«Кел ойнайық» аялдамасы, тоқтау уақыты – 3минут.
Топтар бір – біріне, бірінші топ екіншіге, үшінші топ төртінші топқа қарама – қарсы тізбектеліп тұрады. Әр топтың бірінші нөмірлі ойыншылары қолдарынан ұстасып, кішкене шеңбер жасайды, екінші, үшінші ойыншылар орташа шеңбер жасайды, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші нөмірлер үлкен ішкі шеңбер жасайды. Кіші және үлкен шеңбердегі ойыншылар қолдарын жіберіп бастапқы тұру қалпына оралады. Өздері тұрған орындары бойынша ұпай қойылады. Мысал: 1-2-3-4. Ойын 2-3 рет қайталанады. Әрбір қайталану барысында қозғалу бағыты өзгеріп отырады.
«Зейінділік» аялдамасы, тоқтау уақыты – 3минут.
Ойынға қатысушылар топ бойынша жалпы бір қатарға тұрады. Аялдама бастағы ойынның ережесімен және тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалап отырады. Аялдама бастығының «топ» дегенбұйрығы бойынша тапсырма орындалады. Мысалы: « Топ оңға!» бұйрығы бойынша барлығы оңға бұрылады. Бұйрықсыз қимыл орындалмайды. Егер ойыншылар ережені бұзса, бір қадам алға жылжийді. Ойын нәтижелі болу үшін бұйрық жылдам, нақты, қимыл түрлері өзгертіліп отырылуы керек. Мысалы, қол жоғарыда, төменде отырып тұру, бір орында жүгіру, секіру, т.с.с. Берілген тапсырманы сапалы орындаған топ жеңеді.
«Құрастыру» аялдамасы, тоқтау уақыты – 7минут.
Ойынға қатысушылар жалпы бір қатарға тұрады, шеңберде картоннан қиылғын гүлдердің жапырағы, бұтағы, шеңбер қиындылары боялады. Боялған жағы көрінбейді. Топтар қызыл, жасыл, көк, сары болып бөлінеді. Заттардың саны ойнаушылардың санына сәйкес болу керек. Белгі бойынша әр топтан бірінші нөмірдегі ойнаушы жүгіріп келеді. Олар өздерінің түсіне сейкес шеңберді табу керек. 2-3 нөмірлі ойыншалар гүлдің жапырағы, қалғандары бұтағын тауып құрастырады. Негізгі мақсат, жылдам гүлді құрастыру. Ұпай шеңбер бойынша белгіленеді. Ойынның соңында барлық ұпай саны есептелініп, жеңіске жеткен топқа әділ қазыдар өз бағасын береді.
Достарыңызбен бөлісу: |