық болжау — індет процесінің пайда болуына, өршу кезеңдеріне ғылыми прогноз беру.
Нақтылы жұқпалы аурудың табиғаты туралы ғылымға белгілі мағлұматтарды осы аурудың белгілі бір территорияда пайда болуына ықпал ететін табиғат пен шаруашылық жағдайларын ескере отырып індеттанулық болжам жасалады.
Болжамның қысқа, орта және ұзақ мерзімді түрлері болады.
Қысқа мерзімді болжам жыл маусымдарына байланысты індеттік жағдайдың өзгеруін қамтиды. Бұндай болжам маусымдық ауруларға қатысты жасалынады да, оның негізінде жыл маусымдарына байланысты малды ветеринариялық домдау, ауру қоздырушыларын тасымалдаушылармен күрес шаралары жүргізіледі.
Орта мерзімді болжам бір жыл уақытты қамтиды да оның негізінде індетке қарсы шаралардың жылдық жоспары жасалады.
Ұзақ мерзімді немесе көп жылдық болжам табиғи ошақты немесе созылмалы ауруларға қатысты жасалынады.
Індеттанулық болжамның дұрыс болуы үшін екі бірдей шарттың сақталуы керек.
Біріншіден, аурудың табиғаты мейлінше терең зерттеліп, ол туралы ғылыми мағлұматтар толық болуы шарт.
Екіншіден, ветеринариялық есеп-қисап жұмысы дұрыс жолға қойылып, статистикалық көрсеткіштерде қате болмауға тиіс.
Күнделікті практикалық қажеттікті өтеу үшін жан-жақты математикалық модель мен індеттанулық болжам болмаған жагғайдың өзінде де індет жағдайын статистикалық талдау арқылы қолда бар мәліметтерді бір жүйеге түсіріп індетке қарсы шараларды жоспарлау мен ұйымдастыру ісін нақтылап отыру қажет.
Жоғарыда қарастырылған әдістер індеттанудың өзіне қатысты болып табылады. Осы ғылымның екінші бір саласы «Жұқпалы аурулар» курсына келетін болсақ, оның өзіндік әдістері ауруды балау, емдеу және дауалауға байланысты, үш топқа бөлінеді.
Жұқпалы ауруларды балау әдістері: індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық, бактериологиялиқ, вирусологиялық, серологиялық, аллергиялық болып бөлінеді. Емдеу әдістері этиотроптық және симптоматикалық болып бөлінеді.
Этиотроптық емдеуге өзіне тән және өзіне тән емес әдістер жатады. Дауалау әдістері де өзіне тән және өзіне тән емес болып келеді [1,2,4,6].
1.4 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік

Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнді оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады.


Сонымен, індетке қарсы шаралар дауалау шаралары және сауықтыру шаралары болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады.
Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырушысының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізілулері керек.
Індетке қарсы шаралар жалпы және арнайы болып екі топқа бөлінеді. Жалпы шаралар кезкелген жұқпалы ауруға бағытталған ортақ сипаты болады да, оған ұйымдастыру-шаруашылық және ветеринариялық-санитариялық шаралар жатады.
Арнайы шаралар нақтылы бір жұқпалы ауруға қарсы бағытталады да, оған сол ауруды балау және жануарды иммундеу жатады.
Індетке қарсы шаралардың іске асыру негіздері. Індетке қарсы шаралардың басты бір негізі — олардың кешенді түрде жүргізілуі. Бұл кешенділік жоғарыда көрсетілген індеттенудің барлық қозғаушы күштеріне қатысты біртұтас ұйымдастыру— шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар ретінде жүргізілуінен туындайды.
Екінші бір негіз — індетке қарсы шаралардың белгілі бір жүйемен жоспарлы түрде жүргізілуі. Әрбір шаруашылық пен белгілі бір территорияда індетке қарсы жүргізілетін дауалау және сауықтыру шараларының жоспары болуы керек. Бұл жоспар еңбек және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуге тиіс.
Індетке қарсы шаралардың үшінші негізі — олардың мемлекеттік сипаты. Бұл шаралар мемлекет тарапынан белгіленеді де, мемлекеттік органдардың қолдауымен іске асырылады. Жұқпалы аурулар шыға қалғанда карантин немесе шектеу қою немесе алу халық депутаттарының жергілікті кеңестерінің шешімі арқылы жүргізіледі.
ндетке қарсы шаралардың дұрыс іске асуына әкімшілік органдары (милиция) көмек көрсетіп, бақылау жасайды.
Төртіншіден, індетке қарсы шаралар адамдарды малдан жұғатын аурулардан сақтандыруға бағытталады. Сондықтан жануарлардың жұқпалы ауруларымен күрес шаралары медициналық мекемелермен ынтымақтастықта жүргізілуі керек.
Адам мен малға ортақ жұқпалы ауруларға қарсы шараларды жоспарлау, оларды жүзеге асыру санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесімен келісіліп атқарылады [1,2,3,6,7].
1.5 Ұйымдастыру - шаруашылық шаралары

Індетке қарсы шаралар кешенінде ұйымдастыру-шаруашылық мәселелері маңызды орын алады.


Өйткені малды дұрыс бағып-күткенде, оның жайылым өрісін, азықтануы мен су ішуін, қора жайын тиісті талаптарға сай жолға қойғанда ғана аурудың шығуына және таралуына жол бермеуге болады.
Малды өз төлінен өсіру, мал басын толтыру ветеринариялық талаптарға сай жүргізілуі керек. Аталған шаралар — мал шаруашылығын дұрыс жүргізудің міндетті шарттары болып есептеледі.
Ветеринариялық-санитариялық шаралар, мысалы, қораны мал қиынан тазарту, шаруашылығының қалдықтарын зарарсыздандыру және малды ауруға тексеру иммундеу — барлығы да ұйымдық-шаруашылық мәселелерімен тығыз байланысты. Ауру малды бөліп алып оқшаулау, күту, ол үшін еңбекақы төлеу, карантин мен шектеу шараларын орындау, мал өнімдерін зарарсыздандыру т.б. аурудың шығуынан туындайтын мәселелер де шаруашылық және ұйымдастыру тұрғысынан шешімін табуы керек.
Жұқпалы ауруға шалдыққан малды күту үшін 18 жасқа толмаған жасөспірімдер, екі қабат және омырауында баласы бар әйелдер жіберілмейді. Ауру малды бағып-күткендегі еңбекақы да тиісінше жоғары болады.
Ұйымдық-шаруашылық мәселелеріне мал бағатын адамдарды арнаулы жұмыс киімімен, жеке басының гигиеналық талаптарын өтеу т.б. еңбекті қорғау шаралары жатады. Ұйымдық шаралардың тағы бір міндетті бөлігі ветеринариялық білімді насихаттау.
Тұрғындарға, малшыларға, мал иелері мен шаруашылық басшыларына олардың ұғымына сай мал аурулары және олармен күресу жолдары туралы түсіндіріп отыру қажет. Бұл жұмысты ветеринария органдары жүйелі түрде көпшілік ақпарат құралдарын пайдаланып, әңгіме, лекциялар өткізу арқылы жүргізеді [1,3,8,9].
2 Өзіндік зерттеу
Курстық жұмысты орындау барысында ешкінің індетті плевропневмониясы ауруының диагностикасы мен сауықтыру шараларын зерттедім.
Ешкінің жұқпалы плевропневмониясы- дененің қызынып, плевропневмония ретінде байқалатын жіті өтетін аса жұғымтал ауру.
Қоздырушысы-Mycoplama mycoides түрінің cаpri варианты – морфологиясы, қоректік ортада өсуі сиырдың жұқпалы плевропневмониясының қоздыруышысына ұқсас, одан тек антигендік құрамы арқылы ерекшеленеді. Микоплазманы жаңадан алынған патматериалдан сұйық және тығыз қоректік орталарда өсіру арқылы оңай бөліп алуға болады.
Тығыз ортада шық сияқты мөлдір, ортасы батыңқы, формасы түймеге ұқсас өсін береді. Өсінділері екі түрлі S және R формалы болып келеді. Сұйық орта сәл ғана лайланып бетінде нәзік қабыршық түзіледі. Микоплазма сыртқы ортаның әсеріне төзімсіз, 55-56ºС оны 40 мин өлтіреді. 1 % креолин ерітіндісі 5 мин, 0,25 % фенол 2 сағатта өлтіреді. 50 % глицерин ерітіндісіне салғанда қоздырушының уыттылығы үй температурасында 27 күн, ал 10-12ºС-та қараңғы жерде 50 күн сақталады. Шіріген материалда белсенділігін 3 күн, ал минус 1-ден 2ºС-ге дейінгі аралықта уыттылығын 2 айға дейін сақтайды.
Ауруға тек қана ешкі шалдығады. Қолдан койға жұқтыруға болады, бірақ барлық жағдайда емес.
Табиғи жағдайда 3 жасқа дейінгі ешкілер ауырады. Одан ересек ешкілер мен еметін лактар сирек шалдығады. Ауру коздырушысының. бастауы ауру және ауырып жазылған ешкілер. Олар микоплазманы жөтелгенде, танаудан аққан сорамен және несеппен бөліп шығарады.
Қоздырушысы аэрогендік жолмен жұғады. Шыққан ауру сол ағымдағы жергілікті індет ретінде тұтанып, індет ошағындағы ешкінің барлығы дерлік шалдығады. Өлім көрсеткіші 90-100 %-ға жетеді.
Ауруды балағанда індеттанулық деректер: оның тез таралып, өлім көрсеткішінің жоғары болуы, тек қана ешкінің ауыратыны ескеріледі. Клиникалық ерекшеліктері: тұрақты жоғары температура, жөтел, плевропневмония, малдың тез жүдеуі.
Осы ауруға тән өлекседегі өзгерістер: өкпенің жаппай бауырлануы, тіліп қарағанда «мәрмәр» түсті болуы. Нақты диагноз қою үшін қоректік ортада өсіріп, қоздырушысын бөліп аламыз.
Алынған өсінді КБР және ДПР арқылы анықтайды. Ауру созылмалы өткенде балау қиындық туғызады(КБР-мен анықтайды).
Балау қиындық туғызып жатса, лақтарға биосынама қояды.
Кебенектің кейбір белгілері пастереллезге ұқсайды. Пастереллез кезінде ешкілермен қатар, қойлар да ауырады.
Сонымен қатар бактериологиялық тексеруде айқын нәтиже береді. Пастерелламен зертханалық жануарлар оңай жұқтырылады.
Кебенекпен ауырған ешкілерді емдеу үшін новосальварсан немесе оның туындысы новарсенол қолданылады. Новосальварсанның дозасы ересек ешкіге – 0,5 г, лаққа 0,3 г. Оны 5 мл дистилденген суға ерітіп, көктамырға баяу, өте мұқият 1-2 мин бойы жібереді.
Ерітіндінің тері астына болмашы мөлшері кетіп қалса, асептикалық қабыну процесін тудырады.
Новарсенолды малдың әр кг. массасына 0,01 г мөлшерде 2% судағы ерітіндісін көктамырға жібереді.
Бұл дәрілерді бергеннен кейін мал жазыла қоймаса 5-6 күннен кейін емдік процедураны қайталайды.
Сонымен қатар осарсолмен емдеуге болады. Жануардың 1 кг массасына 0,01 г мөлшерде 2% сода ерітіндісіне езіп, күніне 1 реттен 5 күн бойы ішкізеді. Бұдан басқа тетрациклин тобындағы антибиотиктерді: биомицин, тетрациклин немесе окситетрациклинді пайдалануға болады.
Кебенекпен ауырып жазылған ешкіде ұзақ уақытқа берік иммунитет қалыптасады. Өкпенің зақымданған ұлпасының эмульсиясынан формолвакцина дайындалған пайдаланылады.
Кебенек шыққан шаруашылыққа карнтин қойылады. Барлық ешкілер күн сайын тексеріліп, термометрияланады.
Күдікті ешкіні бөліп алып,емдейді. Ауруларын сойып, етін шартты жарамды ет ретінде пайдаланады. Қалған ешкілерді оқшаулайды.
Қораны тазалап, 2% күйдіргіш натрийдің қыздырылған 70º ерітіндісімен, 2% формалин ерітіндісімен дезинфекциялайды.
Карантин ең соңғы ауру ешкі сойылған немесе өлгеннен кейін 2 айдан соң алынады.
Жұқпалы ауру шыққан шаруашылықта ауруды жою шаралары
Аурудын көзін жою. Ауру шыққан шаруашылық аурудан таза емес шаруашылық деп аталады, қасындағы шарушылық (дені сау малы бар) қауыпті зона делінеді,—ауру келіп қалуы қауіп мүмкін шаруашылық деп бөлінеді.
Мал дәрігерлік уставқа сәйкес аурудан таза емес шаруашылықта эпизоотияға қарсы жұмыстар жүргізеді.
Шаруашылыққа карантин салады. Карантинді бір ауылға, фермаға да салуға болады. Карантин ережесі ауру шыққан ошақта барлық қозғалысты тоқтатады, ол оған кірте болмайды, мал әкелуге және әкетуге рұхсат жоқ.
Дезбарьер орнатып, күндіз түні кезекші қояды, территорияға автокөлік, ат арба т.б. кіріп шығады тоқтатады, ол үшін көрстекіш белгі қойылады, Қай жақтан өтуге болатыны көрсетіледі.
Ауру шыққан малға тек күтуші адамдар ғана кіреді. Карантинді ашу, аурудың жазылу сипаттамасына байланысты болады. Карантин біткен соң қортынды дизенфекция жасап, айналаны тазалап карантинді ашады.
Ауру шыққан жердегі малды клиникалық тексеруден өткізіп оны үш топқа бөледі:
1) ауру мал
2) ауыруған күдікті мал
3) уақытша күдікті сау мал
Бірінші топтағы малды бөліп алып емдеу керек. Екінші топтағы малды тағыда мал дәрігерлік тексеруден өткізеді. Үшінші топтағы малды иммуниды (сывороткамен вакцинация жасайды). Ауру шыққан жердегі малдарды союға, кастрация жасауға, қан алуға болмайды.
Ауру шыққан жердегі соңғы ауырған мал жазылған соң дәрігерлік санитарлық шараларды іске асырады тазалайды, дезинфекция жасайды, барлық құрал-саймандарды заласыздандырады, қора - қопсыны жөндейді, әктейді айналаны тазалайды.
Дезинфекция - ауру тарататын микробты (ауру малдан бөлінген) сыртқа түскен жою, кұрту, ол ауруды қайта таратпау үшін жүргізетін шара.
Ол профилактикалық ағымдағы және қорытынды болып бөлінеді. Эпизотияға қарсы шаралар - инфекциялық ауруларды жою шаралары шаруашылықта ауруды болдырмау бағытында болуы.
Аурудың алдын алу, оны емдеуден жеңіл және арзан түседі. Сондықтан бірінші реттен малдың жұқпалы ауруға қарсы тұратын қабілетін күшейту үшін жұмыс істеу керек. Мал сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді және бейімді болуы қажет.
Сондай ақ микробтың (ауру қоздырғыштың) әсеріне жауап беріп, оған берілмеу керек. Сонымен қатар, мал тұратын ферманы, ауылды, жұқпалы аурудан қорғап, аурудың келіп қалмау жолын іздестіру қажет.
Малды жұқпалы аурудан корғау үшін өте қатаң түрде зоогигиеналық және малдәрігерлік санитарлык ережелерді сақтау керек. Оған мына төмендегілер жатады:
1) Фермаға, шаруашылыққа келген мал 30 күн карантинде тұру керек. Оны бөлек ұстап сол 30 күн бойы қадағалап, оны күнде тексеріп аурудың жасырын түрін анықтау қажет.
Малды тек жұқпалы аурудан таза шаруашылықтан алу қажет. Ол аудандық мал дәрігердік станция дәрігері мал алатын жердің аурудан таза екенін анықтайтын (вет.свидетельство) беру керек, алу қажет, тек содан соң ғана малды ол жерден алуға болады.
Жаңадан келген малды, бөлек ұстап, оған арнайы күтуші адам қойып, күнде (таңертең және кешке) температурасын өлшеп, отырып оны күнделікке жазып қою керек.
Мал аурудың белгісін сәл берсе оны тез изоляторға жабу керек.
2) Малдарды үнемі жақсы құнарлы азықпен таза сумен азықтандыру қажет. Малды тайдырмай азықтандыру сансыз шіріген шөп, сабан, сасыған жем азық беру, малды нашарлатып, оның жұқпалы ауруға қарсы төзімділігін төменде де. Сапасыз азық шөп, сабан, жем және нашар суда ауру тудыратын микробтар көп болады.
Азықты дайындауды жұқпалы аурудан таза жерден, шаруашылықтан дайындалу қажет.
3) Малды дұрыс пайдалану керек. Мысалы: атты шамадан тыс арбаға қосу, көкпар шабу тағы сол сияқты, сиырды сүт алу үшін азықтандырмай пайдалану, оның организмінің төзімділігін төмендетеді.
4) Мал ұстайтын жер қора, жай орын зоогигиеналық талапқа сай болуы керек. Микроклимат ылғалдың, ауа құрамы (О2, Со2, NH3) нормада, жарық өз нормасында болуы қажет. Уақытылы тазалау дезинфекция жасалып, желдету үнемі болу керек.
5) Өлген малдың өлігін, сойылған малдың қалдықтарын уақытылы жойып отыру қажет оны жоғарыда жазғандай малдың өлігін көметін молаға не Беккери шұңқырында көму не утиль установкада жою қажет.
6) Мал ферма бөтен кісі кірмеу керек. Есік алдына дезбарьер, дезковрик, дезмат жасау қажет.
7)Малдарды уақытылы клиникалық тексеруден өткізіп және диагностикалық тексеру жүргізу (қан алып лабораторияға жіберу, аллергиялық тексеру), жоспарлы түрде вакцинация (емдеу) жүргізу керек.
8) Малдың қиын жинап, оны сақтау биотермиялық өңдеу және дезинфекция, дезинсекция, дератизация жасау ең маңызды шаралардың бірі болып есептеледі.

3Техникалык қауіпсіздік
Малшылар еңбек қорғау ережелерімен танысу үшін әкімшілік оларға алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі тиіс.
Алғашқы нұсқаулармен барлық жұмыстарға жаңадан келген адамдар танысады. Оның мақсаты жұмысқа келген адамдар еңбек қорғау ережелері және де кәсіпорындардың ішкі тәртібімен таныстыру.
Жұмыс орындарындағы нұсқауды топ жетекші жүргізеді. Бұл нұсқау жұмыстың қауыпсыз тәсілдерін практика игерудің бастамасы болып табылады. Малдармен тікелей жұмыс істейтін яғни малдармен жұмыс жасайтын адамдарды жеке бастың гигиенасымен таныстырады.
Мал шаруашылықтарындағы жұмысшылар арнайы және санитарлық киімдермен қамтамасыз етіледі. Арнайы киім - бұл жұмысшылардың физикалық, химиялық және де биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын кұрал.
Ауру малдармен, өлекселермен, қилармен жанасу нәтижесінде жұмысшыларға кейбір антропозоонозды аурулардың жұғу қауіпі төнеді. Аса қатерлі ауруларға топалаң, маңқа, туберкулез, бруцеллез, құтыру, бұзаутаз және тағы басқа аурулар жатады.
Ауру малды қабылдағаннан кейін қолданылған кұрал - жабдықтар 15 минут кайнатылады. Егер малдар изоляторға жіберілетін болса, байлауға колданылған жүген - ноқта тағы баска колданылған кұрал - саймандар дезинфекцияланады. Окшауханаға кіргізер алдында, малдардың тұяғы жуылып, тазаланады. Ауруға қойылған диагноз бойынша қайшылықтар болмаса, малдар сабынмен жуылып, дезинфекцияланады. Ауру малдарды қабылдаған ветеринарлар мамандары қолын жуып, алшалғышты, қолғапты, піскек және де тағы басқа жабдыктарды үнемі ауыстырып отыруы тиіс, мүмкіншілік болмаған жағдайда дезинфекцияланылып отырылуы қажет.
Химиялық дәрілермен жұмыс істеу кезінде қауыпсіздік ережелерін сақтау қоғамдық және адамдардың жеке басының денсаулығын қорғау үшін жағдай -туғызуға және малдардың ауруларына және өлулеріне жол бермеуге бағытталған аса маңызды шара.
Улы химикаттармен жұмыс істеуге ең кемі 18 жасқа толған, денсаулығы мықты, химиялық дәрілермен жұмыс істеу ережелері жөнінде нақтылы нұсқаулар алған және де патогенді микроорганизмдерді кұрту әдістерін игерген қызметкерлерге ғана рұксат беріледі.
Техникалық қауіпсіздік және өндірістік-санитариялық шаралар жиынтығы малшыларды зооантропонозды аурулардан сақтауды, еңбек өнімділігін жоғарылатуды және жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз етуі керек.
Малшылар еңбек қорғау ережелерімен танысуы үшін әкімшілік оларға алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі тиіс.
Алғашқы нұсқаумен барлық жұмысқа жаңадан келген адамдар танысады. Оның мақсаты жұмысқа келген адамдарды еңбек қорғау ережелері және кәсіпорынның ішкі тәртібімен таныстыру.
Жұмыс орнындағы нұсқауды топ жетекшісі жүргізеді.Бұл нұсқау жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін практикада игерудің бастамасы болып табылады. Малмен тікелей жұмыс істейтін адамдарды жеке бастың гигиенасымен таныстырады.
Кезеңді нұсқау мал шаруашылығы жұмысшылары үшін 6 айда бір рет жүргізіледі. Жазатайым жағдай болса фермада қосымша нұсқау көшіріледі, оған барлық құсшылар қатысады.
Мал шаруашылығында еңбек шарты қора-жай ауасының зиянды газдармен, шаң тозаңмен және микроорганизмдермен ластануына, температураның тез өзгеруіне,шуға және физикалық ауыртпашылыққа байланысты болады.Соған байланысты мал шаруашылығындағы жұмысшылар көп жағдайда мамандық ауруына ұшырайды.
Шаруашылықтарды механикаландыру және автоматтандыру, азықты дайындау және тарату, суару, сауу, көңді жинау сияқты жұмыстар кезінде физикалық ауыртпалықты жеңілдетер еді. Дегенмен де, мұндай шаруашылықтарда кейбір колайсыз факторлар сақталады, мысалы: ұзақ уақыт бойы қораларда жүру, малдың тығыз орналасуы, ауаның бактериялармен ластануы, бұлардың барлығы мал шаруашылығындағы жұмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізеді. Сондықтан да қораларда оптимальді микроклиматты сактау қызмет көрсетушілерді аурудан сақтаудың маңызды факторы болып табылады.
Мал шаруашылығындағы жұмысшылар арнайы және санитариялық киімдермен қамтамасыз етіледі. Арнайы киім - бұл жұмысшыларды физикалық, химиялық, және биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын құрал. Арнайы киімге кеудеше, комбинезон, алжапқыш, қолғап, етік, резеңке шұлықтар жатады.
Химиялық дезинфектанттардың зиянды әсерінен қорғану үшін жұмысшыларға алжапқыш, қалпақ, резеңке етік және қолғап беріледі.
Санитариялық киім- бұл ет және ет өнімдерінің, сүттің жұмысшылар киімі арқылы микробпен ластану мүмкіндігінің алдын алушы құралдың бірі. Санитариялық киімге ақ, тегіс мақта матадан тігілген халат, қалпақ, орамал жатады.
Зарарланған қи мен өлекселерді резеңке етік, қолғап, комбинезон киіп жинайды. Бұл жұмыстан кейін арнайы киімдерді әбден зарарсыздандырады. Халат, алжапқыш, орамалдарды аптасына 1 рет 1 пайыз сілтілі ерітіндіге немесе 2 пайыз сода ерітіндісіне салып қояды, соңынан 30 мин қайнатып, сабынмен жуады.
Кейде жұмысшылардың оқыс қимылынан мал шошынып адам денесіне жарақат түсіруі мүмкін. Малдың шоқып алуы мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын-алу үшін жұмысшылар малды күтудің қауіпсіздік ережелерін жаттау керек.
Қызмет көрсетушілер толық медициналық тексеруден өткеы соң ғана жұмысқа жіберіледі. Жұмысшылар 3 айда 1 рет, сауыншылар айына 1 рет профилактикалық тексеруден өтеді және 6 айда 1 рет бруцеллез бен туберкулезге тексеріледі. Барлық жұмысшылар уақтылы ішқұрт тасымалдауға тексеріледі.
Дезинфекциялық жұмыстарға ветеринарлар, санитарлар, механизаторлар, жүргізушілер және малшылар қатысады, олар дезқондырғылармен және дезинфекциялық ерітінділермен жұмыс істеу және қауіпсіздік ережелерін білуі керек.
Дезерітінділерді дайындау жұмыстары ветеринариялық мамандарды қадағалауымен жүргізіледі. Ерітінді дайындаушылар арнайы киімдер киеді.
Дезерітінділермен және аэрозольдармен жұмыс істеу барысында темекі шегуге және тамақ жеуге болмайды. Ауланы аэрозольдармен дезинфекциялау желсіз құрғақ ауада жүргізіледі.
Дезинфекция немесе аэрозольді дезинфекциядан кейін жайларды 6-24 сағатқа жауып қояды. Мұндай жағдайда қоражайлардьщ, қоралардың есіктеріне «кіруге болмайды» деген ескертпе жазулар ілінеді.
Улы химикаттармен жұмыс жасаған соң, киімді шешіп тазалау керек және қолды сабындап жылы сумен жуады. Дезинфекцияда қолданылған арнайы киімдерді үйде сақтауға болмайды.
Мал шаруашылығындағы жұмысшылардың барлығында санитариялық инспекция бекіткен санитариялық кітапшалары болады.Санитариялық кітапшаға денсаулық жағдайы, медициналық тексерудің нәтижелері инфекциялық аурулармен ауырса, ол туралы мәліметтер, профилактикалық егулер туралы жазылады.
Туберкулезбен, бруцеллезбен және басқа да адаммен малға ортақ аурулармен ауыратын адамдар малмен жұмыс істеуге жіберілмейді.
Ветеринариялық мамандар үнемі ауру малмен және өлекселермен тікелей қатыста болатындықтан, олар үшін жеке гигиенны сақтау аса қажет.
Мал шаруашылығы үшін кешенді шаралар жүргізіледі: қораларда оптимальді микроклимат жасау тиімді желдеткіш және канализация орнату, жүйелі түрде дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу, ауру малды оқшаулау және емдеу, территорияны көгалдандыру және т.б.

Қорытынды


Қорыта айтқанда, ешкінің жұқпалы плевропневмониясы дененің қызынып, плевропневмония ретінде байқалатын жіті өтетін аса жұғымтал ауру.
Ауруға тек қана ешкі шалдығады. Қолдан койға жұқтыруға болады, бірақ барлық жағдайда емес. Табиғи жағдайда 3 жасқа дейінгі ешкілер ауырады. Одан ересек ешкілер мен еметін лактар сирек шалдығады. Ауру коздырушысының. бастауы ауру және ауырып жазылған ешкілер. Олар микоплазманы жөтелгенде, танаудан аққан сорамен және несеппен бөліп шығарады. Қоздырушысы аэрогендік жолмен жұғады. Шыққан ауру сол ағымдағы жергілікті індет ретінде тұтанып, індет ошағындағы ешкінің барлығы дерлік шалдығады. Өлім көрсеткіші 90-100 %-ға жетеді.
Ауруды балағанда індеттанулық деректер: оның тез таралып, өлім көрсеткішінің жоғары болуы, тек қана ешкінің ауыратыны ескеріледі. Клиникалық ерекшеліктері: тұрақты жоғары температура, жөтел, плевропневмония, малдың тез жүдеуі. Осы ауруға тән өлекседегі өзгерістер: өкпенің жаппай бауырлануы, тіліп қарағанда «мәрмәр» түсті болуы. Нақты диагноз қою үшін қоректік ортада өсіріп, қоздырушысын бөліп аламыз.
Алынған өсінді КБР және ДПР арқылы анықтайды. Ауру созылмалы өткенде балау қиындық туғызады (КБР-мен анықтайды). Балау қиындық туғызып жатса, лақтарға биосынама қояды. Кебенектің кейбір белгілері пастереллезге ұқсайды. Пастереллез кезінде ешкілермен қатар, қойлар да ауырады. Сонымен қатар бактериологиялық тексеруде айқын нәтиже береді. Пастерелламен зертханалық жануарлар оңай жұқтырылады.
Кебенекпен ауырып жазылған ешкіде ұзақ уақытқа берік иммунитет қалыптасады. Өкпенің зақымданған ұлпасының эмульсиясынан формолвакцина дайындалған пайдаланылады. Кебенек шыққан шаруашылыққа карнтин қойылады. Барлық ешкілер күн сайын тексеріліп, термометрияланады.
Күдікті ешкіні бөліп алып,емдейді. Ауруларын сойып, етін шартты жарамды ет ретінде пайдаланады. Қалған ешкілерді оқшаулайды.
Қораны тазалап, 2% күйдіргіш натрийдің қыздырылған 70º ерітіндісімен, 2% формалин ерітіндісімен дезинфекциялайды. Карантин ең соңғы ауру ешкі сойылған немесе өлгеннен кейін 2 айдан соң алынады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Е.И.Қасымов - Алматы: Санат, 1992. –225б.


2 Сайдулдин, Т. Ветеринариялық індеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Т.Сайдулдин – І,2-кітап, Алматы: Санат, 1999. - 129 бет.
3 Носков, Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов /Носков Н.М.- Москва: Колос, 1961.-126б.
4 Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: учебное пособие для вузов /Поляков А.А.- Москва: Колос, 1964.- 128с.
5 Сюрин, В.Н. Частная ветеринарная вирусология: учебник для вузов /В.Н Сюрин, Н.В.Фомина – Москва: Колос, 1979.-154с.
6 Сюрин, В.Н. Диагностика вирусных болезней животных: справочник / В.Н Сюрин и др. М: Агропром, 1991.-111с.
7 Тәжібаев, А.С. Научные основы эффективной дератизации объектов ветеринарного надзора: учебное пособие для вузов / А.С. Тәжібаев - Алматы, 2000.-156с.
8 Мырзабекова, Ш.Б. Ветеринариялық вирусология: учебник для вузов /Мырзабекова Ш.Б – Алматы: Білім, 2004. – 134б.
9Тұтқышбай, И.А. Жануарлар патологиясы: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Тұтқышбай, И.А, Сабекова Д.Ө./ Шымкент,
2009- 176б .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет