І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»


-1868 жылдардағы реформалар бойынша қазақ жерінде құрылған генерал - губернаторлықтар мен



Pdf көрінісі
бет17/65
Дата29.04.2024
өлшемі1.04 Mb.
#500125
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65
Тарих билет жауаптары

3.1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша қазақ жерінде құрылған генерал - губернаторлықтар мен 
олардың құрамына кірген облыстарды картаға белгілеңіз. 
1867ж. 11-шілде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша ереже», 1868ж.21-қазан «Торғай, Орал, 
Ақмола ,Семей облыстарын басқару туралы «Уақытша ереже» бекітілді. «Уақытша ережелер» бойынша 
Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағындырылды. Олар- Батыс-Сібір (орталығы – Омбы қаласы), 
Орынбор (орталығы- Орынбор қаласы), Түркістан (орталығы – Ташкент қаласы) генерал-губернаторлықтары. 
Батыс-Сібір генерал-губернаторлығына - Ақмола, Семей облыстарыОрынбор генерал-губернаторлығына - 
Орал, Торғай облыстары, Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді. 1870ж. 
Маңғыстау приставтығы -Кавказ әскери округына, ал 1872ж. Бөкей ордасы- Астрахан губерниясына қарады. 


  7-билет 
1. 
Әбу Насыр әл-Фарабидің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі.
2. 
«Алаш» партиясы.«Алаш» партиясының бағдарламасындағы басты мәселелер. 
3. 
Сақтардың құрамына кірген тайпалар және олардың қоныстанған аймақтарын картаға белгілеңіз. 
Жауабы: 
1.Әбу Насыр әл-Фарабидің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі.
Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) Отырар (Фараб) ойшылдарының ішіндегі ең атақтысы, «Әлемнің екінші ұстазы» 
атанған тұлға. Әл-Фарабидің «әлемнің екінші ұстазы» аталуының екі себебін атап көрсетуге болады: біріншіден - ежелгі 
гректердің ғылыми мұраларының көпшілігі араб аудармалары арқылы ортағасырға жеткені мәлім, соның ішінде грек 
ғалымы,философы Аристотельдің еңбектерін, ондағы идеяларды әл-Фараби еңбектері арқылы ғана түсінуге болады. Ол, 
ең алдымен, грек ғылымын, оның философиясын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн-
Халиканның айтуына қарағанда, Әл-Фараби Аристотельдің «Метафизикасын» қырық, «Жан туралы» еңбегін жүз, 
«Риторикасын» екі жүз рет оқып шығыпты. Осындай ыждаһаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми 
мұрасын еркін игерген. Екіншіден –Аристотель өзінің жан-жақтылығымен танымал және ғылыми білімдерді жеке-жеке 
салаларға бөлген ғалым ретінде белгілі болса, әл-Фараби де философ, музыкант, математик ғалым ретінде дүниеге 
көзқарасы жағынан өз заманының озық ойлы адамы болды. Яғни, ғылымға қосқан үлесі мен еңбегі жөнінен көптеген 
замандастары мен одан кейінгі ұрпаққа үлгі, бағдаршам болып келеді. Ибн Хаукаль өз еңбегінде әл-Фараби жайлы: «Ол 
–аса ірі мұсылман философтарының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ» деп баға берген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет