І тарау. Құқық туралы түсінік 1 Құқық ұғымы, белгілері


ІІІ тарау. Конституциялық нормалардың түсінігі және



бет4/5
Дата11.06.2016
өлшемі373 Kb.
#128401
1   2   3   4   5

ІІІ тарау. Конституциялық нормалардың түсінігі және

ерекшеліктері.

Республикамыздың қоғамдық, саяси және экономикалық өміріндегі қазіргі түбегейлі өзгерістер, жүзеге асырылып жатқан -құқықтық реформа еліміздің әрбір азаматынан құқықтық сауаттылықты талап етеді. Еліміз демократиялық өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуға бекем бел байлады. Адам құқықтары аяқ асты етілмей, заңсыздық пен жемқорлық жайламай, мемлекетіміз нығаю, дамуы және. көркеюі үшін заңның талабы мүлтіксіз орындалуы тиіс. Заң үстемдігі болмаған жерде құқықтық мемлекет те болмайды. Тіпті ежелгі дүние адамдары да еркіндікті аңсағанда заңның үстемдігі арқылы бостандыққа жетуге болады деп топшылаған екен. Ежелгі Римнің әйгілі ғұлама ойшылы Марк Тулий Цицерон: "Біз

заңның құлы болғанда ғана еркін бола аламыз"деп әсерлі айтқан екен. Әділеттік, ізгілік қағидаларын жүзеге асыру, қоғамды және мемлекетті демократиялық тұрғыдан

ұйымдастыру заңның үстемдіғі арқылы қамтамасыз етіледі.

Демократиялық қуқықтық мемлекет құрамыз дсген әрбір адамның өз құқыктарын жете біліп, заң саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Сондықтан еліміздің әр азаматы республикамыздың Конституциясымен, соған сай келетін заңдармен, өзге де нормагивтік-құқықтық актілермен жстс танысуы тиіс.

Конституциялық-құқықтық, нормалар реттейтін қарым-қатынастардың субъектісіне, алдымен, әлеуметтік бірлестіктер-халық, таптар, ұлттар, топтар, коллективтер және жеке тұлғалар жатады. Сонымен қатар, конституциялық-құқықтыҚ нормалар реттейтін қарым-катынастардың субъектісіне әлеуметтік бірлестіктердің саяси-құқықтық қызметін жүзеге асыратын ұйымдык,

құрылымдар жатады. Солардың ішінде басты орын мемлекет пен саяси жүйеге беріледі. Әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар да, еңбек коллективтері де конституциялық норма реттейтін қатынастардың субъектісі болып табылады. Әрине, ұйымдардың барлығы тек конституциялық-құқықтық норма реттейтін қатынастардың субъектісі, ғана емес, олардың көпшілігі ағымдағы заңдардың нормаларына сәйкес қызмет атқарады.

Конституциялық-құқықтық норма солардық саяси және экономикалық жүйедегі орнын анықтайды. Конституциялық-құқықтық норманың, басқа құқықтық нормаларға қарағанда, реттейтін қарым-қатынастар ауқымы кеңірек және объектілері өзгеше. Конституциялық-құқықтық норма мемлекеттік және қоғамдық өмірдің маңызды салаларындағы қарым-қатынастарды реттейді.

Конституциялық-құқықтық норма мемлекеттік ұйымдардың мәртебесін, мемлеқеттік органдардың қүзіретін, азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың, еңбек

коллективтерінің құқықтық жағдайын реттейді, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызмет істеу қағидаларын белгілсйді және олардың өзара карым-қатынас жасау негізін бекітеді. Конституциялық құқықтан өзге құқық салаларының нормалары қоғамдық қарым-қатынастарды реттеу барысында ықпал етудің нақтылы түрлері мен әдістерін қолданады. Мысалы, әкімшілік құкық саласында-әрекет жасауға ұйғарымды қолдану, әрекет жасауға сендіру немесе көндіру және тыйым салу

шараларын қолдану қылмыстық құқық саласында-тыйым салу нормаларын қолдану. Ал, конституциялық-құқықтық норма-құқықтық жүйенің ірге тасы, негізі және бүкіл құқықшығармашылық қызметтің берік- белгісі ретінде де, қоғамдық қарым - қатынасқа ықпал етудің тікелей жолы ретінде де құқықтық реттеудің жалпы бағытын ұстанады. Құқықтың бір бөлігі бола түра, конституциялық-құқықтық нормалар оның негізгі қасиеттеріне және барлық әлеуметтік нормаларға тән жалпы жүйелік белгілергс ие болады. Сонымен бірге, конституциялық нормалар, басқа

нормалар сияқты, құқықтың сыртқы нысанында көрсетілген қосымша мәндік жақтарын айқындайтынын ескеру қажет. Конституциялық-құқықтық нормалардың міндеті қоғамдық қарым-қатынастарды нормалаудан, өлшеуден және- бағалаудан тұрады. Конституциялық-құқықтық нормалар әлеуметтік субъектілердің мінез-құлық, құқықтары және бостандықтары өлшемдерін және қоғамдық қарым-қатынастарды реттеу өлшемін белгілейді. Олар әлеуметтік қүндылықтарды және жауаптылықты өлшеудің, әлеуметтік игілікті үлестірудің жоне қорғаудың ерекше құралы болып табылады. Конституциялық-

құқықтық нормалар құқық субъектілерінің мінез-құлықтарын бағалауда "' біркелкілікті ұстанады және олардың жалпыға бірдей талаптары заңи теңдіктің маңызды алғы шарты болып табылады.

. Конституциялық-құқықтық нормалар ақпараттық толықтықпен, универсалды, көпмақсатты сипатымен өзгешеленеді. Көптеген конституциялық-құқықтық нормаларға көптеген әлеуметтік нұсқалар сәйкес келеді. Конституциялық-құқықтық нормаларға азаматтардың, басқа субъектілердің мүдделеріне ықпал ету, олардың алдыларына бслгілі бір мақсат қою қабілеттілігі тән.

Кон ституц иял ық- құқықтық нормалар, жалпы алғанда, мемлекетпен ерекше байланыста болады. Өйткені оларды белгілеу және жүзеге асыру мемлекетсіз мүмкін емес. Конституциялық ұйғарымдардың көптеген жағдайларда ерікті түрде орындалуы, олардың мемлекеттік-кендіру сипатынан айырылатынын білдірмейді. Яғни, олар әртүрлі қоғамдық құралдардың негізінде жүзеге асырылуымен қатар, мемлекеттің көндіру күшімен қорғалады.

Конституциялық-құқықтық нормалар жалпыға міндетті мінез-құық ережелерін қалыптастырады.

Жоғары заңи күш белгісі тек конституциялық-құқықтық нормаларға ғана тән. Конституцияның жоғары заңи күші, оның мемлекеттің және қоғамның басты, маңызды мәселелерін саяси-заңи шешуіне байланысты. Конституцияның үстемдігі ағымдағы норма шығармашылық және құқық қолданушылық қызметтің заңи базасы ретіндегі жоғары заңи куштің ролін заңдылық пен құқықтық тәртіп режимінің нсгізі ретінде түсіндіреді. Барлық заңдар, өзге де норматинтік құкықтық актілер, құқық қолданушы

актілер Конституцияға сайкелуі тиіс және барлық коғамдық, мемлекеттік ұйымдар оны басшылыққа алуы қажет. Конституцияны мүлтіксіз дәлме-дәл сақтау барлық

азаматтардың және басқа а-дамдардың мінез-құлық эталоны болуы абзал. Көптеген ғалымдар конституциялық-құқықтық нормалардың ерекшеліктерін олардың құрылымдарымен ұштастырады. Ол бір жағынан дұрыс. Өйткені, конституциялық-құқықтық норманың құрылымын айқындау, оның әртүрлі элементтерінің ішкі байланысын анықтауға және оның заңи табиғатын тереңірек түсінуге қосымша мүмкіндік береді.

Құқықтық әдебиетте конституциялық-құқықтық нормалардың құрылымына байланысты әртүрлі козқарастар бар. В.К. Бабаевтің пікірінше: "Норма құрылымының барлық элементтері және олардың белгілі бір байланысы

бар болған жағдайда ғана, құқық нормасы қоғамдық қарым-қатынастарды реттеудің ерекше қасиетіне ие болады, оның реттеу мүмкіндіктері қамтамасыз етіледі және әртурлі құқықтық бөлімшелер арасында жүйелік байланыстардың пайда болу шарты болады"./4,168/ Бұл козқарастың осал жерлері бар. Біріншіден, құқық, нормасының реттеушілік. ықпал етуі, сол норманың қоғамдық қарым-қатынастарға қатысушылардың мінез-құлығын анықтайтын ұйғарымымен байланыста болады. Екіншіден,- бұл пікір жалпының, ерекшенің және жекенің ара-қатынасын ескермейді. Құқықтық тәжірибені талдау барлық нормаларға жарамды құрылымды қалыптастыру әрекеті негізсіз қалғанын көрсетті. Құқықтық норманың біреуіне келетін құрылым басқасынакелмей қалуы мүмкін. Ережені құқық нормасы деп тану үшін үш "элементтің" (гипотеза, диспозиция, санкция) міндетті түрде болуы керек деген пікір "шындыққа қайшы келеді",- деп жазады

Б. В. Шейндлин./5,91/.

Құқықтық норманын, үш элементтік қүрылымы — бұл барынша көп элементтерден " құрылған құқықтық норманың жалпы үлгісі, моделі. Кейбір конституциялық- құқықтық нормалардың құрылымы осы модельге сәйкес келсе, ал кейбіреулерінің құрылымдары элементтердің саны өзгерген әртүрлі модификацияда кездеседі. Сонымен бірге, гипотеза мен санкция сияқты элементтер кейбір нормаларда болмаса да, диспозиция міндетті түрде болады. Себебі, диспозиция құқықтық норманың мәнін, мазмұнын, маңызды ерекшелігін құрайды. Конституциялық-құқықтық нормадағы элементтердің бар болуы оның бағыттылығына байланысты. Элементтердің ара-қатынасы және гипотезаның, диспозицияның, санкцияның нақтылы заңдылығын таңдау бірқатар факторлармен (реттелетін қоғамдық қатынастардың сипаты, норманың мазмұңы, заң шығару -саясатының ерекшеліктері, заң шығару техникасы тәсілдерінің жетілдіру дәрежесі және т.б.) анықталады. Осыған байланысты Ю.А.Тихомиров "конституциялық- құқықтық норма көбінесе өзінің құрылымы жағынан толық емес болады" деп атап кетті./б.і 32/ Үш "элементі" бар конституциялык нормаға Конституциямыздың мына нормасын мысал ретінде келтіруте 'болады: "Қазақстан Республикасының Президенті мына жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер - Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламснттің Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік өкіметтің басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады". /63-бап/ Екі "элементі" бар конституциялық нормаға мына норманы жатқызуға болады: "Қазақстан Республикасының азаматы

жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылғаң жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшеріне, әлеуметтік Қамсыздандырылуына кепілдік беріледі". /28-бап/ .

Құқық норма.сының барлық элементтері қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге бағытталған. Олардың ішінен басты маңызға диспозиция ие болады. Диспозиция белгілі бір қоғамдық қарым-қатынастарға қатысушы субъектілердің мінез-құлық ережелерін қалыптастырады, яғни, сол қарым-қатынастарды реттейді.

"Норманың өзегі деп норманың талаптары құрайтын диспозицияны атауға болады. Диспозиция субъектілердің міндеттерін, немесе тиісті әрекеттенуін, немесе осы екеуін бірге белгілейді. Онда норманың адресаттары өздерін қала.й үстануы қажет екені туралы көрсетіледі. Диспоз.ицияны танып білу, оны табу және анықтау норманы жүзеге асыру үшін маңызды, аса қажет,"-деп жазады П.Е.Недбайло./7.62/ Бұған қоса, О.С.Иоффе, М.Д.Шаргородский: "Диспозиция құқық нормасынық қажетті және шешуші құрамдас элементі болып табылады,"- деп ерекше көңіл аударады./8.156/

Конституциялық-құқықтық норманың көпшілігі тек ғана диспозициядан тұрады. "Диспозиция қоғамдық қатынастарды реттсудің негізгі жұмыстарын атқарады. Гипотеза диспозицияның жұмыс істеу (немесе жұмыс істемеу) салаларын белгілеу мақсатына қызмет жасайды. Яғни, гипотеза диспозицияны қолдануды қамтамасыз етеді және оның іске асу шарттарын, шекараларын белгілейді.

Кейбір конституциялық-құқықтық нормаларда гипотеза жоқ болады. Оларға 'қағида-нормаларының, мақсат-нормаларының, тыйым салушы нормалардың көпшілігі жатады. Гипотеза конституциялық-құқықтық норманың құрамдас бөлшегі ретінде біртекті емес және өзінің құрылымы жағынан бірнеше түрге бөлінеді. Егер норма диспозициясының жұмыс істеуі белгілі бір жағдайға тәуелділігімен ерекшелінсе, мұндай гипотеза жай гипотеза деп аталады, мысалы: "Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады"./70-бап,1-тармақ/. Күрделі гипотезаларда диспозицияның жұмыс істеуі белгілі бір шарттардың жиынтығына байланысты болады, мысалы: "Республика Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған мемлексттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын -Республика азаматы сайлана алады"./41-бап,2-тармақ/ Конституциялық-құқықтық норманың гипотезасы альтернативтік болуы мүмкін. Мұнда норма диспозициясында көрсетілген бірнеше шарттардың біреуі бар болған жағдайда басшылыққа алуға болады, мысалы: "Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босаған немесе кетірілген жағдайда, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Президенттің міндетін атқару уақытша Парламент Сенатының Төрағасына ауысады"./48-бап, 1-тармақ/

Конституциялык-куқықтық нормалардың гипотезаларын аңықтық- дәрежесіне қарай нақты-тұжырымды және біршама-тұжырымды деп жіктеуге болады. Нақты-тұжырымды гипотезаларда сол норманың диспозициясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайлар нақтылы тікелей және мейлінше толық көрсетіледі. Бұған мысал ретінде Президентті қызметінен кетіруге, төтенше жағдайды енгізуге байланысты кейбір құқықтар мен бостандықтарды шектеуге бағытталған жағдайларды келтіруге болады. Біршама- тұжырымды гипотезалар диспозицияны қолданудың шарттарын көрсетсе де, бірақ олардын, мазмұнын ашпайды және мұны сол норманы жүзеге асырушы субъектілерге қалдырады.

Мысалы: "Парламенттің сенімсіздік білдіруіне байланысты Үкіметтің орнынан түсуі қабылданбаған жағдайда Президент Парламентті таратуға хақылы."/70-бап/ Кейбір конституциялық-құқықтық нормаларда нақты-тұжырымды және біршама-тұжырымды гипотезалар кездеседі. Мысалы: "Қазақстан Республикасының Президенті Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген жағдайда Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялап, бүл тур.алы республика Парламентіне дерсу хабарлайды." /44-бап/

Құқықтық норманың үшінші - элементі санкция мемлекеттің мәжбүрлеу шараларын білдіреді. Бұл мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары өз міндеттсрін орындамаған немесе құқықтарын теріс пайдаланған кінәлі адамдарға және құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында қолданылады. Осыған байланысты Ж.Ч. Салимбаева санкцияны екі мағынада түсінуге- болатындығын атап көрсетті. Бір жақтьі мағынада - оны бұзғаны жағдайында қолданылатын құқықтық нысанда кезделген заңи салдар (жалпы ереже бойынша — мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары). Демек, санкция нормада бекітілген жағдайда ғана оның құрылымдық элементі болып табылады. Ал қалған барлық жағдайларда санкция кең мағынада түсініледі, өйткені, мемлекет әрқашан өзіне құқықтық норманы мәжбүрлеу арқылы жүзеге асыру мүмкіндігін қалдырады. Конституциялық-құқықтық актілердің көптеген нормаларында санкцияның жоқ болуы оларды бұзған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлсу мүмкіндігін жоймайды. Мұнда мемлекеттік мәжбүрлеуді өзге құқықтық нормалар арқылы пайдалану ерекшелігі туралы айтылады.

Конституциялық санкциялар тиісті субьектілерге қолайсыз салдардың пайда болуын белгілейді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің, қызметінен кетірілуі, Парламентінің таратылуы, Үкіметінің орнынан түсуі.



3.1 Конституциялық құқықтық нормалар

Конституциялық нормаларды топтастыру.

Конституциялық-құқықтық нормаларды топтастырудың ең маңызды мәселесі — ол қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуіш ретінде нормалардың елеулі қасиеттерін көрсетіп соның негізінде теория -мен тәжірибенің мәселелерін шешуге жәрдемдесетін конституциялық-құқықтық норманың өзіндік ерекшіліктерін айқындау болып табылады. Ғылыми топтастыру нормаларды оқып білуді, жеңілдетеді, соның арқасында құқықтық ережелерді дұрыс түсінуге Конституцияны жалпы құқықтық реттеу механизімін мейлінше жетілдіруге мүмкіндік туады. Әрбір

топтастыру белгілі бір мөлшерде шартты түрде және зерттеу мақсаттарына байлаңысты болады. Нормаларды әртүрлі негіздер бойьтнша жіктсуге -болады. Бұл мәселенің зор маңызы бар жәнс топтастырудың мақсатына жету үшін жіктеу белгілерін дұрыс таңдау керек. Конституциялық-құқықтық нормаларды топтарға бөлуде зерттелетін объекті топтастырудың жалпы талаптарына сай болуы қажет. Ең

алдымен, объектінің болатын жіктелу бағыты анықталады, содан кейін сол объектінің жіктелу негіздерін және нақты шекараларын анықтайтын қасиеттері қарастырылады. Топтастырудың нсгіздсрі ретінде тек ішкі заңдылықтарды, мәнді жалпылылықты қамтып көрсететін қасиеттер ғана бола алады. Мұнда-жуйелердің айырмашылығы, ұқсастығы және өзара байланыстары ескерілуі керек. Барлық құқықтық нормаларда топтастырудың бірыңғай негіздері жоқ. Сол себепті, конституциялық-құқықтық нормалардың мәндік қасиеттерін анықтайтын белгілерді бекітудің әдістемелік талаптарын қалыптастыру туралы ғана сөз козғалады. Конституциялық-құқықтық нормаларды топтастыру негіздеріне мыналарды жатқызуға болады конституциялық реттеудің объектісі; конституциялық-құқықтық норманың бағыттылығы; ұйғарымның анықтық дәрежесі ұйғарымның міндеттілік сипаты; реттейтін, қоғамдық қарым- қатынастардың көлемі; конституциялық-құқықтық нормалардың иерархиясы; норма ықпал ететін субъектілер; норманың уақыт бойынша қолдану күші; конституциялық реттеу механизімдегі атқаратын ерекше. Осы негіздердің жиынтығы әртүрлі конституциялық-құқықтық нормалардың. арасындағы аса маңызды байланыстарын қоғамдық -қарым-қатынастарға ықпал ету ерекшеліктерін, материалдық және іс жүргізуші нормалардың ара-қатынасын т.с.с. анықтауға мүмкіндік береді.

Конституциялық реттеудің объектілерін тандау әртүрлі факторлармен себептеледі. Конституциялық реттеу объектілерінің ерекшелігі және оларға тиісті қоғамдық қарым-қатынастар, белгілі мөлшерде, Конституцияның құрылысын, мазмұның және басқа да маңызды сипаттамаларын анықтайды. Өз кезегінде құрылыс конституциялық-құқықтық нормалардың жүйесіне және оның ішкі құрылымына ықпал етеді./14.53/

Конституциялық реттеудің маңызды объектілеріне мыналар жатады: конституциялык құрылыс негіздері; жекс тұлғаның құқықтық жағдайы; мемлекеттік құрылыс мемілекеттік билік және мемлскеттік органдары жергілікті өзін-өзі басқару Ерекше объект ретінде Конституцияның өзі (Конституцияға өзгертулер енгізу және қайта қарау, қорытыңды және өтпелі ережелер) қарастырылады.

Аталған объектілерге- байланысты конституциялық -құқықтық нормалардың жалпы топтастыруын жасауға болады. Бұл топтастырудың бірінші тобын конституциялық құрылыс негізіндерін аша-отырып, егемендікті, халықтық билікті бекітетің, адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын ең қымбат қазына деп жариялайтын мемлекеттің қоғамдағы орнын, оның басты міндеттері мен мақсаттарын, мемлекеттік билікті ұиымдастырудың қағидаларын анықтайтын, жергілікті өзін-өзі басқаруды белгілейтін және кепілдік беретін, идеологиялық және саяси әр алуандылықты, қоғамдық бірлестіктердің саяси -құқықтық негіздерін бекітетін конституциялық құқықтық нормалар құрайды. Сонымен бірге бұл топқа экономикалық кеңістіктің бірлігін қамтамасыз ететін, (меншіктің нысандары мен объектілерін қамтитын, әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарын, Конституцияның

заңи күші мен қолдану сипатын анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Конституциялық-құқықтық нормалардың бұл тобын өзгеше заңи режимі ерекшелейді. Бұл топтың нормалары кең көлемдеғі қоғамдық қарым-қатынастарды реттейді және Конституцияның барлық негізгі функцияларын (әсіресе, құрылтайшы) атқаруға қатысады. Осы нормалардың қоғамдық қдрым-қатынастарға ықпал етуі белгілеу, бекіту арқылы жасалады, сондықтан мұнда жалпы реттеуші нормалар басым.

Екінші топқа адамның көне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын реттейтін конституциялық-құқықтық нормаларды жатқызуға болады. Бұл топқа кіретін конституциялық-құқықтық нормалар теңдікті, адам мен азаматтың жеке, саяси, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мсн бостандықтарын, негізгі құқықтары мен бостандықтардың кепілдіктерін, негізгі міндеттерін бекітеді. Конституциялык-құқықтык нормалардың бұл тобына құрылтайшы фуңкцияның мәнін айқындайтын белгілеу, бекіту сияқты жақтары тән болғанымен де, алдынғы қатарға құқық беруші және қорғаушы функциялар шығады. Мұндай нормалар ұсынылуы-міндеттеуші сипатқа ие болып, қоғамдық қарым-қатынастарға нақтылы реттеушілік ықпал етеді.

Үшінші топқа, мемлекеттік құрылысты, егемендікті, мемлекеттік және территориялық біртұтастықты бекітетін конституциялық құқықтық нормалар жатады. Олар Қазақстан Республикасының мәртебесін және рәміздерін анықтайды. Жалпы конституциялық реттеудің ерекшелігін, табиғатын мемлекеттік -билікке, оны ұйымдастыруға, мемлекеттік органдарға байланысты конституциялық-құқықтық нормалар неғұрлым толық айқындайды. Жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты конституциялық-құқықтық нормаларды жеке бір топ ретінде қарастыруға болады. Мұнда жергіліктг өзін-өзі басқарудың мақсат-міндеттері, ұйымдасу негіздері және кепілдіктері туралы соз қозғалады.

Конституцияға өзғсртулер енгізу мен қайта қарау тәртібін, қорытынды және өтпелі ережелерді белгілейтін конституциялық-құқықтық нормаларды бір топка жатқызуға болады.

Конституциялық-құқықтық норманың конституциялық реттеу механизіміндегі атқаратын ролінің ерекшелігін ескере отырып, оны материалдық және іс-жүргізуші деп бөлуге болады. Конституциялық-құқықтық іс-жүргізуші норма белгілі бір тәртіпті (процедуралар, процессуалдық формалар) сақтағанда, өкілетті субъектілердің өз міндеттерін іс жүзіне асырғанда пайда болатын қоғамдық қарым-қатынастарды реттейді. Ал материалдық норма мемлекеттік органдардың және басқа субъектілердің қызметінің мазмұнын айқындаған олардың құқықтық жағдайын, құзыретін т.б. белгілейді. Конституциялық-құқықтық іс-жүргізуші нормалар материалдық нормалардың ұйымдастырушылық-құқықтық жолдарының тәртібін, әдістерін, тәсілдерін белгілейді.

Мысалы, Қазақстан Республикасының Парламенті Конституцияға сәйкес заң шығару кызметін былай жүзеге асырады: "Мәжіліс көпшілік даусымен- макұлдаған заң жобасы Сенатқа беріледі, ол онда әрі кеткендеалпыс күннің ішінде қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған жоба

заңға айналады және он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі" ./61-бап/

Іс-жүргізуші нормалар мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың құкық шығармашылык пен құкық қолданушылық қызметіне тікелей катысты лауазымды адамдардың кәсіби жетілуіне, ұйымдастырушылық жұмыстарының жоғары сатыға көтерілуіне мүмкіндін туғызады. Олар коғамдық қарым-қатынастарды реттеудегі құкықтың ықпалдығын және маңыздылығын көтереді. Іс-жүргізуші нормалардың жоктығы немесе жетілмегендігі кұкыктың реттеушілік ықпал етуін едәуір бәсендетеді.

Конституциялық материалдық және іс-жүргізуші нормалардың ара-қатынасының заңи табиғаты, негізінен, басқа да құқық салалары нормаларының (мысалы, қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-іс жүргізу нормалары) ара-қатынасы сиякты. Алайда, бұл байланыс сала аралык емес, сала ішіңдегі болып табылады. Конституциялық іс-жүргізуші нормалардың мақсаттық бағыттылығы мынада олар демократияны жүзеге асырудың ұйымдастыру-құқықтық іс жүргізу нысандарын белгілейді: өкілетті субъектілер қызметінің іс жүргізу тәртібін бекітеді өкілетті субъектілер қызметіне еңбекті ұйымдастырудың ғылыми элементтерін енгізеді, әбден жетілген процедураға жалпыға міндетті сипат береді; іс жүргізу кызметіне қатысушылардың "құқықтары мен мүдделерін сақтаудың заңи алғы шарттарын қалыптастырады; конституциялық-құқықтық қарым-катынастар саласындағы

заңдылықты нығайтудың қажетті шарты болады. Атқаратын міндеттеріне сәйкес конституциялық іс-жүргізуші нормалар іс жүргізу қызметіне қатысушьшардың құрамын айқындайды; олардың құқықтары мен міндеттерін, қажетті әрекет түрлерін, бірізділігін және нақтылы мәселелерді щешуге байланысты ерекшеліктерді белгілейді.

Конституциялық іс-жү'гізуші нормалардың басқа құкық салаларының іс-жүргізуші нормаларынан ерекшелейтін белгілері бар. Конституциялық іс-жүргізуші нормалар ұйғарымдарының сипатынан және бағыттылығынан көрінетін ерекше заңи мазмұнға ие болады. Барлық конституцңялык іс-жүргізуші нормалар, басқа да құқық салаларының іс-жүргізуші нормалары сияқты жалпы процедуралық сипатта болады. Сонымен бірге, олардың өзгешеліктері де бар. Бірқатар авторлар, барлык іс-жүргізуші нормаларға тән белгілердің бірі ретінде — оларды қабылдау арқылы жаңа қарым-қатынастардың пайда болуын және қоғамдык, мемлекеттік өмірдің әркилы жақтарын басқарудың бұрын болмаған, тек құқықтық қарым-қатынастар түрінде мүмкін болатын жаңа нысандарын калыптастыруын қарастырады. ./1/ Іс-жүргізуші нормалар негізгі қарым-қатынастарды тікелей реттемесе де, олардың өздері бекіткен қосымша, көмекші қоғамдык қарым-қатынастар арқылы ыкпал -етеді. Бірақ та, бұл іс-жүргізуші нормалардың жаңа қоғамдық қарым-қатынастарды қалыптастыру мүмкіндігінен айырылғанын білдірмейді. Іс-жүргізуші нормалар өмірге әкелген жаңа қоғамдық қарым-қатынастар құкықтық қарым-қатынастардың барлық белгілеріне ие болады. Конституциялық іс-жүргізуші нормалардың реттеушілік ықпал етуі мемлекеттік органдардың құкық шығармашылық және құқық қолданушылық қызметін қамтиды. Бұл осымен тек құқық қолданушылық қызметті реттеумен ғана шектелетін басқа құқық салаларынан өзгешеленеді. Конституциялық-құқытық іс-жүргізуші нормаларды жүзеге асыру процесіне қатысатын субъектілердің шеңбері басқа құқық салаларының іс-жүргізуші нормаларын жүзеге асыруына қарағанда әлдеқайда кеңірек. Конституциялық _ іс-жүргізуші нормалар айқындалу нысанымен ерекшелінеді. Мәселен, қылмыстық іс-жүргізуші және азаматтық іс-жүргізуші нормалар тиісті іс жүргізу кодекстерінде шоғырланса, ал конституциялық іс-жүргізуші нормалар әртүрлі нормативтік актілерде, бұған коса, материалдык нормаларымен бірге кездеседі

Конституциялық-құқықтық нормалардың атақаратын функцияларының ерекшелігіне байланысты оларды құқық беруші және құқық қорғаушы деп ажыратуға болады. Құқық беруші конституциялық-құкыктык нормалар позитивті заңи құкықтар мен. міндеттерді белгілесе, құкык қорғаушы конституциялық-құқықтық нормалар оларды бұзушылықтан қорғауға және заңи жауапкершілік шараларын,, соған қоса конституциялық кепілдіктерді

белгілеуге бағытталған.

Конституциялық кепілді нормаларды жеке бір топқа жатқызуға болады. Мұндай нормалар Конституциянын баска нормасының ұйғарымын камтамасыз етеді. Мәнісінде, кепілді конституциялык-құкыктық нормалар мемлекетке, оның органдарына, қоғамдық-ұйымдарға және адамдарға өздері қорғайтын басқа нормадағы құқыктарды іске асыру үшін нақты жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған 'мінез-құлықтың белгілі бір вариантын нұсқайтын жалпы сипаттағы бекітулер болып табылады. Олар белгілі бір мінез-құлық түріне тыйым салу ретінде де айқындалуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабының 2-тармағындағы "Ешкімнің өз бетінше адам өмірін киюға хақысы жоқ" деген норма әркімнің өмір сүру құқығын кепілдейді.

Конституциялық ұйғарымдардың -негізгі бағыттылық сипатына қарай конституциялық құқықтық нормалар 4-ке бөлінеді: міндеттеушіз- тыйым салушы құкық (өкілеттік) беруші және реттеуші.

Конституциялык-құқықтық нормалардың осы топтастыруын норманың логикалык немесе грамматикалық құрылымына тәуелдеуге болмайды, себебі, бұл топтастыру ұйғарымдардағы мемлекеттің екпін койғанын білдіреді және әрбір жеке норма барлык.- жағдайларда белгілі бір мінез-құлықты рұқсат ету, тыйым салу немесе мөлшерлеу мақсатында белгіленеді.

Міндеттеуші конституциялық-құқықтық нормаға. мысалы Конституциямыздың мына нормалары жатады:

"1. Әркім Қазақстан Рсспубликасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтсуге міндетті.

2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті". /34-бап/

"Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады"./70-бап,1-тармақ/.

Тыйым салатын конституциялық-құқықтық нормаға мына нормаларды жатқызуға болады: "Мақсаты немесе іс-әрекеті Рсспубликаның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан -келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, " тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметше, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады"./5-бап/ "Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік ңемесе адамдық қадір-қасиет қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайды"./17-бап/ "Республикаңың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды"./10бап, 2-тармақ/ "Ар-ождан бостандығы қүқығьін жүзеге асыру жалпы адамдық және

азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемсуге тиіс"./22-бап, 2-тармақ/.

Құқық беруші конституциялық. құқықтық нормаға мысал ретінде Конституциямыздың мына нормаларын келтіруге болады: "Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына қүқығы бар -және озінің құқықтары мен бостандықтарын, қажстті қорғанысты қоса алғанда занға қайшы келмсйтін барлық тәсілдермен қорғауға хакылы". /13-бап/; "Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оку және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар"./19-бап,2-тармақ/ "Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады"./26"-бап,1-тармақ/.

Сонымен қатар, бұл топқа өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты нормаларды жатқызуға болады. Бұған мысал ретінде Конституциямыздың 44- және 66- баптарын келтіруге болады. Сонымен қатар, мұндай нормалар міндеттеуші сипатқа да ие болады.

Реттеуші конституциялық-құқықтық нормаларға Конституциямыздың мына нормаларын мысал ретінде келтіруге болады: "Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызмсті, сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың . Рсспубликадағы діни бірлестіктер басшыларын, тағайындауды Республиканың тиісті мемлекеттік органдармен келісу арқылы жүзеге асырылады. /5 бап/.

Мінез-құлық- ережесінің анықтық дарежесіне байланысты конституциялық-құқықтық нормаларды нақтылы-реттеуші және жалпы реттеуші (дефиниттік) деп екіге бөлуге болады.

Нақтылы-реттеуші нормада мінез-қүлық ережесі анық тұжырымдалған, -яғни мінез-құлықтың белгілі бір түріне нақтылы құқық берушілік, міндеттіліқ немесе тыйым салушылық сипат бсрілген. Мысалы: "Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған жоба заңға айналады және он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі"./61-бап/. "Жергілікті езін-езі басқаруды тұрғын халық тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады"./89-бап, 2-тармақ/.

Конституциялық-қуқықтық нормалардың көпшілігі нақтылы-реттеуші екеніне көңіл аудару қажет. Бұларға диспозициясында субъективтік заңи құқықтар мен міндеттер көрсетілген конституциялық-құқықтық нормалардың барлығы жатады. Нақтылы-реттеуші нормаларға қарағанда дефинитивтік нормалар айтарлықтай анық көрініс таба алмаған мінез-құлық ережесін білдіреді. Бұл нормалар заңи маңызы бар құқықтық мақсаттарды, қағидаларды, түсініктерді немесе категорияларды айқындайды. Дефинитивтік нормаларда мінез-құлық ережесі жалпы тұрғыда айқындалады және олар заңи құқықтар мен міндеттерді тікелей қалыптастырмайды. Сонымен қатар, егер дефинитивтік норма ғылыми танымның нәтижссі болып, қоғамдық дамудың ақиқат заңдары мен заңдылықтарын қамтып көрсетсе, онда олар ең қымбат қазына болый; ессптеледі. Бұндай нормалар Конституцияымызда кездеседі: "Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет"./2-бап, 1-тармақ/ "Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы -халық"./3-бап, 1-тармақ/; "Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар және Рес.публиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданыдады"./4-бап,2-тармақ/; "Рсспубликаның Президенті — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мсн бостандықтарының рәмізі әрі кепілі"./40-бап, 2-тармақ/; "Парламент- — Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы./49-ба-п, 1-тармақ/ және т.с.с.

Конституциялық-құқықтық нормадағы ұйғарымдардың міндеттілік сипатының әртүрлі болуы, оларды императивтік, диспозитивтік және альтернативтік деп бөлуге мүмкіндік береді. Мұнда Конституцияның көтермелеу нормаларын атап кетуге болады.

Императивтік нормаларға оларда қалыптасқан ережеден ешбір шегініс болғызбайтын катаң кесімділік тән,мысалы, "Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды жөне өзге де міндетті төлемдсрді төлсу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады"./35-бап/ "Соттарды қаржыландыру, судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі және ол сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс"./80-бап/

Диспозитивтік нормаларда белгіленген мінез-құлық ережесі қарым-қатынастарға қатысушылар өз мінез-құлықтарының басқаша шарттарын қалыптастырмағандықтан қолданылады, мысалы, "Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңмен белгіленген шекте азаматтардың өздері белгілейді"./89-3/

Альтернативтік нормалар нақтылы жағдайларға байланысты мінез-құлықтың әртүрлі варианттарына жол береді, мысалы, "Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселесі Республиканың Президенті он күн мерзімде қарайды"./70-бап, 4-тармақ/.

Көтермелеу нормалары азаматтардың және олардың бірлестіктерінің қоғамға пайдалы қызметтерді іс жүзіне асырудағы мемлекеттің мүддесін бекітеді, мысалы,"Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады"./28-^бап,2-тармақ/'

Конституциялық-құқықтық нормалар реттейтін қоғамдық қарым-қатынастардың көлемі жағынан әртүрлі болғандықтан, оларды жалпы, арнайы және ерекше деп жіктеуге болады.

Жалпы конституциялық құқықтық нормалар біртектік сипаттағы қоғамдық қарым-қатынастардың барлығын немесе бірнеше түрлерін реттейді: "Республикада мемлекттік билік біртұтас ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне

сәйкес жүзеге асырылады"./3-бап, 4-тармақ/ .

Арнайы конституциялық-құқықтық нормалар қарым-қатынастардың тек белгілі бір түрін ғана реттейді, немесе өзгеше, арнайы бағыттылыққа ие болады: "Қазақстан Республикасында мсмлскеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады"./6-бап, тармақ/; "Конституция " күшіне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасыньгң заңдары оған қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады және Конституция қабылданған күннен бастап екі жыл ішінде оған сәйкес келтірілуге тиіс"./92-бап, 4-тармақ/.

Ерекше конституциялық-құқықтық нормалар жалпы және арнайы нормалардағы ережелерден кейбір үзінділерді айқындайды: "Үкімет . Қазақстан Республикасының атқарушы биліғін .жүзеге асырады, .атқарушы органдардың жүйесін басқарады және ,-олардың қызметіне басшылық жасайды"./64-бап, 1-тармақ/;- "Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін",/6-бап, 3-тармақ/.

Мерзімі бойынша қолдануына байланысты конституциялық-құқықтық нормаларды) мерзімі белгісіз (шексіз) және б) мерзімі шектелген деп екіге бөлуге болады.

Конституциялық-құқықтық нормаларды басқа да белгілер бойынша жіктеуге-болады. Мысалы, конституциялық-құқықтық нормалар бағытталған субъектілер б-ша, т.с.с...



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет