I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 32.ХІІІ-ХVІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті



бет37/94
Дата15.06.2022
өлшемі4.07 Mb.
#459248
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы (5 - 11 сынып)

§ 32.ХІІІ-ХVІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті

Қалалар мен қала мәдениетінің монғол шапқыншылығынан кейін қайта жандануы ХІІІ ғасырдың ортасында басталды. ХІІІ ғасырдың ортасында монғол шапқыншылығынан кейін қала мәдениетінің жандануына Отырарда теңге сарайының жұмыс істей бастағандығы дәлел бола алады. ХІІІ ғасырдың ортасына Қазақстан мен Орта Азияда теңгенің дәстүрлі үш түрін (динар, дирхем, мыс теңге) шығарған мекен - Отырар қаласы. ХІV-ХV ғасырларда Қазақстан аумағындағы ең елеулі сәулет ғимараты Ахмет Яссауи кесенесі болып табылады. Тарихшы Рузбихан Ахмет Яссауи кесенесі туралы «дүние жүзіндегі ең ірі құрылыстардың бірі, кесенеде адамзаттың сәулет өнеріндегі жетістіктері таңғажайып дәрежеде берілген» - деп жазды.


Орталық Қазақстанда орналасқан Алаша хан мен Жошы кесенелері ХІV-ХV ғасырлардағы сәулет өнерінің ғажайып ескерткіштері болып табылады.Осы кезде Сырдарияның оңтүстік жағалауындағы мәдени-экономикалық ірі орталық Сайрам қаласы болды. Ал ХV-ХVІІ ғасырларда Созақ қаласы Қазақ хандығы билеушілерінің басты тірегі және әскери бақылау орталығына айналған болатын. Сондай-ақ, ХVІ-ХVІІ ғасырлардың түйіскен тұсындағы Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласы болды. Қазақстан аумағында ХІІІ-ХІV ғасырларда халық ауыз әдебиеті мен әдебиет қыпшақ тілінде дамыды. Сол кездері «Ақсақ құлан», «Жошы хан» атты күйлерді шығарған күйші найман Кетбұға. ХV-ХVІІ ғасырларда қазақтар араб жазуын қолданған. Қазақ халқының өмірін жан-жақты бейнелейтін айнасы - халық ауыз әдебиеті болды. ХVІ-ХVІІ ғасырларда қазақ ауыз әдебиетіне мол үлес қосқандар Доспамбет жырау мен Қазтуған жырау.

Қадырғали Жалаири
ХVІІ ғасырларда қазақ тарихи әдебиетінің маңызды ескерткіші «Жами-ат тауарихты» жазған адам Қадырғали Жалаири.

Сыпыра жырау Сұрғылтайұлы ХІV ғасырда Батыс Қазақстан өңірінде өмір сүрген жырау, суырып салма ақын. ХVІ ғасырда Тоқтамыс пен Едігенің билік құрған жылдары өмір сүрген. Сыпыра жайында «Ер Тарғында», «тоғыз ханды түзеткен кісі еді» делінеді. «Телағыс» жырында ел бірлігінің ұраншысы, ал «Құбағұлда» «Жүз сексенге келген» дана қария ретінде көрінеді. «Едіге би», «Тоқтамыс туралы аңыз» деген жырлар бар. «Қырымның қырық батырын» жырлаған әйгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың ұрпағымын деген.
Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560 жж.). Белгілі жырау ХV-ХVІ ғасырларда өмір сүрген 1490жылы Әмір Темірдің уәзір билерінің бірі болды. Ал әкесі Тіленші өз тұсындағы ірі феодалдардың бірі болған, ал шешесі Ноғай ордасының ұлы биі Мұсаның қызы екен. Жыраудың шығармашылығынан бізге жеткені 600 жолдың шамасы. Шалкиіз жырау ғұмырының көп бөлігін Ноғай ордасының билеушісі Темір бидің қоластында өткізді. Өмірінің соңғы жылдарын Хақназар хан тұсындағы Қазақ мемлекетінде өткізеді. Шалкиіз жырларының негізгі тақырыптары-ерлік, батырлық, адамгершілік т.б.
Қазтуған Сүйенішұлы ХV ғасырда өмір сүрген. Ол халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазтуған жыраудың «Мадақ жыры», «Туған жермен қоштасу» сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жады арқылы жеткен бірқатар толғаулары И.Березиннің «Түрік хрестоматиясында» (1862), Ғабдолла Мүштақтың 1910 жылы шыққан «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында, М.Мағауиннің «Алдаспан» кітабында (1970 ж.) жарияланды. Еділдің төменгі ағысындағы Қажы Тархан (Астрахань) маңында мекен еткен. Оның көптеген жырлары бізге жеткен. Мысалы, «Алаң да алаң, алаң жұрт» тағы басқа.
Асанқайғы Сәбитұлы ХІV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген философ-ақын, қазақтың жырауы. ХV ғасырдың 60 жылдары қайтыс болған. Оның өмір сүрген тұсы қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Халидұлы Құрбанғали өзінің «Тауарих хамса» атты еңбегінде әйгілі Майқы биді Асанқайғының арғы атасы еді дейді. Асанқайғы қазақ халқының ертеңін ойлап, еңсесін көтеруді өмірлік мұрат еткен дала абызы. Осыған байланысты, Желмаясымен жер жанатын іздеген жырауды Асанқайғы деп атап кеткен. Тұла бойы ізгілікке толы, халқын сүйген дананы Ш.Уәлиханов «көшпенділер философы» деп атайды. Асанқайғы Алтын Орда ханы Ұлық-Мұхаммедтің кеңесші биі, қазақ ханы Әз-Жәнібектің кеңесшісі болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет