І. Кіріспе Қайырымдылық мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылықмүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау. Қазіргі заманда қайырымды жандар қайырымдылық қауымдастығы


Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл Жарты Ай қоғамы



бет3/6
Дата03.01.2022
өлшемі37.28 Kb.
#450354
1   2   3   4   5   6
Қайырымдылық

Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл Жарты Ай қоғамы

Бұл күнде дүние жүзіндегі бірден-бір беделді де белсенді гуманитарлық қоғамдық қайырымдылық ұйымының бірі – халықаралық Қызыл Крест Комитеті. 1863 жылы швецариялық комерсант Анри Дюнаның бастамасымен жаралы адамдарға тұрақты көмек көрсету үшін Халықаралық Қызыл Крест комитеті құрылған.

1864 жылы Женева қаласында Дипломатиялық конференция болып, онда 12 мемлекеттің өкілдері Халықаралық келісім шартқа қол қойған. Ал 1876 жылы бұл Халықаралық Ұызыл Крест Комитеті болып аталады. Осы қозғалыстың негізін салушы Анри Дюнаның туған күні құрметіне « 8 мамыр бүкіл әлемдік Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Қоғамының» күні дееп белгіленді.

Бұл қоғам Қазазстан Республикасының Конституциясы мен 1992 жылғы Республика Президентінің Жарлығына сәйкес өз жұмысын атқарып келеді. Қоғам негізінен қарулф қақтығыстарда зардап шеккендерге көмектесу, табиғат апаттары жағдайында қол ұшын беру, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жәрдемдесу, халықаралық гуманитарлық құқықтық принциптерін орындау, шетелден мемлекетімізге гуманитарлық көмек ұйымдастыру, сондай-ақ ұлттық қоғамды нығайты жөніндегі жарғылық қызметіне сүйеніп жұмыс шаұта, яғни қарулы қақтығыстара, соғыс кезінде, сондай-ақ ірі таюбиғат апаты жағдайында тек ұоттық Қоғам ,ғана заңы түрде шет мемлекеттерге шығып, Қызыл Крест және Қызыл Ай қозғалысына кіргендіктен, соның бір бөлігі саналатын, бүгінде Алматы қаласында орналасқан халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай Федерациясының өкілдері арқылы әлемде болып жатқан жаңалықтарды, ақпараттарды біліп отыруға құқы бар.

Ұлттық қоғамның әлеуметтік жағдайы нашар адамдарға көмектесу жөніндегі жобалары мен бағдарламалары қазір Халықаралық Федерация қаржыландырып отыр. Дүние жүзіндегі Ұлттық қоғамдар қаржылай табыс көзін негізінен қайырымдылық жасаудан, мүшелік жарналардан, мемлекеттік қызметтен түскен табыстардан алады. Қызыл Крест және Қызыл Ай Халықаралық Федерациясының штаб- пәтері Женевада орналасқан.

ҚР Қызыл Жарты ай Қоғамының ХҚКҚЖҚФ-ның мүшесі болуы осы ұйыммен ынтымақтастықтың жандануына септігін тигізбек. Атап айтқанда қарулы жанжал жағдайында және, табиғи немесе антропогендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықаралық қоғамдастықтың мақсатты қайтарымсыз қаржылық, техникалық және гуманитарлық қолдауын алуға мүмкіндік туғызады.Бейбіт уақытта ХҚКҚЖҚФ төтенше оқиғалар кезінде тұрғындарды тәртіп ережелеріне дайындауға және алғашқы көмек көрсетуді үйрету үшін консультациялық, техникалық және өзге де көмектер көрсетеді.Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл Жарты ай Қоғамы 2002-жылы құрылды. Ол Халықаралық Қызыл крест және Қызыл Жарты ай Қозғалысының гуманизм, бауырмалдық және ақысыз көмек идеялары мен принциптерін Қазақстан қоғамында орнықтыруға күш салған, алғаш рет 1937-жылы құрылған Қызыл крест және Қызыл Жарты ай Қазақ Қоғамының (ҚКҚЖҚҚ) құқықтық мұрагері болып табылады.2000-жылғы қарашада Қазақстан Қызыл крест және Қызыл Жарты ай Қоғамын Халықаралық Қызыл крест Комитеті тарапынан мойындау туралы өтініш беріліп, ХҚКҚЖҚФ мүшелігіне өтуге сұраныс жасалды. Алайда, Қоғам қосарланған атауды және қос таңбаны пайдаланғандықтан сұраныс қанағаттандырылмады.Осыған орай 2002 жылғы 29 наурызда ҚКҚЖҚҚ XVI съезінде ол Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай Ұлттық Қоғамы болып қайта құрылды, сондай-ақ Қоғамның жаңа таңбасы - Қызыл жарты ай қабылданды.2003-жылғы қарашада ҚР ҚЖҚ басшысы ХҚКҚ-на және ХҚКҚЖҚФ-на Қоғамды мойындау туралы және оны Халықаралық Федерацияның толыққанды мүшелігіне қабылдау туралы екінші қайтара өтініш жасады.Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі биылғы қарашада Швейцария СІМ-не нота жолдап, онда ақ түстегі қызыл жарты ай геральдикалық таңбасы бұдан былай ҚР Қарулы күштері медициналық қызметінің ерекшелік таңбасы болып пайдаланатынын хабарлады. Нотада, сондай-ақ, ҚР ҚЖҚ-ның эмблемасы да қызыл жарты ай эмблемасына ауыстырылғаны, ал 2003 жылғы 17 ақпанда ҚР ҚЖҚ ҚҚКҚЖҚ-ның заңды мұрагері ретінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгендігі хабарланды.Сонымен Қызыл крест және Қызыл Жарты ай Халықаралық Комитеті тарапынан ҚР ҚЖҚ-ын мойындауының және Қызыл крест және Қызыл Жарты ай Қоғамдары Халықаралық Федерациясының мүшелігіне өтуге байланысты құқықтық кедергілер алынғаны айтылып, ҚР СІМ ҚР ҚЖҚ президентінің тиісті өтінішін қарастыруды сұрады.2003 жылы 20 қарашада ХҚКК өз Ассамблеясында Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілеттігін танып, 28 қарашада ҚР ҚКҰҚ Халықаралық Федерацияға 180-ші қатысушы ретінде қабылданды.

Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында тұрмыстық жағдайы төмен отба­сыларының балалары мен денсаулығы нашар оқушыларға демеушілік көрсетілді. Акцияда 192 оқушыға кемі 300 АҚШ доллардан чек табыс етілді. Қайырымдылық шара­сында сөз алған ҚР «Қызыл Ай» қоғамы облыстық филиалының төрайымы Бибіжан Жәукебаева тәуелсіз еліміздің болашағын тәрбиелеп жатқан ата-ана мен ұстаз еңбегіне табыс тіледі. Екі жылдан бері Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлесе жұмыс жасап отырған облыстық филиал төрайымы сол елден жеткен көмек арқылы бірқатар әлеуметтік топ өкілдерін қолдауға мүмкіндік туғанын атап өтті. Өткен оқу жылында мектеп оқушыларына қажетті құрал-жабдықтар алу үшін 7 млн. 454 мың, биылғы жылы 192 балаға 8 млн. 670 мың теңге көлемінде қаржы бөлінген. Егемен еліміздің болашағы бүгінгі жас жет­кіншектердің қолында десек, мұндай игі шаралардың алдағы уақытта өз жалғасын табатыны анық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет