Би жаттығулары
Оқушыларға би жатттығулары мен қараайым билерді үйрету-cұлулыққа, көркемділікке тәрбиелейді, дене қимылдарын үйлесімді орындау қабілеттерін дамытады. Тұлғаны дұрыс қалыптастыруда би жаттығуларының алатын орны ерекше. Сабақта жүйелі орындаған жаттығулардың түрлері оқушылардың есту, орындау қабілеттерін қалыптастырады. Би жаттығуларының қарапайым түрлерін балалармен шеңберде, сапта, қатарда, сонымен қатар созылмалы екі, үш, төрт қатарда орындауға болады. Жатттығуларды мұғалімнің оқушылардың санауы, оқушылардың ән айтуы, музыкамен сүйемелдеу арқылы орындалады. Би жатттығулардың қарапайым түрлері, жеке қозғалыс бөлігі, сабақтың кіріспе бөлімінде үйретіледі, ал осы аталғандарды оқушылар толық меңгергенде сабақтың қорытынды бөлімінде орындауға болады.
Бастауыш сынып бағдарламасында төмендегі қимылдар үйрету әдістері қарастырылған.
ән айту, музыкамен сүйемелдеу арқылы жүру. Музыканың соңында тоқтап жүру. Ән айту, музыкамен сүйемелдеу арқылы жүруді оқушыларға бір орында немесе сапта арақашықты сақтай отырып, әр түрлі екпінде жүру дағдыларын меңгергенен кейін үйретіледі. Бірінші сынып оқушылары бір аяқпен жүруді білмейді(олардан талап етілмейді), содан оқушыларды анықталған екпінде ырғақты жүруге үйрету қажет. Үйрету барысында ән сабағында үйретілген әннің музыкасы пайдаланылады. Би жатттығуларын орындау барысында мұғалімнің көрсетуі маңызды орын алады. Оқушылар ән айту, музыкамен сүйемелдеу арқылы жүруді, бір орынан алға қарай жылжу, аяқтың ұшымен алақандарын созу арқылы жүруге дағдыланады.
Қарапайым адым немесе аяқтың ұшымен кәдімгі би адымдарын жасау, алдыға қарай аунау, алма кезек тіркеме адымдар орындау: тіркеме адымдарды оңға-солға бұрыла басып орындауға болады.
Кәдімгі би адымдары
Аяқтың ұшымен немсе жай жүру. Қимыл орындайтын аяқ тізеден сәл бүгіліп, аяқтың ұшымен тік қойылады, аяқтың ұшы тартылып, сыртқа қарай бұрылады да, аяқ ұшын жерге тигізеотырып, толық жерді басады. Дененің салмағы алдағы аяққа түседі, екінші аяқ ұшына көтеріледі. Қимылдарды меңгергенен кейін, тек аяқтың ұшымен жүру қимылы ұсынылады. Қимыл адымдарын үйрету барысында жеңіл, ұйлесімді орындауға көңіл бөлінеді.
Секіріп орындалатын қимылдар. Бір дегенде оң аяқпен алға қарай орташа адым жасау, сол аяқты артқа сәл көтеру, ал «и» дегенде оң аяқпен алға жеңіл секіру. Сол аяқтың тізесін бүгіп, алға көтеру, аяқтың ұшын тарту, «екі» дегенде сол аяқпен алға орташа адым жасау. Оң аяқты артқа сәл көтеру, ал «и» дегенде сол аяқпен алға жеңіл секіру. Оң аяқтың тізесін бүгіп, алға көтеру, аяқтың ұшын тарту,т.с.с.
Секіріп орындалатын қимылдар алға, артқа қарай орындалады.
Оңға, солға, алға, артқа тіркеме адымдар жасау.
Тіркеме адымдар жасау барысында қимыл бір аяқпен басталып, екінші аяқпен аяқталады. Тіркеме адымдар оң аяқпен басталса, онда «бір» дегенде оң аяқпен бір адым жасайды «екі» дегенде сол аяқ, оң аяққа тіркеледі, содан кейін тағы да оң аяқ алға қойылады, сол аяқ оң аяққа тіркеледі. Оңға, солға, артқа, қимылдар осылай орындалады.
Алғашқы сабақтарда тіркеме адымдар жасау, аяқтың табанмен толық тұру арқылы жасалды. Бірте-бірте аяқтың ұшымен қимылдар жасау үйретіледі.
Ат желісі қимылдары. Оңға, солға, алға, артқа орындалады. Солға ат желісі қимылын жасағанда негізгі тұрыстан «бір» дегенде, сол аяқпен сол жаққа қарай адым жасалады, «и» дегенде жылдам сырғанай тұрып, оң аяқты сол аяққа тіркейді, «екі», «и» дегенде қимылқайталанады, т.с.с.
Өзгермелі адымдар. «Бір» дегенде оң аяқпен адым жасау «и» дегенде сол аяқпен қысқа адым жасау, «и» дегенде үзіліс содан кейін қимылдар сол аяқпен жасалады. Өзгермелі адымдарды артқа қарай жасауға болады. Бұл жағдай адымдар артқа қарай орындалады. Барлық жасалған адымдар қолдың қалпы және әр түрлі арқылы жасалады.
Халқымыздың мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай қайсысы да адамға, соның игілігіне бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктерінің бірі- қазақ билерін бастауыш сынып оқушыларына үйрету халық педагогикасының құрамды бір бөлігі болыптабылады. Ұлттық биді үйрету, дене қимылдарының әсерлігі, үйлесімділігі арқылы денеге қажетті әдіс тәсілдер меңгеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |