Пэй Сюй географиялық карта құрастырудың 6 принципін, масштабты пайдалануды, жергілікті жерде бағдарлауды, жергілікті жердің биіктігін есептеуді т.б. анықтаған. Қытайлықтар, сонымен қатар, компасты, желдің жылдамдығы мен бағытын және жауын – шашын мөлшерін анықтайтын аспаптар ойлап тапқан.
Географияның дамуына көне гректер мен римдықтар да үлкен үлес қосты. Гректердің өте көне жазба құжаттары Гомердің “Илиада” және “Одиссия” (б.э.д. VIII – VII ғасырлар) – мұнда Жерді формасы дөңес қалқан тәрізді арал деп сипаттаған, олардың Дунай, Рион сияқты ірі өзендер, Африка туралы, Грецияның солтүстігін мекендеген көшпелі тайпалар туралы да мәліметтері болған. Б.э.д. V ғасырда өмір сүрген грек ойшылы Пармонид философиялық көзқарас тұрғысынан Жер шар тәрізді деген идеяны ұсынды.
ГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
География жер бетін құрастыратын күрделі территориялық жүйелерді зерттейді. Бұл жүйелер: табиғи, әлеуметтік және табиғи-қоғамдық болып бөлінеді.
География ілімі екі салаға бөлінеді: физикалық және экономикалық. Географ П.И. Броунов «географиялық қабық» терминін ұсынған. Географиялық қабық литосфера, гидросфера, атмосфера және биосферадан тұрады.
- Литосфера – Жердің қатты қабаты.
- Гидросфера – Жер ғаламшарының су қабығы.
- Атмосфера – Жердің ауа қабығы.
- Биосфера – Жердің тіршілік қабаты.
ГЕОГРАФИЯНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ОБЬЕКТІЛЕРІ
Географияның зерттеу обьектісі ретінде бірнеше терминдер ұсынылды: географиялық қабық, ландшафт қабығы, геосфера, ландшафтық сфера, биогеосфера, эпигеосфера тағы басқа.
ГЕОГРАФИЯНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ОБЬЕКТІЛЕРІ
География жер бетін құрастыратын күрделі территориялық жүйелерді зерттейді. Бұл жүйелер: табиғи, әлеуметтік және табиғи-қоғамдық болып бөлінеді. География ғылыми байланыстардың екі сферасының (табиғи және қоғамдық) арасында орналасқан, сол себепті оның зерттеу обьектілері алуан геожүйелер мен оның компоненттері саналады.
Жалпы қалыптасқан ұғым бойынша көптеген ғалымдар география ғылымының негізгі обьектісі ретінде жер бетін қарастырады. Бұған байланысты Карл Риттер географияның зерттеу объектісі ретінде Жер бетін, Э.Мартонн - Жер бетіндегі адамзат қызметіне байланысты физикалық, химиялық, биологиялық құбылыстармен олардың таралу себептерін, О.Пешель - Жер табиғатын қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |