Азаматтық құқықтық қатынастардың қайнар көздері
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған өзге де заңдар және заңға тәуелді кесімдер болып табылады.
2. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар Меншіктің экономикалық қарым-қатынасы қоғамның материалдық негізін құрайды. Бұл қарым-қатынасты құқық нормаларымен реттейді. Субъектілік мағынада ҚР АК 188 бабына сәйкес меншік құқығы дегеніміз мойындалған және заң актілерімен қорғалатын субъектінің өзіне тиісілі мүлікке өз қарауымен иелік етуі, қолдануы және өз ұйғаруымен пайдалануы. Меншік иесі өз дүниесіне қарасты өз қарауымен кез келген әрекетті жүзеге асыра алады (кепілге беру, сату, жою). Меншік құқығы мезгілсіз.
ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ-
ИЕЛЕНУ ҚҰҚЫҒЫ
Меншік құқығы
БАСҚАРУ ҚҰҚЫҒЫ
Жер1 және оның байлықтары, су, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи қорлар
1 Жер сонымен бірге жеке меншікте болуы мүмкін (конституцияның 6 б. 3 т.)
ЕРЕКШЕ МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІКТІҢ ТҮРЛЕРІ
Жеке
Мемлекеттік
ЖЕКЕ МЕНШІК
ҚР азаматтарының, шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ тұлғалардың меншігі
Олармен құралған заңды тұлғалардың меншігі
Колхоздардың, коллективті кәсіпорындар мен кооперативтердің, шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың және басқа мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің мүлігі
Республикалық меншік мемлекеттік республикалық заңды тұлғалардың артынан бекітілген республикалық қазына мен мүліктен тұрады
Коммуналдық меншік коммуналды заңды тұлғалардың артынан бекітілген жергілікті қазынадан және мүліктен тұрады
МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК
Республикалық меншік
Коммуналдық меншік
3. Міндеттемелік құқық
Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына белгілі бір әрекет жасауға, атап айтқанда: мүлік беруге, жұмыс орындауға, ақша төлеуге және тағы осылар сияқгы әрекеттер жасауға, не болмаса белгілі бір әрекеттер жасауға тартынуға міндеттенеді, ал несие берушінің борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге хақысы бар. Тараптар (борышкер мен несие беруші) және үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады.
Мұздатқыштар Мәскеу қаласынан Алматыға жөнелтіледі. Егер шартпен өзгеше көзделмесе сатып алушыға жөнелту үшін жүкті темір жолға өткізу орны міндеттеменің орындалатын жері болып табылады, сондай-ақ жүкті жөнелту кезінде сатып алушының меншік құқығының пайда болу сәті де анықталады.
Ақшалай міндеттемелерді орындау тәртібіне баса назар аудару қажет.
° Міндеттеменің орындалуы куәландырылған болуы қажет, яғни міндеттеменің орындалуы кезінде несие беруші борышқорға міндеттеменің толық немесе ішінара орындалғаны жөнінде қолхат беруі тиіс. Жалпы тәртіп бойынша, егер борыштық құжат несие берушіде болса, борышқор міндетте- менің орындалғанын дөлелдемейінше міндетті болып қалады.
Шарт
Келісім-шарт - сыртқы саудада бір жақ (сатушы, лицензиар) келісімшартта көрсетілген мүлікті (тауарды), ғылыми-техникалық білімді екінші жақтың меншігіне (алушы, лицензиат) беруге міндеттенетінін, ал екінші жақ өз кезегінде бұл мүлікті немесе білімді көрсетілген мерзімде алып, белгіленген бойынша төлеуге міндетгенетінін көрсететін құжат. Халықаралық саудада «шарт» деген термин қолданылады. Сыртқы сауда қатынастарында шарттардың мынадай түрлері таралған: халықаралық, монополиялық, консигнациялық, комиссиялық, т.б. Аралас шарттар, яғни бір өзінде шарттың бірнеше типтерінің элементтері үйлесім табатын түрлері де кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |