I. Салықтардың мәні,мазмұны қағитаттары, қызметтері түрлері



бет7/7
Дата01.07.2016
өлшемі1.4 Mb.
#170243
1   2   3   4   5   6   7

Жер меншігін жеке меншіктерге беру арқылы жер игерудің тиімділігін арттыру дүниежүзілік тәжірибе арқылы дәлелденіп отырғанын айта кеткен жөн. Бұған келесі жәйттарды атаған жөн:

- жердің қолданылуының рентабельділігінің артуы;

- жер өңдеуге мемлекет тарапынан шығарылатын шығынның азаюы;

- бюджет қорына түсімнің молаюы;

- сыртқы және ішкі қарыздың азаюы;

- монополизм мен күрестің шыңаюы;

- қаржы нарығының кеңеюі;

- халықтың инвестицияларға сұранысының артуы;

- жұмысшылардың компаниялардың қаржылық үлесіне көптеп тартылуы;

- кәсіподақтар қозғалысының тежелуі;

- жеке меншіктердің әлеуметтік және саяси жетілуі.

Жердің мемлекет мешігінде болуы мемлекеттік қаржылық саясаттың бюджеттік қарызды өтеуге, сол арқылы ақшаның құнсыздануына бөгет жасауға мемлекеттің сыртқы қарыздарын төлеуге бағытталған басты табыс көзі болып отыр. Ал жер иелігін жекешелендіру және жерден өндірілетін өнім мен табыстың жекешелендіруге байланысты молаюына ықпал етеді. Шығыны көп тиімсіз кәсіпорындарды жекешелендіру, оларға мемлекет тұрғсынан бөлінетін бюджеттік шығындарды азайтады. Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің молаюы өндірісті қаржылық қысымнан да қорғайды. Жекешелендіруден түскен пайда мемлекеттің макроэкономикалық салаларына да жақсы ықпал етеді.

Қазақстан Республикасында 4 000-ға жуық мемлекеттік ауыл шаруашылық агрокәсіптері мен ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар бар. Осы өнідіріс орындары шарашылық ұжымдар түрінде ұйымдастырылады да, табыс әрі ұжым мүшелеріне теңдей бөлініп отырады.

Ауыл шаруашылықтың өнімдерін өңдейтің сектордағы сектордағы мемлекеттік агросервис мекемлері де жекешелендірудің ұжым мүшелеріне акцияларды теңдей бөліп беру арқылы жүзеге асырылатын жолымен өзгеруде.

Өндірілетін өнімнің бағасы аталған жағдайда белгілі мөлшерде мемлекет тарапынан информацияға сәйкес белгіленіп отырады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың баса назар аударған мәселесі, Қазақстан Республикасының 2030 жылғы стратегиясының аталған басты шешімдері - жер игерушілер мен жер иелерінің салық салымдарын төлеу мүмкіншіліктерінің ұзақ мерзімді бағдарын қолдап – тек қана өз иеліктеріндегі мекшіктен түсетін түсімдер шамасына сай тіршілік етулеріне жағдай жасалуының керектігі болып табылады. Бұл жағдайда жер салығын төлеу– азаматтардың ел экономикасына сапалы түрде ат салысуы және қаржы бөлу механизміне де белсенді араласуы болады.Қазақстан Республикасының Президентінің айтуына орай – «Салық төлеу әрбір Қазақстандың азамат үшін қалыптағы жағдай болып, олардың патриоттық міндетіне айналады».

Ұсынылып отырған салықтың жақсартылған түрлерін қолдау «Қазақстан–2030» бағдарламасына толық сәйкес болып отыр. Президенттің айтуына «2005 жылдан бастап, еліміздің жылдық экономикалық даму жоспары осы стратегиялық 2030 бағдарламаға сай болуы керек». Міне сондықтан жер меншігіне салық салу саясаты да аса маңызды болады. Елдегі қабылданған бірыңғай салық салу жүйесі де осы экономикалық дамудың 2030 жылға дейінгі бағдарламаны түбегейлі жүзеге асыруға бағытталады. [25]

Қорытынды

Қорытындылай келе, бүгінгі таңда мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражатының қорын жасау және пайдалануымен байланысты бюджеттің қызметі айрықша экономикалық нысандар бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы атқарылатыны мәлім. Осы екі категорияда объективті және бюджет секілді өздерінің арнайы қоғамдық міндеттері бар: кірістер мемлекетті қажетті қаражатпен қамтамасыз етсе, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды тиісінше жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге бөледі.

Бүгінгі таңда бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттерден тұрады.

Республикалық бюджет негізінен жалпы мемлекеттік салықтар есесбінен қалыптасатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне Конституциямен, заңдармен Қазақстан Республикасының Президентінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін белгілейтін жалпы мемлекеттік бағдарламалар мен шараларды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттарының қоры болып табылады.

Мемлекеттің экономикалық нарықтағы ұйымдастыруға экономикалық құралдардың арасында салықтарға ерекше орын берілген. Әр мемлекетте нарықты дамытуы салық саясаты арқылы мемлекеттің өмір сүруінің және экономикалық қызмет етуінің реттеуші өзегі ретінде қарастырады. Отандық және шетел тәжірибелері көрсеткендей, салықтар және салық саясаты экономиканы басқарудың, қаржы құралдарының «күшті» құралы болып саналады.

Жергілікті бюджеттен жергілікті бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру қамтамасыз етіледі, және жергілікті бюджет арқылы жалпы мемлекеттік бағдарламалар мен шаралардың бір бөлігін іске асыруға жол беріледі. Жергілікті атқарушы органдар (әкім, маслихат жиналысы) тиісті әкімшілік аумақтық бөліністер аумағында арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істейтінін ескере отырып, өз аумағының бюджетін дербес жасайды және атқарады. Сонымен жергілікті салықтар мен алымдар жергілікті бюджеттердің кірістерін толтыруға, бекітіліп берілген және жергілікті мақсаттағы қажеттерді қаржыландыруға жұмсалатын жеке тұлғалар мен кәсіпорындардың заң жүзінде белгіленген міндетті төлемдерінен тұратын Қазақстан Республикасының салықтар жүйесінің бір бөлігі. Сонымен қатар, жер салығының жергілікті бюджет жүйесінде алатын орны да ерекше болып келеді. Жер салығы жоғарыда айтылғандай, ол жер ресурстарын тиімді қолдану үшін, жер құнарлығын арттыру, оны қорғау жөніндегі шараларды жүргізу үшін, сол аймақтың әлеуметтік – мәдени дамуы үшін және мемлекеттік шараларды ұйымдастыру және жергілікті бюджет кірістерін қалыптастыру үшін белгіленген.

Жер салығы басқа да жергілікті салықтар мен алымдар сияқты мазмұнына қарай, бүгін де бюджетті түрдегі қаржылық қатынастар екі бағытта міндеттерін атқаруда: біріншіден, экономиканы тұрақты ұстай отырып, экономиканы дағдарыстан шығару үшін қаржы құралдарын орталықтандырылған жүйеде бөліп беру болса, екінші жағынан, жергілікті басқару органдарының қаржы қорларын кұру және пайдалануға байланысты құқықтарын арттыру арқылы іске асырылуда. Себебі, қазіргі уақытта әр аймақтың әлеуметтік экономикалық дамуының деңгейі, еліміздің нарықтық жағдайындағы қиындықтармен сәйкес келеді. Сондықтан жергілікті бюджетердің дербестігін қолдай отырып басқа да экономикалық қаржылық, бюджеттік салаларындағы маңызды мәселелерді неғұрлым кең және заң жүзінде ұйымдастыру қазіргі экономикалық жағдайдың талабы болып отыр. Қазақстанның Республикасының Жер Кодексінде жер мемлекетіміздің меншігі деп жария етілген. Жерді пайдалану үшін ақы төленуі тиіс. Бұл ақы жер салығы, төлемдері ретінде қарастырылған. Негізінен жер салығының мақсаты-экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және жерді сақтау, құнарлығын арттыру, территориялардың әлеуметтік–мәдени дамуы үшін қажетті шараларды іске асыру арқылы бюджетке түсетін табыстарды құрау. Негізінен салық баршамыздың орындайтын міндетіміз болғандықтан оны дер кезінде, Салық Кодексінде белгіленген мөлшермен төлеу біздің борышымыз. Салық заңнамалары осы салықтық қатынастарды реттеп отыратын экономиканың бір тетігі деп айтуға әбден болады. Жергілікті бюджет кірістерінің уақыттан уақытқа ұлғаюы бюджет қаржысын ұйымдастыруында неғұрлым оң нәтижесін көрсетсе, соғұрлым жергілікті аймақтың әлеуметтік- экономикалық дамуының бір өзегі болып қалмақ.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:




  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” Астана, 2006 жылғы 1 наурыз // Егемен Қазақстан 2 наурыз 2006 ж.

  2. Ермекбаева Б.Ж., Құлжабаева М.Т., Бурабаев О.Б. “ Жергілікті салықтар мен алымдар” / Алматы 1998 ж. “Экономика”

  3. Ілиясов Қ. Қ., Құлпыбаев С. “Қаржы” / Алматы 2003 ж.

  4. Черник Д. Г. “Налоги” / Москва 2003г., “Финансы и статистика”

  5. Черник Д.Г. “ Основы налоговой системы” / Москва 2002г., ЮНИТИ

  6. ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық Кодексі. / 2002 жыл Алматы.

  7. Волкова Н.О. “О налоговых льготах ”// Аль- Пари, №9, 2003 г.

  8. Горохов Н.О. “О реформировании налогового законодательства” // Налоговый Вестник, № 9, 2003 г.

  9. Есенов Б.М. “Уақыт кәсіпкерлерге тың міндетті жүктейді” // Егемен Қазақстан № 60, 25 наурыз 2005 ж.

  10. Серикбаева К. “Экономическое содержание земельного налога и принципы налогообложения земли” // Қаржы- қаражат, 3/ 2003 ж.

  11. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі жинақ // Астана, 2004 ж.

  12. Смагулов Б.Р. “Организация рынка земли в ФРГ” // Экономика и жизнь, № 15, 2001 г.

  13. Нургалиева Г.К. “Рынок земли в зарубежных странах” // Аль-Пари, № 4, 2004 г.

  14. Ермекбаева Б.Ж., Арзаева М.Ж. “Шет мемлекеттердің салықтары” / Алматы 2001 ж. “Экономика”

  15. Джапарова Н. “Реформирование земельного налога как продолжение земельной реформы в Кыргызской Республике ” // Аль-Пари № 2, 2005

  16. Сурашев А.А. “Налоговые проблемы” // Қаржы-қаражат № 5, 2005 г.



  17. Мустафаиева А.Т. “Проблемы залога земель сельскохозяйственного назначения и основные направления его развития в Республике Казахстан” // Банки Казахстана № 10, 2005 г.

  18. Серикбаева К. “Совершенствование системы налогообложения земель” // Қаржы-қаражат № 4, 2003 г.

  19. Пягай А.А. “Налогообложение-метод государственного регулирования аграрного сектора Казахстана” // Банки Казахстана № 9, 2004 г.

  20. Серикбаева К.А “Финансовые аспекты совершенствования земельных отношений в Казахстане” // Аль-Пари № 2, 2003 г.

  21. Есбайев Б. “Иелі жер киелі” // Егемен Қазақстан № 27, 2005 ж.

  22. Ким И. “Управление земельными ресурсами” // Саяса № 8, 2005 г.

  23. Касымов С. “Роль земельных отношений в углублении процессов экономической трансформации” // Аль-Пари № 2, 2003 г.

  24. Назарбаев Н. “Қазақстан-2030” / Білім 1998 ж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет