Құқық негіздерімен сот медицина кафедрасы



бет4/4
Дата14.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#136134
1   2   3   4

Қосымша
1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003ж.



7. Бақылау:
- «Экологиялық құқығының жалпы ережелері» тақырыбы бойынша тестік сұрақтар.

1. Экологиялық құқықтың түсінігі.

2. Экологиялық құқықтың пәні.

3. Экологиялық құқықтың қайнар көзі.

4. Экологиялық құқықтың белгілері.

5. Экологиялық құқықтың мақсаттары.

6. Экологиялық құқықтың нормалары.

7. Экологиялық құқықтың жүйесі.

8. Экологиялық-құқықтық қатынастардың объектілері.

9. Экологиялық-құқықтық қатынастардың субъектілері.

10. Табиғатты қорғау заңнамасының мақсаттары.

11. Экологиялық құқықбұзушылықтың түсінігі.

12. Экологиялық құқықбұзушылықтың түрлері.

13. Экологиялық құқықтық жауаптылықтың түсінігі.

14. Экологиялық құқықтық жауаптылықтың түрлері.

1. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының негіздері»
2. Мақсаты:
Осы тақырыпты оқып бұл саланың ерекшеліктері мен мақсаттарын түсінуге мүмкіндік береді, қылмыстың ұғымын түсінуге, оның құрамын, объектісі мен субъектісін, объективтік жағы мен субъективтік жағын, қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен шарттарын, жаза түрлерін қарастырады.

3. Оқыту мақсаты:
- Бұл саланың ерекшеліктерін зерделеу.

- Қылмыс әрекетін бағалап үйрену, қылмыстық жауаптылықты қолдану шарттарын айыру, қылмыстық жазалардың түрлерін қолдану.

- ҚР қылмыстық заңнамасына толық талдау жасау.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қылмыстық құқығының түсінігі мен қайнар көзі.

2. Қылмыстық құқығының пәні.

3. Қылмыстық құқығының функциялары.

4. Қылмыстық заңнаманың қайнар көздері.

5. Қылмыстың түсінігі мен белгілері.

6. Қылмысты саралау және олардың айырмашылықтары.

7. Қылмыстың объектісі және объективтік жағы.

8. Қылмыстың субъектісі және субъективтік жағы.

9. Қылмыстық жауаптылықты қолдану түсінігі, негіздері.

10. Қылмыстық жауаптылықты қолдану шарттары.

11. Қылмыстық жазалардың түсінігі, белгілері.

12. Қылмыстық жазаның түрлері.
5.Білім берудің және оқытудың әдістері: Жұптасып жұмыс істеу.
1 Жұп.

-Қылмыстық құқықты реттеу пәні.

-Қылмыстық құқық жүйесі (жалпы және ерекше бөлімдері)

2 Жұп.


- Қылмыстық құқықтық қатынас туралы түсінік, олардың объектілері және субъектілері.

- Қылмыс белгісіне қатысты айыпты деп тану түсінігі (қасақана, абайсызда,жанама).



3 Жұп.


- Адам өмірге қарсы қылмыстар, олардың объектілері мен субъектілеріне сипаттама (адам өлтіру, адам тонау).

- Адамның денсаулығына қарсы қылмыс, олардың объектілері мен субъектілеріне сипаттама (медицина және фармацевтика қызметтерімен заңсыз айналысу).


4 Жұп.

- Қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар.

- Қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар.
5 Жұп.

- Қазақстандағы өлім жазасына кесілудегі мораторидың рөлі.

- ҚР –да амнистияның қолдану тәртібі.
6 Жұп.

-Қоғамдағы болатын қылмыстарды реттеудегі қылмыстық құқықтық әрекеттерінің іс-шаралары.

- Жазаны өтеусіз қылмыстық жауапкершіліктің туындау ерекшеліктері.
7 Жұп.

-Батыс Европа және АҚШ елдеріндегі қылмыспен күрес тәжірибелері.

-Оңтүстік –шығыс Азия елдеріндегі қылмыспен күрес тәжірибелері.

6. Әдебиет:

Негізгі
1. Баққұлов С. Д.«Құқық негіздері».Оқулық, 2-ші басылым. Алматы, 2004. -

248 бет. X- бөлімі 156-167 беттер..

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері"2 - бас., толықтырылған. - Алматы:Жеті

жарғы. 2007.-304 бет. VI бөлім 170-189 беттер.

3. ҚР Конституциясы.II бөлім. Адам және Азамат Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

5. ҚР Қылмыстық кодексі жалпы бөлімі 1997 ж.

6. ҚР Қылмыстық кодексі ерекше бөлімі 1997 ж.


Қосымша

1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.
7. Бақылау:

- «ҚР қылмыстық құқығының негіздері» тақырыбы бойынша тестік сұрақтар.

- жағдайлық есептер.


  1. Жалпы құқық жүйесіндегі қылмыстық құқық.

  2. Қылмыстық құқықтың пәні.

  3. Қылмыстық құқықтың қайнар көздері.

  4. Қылмыстық құқықтың негізгі мақсаты.

  5. Қылмыстық құқықтың қосымша мақсаты.

  6. Қылмыстық құқықтың жүйесі.

  7. ҚР қылмыстық Кодексінің қабылданған мерзімі.

  8. Қылмыстық құқық көптеген құқықтық ережелерден қалыптасқан.

  9. Қоғамдық қатынастарға қарсы қылмыстарды қылмыстық кодекс реттейді.

  10. Қылмыстық кодекс түрлі ережелерді белгілейді.

  11. Қылмыс құрамы.

  12. Қылмыстың объективтік жағының сипаттамасы.

  13. Себеп, кінә, мақсат.



  14. Мемлекеттік мәжбүрлеудің басқа шараларының ерекшелігімен қылмыстық құқық бойынша жазалау.

  15. Қылмыстық жауапкершілікке жалпы ережелер бойынша белгілі жастан таратылады.

  16. ҚР Қылмыстық Кодексіне сәйкес қылмыстық жауапкершілік.

  17. Белгілі жасқа жеткен, есі дұрыс тұлғаның жауаптылыққа тартылуы.

  18. Қылмыстық жауапкершілікті заңды жауаптылықтың түрі ретінде қарастырады.

  19. ҚР Қылмыстық кодексі қабылданды.


- «ҚР қылмыстық құқығының негіздері» тақырыбы бойынша жағдайлық есептер.
№1 Есеп.

14 жасар Петров көшеден атылмаған оқ тауып алды. Оқтын шын екеніне көз жеткізгісі келген ол оқты ауладағы ашық отқа тастады. Оттың атылу нәтижесінде 5 жасар қыз ауыр жарақатын алды.

Сұрақ: Петровтың іс әрекетінде қылмыстық белгілері бар ма?
№2 Есеп.

Шаткулов жеміс бағын күзетуші еді. Ол түнде белгісіз екі адамның баққа ұрланып кіріп, қаптарына алма толтыра бастағанын көріп қалып, қаруын оқтап, соларға қарап атып жібереді. Ол екеуінің Қ және Е есімді азаматтар екенін кейін анықталды. Нәтижесінде Е есімді азамат жараланды.

Сұрақ: Шаткуловты жауапқа тартуға болады ма?
№3 Есеп.

Б есімді азамт өзінің танысы Кадиярованың үйінде қонақта отырып, спирт араластырылған қолдан жасалған арақты ішіп, ауырып, емханаға әкелінеді, Емханада ол қайтыс болады.

Сұрақ: Аталған жағдайда қылмыс құрамы бар ма?

Бар болса қылмыстың объективтік жағына түсінік беріңіз?


№4 Есеп.

Дәрігер терапевт Ашимова ауылында тұратын мамасына демалысқа қыдырып келеді. Түн ішінде көршілері терезе қағып, соқыр шек қысып ауыра бастаған баласына көмек көрсетуін өтінеді. Ашимова ауруды қарап шығып мен еш көмек көрсете алмаймын, тез арада аудандық емханаға хабарлау керек деп, үйіне кетіп қалады. Аудан орталығымен байланыс болмағандықтан дәрігерлік көмек дер кезінде көрсетілмей, бала қайтыс болды.

Сұрақ: Ашимованың әрекеті қылмыстық әрекет болып санала ма?
№5 Есеп.

Жаманбаев, Дарханбаев, Асылбеков ақшалай көмек мақсатымен автокөлікті иемдену мақсатында автокөлік жүргізушісіне шабуыл жасады. Содан сол азаматтар автокөлік жүргізушісін қорқытып, өздері қылмыс болған жерден қашып кетеді. Сонымен қоса Жаманбаев қылмыстың ізін жою үшін, автокөлік жүргізушісінің төлқұжатын алып кетеді.

Cұрақ:Қылмыстың объект және объекттік жақтарын, сонымен қоса қылмысқа жауапты кім?
№6 Есеп.

Шыңғыс пен Сәрсенбек аңшылықтан қайтып келе жатып, жол жөнекей

автокөлікті тоқтатады. Жолда қатты сілкіністің себебінен, Шыңғыс қаруын

автокөлік ішіне түсіріп алады. Құлаған қарудан оқ атылып, Сәрсенбек қайтыс болады.

Сұрақ: Қылмыстың субъект және субъекттік жақтарын анықтаңыз?

Қылмыскер қай бапқа сәйкес жазаланады?

№7 Есеп.

ПТУ-дың 17 жасар қатысушысы П.С. есімді азамат аңшы қаруымен учаскі инспекторын өлтіргені үшін сотталады. Себебі инспектор оның әкесін өзінің танысының үйін өртеп жібергені үшін соттайды. П.С. есімді азамат сот үкімі шыққан кезде 18 жаста болатын.

Cұрақ: Қылмыстың негізгі жауаптысын анықтаңыз?

Қабылдаған шешім белгілі бір жаза болуы мүмкін бе?


№8 Есеп.

Жұмыссыз С.К. есімді азамат зейнетақы тасып жүрген пошташыға шабуыл жасап, оны өлтіреді және 20000 теңгесін алып, қылмыс болған жерден қашып кетеді. Қылмыстық істі сол күні қозғап, С.К. есімді азамат бірнеше уақыттан кейін, конституциялық бапқа сәйкес сотталған. Бұл қылмыс өте жауыз мақсатпен орындалған деп, С.К. есімді азамат өмірінің соңғы деміне дейін бас бостандығынан айырылады.

Сұрақ:Осы қылмыстың субъект және субъект жақтарын атаңыз.

Бұл қылмысты адамның өміріне және денсаулығына шабуыл деп қарастыруға бола ма?

№9 Есеп.

Мемлекеттік құрылыс ведомствадан тысқары қорғау орталығының күзетшісі С.Е. есімді азамат сол орталық қоймасының Н.К. есімді жұмысымен келісіп, қоймаға жасырын кіреді. Қоймадан 80000 теңге тұратын бірнеше жәшік керамика плиткаларын алып шығып, қойманың қорғалатын территориясында қалдырады. Полиция қызметкерлері екі сыбайлас жемқорды сол қылмыс үстінде ұстайды.

Сұрақ: Осы қылмыстың жауапты негізін суреттеңіз (объект және объекттік жақтарын, субъект және субъекттік жақтарын) қарастыру?
№10 Есеп.

Мемлекеттік кәсіпорынның авто тұрағының күзетшісі К. есімді азамат, осы кәсіпорынға тиісті жүк автокөлігімен үйіне қашып кетеді. Бірақ, көшеде жол полиция қызметшісіне ұсталған, нәтижесінде қылмыстық іс қозғалып, авто көлікті ұрланғаны үшін бас бостандығынан айырады.

Сұрақ: Осы істі жекеменшікке қарсы қылмысқа жатқызуға бола ма?

Осы қылмыстың негізгі міндетін, объект және объекттік жақтарын, субъект және субъекттік жақтарын қарастыру?


№11 Есеп.

Бірнеше рет сотталған В.П. есімді азамат ломбардқа топтық шабуылды жоспарлап дайындаған. Қылмыстың негізгі мақсаты – ломбардтағы ақша мен аманат байлықтарын игеру және бұл қылмысқа кәмелет жасқа толмаған жастарды қызықтырған. В.П. есімді азамат қылмыстың уақытын, қосымша ақпараттарды хабарлайды. Ломбардта полиция қызметкерлерімен тосқауыл ұйымдастырылып, үш шабуыл жасаушыны қылмыс үстінде ұстады.

Сұрақ: Қылмыстық жауапкершіліктің негізгі және жеңілдеу жақтарын

суреттеңіз?


№12 Есеп.

Кәмелет жасқа толмаған А.В. және Т.Н. есімді азаматтар И.П. есімді азаматшаның өміріне және денсаулығына қауіп төндіріп, ұрлық жасайды. И.П. есімді азаматша өзін сақтау мақсатында қорғануға тырысты, нәтижесінде ұрыс пайда болып, И.П. есімді азаматша өзін қорғау мақсатында шабуылшының біреуін ұрады. Сол ауыр соққының нәтижесінде шабуылдаушы қайтыс болады.

Сұрақ: Қылмыстың субъекттік және объекттік жақтарын атаңыз және

қылмысты жеңілдету тұстарын көрсетіңіз?



1.Тақырыбы. «Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығы».
2.Мақсаты:
Іс жүргізу құқығы сот төрелігін жүзеге асыру жүйесін, сот органдарының жүйесін, ҚР территориясында сотта іс жүргізудің жүзеге асырудың негізгі қағидаларын оқып үйренуге мүмкіндік береді.

3. Оқыту мақсаты:
- Шағын топтардың жұмысын зерделеп дағдылану..

- Ұжымдық қарым-қатынас дағдыларына ие болу, өз көз қарасын дәлелдей білу.

- ҚР іс-жүргізу құқығы туралы жалпы түсінікті зерделеу.

- Конституция баптарымен жұмыс істей отырып, сипаттай білу және оларға толық талдау жасау.


4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. ҚР іс жүргізу құқығының түсінігі.

2. Азаматтық іс жүргізудің түсінігі мен қағидалары.

3. Қылмыстық іс жүргізудің түсінігі мен қағидалары.

4.Азаматтық іс жүргізу процесіне қатысушылар.

5. Қылмыстық процеске қатысушылар.

6. Іс жүргізу құжаттарының түрлері.

7. Сот төрелігін жүзеге асыратын тұлғалар.

8. Іске қатысатын тұлғалар.

9. Сот төрелігінің жүзеге асырылуына әрекет жасаушы тұлғалар.


5.Білім берудің және оқытдың әдістері: Шағын топтар.

1 топ.


- Іс жүргізу құқығының түсінігі.

- Сот төрелігінің түсінігі

- Азаматтық процестің қатысушылары.
2 топ.

- Азаматтық сот өндірісінің қағидалары.

- Іске қатысушы тұлғалар.

- Қылмыс туралы түсінігі.

3 топ.

- Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру.



- Азаматтық сот өндірісінде қандай істер қарастырылады.

- Сот төрелігінің жүзеге асырылуына әрекет жасаушы тұлғалар.


4 топ.

- Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар.

- Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы.

- Қылмыстық сот өндірісіне түсініктеме.


5 топ.

- Қылмыстық сот өндірісінің қағидалары.

- Қылмыстық процестің қатысушылары.

- Азаматтық іс жүргізу құқықтық субъектілік түсінігі.


6.Әдебиет:

Негізгі
1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері» I бөлім. Алматы 2004 ж.

2. ҚР Конституциясы. Алматы 2008 ж.

3. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

4. Құқық негіздері Қ.И. Оспанов. Алматы, Жеті жарғы - 2007


Қосымша

1. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

2. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

4. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

6. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

7.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.


7. Бақылау:
- «Іс жүргізу құқығының негіздері» тақырыбы бойынша тест бақылау сұрақтары.

1. Процессуалдық құқығының пәніне мынадай қатынастар жатады.

2. Процессуалдық құқығының ережелері мынадай қатынастарды реттейді.

3. Процессуалдық құқығының қайнар көзі.

4. Юрисдикациялық құқық қолдану қызметі кезінде бұл саланың ролі

мынаған бағытталады.

5. Бұл саланың мақсаттары келесі биліктің іске асырумен байланысты.

6. Азаматтық процессуалдық құқығының пәні.

7. Азаматтық процессуалдық қатынастардың субъектілері мынадай

белгілері бойынша топтарға бөлінеді.

8. Азаматтық процестің негізгі сатысы.

9. Азаматтық процессуалдық құқығының қайнар көзі.

қабылданған мерзімі.

11. Қылмыстық процессуалдық құқығының пәніне мынадай қатынастар

жатады.

13. Қылмыстық процессуалдық құқықтық қатынастардың субъектілері.



14. Сотқа дейінгі сатыға мыналар жатады.

15. Қылмыстық процесстің негізгі сатысы.

16. Ерекше сатысы.

17. Қылмысты қудалау келесі функцияларды атқарады.

18. Қылмыстық қудалау ұйымдары.

19. Қылмыстық қудалау ұйымдары келесі функцияларды атқаруға міндетті.

20. Прокурормен, соттың процессуалдық шешуімен бекітілген және сотқа

дейінгі негізде қылмысты қудалау негізде қылмыстық қудалау

ұйымдарымен қабылданған актісі.


1. Тақырыбы: «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес».
2. Мақсаты:
Осы тақырыпты оқу сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі әдістерімен танысуға мүмкіндік береді, сыбайлас жемқорлықтың түсінігін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін қарастыру, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтары мен құқықтық жауапкершіліктің түрлеріне толық сипаттама көрсету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі мақсатын қарастыру және нақты білу.



3. Оқыту мақсаты:

- Шағын топтардың жұмысын зерделеп дағдылану



- Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы жалпы түсінікті зерделеу.

- Конституция баптарымен жұмыс істей отырып, сипаттай білу және оларға толық талдау жасау.

- Дұрыс түсіне және түсіндіре білу.

- Жағдайлық есептерді құрастыру және талдай білу.

- Құқықтық нормалар жүйесінде бағдар жасай білу.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік.

2. Пара алу түсінігі, пара беру түсінігі.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу заңдылығының принциптері.

4. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар түсінігі.



5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Шағын топтар.
1 топ.

- Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асырушы органдар.

- Сыбайлас жемқорлықпен күресуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құқықтарымен міндеттері.

- Сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша қаржы бақылау шаралары.



- Сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтың алдын-алу.
2 топ.

- Сыбайлас жемқорлықпен күресу іс-шаралары.

- Жақын туыстардың бірге қызмет істеуіне жол бермеу.

- Мемлекеттік міндеттерді атқарумен сыйыспайтын қызмет.

- Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық жасаған медицина қызметкерлерінің жауапкершілігі.

3 топ.

- Сыбайлас жемқорлыққа жағдай тудыратын құқық бұзушылық және жауапкершілігі.

- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жауаптылық.

- Құқыққа қарсы алынған игіліктерге байланысты құқық бұзушылықтар.

- Экономикалық қылмыстарға жалпы сипаттама, олардың объектілерімен субъектілері.

4топ.


- Мемлекеттік функцияларды орындауға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар.

- Сыбайлас жемқорлықпен күресудің мемлекеттің әлеуметтік –экономикалық дамуына әсер етуі.

- Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылыққа тәртіптік жауапкершілікке тарту.

- Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылыққа қылмыстық жауапкершілікке тарту.
6. Әдебиет:

Негізгі
1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері» Оқулық, 2 - ші басылым. Алматы, 2004.

- 248 бет. X- бөлім 171-172 және XII бөлімі 177-180 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері" 2- бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007. - 304 бет. VI бөлімі 190-191 және VII бөлім 192-238 беттер.

3. ҚР Конституциясы Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы 1998 ж.

Қосымша
1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.


7. Бақылау:
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыптары бойынша тестік сұрақтары.



  1. Жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылық қандай болады.

  2. Жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықты қандай субъект жасауы мүмкін.

  3. Жемқорлық қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тарту немесе жазалау қандай Кодекпен қаралады.

  4. Жемқорлықпен күресу жөніндегі органға жемқорлық құқық бұзушылық факті туралы әдейі жасалған ақпаратты хабарнланған тұлғ,аға әкімшілік айыппұл салынады.

  5. Жемқорлық құқық бұзушылықты жасауға байланысты жасалған мәмілелер жарамсыз деп таниды.

  6. Жемқорлық құқық бұзушылықты жасай отырып жасалған мәмілелерді сот таниды.

  7. Мемелекеттік қызметті атқарып отырған тұлға салық органына тұрғылықты жері бойынша декларация тапсырады.

  8. Мемлекеттік жауапты қызметкерлерді атқарып отырған тұлғалар - ол мыналапр белгіленетін қызметкерді атқаратын тұлғалар.

  9. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттік берілген тұлғаларға жарғылық капиталындағы мемлекеттік меншіктің соммалық үлесі қандай мөлшерден кем емес ұйымдардың лауазымдық тұлғалары теңеледі.

  10. Жемқорлық құқық бұзушылардың субьектілері.

  11. «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР заңының қолданылу саласы.

  12. ««Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР заңының принципі.

  13. Қазақстан Республикасында жемқорлықпен күресті жүргізуге кім міндетті.

  14. «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР заңына сәйкес мемлекеттік қызмет атқарып отырған тұлғаның жақын туыстарының қайсысы кірістері және мүлкі туралы декларацияны салық органдарына тапсыруға міндетті.

  15. Лауазымды тұлға.

  16. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілгекн тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақылар берген жеке тұлғаға қандай орган әкімшілік жолмен өтуді салады.

  17. Мемлекеттік қызметті орындауға уәкілеттік берілген тұлғаның тарапынан күштеп алу жағдайы болған кезде кім жауапкершіліктен босатылады.

  18. Мемлекеттиік функцияларды орындаумен қатар қандай қызметті атқаруға болады.

  19. Жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері мыналар болып табылады.

  20. Жемқорлоыққа жағдай туғызатын құқық туғызатын құқық бұзушылықтар мыналар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет