Күш-қуат – ол адамның бұлшық еттері немесе бұлшық ет топтпрын ширықтыру арқылы қозғалыс әрекеті барысында қалыптастырылады. Күш-қуат әр түрлі қимылдармен немесе аз күш жұмсалған пайда болды. Күштің пайда болуына себепші жаттығуларға – кермеге тартылу, белгілі ауыр заттарды көтеру, апару не лақтыру, бір орыннан ұзындыққа секіру және т.б. жатады. Дененің сапалық қасиеті – күш-қутты дамытуға әр түрлі салмақтағы заттарды (үрленген доптар, гентел, құм салынған қатар, шектеулі салмақты заттар) көтеру, қарсыласының шабуылына қарсы шыға білу жаттығулары, дененің өз салмағы жеңетін жаттығулары (көлбеу және тік қойылған сатының, тақтайдың бойымен өрмелесу, гимнастикалық орындықта тартылу және т.б.), созылмалы заттар, резеңке экспандерлер, күрсе элементі бар жаттығулары, допты лақтыру және итеру (соның ішінде алысқа) жаттығулары қолданылады.
Жылдамдық – бұл жаттығуларды мейлінше аз уақыт ішінде орындау қабілеті. Ол қандай да бір белгіге жауап берудегі әрекет жылдамдығына (қимыл реакциясының жылдамдығы деп аталатын) жекелеген қозғазылыстардың жылдамдығына,сонымен қатар қайталанатын қимылдың жилігіне байланысты болады. Мысалы, қимыл жылдамдығын қысқа арақашықтықта жүгіргенде,ал қимыл реакциясының жылдамдығын кездейсоқ берілген дабыл арқылы жүгіру, жүзу ойындары, т.б. арқылы анықтайды. Дененің жылдамдық қасиеттерін тәрбиелеу үшін әр түрлі екпіндегі кездейсоқ берілген дабыл, қимыл жиілігін тездететін, эстафетелық жүгіру, жүгіріп келіп ұзіндыққа секіру, ұзын және қысқа секіртпелнриен секіру, жылдам реакция талап ететін, қимылдың әсері бар ойындар, т.б. қолданылады.
Ептілік – қозғалыс қызметін кездейсоқ жағдайлар барысында пайда болған қызметке орай тез ауыстыру және жаңа қимылдарды меңгеру қабілеті. Ептілік қасиетіне тәрбиелеу қимылдар үйллесімділігін жетілдіру, олардың екпіні мен амплитудасын, бұлшық еттердің қатаю және босаңсу дәрежесін айыра білу, сондай-ақ уақытқа және кеңістікке бағдарлай білудің негізінде жүзеге асады. Ептілік қасиеттерін тәрбиелеу үшін күрделі гимнастикалық жаттығулар (жатып жүгіру, акробатика снарядта орындалатын жаттығулар), суға секіру, шаңғымен жүру, конькимен жүру, биіктікк секіру, лақтыру және т.б. жаттығулар жатады.
Дененің ептілік қасиетін дамытуға арналған жаттығулардың әр түрі қиындықты жеңу және жаттығуларды сійкестендіріп үйлесімді қозғалыс жасау үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |