І тарау. Құқық туралы түсінік 1 Құқық ұғымы, белгілері


Конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыру



бет5/5
Дата11.06.2016
өлшемі373 Kb.
#128401
1   2   3   4   5

3.2. Конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыру.

Конституциялық-құқықтық нормаларды жузеге асыру күрделі әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде көптеген өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл жүзеге асыру процесінің әртүрлі элементтеріне (нысандары, құралдары, тәсілдері, механизмі, тікелей құқық субъектілерінің құқыққа сай мінез-қулық жуйесі, т.с.с.) қатысты. Осы мәселелерді зерттеу үншін", біріншіден, Конституцияның әлеуметтік бағыттылығын және мазмұнын, оның заңи куші мен орнын, және екіншіден, әртүрлі конституциялық-құқықтық нормалардың- реттеушілік. ықпал ету ерекшеліктерін қарастыру қажет.

Мемлекеттануда конституциялық-құқықтық нормаларын жүзеге асыру ерекшеліктерін, әдетте, олардың қолданылуы сипатымен (тікелей немесе жанама түрде) байланыстырады./15.133/ Осыған байланысты екі негізгі позицияны ажыратуға болады. Бірінші позицияға сәйкес, Конституцияның барлық нормалары тікелей қолданылады./16.40/ Екінші позицияга сәйкес, конституциялық-құқықтық- нормалар тікелей және жанама (тікелей емес) қолданылады./і 7.19/, /18.5/Сонымен қатар, конституциялық-құқықтық-нормалардың тікелей қолданылуы жөніндегі позициясын мойындамайтын көзқарастар бар. /19.30/

Ю.А.Тихомировтың пікірінше, конституциялық-құқықтық нормалардың тікелей қолданылуы мынаны білдіреді: біріншіден, олар/дереу күшінс енеді, өйтксні, әрбір норма Конституция жүйесінің элементі ретінде ықпал етеді; екіншіден, жеке нормаларды орындауды кейінге қалдырудың немесе тоқтатып қоюдың жалпы бір ережесі мен тәртібі жоқ. /6.133/ Осы пікірге Н.А.Михалеваның пікірі де ұқсас. Оның ойынша, Конституцияның барлық нормаларының заңи күші бірдей, олар кезде және тікелей қолданылады. Ондай болмаса, тиісті заңдарды қабылдағанша Конституция нормаларының бір бөлігі қолданылмайтынын мойындау керек. /20.143/

Конституциялык-құқықтық нормалардың қолданылуын осылайша түсіну—мемлекеттің конституциялық-құқықтық. нормаларды жалпыға міндетті ұйғарым ретінде іс жүзіне асыру мүмкіндігін білдіреді. Әрине, мұндай мүмкіндік, Конституция . күшіне енгеннен бастап, оның барлық нормаларына тән қасиет. Сонымен қатар, конституциялық ұйғарымдардың тікелей қолданылуы құқық субъектілерінің мінез-құлықтарында тікелей жүзеге асқандығын білдірмейді. /21.11/

Конституциялық-құқықтық нормалардың жанама (тікелей емес) түрде жүзеге асырылуының қажеттілігін Конституциямыздың 66-бабының 3-тармағынан көреміз. Мүнда Крнституциямызды жүзеге асыруға қажетті Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мәжіліске заң жобаларын енгізу және заңдардың орындалуын қамтамасыз ету өкілеттілігі бекітілген. Конституциямыздың кейбір нормаларын жүзеге асыру ағымдағы заңдарда нақтылануды талап етеді. Мысалы, "Меншік субъектілері мен объектілсрі, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді". /1.6/

Осы мәселе тұрғысында, мемлекеттануда әртүрлі жағдайлар қарастырылган. Конституциялық-құқықтық нормалардың жүзеге асырылуының ағымдағы заңдарда нақтылану қажеттілігіне, көбінесе, конституциялық ұйғарымдардың өзі негіз болады. Себебі, кейбір конституциялық-құқықтық нормаларда тиісті заңдарды қабылдау қажеттілігі тікелей көрсетіледі. Алайда, бслгілі. бір конституциялық-құқықтық нормада оның заңмен нақтыланатыны көрсетілсе де, қандай заң екені көрсетілмейді. Соңымен бірге конституциялық-құқықтық нормаларды нақтылайтын көптеген ағымдағы заңдарды қабылдау — сол нормалардың мағынасынан және жалпы сипатынан, сонымен қатар, мемлекеттің маңызды міндеттерін шешу қажеттілігінен туындайды. "Сондықтан кейбір нормалар лезде, бүтіндей жүзеге асырылса, басқалары бөліктермен, кезеңдермен асырылады, ал үшіншілері әр түрлі нысандарда жүзеге асырылады",-деп көрсетеді Ю.А.Тихомиров. /6.81/.

Осыдан, әртүрлі конституциялық-құқықтық нормалардың тікелей қолданылуы олардың тікелей жүзеге асырылуын білдірмейді. Тікелей жүзеге асу тек бүтіндей, лезде, толық көлемде жүзсге асырылатын нақтылы нормаларға тән. Мұндай конституциялық-құқықтық нормалар дербес немесе басқа конституциялық-құқықтық нормалармен үйлесіп қажетті құқықтық нәтижеге жетеді.

Ал бөліктермен, кезеңдермен немесе әртүрлі нысандарда жүзеге асырылатын нормалар қажетті құқықтық нәтижеге жету үшін, олар ағымдағы заңдарда нақтылануы, салалық нормалармен бірігіп іске асуы қажет. Жүзеге асырудың мұндай сипатын-жанама (тікелей емес) деп атайды. Ол өз бетімен нақтылы құқықтық байланыстарды қалыптастырмайтын жалпыреттеушілік нормаларға тән.

Сонымен, қонституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың тікелей және жанама сипаттарын мойындау дүрыс болар. Конституцияның жалпыреттеушілік нормаларының мақсаты -көздеген әлеуметтік нәтижелерге, қағида бойынша, ағымдағы заңдарда нақтыланғанда жетеді. Осы нормаларды нақтылауға байланысты құқықшығармашылық олардың түпкі нәтижесі емес, ол тек оларды жүзегс асырудың қажетті сатысы болады. Әрине, конституциялық-құқықтық нормаларды орындауға бағытталған заңдарды қабылдау жүзеге асырудың басы болып табылады.' Өйткені, тек адамдардың тәжірибелік іс-әрекеттерінде ғана белгілі бір әлеуметтік нәтижелерге нақты жетуге болады. Конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың қарастырылған ерекшелігі осы құбылыстың мәндік жақтарын толық мөлшерде қамтып көрсетпейді. Мұнда тек заңи процестің ерекшелігі ғана қамтып көрсетіліп, жүзеге асырудың әлеуметтік-саяси аспектісінің ерекшеліктері ескерілмейді. Әрине; осы норманың адамдарға саяси, идеологиялық, психологиялық әсер етуі тура байланыс жолдарымен тікел.ей жүзеге асырылады.

Конституциялық-құқықтық нормаларда бекітілген демократияның жоғарғы әлеуметтік-саяси және рухани идеалдары құқық субъектілерінің тәжірибелік әрекеттерін бағыттайды және сенім ұялатады.

Конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың екінші ерскшелігі Канституцйяның әлеуметтік бағыттылығымен себептеледі. Негізгі Заң бүқіл құқық жүйесінің түйіні болып. табылады. Сонымен қатар, ол өзінде басқа да әлеуметтік реттеуіштердің (саясат, мораль) негіздерін шоғырлайды. Конституцияның нормалары толық мөлшерде жүзеге ағымдағы заңдардың нормаларымен, саясаттың, моральдың, эстетиканың көптеген нормаларымен бірлесіп асырылады. Сондықтан, конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыруға комплекстік сипат тән. Жүзеге" асырудың бұл ерекшелігі үлкен әлеуметтік-саяси маңызға ие. Егер ағымдағы заңдардың нормалары конституциялық ережелерді қажетті мөлшерде дамытпаса, ықпалдылығы төмен немесе тіпті оларға қайшы келсе, онда конституциялық-құқықтық нормаларының мақсаттарына жету мүмкін болмайды немесе қиынға түседі.

Конституциялық-құқықтық. нормаларды жүзеге асырудың комплекстік сипаты осы құбылыстың кезекті мәселесін шешуді мөлшерлейді. Ол конституциялық- құқықтық нормаларды жүзеге асырумен және оларды ары қарай дамытатын ағымдағы заңдардың нормаларын жүзеге асырудың арасында шектің бар-жоғына байланысты мәселе. Конституциялық-құқықтық нормалардың жүзеге асуының ерекше ортасы — ол нақтылы конституциялық қарым-қатынастар. Конституциялық ықпал -ету, ең алдымен, осы қарым-қатынастардың жиынтығына бағытталған. Сондықтан, дәл осында Конституция нормаларының табиғаты және әлеуметтік бағыттылыгы. неғүрлым толық және анық іске асады. Алайда, кейбір авторлар конституциялық-құкықтық нормалардың жүзеге асырылуын салалық құқықтық қарым-қатынастарда, әдеттегі заңдардың нормалары қолданылатын салада да көреді. Яғни, мұнда конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыру салалық нормаларды жүзеге асырумен бір деңгейде қарастырылады. Норманың көздеген нәтижесінс жсткснің және қай кезде жеткенін анықтау үшін, біріншіден, тек қана конституциялық-құкықтық нормалардың жүзеге асырылуын олардың басқа да құқықтық нормалармен бірігіп жүзеге асырылуынан ажыратып алу қажет; екіншіден, Конституция нормаларын жүзеге асырудың нәтижесін ағымдагы заңдардың нормаларын жүзеге асыруының нәтижелерімен теңдестіруге болмайды. Өйткені, конституциялық ережелерді нақтылайтын салалық нормалардың қолданылуы салдарының ықпалсыздығы немесе жағымсыздығы кездессе, онда олар кейбір конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыруының ықпалсыз немесе жағымсыз салдары ретінде теңдестірілуі мүмкін.

Осыған байланысты, конституциялық-құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын 2 деңгейде қарастыруға болады.

Бірінші деңгей (жоғарғы) - нақты конституциялық мағынадағы жүзеге асыру. Оның мәні мемлекет пен қоғамның, мемлекет пен ұлттың, мемлекет пен жеке тұлғаның мүдделерінің принципті ара-қатынасын бекітетін негізгі саяси-құқықтық акт ретіндегі Конституцияның бағыттылығымен.- тікелей сипатталады. Бұл деңгейде демократияның жоғарғы институттарының және конституциялық қарым-қатынастардың басқа да қатысушыларының өздерінің конституциялық нормаларда бекітілген негізгі мүдделерін қанағаттандыру жөніндсгі қажетті саяси-құқықтық байліанысы айқындалады. Яғни, норманың конституциялық мүддесі тек конститудиялық қарым-қатынастар шеңберінде ғана-қанағаттандырылады. Еліміздің Коңституциясының -29-бабында азаматтардың денсаулықтарын. сақтау құқығы бекітілген. Нақтылы конституциялық деңгейде бұл норма конституциялық қарым-қатынастарда жүзеге асырылады. Яғни, мемлекет өз

тарапынан азаматтарға осы қүқығын пайдалануына қажетті жағдай, нақты мүмкіндік жасауы тиіс, ал азаматтар оны мемлекеттен талап етуге құқылы.. Мұндағы жүзеге асырудың қажетті әлеуметтік нәтижесі — мемлекет пен денсаулығын сақтау жайындағы азаматтың арасындағы әлеуметтік-құқықтық байланысы болып табылады.

Екінші деңгей —'конституңиялық-құқықтық нормаларды кең мағынада -жүзеге асыру. Бұл деңгей — салалық құқықтық қарым-қатынастарда нақтылы әлеуметтік нәтижелерге жету жөніндегі жалпы конституциялық байланыстар негізіндегі белгілі бір құзыретті органдардың, азаматтардың әрекет ету саласы. Мұнда Конституцияның нормалары салалық нормалармен бірігеді, констицуциялық- қарымқатынастар салалық заңдардың нормаларымен реттелінген нақтылы- құқықтық байланыстармен толықтырылады.

Конституциямыздың 29-бабының мысалына сәйкес, бұл деңгейде нақты бір азамат, нақты бір медициналық мекеме, тиісті заңи фактілер, медициналық жәрдемнің белгілі бір түрі шығады. Мұнда мемлекет тарапынан азаматтардың денсаулығын сақтау. жөніндегі норманың конституциялық. мүддесі нақтылы әлеуметтік нәтиже түрінде (медициналық жөрдем- көрсету) белгілі бір құқықтық байланыстырда қанағаттандырылды.

Конституциялық-құқықтық норманың салалық қарым-катынастарда қолданылуы тоқ.тамайды, ол медициналық мекеменің және медициналық жәрдемді қажет ететін азаматтың әрексттерін (қызметін) бағыттайды.

Сонымен, конституциялық-ққұқықтық нормалардың әлеуметтік маңыздылығы, заңи табиғаты және салалық нормалар жүйесіндегі орны олардың жүзеге асырылуын екі негізгі деңгейде қарастырылуын мөлшерлейді.

Нақты конституциялық мағынадағы деңгейде конституциялық-құқықтық нормаларды, соның ішінде, осы нормалардың жеке бір топтарын жүзеге асыруының ерекшеліктері неғұрлым толық көрінеді.

Жалпы ұсынушы-міндеттеуші конституциялық-құқықтық нормалар жүзеге асырылғанда, жалпы әлеуметтік-құқықтық тәуелділікті, субъектілерді мінез-құлықтың жалпы моделімен байланыстығын тудырады. Осы байланыс салалық заңдарда нақтыланбаса да тәжирибелік маңызға не Конституциямыздың- 38-бабында былай бекітілген: "Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті". Бұл жалпы ереженің тікелей жүзеге асырылуы, біріншіден, оның,- ағымдары заңдардың нормаларында нақтылануынан, екіншіден, азаматтардың әлеуметтік-белсенді мінсз құлықтарын қадағалауынан көрінеді. Осы жалпы ұсынушы-міңдеттеуші нормалар конституциялық деңгейде қосымша ксзсңдсрді немесе нысандарды бекітуінсіз тура жүзеге асырылады. Бұл, әсіресе, конституциялық мақсат-нормаларына, қағида-нормаларына қатысты. Бұларда тура байланыс жолдары арқылы ықпал етстін бірсыпыра саяси-құқықтық бағдарламалар, конституциялық қарым-қатынастарға қатысушылардың мінез-құлық нұсқаулары шоғырланған.

Осы нормаларды бұл деңгейде жүзеге асыруының негізгі жағдайы ол субъектілердің қызметін норманың ұйғарымына сәйкес өзін-өзі реттеу жолы болып табылады. Конституциялық деңгейде бірқатар конституциялық ережелерді іске асырудың "задидан тыс" жағы неғұрлым анық корінеді. Конституцияның кейбір нормаларында зани және моральдық-түсініктер үйлесіп, азаматтар қызметінің ізгілік, енегелік белгілері бекітілген. Мысалы, Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы (Конституция, 36-бап). Мұнда қасиетті борыштың құқықтық міндеттілігінің, моральдық парыздың және ізгіліктік, өнегелік бағалаудың бірлігі қамтып көрсетіледі.

Бұл нормалардағы адамдар қызметін бағалаудың ізгілік элементтерінің бар болуы, олардың нақтылы салалық нормаларға қарағанда, неғұрлым мазмұнды түрде жүзеге асырылатыны туралы айтуға мүмкіндік береді. Мұндай конституциялық ережелер көпшілік қызметінің мақсатты бағдарларын береді, қоғамдық өзін-өзі басқару және өзін-өзі реттеу бастамаларын күшейтетін және дамуын көрсетстін мінез-құлық үлгілерін бекітеді.

Нақты -конституциялық деңгейде жалпы конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыруының нәтижесі - ол конституциялық қарым-қатынастарға " қатысушылардың қызметін жалпы әлеуметтік-құқықтық бағыттау болып табылады.

Сайып келгеңде, негізгі Заңның нормаларын жүзеге асыру — құқық субъектілері қызметінің жоғары саяси-құқықтық құңдылықтарын және моральдық-құқықтық белгілерін бекіту болып табылады. Бұл ереже өзінің барлық маңыздылығымен азаматтардың мінез-құлықтарында көрінеді. Көбінесе, азаматтардың. мінез-құлықтарының нақтылы бір актілері салалық. Нормалардың ұйғарымдарына, сонымен бірге, конституциялық-құқықтық нормалар бекіткен шеңбердегі құндылықтарға негізделеді./22.14/.

Сонымен, конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың қарастырылып отырған деңгейі нақты конституциялық нормаларды жүзеге асыру ерекшелігі туралы дәл ''түсінік береді. Екінші деңгейде Конституцияның барлық нормалары тікелей жүзеге асырылады. Жалпы нормалардьг жүзеге процесі мінез- құлықтың жалпы модельдерін немесе тура байланыс жолдары арқылы жалпы құндылық нұсқаулар мен бағдарларды қабылдауымен сипатталады. Оған конституциядық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың ерекше нысандары, тәсілдері және нәтижелері тән.

Салалық қарым-қатынастар деңгейінде конституциялық-құқықтық нормалар салалық заңдардың нақтылы нормаларымен бірігіп жүзеге асырылады. Әрине, конституциялық-құқықтық нормалар нақтылы бір құқықтық байланыстарда құқық субъектілерінің қызметін бағыттайды, бағдар береді және- орнықтырады. Бұл процесс нақтылы құқықтық қарым-қатынастардың дәстүрлі нысандарына өтеді және оның сипаты салалық нормаларды жүзеге асырудың көпшілігіне тән. Бұл жағдайда конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың ерекшелігі аса дүдәмал туғызбайды.

Осы деңгейлерді бірін-бірін қарсы қоюға болмайды. Олар қажетті түрде өзара байланысқан және өзара қамтамасыз етілген. Бірінші дсңгейді жүзеге асыру екінші деңгейдің жүзеге асырылуының бағытын, сипатын және жолдарын анықтайды. Екінші деңгейді жүзеге асыру, ең ақырында, нақты конституциялық-кұкыктык норма мазмұны талап ететін нақтылы әлеуметтік нәтижелерге жетуге себепші болады.

Конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың деңгейлерін талдаудың тәжірибелік маңызы зор. Ол, мысалы, . Конституцияның нормаларын жүзеге асыру процесіндегі заңдылықтың қолданылуы шеңберін анықтауға мүмкіндік туғызады./23..3О/ Конституциялық заңдылықтың, оның талаптарының және қамтамасыз ету кепілдіктерінің ерекшелігі,- алдымен, конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыру саласында керінеді. Бұл тұрғыда конституциялық заңдылық талаптарын Негізгі Заңның нормаларын жүзеге асырудың жоғары, яғни, нақты конституциялық мағынадағы деңгейінде қарастыру қажет.

Конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың ерекшеліктерін зерттеу' жалпыға бірдей құқықтық нормаларды, заңй кепілдіктерді, олардың тиісті жүзеге асырылуын бекітуімен қатар, осы құралдарды, конституциялық-құқықтық нормалардың сипатын ескере отырып, түсінуге және пайдалануға мүмкіндік туғызады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, “Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы”, атты дипломдық жұмысымды қорытындылай келе айтарым:

Қандай да болмасын ғылымның алғашқы ірге тасын сол ғылымға қатысты негізгі ұғым қалайтын болса, заң ғылымының алғашқы баспалдағын құқық түсінігі, оның мән-мағынасын қалыптастыратыны бізге жоғарыдағы тараулардан белгілі болды.

Неге менің бұл жұмысымда “құқық” түсінігі төңірегінде осыншама ой қозғалды деген сұрақ туындаса, оған мен былай жауап берейін: “Құқықтық норма” ұғымы, оның мән-жайы, белгілері өздігінен туындаған жоқ. Құқықтық норманың туындауына арқау да негіз де болған – “құқық” термині. Егер мемлекет (немесе қоғам) болмаса, сол мемлекеттің қарым-қатынасын реттейтін құқық болмаса, онда заңды жауап – құқықтың жазбаша нысаны – құқықтық норманың да болмайтындығы айдан анық.

Демек, менің айтар ойым мынада: жоғарыдағы тарауларда белгілі болғандай құқықтық норма ұғымы құқық түсінігімен, құқықтың қайнар көздерімен тығыз байланыста.

Құқықтың құқықтық норма тудыратыны белгілі болды. Енді құқықтық норма мен құқықтың қайнар көздері арасындағы байланысты айқындап көрелік.

Біріншіден, құқықтың қай негізден бастау алғандығы құқықтық норманың белгісін айқындауға мүмкіндік тудырады.

Екіншіден, жылдар бұрын, тіпті ғасырлар бұрын, өзге саяси режим тұсында қабылданған құқықтық нормалардың өзі бұл кездері теориялық тұрғыда құқықтың қайнар көздері бола алады деген сөз.

Міне, осындайлық тығыз байланысты аша келе мен оқырман қауымға айтар ойымды жеткізе алдым деген сенімдемін.

1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында біздің Республика өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп бекітілген. Осыған орай және елімізде түбегейлі экономикалық және саяси қайта құрылыстар жүргізілуде, мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік пайда болып, дамуға байланысты, шаруашылықты жүргізу мен халықтың әл-ауқатын жақсарту нарықтық қатынастарға негізделетін, мемлекет экономика мен әлеуметтік-мәдени салаларын тікелей басқарудан бас тартып, оларды негізінен құқықтық реттеумен және заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бақылаумен шектелетін болғандықтан халықтың қолданылып жүрген заңнамаларды білу құштарлықтары арта түсті.

Сондай- ақ , Ел Президентінің «Қазақстан – 2030» атты жолдауына сәйкес, Қазақстан Орта Азияның Барысына айналуды көздеп отыр. Ол үшін «әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағидатты ұстана, еліміз нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, демократияландыру бағытында алға жылжып отыр. Бұл өзін - өзі ақтайды. Тек ол үшін демократияға бастау болатын алғы шарт жасау керек. Мұндай процесс мемлекетте құқықтық базаны құру мен нығайтудан туындайтынын ескеретін болсақ, аталған процесте менің «Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы» атты диплом жұмысымның тақырыбы қандайлық орын алатыны айтпаса да белгілі.

Және де Ел Президентінің Қазақстан халқына биылғы жылғы долдауында «Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік – экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрғаны» баян етілген. Ел Президенті Қазақтан Республикасы әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру керек деп, елімздің алдағы жүрер жолы, негізгі стратегиялық бағдарды айқындап берді . Бұл жағдайдың өзі де мемлекеттегі құқықтық жағдайдың нығая түсуін қажет етеді. Себебі мемлекеттің алдағы бағдарламаларын іске асырудың кепіл ретінде мемлекеттің құқықтық жағдайы айқындалады.

Осыған да сәйкес мемлекетіміздің елеулі қайраткер ғалымдары халық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында “мемлекет және құқық теориясы” пәні аясында белді еңбектер жаза бастады.

Бұл еңбектерде елдің өткені мен болашағының теориялық негіздері қаланды десе болады. Сол негіздер ең алдымен “құқық” пен “мемлекет” ұғымдарын түсініп білуге бағытталады.

Менің де “Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы” аталмыш дипломдық жұмысым өз кезегінде заң ғылымындағы белгілі бір теориялық ілімдерді дәлелдеп, дамытуға үлес қосар деген ойдамын.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. А.С. Ибраева, Н.С. Ибраев Теория государства и права: учебное пособие.- Алматы, «Жеті жарғы», 2003, - 65-71стр.

2. А.С. Ибраева Заң терминдерінің қазақша – орысша және орысша – қазақша қысаша түсіндірме сөздігі.- Алматы, «Жеті жарғы» 1996ж.

3. А. Жакупова «Конституция – основа развития государства» // Заң және заман.-2005ж. №9-17б.

4. Ә. Әділхан «Адам құқы – ең жоғары құндылық» // Заң және заман.- 2005ж.-№25-3-5 б.

5. Б. Қонақбаев «Азаматтарды құқықтық қорғау және олардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайту» // Заң.-2005ж.-№31.-26-28б.

6. Г. Адрасулова «Юридическое значение, функции и эффективность применения норм права» // Фемида.-2006ж.-№10-11-14б.

7. Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы.- Алматы, «Жеті жарға», 1998ж.,-88-89б.

8. «Қазақстан Республикасының Конституциясы»: Түсініктеме.-Алматы, «Жеті жарғы», 1999ж.,-26-32б.

9. «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері» : оқулық.-Алматы, 2003ж.,-112-116б.

10. Қ.А. Мустафаев «Құқықтық тәлім - тәрбие мен жалпы оқытудың іс-шаралары» // Заң.-2005ж.-№5.-31-33б.

11. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мухтарова, А.Н. Таукелов мемлекет және құқық теориясы: оқулық.-Алматы, ҚазМЗУ-дың баспа- полиграфия орталығы 1999ж.,-124-127б.

12. «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі» 27.12.1994ж.

13. Н.Ә. Назарбаев «Қазақтан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында»: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы .- Астана, 2006ж.,-9-11б.

14. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» Алматы, 1998ж.

15. Н.Дулатов, С. Амандықова, А. Турлаев Мемлекет және құқық негіздері: Фолиант.- Астана, 2001ж.,-10-14б.

16. Н. Елікбаев, М. Нуршаев «Құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жаңа сатысы» // Заң.-2004ж.,-№13-30-34б.

17. Н.И. Матузов, А.В. Малько Теория государства и права: курс лекции.- Юристъ, Москва,1997ж.,-313-316б.

18. «Общая теория государства и права»: Академический курс 1-том.-Москва, Зерцало, 1998ж.,-70б.

19 «Общая теория государства и права»: Академический курс 2-том.-Москва, Зерцало,1998ж.,-74-78б.

20. С.Д. Баққұлов Құқық негіздері: оқулық.-Алматы, 2004ж.,-28б.

21. С.А. Дьяченко «Сильная власть- сильное государство» // Заңгер.-2002ж.-№15-4-6б.

22. С. Ынтымақов « Қоғамдық қор: құқықтық жағдайының өзекті мәселелері» // Заңгер.-2005ж.-№12.-42-44б.

23. Т. Мамедсупиев «Правовая природа нормативных постановлений Верховного суда Республики Казахстан» // Фемида.-2006ж.-№4.-12б.

24. Т. Мырзамбетов «Конституция еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығының кепілі» // Заңгер.- 2005ж.-№19.-40-44б.

25. Т. Ағдарбеков Мемлекет және құқық теориясы: оқулық.- Алматы, 2003ж.,-212-216б.

26. Т. Айтмухамбетов «Қазақстанның сот өндіріснде сот шешімдерін қайта қарау» // Заң.-2004ж.,-№21.-8б.

27. Т. Айтмухамбетов «Қазақтардың дәстүрлі құқығы бойынша шешімдерді қайта қарау институты» // Заң.-2004ж.,-№21.-9б.

28. С.А. Комаров Общая теория государства и права: учебник.-Москва, 1997ж.,-191б.




1Қ.А. Мұстафаев . «Құқықтық тәлім – тәрбие мен жалпы оқытудың іс-шаралары» // Заң журналы.- жыл, 2005.-№5.- 31-33 бет.

2 С.Д Бакқұлов. “Құқық негіздері”: оқулық, Алматы, 2004, 28 бет.

3 Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж, 6 бап, 7-8 бет.

4 “ҚР-ның мемлекеті мен құқығының негіздері”: Оқулық.- Алматы, 2003, - 93 бет.

5 Н.И.Матузов.А.В.Малько. «Теория государства и права»: курс лекций.- юристъ, Москва, 1997, -313-316 стр.

6 Ғ.С.Сапаргалиев.А.С.Ибраева.”Мемлекет және құқық теориясы”: оқу құралы.-Алматы, 1998,- 24 бет.

7 ҚР-ның Конституциясы 30 тамыз 1995, 15 бап, 10 бет.

8 ҚР-ның Конституциясы 30 тамыз 1995, 19 бап, 11бет.

9 А.С.Ибраева. Н.С.Ибраев. «Теория государства и права»: учебное пособие.-Алматы, жеті жарғы, 2003, - 67-71 бет.

10 ҚР-ның Конституциясы 30 тамыз 1995, 25 бап, 12 бет.

11 ҚР-ның Конституциясы 30 тамыз 1995, 3 бап, 6 бет.

12 Қ.Д.Жоламан. А.Қ.Мұхтарова. А.Н.Тәукелев. “Мемлекет және құқық теориясы”: оқулық.- Алматы, 1999, - 124-127 бет.

13 “ҚР-ның мемлекеті мен құқығының негіздері”: оқулық. – Алматы, 2003, - 98 бет.

14 ҚР-ның Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл, 27 бап, 13 бет.

15 С.А.Комаров. «Общая теория государства и права»: учебник. – Москва, 1997. – 191 стр.

16 Н.Дулатбеков.С.Амандықова.А.Турлаев. “Мемлекет және құқық негіздері”: фолиант. – Астана, 2001, - 10-14 бет.

17 “Общая теория государства и права»: Академический курс 2 том. – Москва, Зерцало 1998, - 74-78 стр.

18 “ҚР-ның мемлекеті мен құқығының негіздері”: оқулық.- Алматы, 2003, -97 бет.

19 А. Жакупова.”Конституция-основа развития государства”//Журнал. Заң және заман.-год,2005.-№9.-17 стр.

20 Т.Мырзамбетов. “Конституция еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығының кепілі”//Заңгер журналы.-жыл,2005.-№19.-40-44бет

21Қазақстан Республикасының Конституциясы.30 тамыз,1995, 12бап.-9 бет

22 “Қазақстан Республикасының Конституциясы.”Түсініктеме.-Алматы:Жеті жарғы, 1999,-59бет

23 “Қазақстан Республикасының Конституциясы”: Түсініктеме.-Алматы, 1999,-60 бет.

24Қазақстан Республикасының Конституциясы: Алматы, 30 тамыз,1995, 13бап.

25 ҚР-ның Азаматтық кодексі. 27.12.1994. 14 бап

26 ҚР-ның Азаматтық кодексі. 27.12.1994. 17 бап

27 Ғ. Сапарғалиев. А. Ибраева. “Мемлекет және құқық теориясы”:Оқу құралы.-Алматы, 1998,-79-80 бет.

28 “Общая теория государства и права”:Академический курс, 1том.-Москва,Зерцало, 1998,-70 стр.

28 Н.Ә. Назарбаев. “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында”: ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы.-Астана, 2006,-9-11 бет.

29 Қ.Д. Жоламан. А.Қ. Мұхтарова. А.Н. Тәукелов. “Мемлекет және құқық теортясы”:оқулық.- Алматы, 1999,-115 бет.

30 “ҚР-ның мемлекеті мен құқығының негіздері”:оқулық.- Алматы, 2003,- 112-116 бет.

31 ҚР-ның Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл, 34 бап.

32 Ғ.Сапарғалиев. А. Ибраева. “Мемлекет және құқық теориясы”:оқу құралы.-Алматы, Жеті жарғы, 1998,-81бет.

33 ҚР-ның Конституциясы: 30 тамыз,1995. 4 бап. 6 бет

34 ҚР-ның Конституциясы: Түсініктеме.-Алматы, 1999,-26-29 бет.

35 Т. Айтмұхамбетов “Қазақстанның сот өндірісінде сот шешімдердің қайта қарау”// Заң журналы.- жыл, 2004.-№21.-8 бет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет