Шаруашылығы мен мәдениеті. Қағанаттың қарапайым халқы негізінен мал өсірумен айналысқан. Махмұд Қашқаридің жазуына қарағанда қимақ қағанатында малы аз, көшіп-қонуға мүмкіндіктері жоқтарды «жатақтар» деп атаған. Қимақтар арасында қолөнер дамыды. Жүннен мата тоқып, киім тікті, тері иледі. Темірден, қоладан қару-жарақ жасады. Қимақтарда қала мәдениеті мен сауда-саттық істері өрістеді. Араб географы Әл-Идриси қимақ елінің картасын сызған. Олардың 16 қаласы, ол қалаларда сауда базарлары болғанын айтады. Арабтың атақты саяхатшысы әл-Масуди
«Хазар теңізіне құятын үлкен, атақты өзендердің ішінен Қара Ертіс пен Ақ Ертісті атап өту керек, бұл екеуі де ұлы өзендер, екеуінің сағаларының арасы он күндік жол. Ол жерде түркі елдері, оның ішінде қимақтар мен оғыздардың қыстаулары мен жайлаулары орналасқан» деп жазады. Қимақтардың бір бөлігі Оңтүстік Сібір жеріндегі аңшы тайпалар. Олардың аулайтын әр түрлі терісі бағалы аңдар: бұлғын, тиін, түлкі, т.б. Осы қымбат байлыққа қызығып, Қимақ еліне Оңтүстіктен сауда керуендері жиі келіп тұрған.Қимақ тайпасы да басқа түрік тілдес тайпалар сияқты о дүниедегі өмірге сеніп, ата-баба аруағына сиынған. Оларда көкке (аспанға), Тәңірге табыну белгілері де сақталған.
Х ғасырда қимақ шонжарлары ислам дінін қабылдай бастаған. Кейбір жеке топтар отқа, суға, күн мен жұлдыздарға, тауға табынған. Діннің біршама тараған түрі шаманизм яғни бақсы-балгерлік екен, кейбір топтары Христиан тектес Манихейлік дінді ұстаған.
Сөйтіп, ІХ-ХІ ғасырларда Қимақ мемлекеті өзіндік өсіп-өркендеу жолы бар, алғашқы патриархалдық-феодалдық мемлекет болған.
§ 14.Қыпшақтар
Қ
Қыпшақ даласы
ыпшақ этнонимі алғаш рет VІІ ғасырда кездеседі. Қыпшақтар Шығыс Қазақстан өңірін, Ертістің жағасын және Алтай тауларын мекендеген. VІІІ ғасырда Қимақ қағанатына тәуелді болған қыпшақтар ХІ ғасырда қимақтардың барлық жерлеріне иелік етеді. Өйткені ХІ ғасырда қимақ қағанаты құлайды. Қыпшақтар Каспийден Сырдарияға дейінгі жерлерді басып алады. ХІ-ХІІ ғасырларда Орта Азиядағы түркі тілдес тайпалардың ішінде халқы көбі осы қыпшақтар болды. Оғыздарды Сыр, Арал, Каспий бойынан қыпшақтар ығыстырды. ХІ ғасырдың екінші ширегінен бастап жазба деректерде «Оғыздар даласы» Дешті Қыпшақ деп атала бастады. Ал, орыс жылнамаларында қыпшақтарды «половецтер» деп атаған. Сондай-ақ, қыпшақ мемлекеті араб деректерінде «Дешті Қыпшақ қағанаты» деп аталынды. Хандықта билік әкеден-балаға мұрагерлікпен беріліп отырды. Хандық биліктің орталығы «Орда» деп аталды. Әскери басқару жүйесі оң және сол қанат болып бөлінді. Оң қанаттың орталығы Жайық өзені бойындағы Сарайшық қаласы. Сол қанаттың орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы еді. Жалпы, қыпшақ бірлестігіне түрік тілдес қимақ, оғыз, құман, ежелгі башқұрт тайпалары да енген. ХІІ ғасырдан бастап Арал маңына билік жүргізген кезде құрамында қаңлылар, қарлұқтар мен жікілдер де болған. ХІ ғ. Қыпшақтар Русь, Византия, Венгрия халықтарымен жан-жақты алыс-беріс жасай бастады. Қыпшақ хандары «Елбөрілі» тайпасынан ғана сайланды. Шыңғыс ханның Отырарды ойрандауынан кейін де қыпшақтар тарихтағы өз орнын жоғалтқан жоқ. Қыпшақ хандығы құлағанымен, оның халқы мүлде жойылып кеткен жоқ. Олар өздерінің тарихи дамуын жалғастыра берді кейін қазақ халқының этникалық құрамының негізгі бір бөлігіне айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |