I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


Жоспарлаудың негізгі құжаттары



бет65/75
Дата26.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#488091
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   75
I òàðàó äåíå øûíû?òûðó æ?éåñ³í³? ì³íäåòòåð³ ìåí ìà?ñàòòàðû

Жоспарлаудың негізгі құжаттары

Жылдың жоспары тоқсандық жоспар, күнделіеті сабақ жоспары болып бөлінеді. Жылдық жоспарда бағдарламалық материалдар әр тоқсанға бөлінеді; әр қоқсанға сабақ жоспарлары құоылады. Себебі жоспарлауда әр сынып мұғалімі дене шынықтыру жөнінен бір жылдық бағдарламаның бірте – бірте орындалуын анықтап отырады.


Жоспарлау барысында мұғалім әр түрлі әдістемелік құралдар мен көрнекіліктер пайдаланады. Сабақ өткізілетңн орын, қажетті құрал – жабдықтар саны, оқушылардың дене бітімінің дамуы ескеріледі. ̋ Дене шынықтыру ̏ пәні өзіне тән ерекшелігімен ерекшеленеді. Ерекшелігі бағдарламалық оқу материалын оқушыларға бөлімдер бойынша бірте – бірте үйрету. Сонымен қатар жоспарлау барысында мезгіл кезеңдегі ескеріледі. Сондықтан мұғалім негізгі міндеттерді шешуді және үйретілген дене жаттығулары түрлерін тоқсандық және әр сабаққа жоспарлануы қажет.
Тоқсандық оқу материалы міндеттерін анықтау барысында төмендегі талаптар орындалу қажет.
Әр тоқсанда оқушылардың дене дамуын, ағзасына жан – жақты әсер ететін жаттығулармен қамтамасыз ету.
Оқу материалында әр тоқсан бойынша жыл мезгілінің ескерілуі.
Бірінші тоқсан бойынша дене шынықтыру сабағы таза ауада өткізіледі, сондықтан бұл жерде жүгіру, ұзындыққа секіру, алысқа лақтыру, секірпелермен орындалатын жаттығулар жоспарланады.
Екінші тоқсанда сабақтың көп бөлігі спорт залда өткізіледі. Бұл жағдайда доппен жасалатын, пайдаланатын, өрмелеу, тепе – теңдік сақтау, межеге лақтыру, биікке секіру, биіктен секіру, акробатикалық жаттығулар, көмемді орын алмайтын жаттығулар, ойындар жоспарланады.
Үшінші тоқсан қыс мезгіліне сәйкес келгендіктен, сабақтың көптеген бөлігі таза ауада ұйымдастырылады. Сондықтан сабаққа шаңғы тебуге үйрету, қарды лақтыру, шаңғымен ойын түрлері, шанамен әр түрлі жарыс ойындарын өткізу жоспарланады.
Үшінші тоқсанның аяғымен төртінші тоқсанның басында ауа райы жағдайына байланысты сабақ түрлері спорт залда өткізіледі. Бұл жерде екінші тоқсанда өткізілген барлық жаттығулар түрлерін толық меңгерту жоспарланады, құралдар арқылы орындалатын жалпы дамыту жаттығулары, акробатикалық жаттығулар, өрмелеу түрлері, тепе – теңдік сақтау жаттығулары, межеге тигізу, секіртпемен орындалатын жаттығулар,биікке секіру, биіктіктен секіру, ойындар, т.с.с.
Төртінші тоқсанның екінші жартысында сабақ таза ауада өткізіледі .
Бұл жерде бірінші және үшінші тоқсанда үйретілген жаттығуларды толық меңгерту қарастырылады: жүгіру, биіктікке секіру, алысқа лақтыру және күрделі ойындар. Гимастикалық сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру, құралдарсыз орындалатын жаттығулар, тұлғаны дұрыс қалыптастыруға арналған жаттығулар әр тоқсан бойынша жоспарланады. Сонымен қатар әр тоқсанда жүру мен жүгіруді алмастыру жаттығуларын жоспарлауда қарастырылған .
Би жаттығуларын екінші, үшінші, төртінші тоқсанда жоспарлау тиімді.
3. Барлық бағдарламалық оқу материалындағы дене жаттығулары түрлерін қарапайым жаттығудан күрделіге ауыстырып отыру қажет. Мысалы:
а) 1-сыныпқа арналған теп – теңдік жаттығулары:
I тоқсан – жерде немесе еденде тепе – теңдік жаттығулары орындау;
II тоқсан – гимнастикалық отырғышта тепе – теңдік жаттығулары орындау;
III тоқсан – биікке ілінген затқа қолды тигізіп секіру;
VI тоқсан – жүгіріп келіп биікке секіру, ұзындыққа секіру;
4.Үйрету барысында әр жаттығуды меңгеруге кететін уақыттың тиімділігін ескеру қажет.
5. Жаттығуларды жоспарлау барысында тоқсандардың ұзақтығы, тоқсандық сағат саны, оқу материалының көлемі ескіріледі. Бірінші жарты жылдықта оқылған материал екінші жарты жылдық толық меңгерту қажеттілігі қарастырылады.

Тоқсан бойынша дене жаттығулары 3 – сыныпқа бөлу үлгісі


I тоқсан. Үйрету міндеттер:
Оқушыларды қимылға үйрету кестесімен таныстыру.
Жүгіріп келеп ұзындыққа, биікке, алысқа лақтыру, тұлғаны дұрыс қалыптастыруға арналған жаттығуларға үйретуді жалғастыру.
Қимыл екпінін өзгерте отырып жүру жаттығулары түрлерін , оңға, солға, бұрылуға, мәлімдеме беруге үйрету.
̋Күн мен түн ̏ , ̋ Кім тез қуып жетеді ̏ ойындарымен таныстыру.
Үйрету құралдары: әңгімелесу, тұлғаны дұрыс қалыптастыруға арналған жаттығулар, құралдарсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары, сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру; жүру және жүгіру; секіртпемен, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, алысқа лақтыру, ойындар жіне жарыс ойындары.

II тоқсан. Үйрету міндеттері:


Оқушыларды белсенді демалыс маңызымен таныстыру.
Отыру, тұрудағы тұлғаны дұрыс қалыптастырудағы іскерлік дағдыларымен меңгерту.
Қарама – қарсы жүруді үйрету.
Еркін тәсілмен өрмелеу барысында аяқпен арқанды қосып ұстау.
Артқа қарай айналып түсу.
Өрмелеу, би жаттығуларын үйрену, межеге лақтыру, биіктіктен секіру, тепе – теңдік сақтау жаттығуларына үйретуді жалғастыру.
Шеңбер ішінде доппен ұру , Межеге жеткізу ойындарымен таныстыру.
Үйрету құралдары: әңгімелесу, тұлғаны дұрыс қалыптастыруға арналған жаттығулар, сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру; құралдар арқылы және құралдарсыз орындалатын жаттығулар; тепе – теңдік жаттығулар; биіктіктен секіру; межеге тигізу; би жаттығулары, жүру мен жүгіру жаттығулары; ойын және жарыс ойындары; Қатар бойынша допты беру , Шеңбер ішінде доппен қуу , Межеге жеткізу , т.б.

III тоқсан. Үйрету міндеттері:


Ертеңгілік гигиеналық гимнастиакның маңызымен таныстыру.
Шаңғымен алға сырғанау, өрге шығу, өрден түсуге үйретуді жалғастыру.
Тұлғаны дұрыс қалыптастыруға арналған іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Толық айналуға, диагональ бойынша жүгіруге үйрету.
Өрмелеу, тепе – теңдік сақтау, доппен орындалатын жаттығуларға үйретуді жалғастыру.
Алдыға қарай айналып түсуге үйрету.
Секіру арқылы орындалатын би жаттығуларын үйрету.
Тоспа доп , Қасқыр қақпан , Альпинистер , Кім жылдам ойындармен таныстыру.
Үйрету құралдары: әңгімелесу, шыңғымен сырғанау, шаңғымен қатарға тұру, шаңғымен жоғары көтерілу, төмен түсу; тұлғаны дұрыс қалыптастыруға жаттығулар, сапқа тұру және қайтадан с апқа тұру; құралдар арқылы және құралдарсыз орындалатын жалпы дамуту жаттығулары: тепе – теңдікті сақтау; биіктікке және биіктіктен секіру, би жаттығулары, шаңғымен ойналатын ойындар, Тоспа доп , Қасқыр қақпан , Альпинистер , Кім жылдам ̏ , т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет