І шамалар және олардың Өлшем бірліктерін оқыту технологиясы



бет2/10
Дата06.03.2024
өлшемі77.55 Kb.
#494550
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-78441

Жұмыстың мақсаты -Бастауыш сыныптарда шамаларды іріктеу және оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда іске асырудың әдістемесін жасау.
Зерттеудің нысаны: Бастауыш сыныпта математиканы оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні — Бастауыш сыныптарда шамаларды іріктеу және оқыту әдістемесі.
Қойылған зерттеу мақсатына жету мен тексеру үшін зерттеу жұмысының төмендегідей міндеттерін шешу қажет болды:
- Бастауыш сыныптарда сан ұғымын оқытудағы көрнекіліктердің
түрлері мен рөліне талдау жасау;
- Бастауыш сыныптарда нумерациялық материалдарды іріктеу және оларды оқыту әдістемесін теориялық тұрғысынан анықтау;
- Бастауыш сынып математика сабағында нумерациялық материалдарды оқытуда дидактикалық ойындарды пайдалану жолдарын көрсету.
Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбының мазмұнына қатысты философия, педагогика, психология және әдістемелік еңбектерімен танысу және талдау жасау; бастауышмектеп бағдарламасына, математика оқулықтарына, есептер жинағына дидактикалық материалдар және оқу құралдарына зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау жасау; бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісін бақылау, бақылау жұмыстарын жүргізу, тексеру және талдау жасап, қорытындылау; зерттеу мәселесіне сәйкес жүргізілген жеке өз тәжірибесін талдап, одан қорытынды жасау.
Зерттеудің жетекші идеясы: Бастауыш сыныптың математика сабағында шамаларды оқыту арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруды,математикалық білімді меңгеру сапасын көтеруге, жалпылама оқу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға, математикалық білімді саналы түрде меңгертуге, есептерді шығара білу, өзін-өзі бақылау, бағалау, оқулықпен жұмыс жасай білу және т.б. іскерліктерін қалыптастыруға, өзіндік-танымдық белсенділіктерін арттыруға болады.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері: Таным, білім, жеке тұлға және оның іс-әрекеті, ақыл-ой, ойлау құндылықтары туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар, оқыту әдістері және алатын рөлі мен маңызы. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, бастауыш мектептің пәндік оқу бағдарламалары, педагог және әдіскер ғалымдардың зерттеу мәселесіне қатысты іргелі еңбектері.
Диплом жұмысы кіріспе, 2 бөлімнен, әр бөлім екі тақырыпшадан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер және қосымшадан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет