I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 65.1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін



бет73/94
Дата15.06.2022
өлшемі4.07 Mb.
#459248
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   94
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы (5 - 11 сынып)

§ 65.1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін

Қуғын-сүргінді ұйымдастыру кезеңі 1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың ортасы болды. Социалистік қоғамды нығайту барысында Сталиннің тап күресін күшейту туралы тұжырымы репрессиялық, яғни қуғын-сүргін бағдарламасының негізіне айналып, «халық жауларын» әшкерелеумен айқындалды. «Партия мен халыққа жат элементтер» ең алдымен партияның өз арасынан және өзгеше ойы бар зиялылар қатарынан іздестірілді.


1936 жылы КСРО конституциясы қабылданды. Бұл конституция әміршіл-әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, казармалық социализм орнады. Жеке адамның құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды. Ең алдымен жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақ елінің біртуар ұлдары тағы басқалар ұшырады.
1937-1938 жылдары Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Құтжанов, О.Исаев, О.Жандосов, А.Досов, А.Асылбеков, Ж.Садуақасов, С.Сапарбеков, Т.Жүргенов және т.б. Кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді деген айыппен қудаланып, репрессияға ұшырады. Репрессия - мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шаралары. Репрессия жылдарында ғылым мен мәдениеттің көрнекті қайраткерлері А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров, Ж.Шанин, К.Кемеңгеров және тағы басқалар ату жазасына, куғын-сүргінге ұшырады. Оларға тағылған айып негізсіз болды, көбіне оларды ауыл шаруашылық дағдарысына, 20-30 жылдардағы көтерілістерге айыпты деп кінәлап, Қазақстанды бөліп алуға әрекет жасады, «жапон шпионы» деген айып тақты.
Қарағандыда және бірқатар аудандарда «халық жаулары» үстінен ашық сот процестері жүргізілді. Қамауға алынғандардың саны Қазақстанда 1937 жылы 105 мың адамға жетті, оның 22 мыңы атылды. Қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың әйелі мен балалары да жапа шекті.
Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерьлер пайда болды. Олар: Карлаг (ерекше режиді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг (Далалық лагерь). Олардың ішіндегі ең ірісі «ЧСИР» - халық жауларының отбасы мүшелеріне арналған лагерь. Кейіннен ол «Алжир» халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері атанды. «Алжирде» репрессия құрбандарының әйелдері, аналары, қыздары азап шекті. Қарағанды жеріндегі Осакаров ауданында орналасқан 25 поселке-обсервацияда Ресейден «халық жауы» ретінде жазаланғандар орналастырылды. Қазақстан аумағында бұл лагерлерден басқа Дальний, Песчанный, Камышлаг, Ақтөбе, Жезқазғанлаг, Петропавл, Өскемен, Луговой, арнайы Кеңгір тағы басқа лагерьлер орналасты.
Жеке адамға табынған тоталитарлық жүйе кесірінен 101 мың қазақстандық ГУЛАГ-қа жабылып, 27 мыңнан астамы атылды. «Халық жауларының» 40 мыңы кейін ақталды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін «31 мамыр - Ұлттық аза күні» болып белгіленді. Жыл сайын 31 мамыр жазықсыз жазаланғандарды еске алу күні деп атап өтуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет