I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде



бет89/94
Дата15.06.2022
өлшемі4.07 Mb.
#459248
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы (5 - 11 сынып)

§ 81. «Қазақстан-2030» бағдарламасы

«Қазақстан-2030» Стратегиясы - ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылғы қазанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауы жарияланды.


Жолдауда қаралған мәселелер:
- Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.
- Реформаларды аяқтау.
- Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.
- «Қазақстан барысын» қалыптастыру.
Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Осы мақсатқа орай мынандай 7 ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:
1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау;
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту;
3. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу;
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын көтеру;
5. Энергетика ресурстарын жете пайдалану;
6. Инфрақұрылым, көлік, байланысты дамыту;
7. Демократиялық кәсіпқой мемлекет құру.
Қазақстанның басты мұраты - ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттікке негізделген, әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау.
Жолдаудағы өзекті сөздер - халықтың тұрмысын жақсарту, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді.
2030 жылы Қазақстан жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың - Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын ролін атқаратын болады. 2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.
§ 82. «Қазақстан-2050» бағдарламасы

1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» бағдарламасы негізгі базалық өлшемдері бойынша мерзімнен бұрын орындалуына байланысты 2012 жылы 14 желтоқсанда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Республика халқына арналған жаңа жолдау жариялады. Ол «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталды. Елбасы Жолдауда осыған жету жолында іске асырылуы тиіс 7 саяси бағытты айқындап берді.


1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизмге негізделген экономикалық саясат жүргізу.
2. Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау.
3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері - әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік.
4. Білім мен кәсіби машық - заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары.
5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту.
6. Ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік беретін дәйекті және болжамды сыртқы саясат жүргізу.
7. Жаңа Қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі.
«Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты - мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет