I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 67.Соғыстан кейінгі Қазақстанның



бет75/94
Дата15.06.2022
өлшемі4.07 Mb.
#459248
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   94
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы (5 - 11 сынып)

§ 67.Соғыстан кейінгі Қазақстанның
әлеуметтік және экономикалық дамуы

Ұлы Отан соғысы аяқталған соң еліміздегі жағдай ауыр болды. Екінші дүниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Соғыс жылдары 1710 қала, 70000 деревнялар мен ауыл қирады, 32000 өнеркәсіп, 100000 ауыл шаруашылық кәсіпорны бүлінді және 2 млн адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Сондай-ақ, соғыстан кейін 25 млн адам баспанасыз қалды. Соғыста құрбан болған адамдардың саны миллиондап саналды, соңғы мәліметтер бойынша, соғыс кезінде 30 миллионнан астам адам қаза тапқан.


Көптеген фабрикалар, зауыттар, шахталар, электр станциялары, мектептер, ауруханалар қирады. Ленинград, Сталинград, Брянскі, Курскі, Орлов облысы, Мәскеу түбі мен Солтүстік Кавказды және тағы басқа елдің көптеген аудандарын қалпына келтіру барысында қазақстандықтар көп үлес қосты. Сонымен қатар, Қазақстан соғыстан зардап шеккен өңірлерге материалдық көмек көрсетті. Мысалы, 1945 жылы Украинаға 500-ге жуық трактор, ауыл шаруашылық техникасын, Ресей мен Белоруське, Украинаға 350 мың қой, 22 мың жылқы, 17500 сиырды тегін жіберді.
1946 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында «1946-1950 жылдарға арналған халық шаруашылығын қалпына келтірудің бесжылдық жоспары туралы Заң» қабылдады. 1946 жылы қабылданған «1946-1950 жылдарды» қамтитын халық шаруашылығын қалпына келтіру бесжылдығына сәйкес шаруашылықты дамытуға бюджеттен көптеген қаржы бөлінді.
Үкіметтің қолдауымен және жұмысшылардың қажырлы еңбегінің арқасында кәсіпорындар біртіндеп аяғынан тұра бастады. Теміртау металлургия зауыты, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты сияқты алыптардың қуаты артты. Екібастұз көмір кендері мен Маңғыстау мұнай кәсіпшіліктерінде жаңа құрылыстар салынды.
Ауыр өнеркәсіппен бірге жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің қуаты артты. Байланыс, коммуникация жүйелері де дамыды. 1949 жылы Алматы қаласы автоматтық станция арқылы республиканың 56 қаласымен байланыстырылды. Теміржол желілерін салуға мол күрделі қаржы бөлінді. Республиканың Солтүстігінен Оңтүстігіне қарай Петропавл-Көкшетау-Ақмола-Қарағанды-Мойынты-Шу Қазақстан көлік магистралы салынды. Ол Қазақстанның Солтүстік облыстарын Новосібір арқылы республиканың Оңтүстік облыстары мен Орта Азияны жалғастыратын жолды қысқартты. Алматыда басқарылатын темір жол құрылысы салынды.
1950 жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн 403 мыңға жетті. Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Мысалы, ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы тағы басқа. Партияның 1946 жылғы қаулысына сәйкес совхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. Үкімет өзін қамтамасыз ете алмайтын ұсақ колхоздарды біріктіре бастады. 1952 жылы республикада 2047 колхоз жұмыс істеді. Республика ауыл шаруашылығы біршама жақсы дамыды. Дегенмен барлық халықты бірдей азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай, өнеркәсіптің шикізатқа деген сұранысын қанағаттандыра алмады. ауыл шаруашылығы жоспарлы түрде жоғарыдан басқарылды.
Соғыстан кейін 1946-1950 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. 1947 жылы елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда біраз шаралар қолданылды. Бірақ бұл мәселе орнымен шешілмеді. Жұмысшылардың жалақысы көп ретте азық-түлікті сатып алуға жетпеді. Сол кездегі орташа жалақының көлемі 64 сом болды. Әсіресе, ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекет өте арзан бағамен сатып алды. 1946 жылы Кеңестер Одағының біраз өңірін аштық жайлады. Бұл туралы, әрине, ешқандай мәліметтерде айтылмады.
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Себебі КСРО соғыста 27 млн адамнан айырылды. Қазақстан экономикасын бейбіт жағдайға бейімдеу көп қиыншылықтар тудырды. Соғыс жылдары Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар азат етілген аудандарға қайта көшірілді. Сонымен бірге білікті мамандар да қайтты.
Соғыстан кейін де әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамда үстем болды. КСРО-да, соның ішінде Қазақстанда Сталиннің жеке басына табыну күшейді. Жеке адам құқығы барған сайын аяққа тапталды. Қарапайым адамдар басқарудан шеттетілді. Коммунистік партияның билігі шексіз болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет