I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары



бет32/75
Дата26.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#488091
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   75
I òàðàó äåíå øûíû?òûðó æ?éåñ³í³? ì³íäåòòåð³ ìåí ìà?ñàòòàðû

Қазақ биі «Қара жорға»
Бидің негігі қимылдары:
1.Денені тік ұстап, бір орында секіру.
2.Аяқты артқа сілтеп басып, тізені алға қарай көтеріңкі ұстап жүру.
3. Жан- жаққа бұрылу.
4. Оң аяқты алға қойып, сол аяқты өкшеге тұрып жеңіл ғана отыру. «Қара жолға» биіне балалар жұппен қатысады (4,6,8,10 суреттер).
Бидің жалпы құрылымы.
Бірінші. 2 такт.
Балалар бірінен соң бірі екпіндете жүгіріп, қоршау құрып тұра қалады. Оң қолдары еркін көтеріліп, сол қолы алға қарай ұсынылған.
Екінші.8 такт.
Балалар бірінші қалыптағы қимылдарын жалғастыра келіп, айнала жүріп, аяғында екі қатарға бөлініп, жан жақты қатар құрады.
Үшінші.2 такт. «Ат желісі» қозғалысы мен ортаңғы қатардағы жұптарымен айырбас жасап, ат желісі биінің қимылымен тоқтатылады да, осы қалыпта қайтадан қайталанады.
Төртінші.2 такт. Қимылды төрт рет орындайды. Қолдары жан- жаққа ашық созылып, буындары жоғары көтеріңкі ұсталады.
Келесі.2 тактіде оң иығымен айналып, қайта орындағанда тағы да төртінші қозғалысты төрт рет орындайды.
Бесінші.2 такт. Сол жағымен айналып, бетін ортаға бұрып,8 бүйірлі ат желісімен келіп, оң бүйірге қарай сағат тіліне қарсы айналады. Осы көріністер орындаушылар алдымен айналымды қысыңқырап келіп, алаңның екі жағына бүйірлей бөлінеді. Одан соң би басынан аяғына дейін қайталанады.
Қазақтың халық биі «Айгөлек».
Бидің негізгі қимылдары:
1. Нағыз адымдау: оң аяқпен жан- жаққа негізінен алға қарай адымдай басып, тез арада тізені жеңіл, сонан соң аяқпен адымдап сол тізені де иіп екі аяқты тең басыптүзу тұру. Сөйтіп, нығыз адымдаумен екі аяқты бірдей орындауға болады.
2.Қолды ауыстырып, жоғары көтеріп, буындарын бұрай отырып, ауыспалы жүру.
3.Оң аяқ, сол аяқпен кезек-кезек секіру.
4.Алақан соғу.
5. Биге 8, 10,12 жұпты адам қатысады.
Бидің құрылымы:
Балалар айнала қоршап тұрады. Ал қыздар балалардың сол жақ қатарында. Бетпе-бет қоршай ұстап , шеңбертүрінде тұрады.

  1. сан 8 такт.

Балалар оң жаққа қарай жылжып сегіз қадам жасайды.

  1. сан 0 да 8 такт.

Барлығы нығыз адыммен қайта оралады.

  1. сан 8 такт.

Қыздар ауыспалы жүріспен оң иығына қарай бір орында айналады. Балалар бір орында тұрып екі аяғымен жеңіл секіреді. Қолдарын белінде ұстайды.

  1. сан 4 такт.

Қыздар мен балалар алақандарын соғып қолдарын, қолдарын жайып , қасындағы жүптасымен шапалвқ қағысады. Бұл екі рет қайталанады. Одан соң би қайталанады.
Затты көтеру немесе бірден еікнші жерге апарып қою.
Дене тәрбиесі сабағында, тұрмыста затты көтеру және бір жерден екінші жерге апарып қою жаттығуларды қолдану өте қажет. Бұл жаттығуларды үйрету барысында жаттығуларды орындаудың ең тиімді әдісін меңгерту.
Сабақ барысында оқушылар ұйымдасқан түрде гимнастикалық бөрене, төсеніш, жаттығуға қажетті құралдары орындарына қояды. Ұжымдық түрде заттарды орналастыру оқушыларға маңызды тәрбие береді. Бұл жұмысты нәтижелі орындау үшін мұғалім оқушыларға түсіріп , көтеру, апару әдістерін көрсетеді.
Жүру
Жүру табиғи қолданбалы жаттығу. Жүру механизмі қозғалысты тікелей реттеуші тері, бұлшық ет түйсіктерінің белгі беретін тітіркендіргіштер болып табылады. Жүрудің дұрыс дағдысын қалыптастыратын жаттығудің міндеті баланың тұлғасының біркелкі өуіне, аяғын ілгері қарай икемділікпен басуға, қолдары мен аяқтарын үйлесімді ұстауға тәрбиелеу болып табылады.
Жүру кезінде үлкен бұлшық ет топтары, қызметке түсіп, тыныс алу, қан айналу жүйелерінің қызметін күшейтеді.
Сапта жүру оқушыларды тәртіптілікті ұйымдастыруға көмектеседі.
Мектептің негізгі міндеттерінің бірі оқушыларды дұрыс, көркем, ұқыпты жүруге үйрету. Жүруге үйрету сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру кезінде арнайы ұйымдастырылады.
Оқушылар жүруге дұрыс дағдылану үшін , оларды біріншісыныптан бастап , қимылды ырғақ арқылы сол аяқтан бастап жүруге үйретеді. 1- сыныпта оқушылармен еліктеу сипаттағы жаттығулар қолданылады «қаздар қайтіп жүреді?!» «аюға ұқсап жүріңдер!» т.с.с.
Жүруге үйрету барысында аяқтың ұшымен, еңкейіп, үлкен адыммен, бөесені жоғары көтеріп, тіркеме адымдар, аяқты қайшылап, аяқтың ішкі-сыртқы қырымен жүру ұсынылады. Дұрыс жүру: денені еркін ұстау; денені басты тік ұстау; иық артқа қарай ашылған, қолмен аяқтың қимылдары еркін (егер оң аяқ алда болса, сол қол алда болу керек).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет