І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие



бет4/18
Дата05.05.2024
өлшемі0.62 Mb.
#500596
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Дип.-сынып-оқушыларына-экологиялық-тәрбие-беру

Экологиялық білім оқу-тәрбие процесінің нәтижесінде қалыптасады. Пәнаралық байланыс, жылдан-жылға жүзеге асырылатын оқытудың жалғастығы қоғам мен табиғаттың қатынасы жөнінде толық білімді меңгеруге көмектеседі.
Экологиялық білім - бізді қоршаған тірі табиғат құрылымы жөніндегі білімдер. Ол жердің тірі жамылғысының, тіршілігінің биосфералық тұтастықта қалай жұмыс жасайтынын білдіреді.
Биосфераның тіршілігіне адам іс-әрекетінің әсері күннен-күнге өсіп отырғандықтан, экологиялық білімдер табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негіздері ролін атқарады. Экологиялық білімдер - адамзаттың табиғаттың бүгіні мен ертеңі тығыз байланысты екенін түсінуінің негізі, табиғатты қорғауды ұйымдастырудың шынайы қажеттілігі, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, әр тұлғаның бойында қоршаған ортаның жағдайына деген жауапкершілікті тәрбиелеу, өсімдік және жануарлар әлемін сақтау.
Экологиялық білім мазмұнының басты төрт әлементін ашып көрсетуге болады:
1). Экологиялық сананы қалыптастыруды, қоршаған табиғаттың бейнесін қабылдауды қамтамасыз етіп, материалдық-практикалық, рухани-интеллектуалдық іс-әрекет ету тәсілдерімен қаруландыратын табиғат, әкология туралы білімдер жүйесі.
2). Оқушылардың табиғатпен қарым-қатынас жасауына негіз бола алатын және табиғатты қорғау қабілеттерін қамтамасыз ететін жалпы интеллектуалдық, практикалық дағды, іскерліктер жүйесі.
3). Меңгерілген білім, іскерліктерді экологиялық ситуацияларда өз бетімен қолдану, бұрыннан белгілі іс-амалдар негізінде жаңа іс-әрекет амалдарын қалыптастыру.
4). Табиғи ортаға эмоционалды-еріктік, құндылықты-жағымды қарым-қатынас тәжірибесі.
Оқушылардың экологиялық білімдерді меңгеру барысында құндылық бағдары қалыптасады, жануарлар мен өсімдіктердің, ландшафттардың материалдық қана емес, эстетикалық құндылығын даралап, олардың адамның жан-дүниесіне, қуаныш сезімінің пайда болуына ықпал ететіндігін аңғарады. Білімдер неғұрлым саналы әрі берік болса, соғұрлым оқушылардың ойы тереңдеп, ғылыми түсініктердің, заңдар мен заңдылықтардың мәніне терең бойлап, көзқарастары мен сенімдері кеңейе түседі. Оқылатын материалды, үстірт меңгеру, білімдегі жүйесіздік сенімнің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Сенімді қалыптастыру - оқушыда табиғат пен қоғамның дамуына деген адамгершілік, эстетикалық, экономикалық, философиялық көзқарастардың толық әрі ғылыми жүйесін қалыптастыру деген сөз. Сенім адамның берік әрі белгілі ұғымдарға негізделген өмірлік позициясын білдіреді. Экологиялық сенімділік жеке тұлға дүниетанымының құрамды бөлігі болып табылады. Сенім балаларда табиғат жөнінде білімдерді меңгеру барысында көрінеді. Алайда білім мен сенім - бір-бірінен алшақ ұғымдар. Көп ретте оқушылар белгілі жағдаятта өзін қалай ұстау керек екендігін, диспут, талас-тартыс кезінде қандай позиция ұстану керектігін біледі, алайда бұл білімдер қажетті, әрі саналы емес. Бұндай оқушының сөзі ісінен алшақ жатады, білімі мен мінез-құлқында бірлік болмайды, яғни оның білімі сеніміне айналмаған.
Экологиялық білім мен тәрбие беруде сенімді қалыптастыру - тұлғаның іс-әрекетіне айқын бағдар мен маңыз беретін саналы мотивті қалыптастыру. Білімнің сенімге айналуында экологиялық құндылықтар оқушылар үшін маңызды мәселеге, қоғамның сыртқы талаптары оның ішкі қажеттілігіне айналуы керек. Бастауыш сынып оқушыларының бойында сенімді қалыптастыруда төмендегі қағида жүзеге асырылуы керек: түсіндім - өз бойымнан өткіздім - қабылдадым - орындадым. Немесе түсінемін, қабылдадым, мінез-құлқым мен іс-әрекетімде оны басшылыққа аламын. экологиялық мәдениетті қалыптастыруда экологиялық сенімді орнықтырудың мәні зор. Сенім - жеке тұлға бағыттылығының негізін қалайтын фактор Г.Е. Зелесский мен Б.И. Дозонов жеке тұлғаның бағыттылығын қалыптастыруда оның тұлғалық қызығушылықтары белгілі бір иерархиялық жүйеде қызмет ететіндігін атап өтеді.
Мәселен, Г.Е. Зелесский жеке тұлғалық қызығушылықтарды үйлестіру, реттеу, иерархиялау қызметін атқарушы мен құраушы ретінде анықтаса Б.И. Дозонов оларды тұрақты байқалатын мінез-құлық, яғни мінез-құлық бағдарламасы ретіндегі сенімдер ретінде қарастырады. Автор оны үш типке ажыратады: адамдарға, Отанға, идеяларға қызмет етуші өмірдің мәні; өзін-өзі көрсетуде, өзін-өзі орнықтыруда қызмет етуші өмірдің мәні; өмірден ләззат алуға қызмет етуші өмірдің мәні.
Табиғатқа аялы, жауапкершілікті қарым-қатынас табиғатты тек бүгінгілердің ғана емес, болашақ ұрпақтың игілігі ретінде сақтау туралы экологиялық сенімге негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет