I тарау. Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы


Ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту



бет3/5
Дата01.07.2016
өлшемі0.88 Mb.
#169858
1   2   3   4   5

2.3. Ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту
Қылмыстық істерді ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту негіздерінің шеңбері біршама кең. Олардың барлығын ақтамайтын негіздердің кез-келгені бойынша істі тек қана тұлғаның бұрын ол бойынша қылмыстық іс қозғалған қоғамға қауіпті әрекетті шындығында жасағаны анықталған және ол әрекет қылмыс сияқты қоғамға қауіпті болып келетін жағдайда қысқарту мүмкіндігін біріктіреді1.

Осыған сәйкес ақтамайтын негіздерді екі топқа бөлуге болады2:

1. Олардың негізінде тұлға өз өндірісіндегі қылмыстық істі               қысқартуға міндетті болатын негіздер:

- ескіру мерзімінің өтуі;

- егер ол жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық               ету актісінің болуы, сонымен бірге жекелеген тұлғаларға кешірім               жасау;

- егер тұлға қоғамға қауіпті әрекет жасау сәтінде заңға сәйкес               қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкін болатын жасқа толмаса;

- жәбірленушінің немесе оның өкілінің арыздары бойынша              қозғалатын істер бойынша айыпталушы мен жәбірленушінің              татуласуы;

- айыпталушының қайтыс болуы (қайтыс болған адамды ақтау              немесе жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша өзге тұлғаларға              қатысты істі жаңғырту үшін іс бойынша өндірістің қажеттігі              жағдайын қоспағанда);

- нақ сол айыптау бойынша заңды күшіне енген дәл сол негіз              бойынша істі қысқарту туралы сот үкімінің не ұйғарымы не              қаулысының болуы (өз өндірісіндегі қылмыстық істі қозғау              қажеттігін сотталған жағдайынан басқа жағдайда);

2. Олардың негізінде тергеушіде қылмыстық істі қысқартуға құқығы               бар болатын, бірақ мұны жасау міндетті емес болып табылатын               негіздер:

- жағдайдың өзгеруі;

- жәбірленушінің күдіктімен немесе айыпталушымен татуласуы;

Бірінші және екінші топтағы негіздер арасындағы айырмашылықтар сонымен бірге бірінші топтағы әрбір негіз бойынша кез-келген қоғамға қауіпті әрекет туралы істер оның қоғамдық қауіптілік дәрежесіне байланыссыз қысқартылуы мүмкін.

Ал екінші топтағы негіздер бойынша, егер тұлға ауыр немесе аса ауыр қылмысты жасаған деп айыпталғанда істі қысқарту мүмкігдігі туындайды.

___________________________
1 Дубинский А.Я. Основания к прекращению уголовного дела стадии предварительного расследования. Киев, 1973г. С. 65

2 Голунский С.А. О прекращении уголовных дел. 1970г.

Бірінші топтағы негіздерді қарастырайық:

1. Ескіру мерзімінің өтуі;

П.М. Давыдов пен Д.Я. Мирский дұрыс айтып өткендей, ескіру – бұл заңмен белгіленген мерзім, оның өтуі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартудың мақсаттылығы жойылса да іс міндетті түрде қысқартуға жатады1. Ал қылмыстық құқық ғылымына өз үлесін қосқан ғалымдар төмендегідей анықтама береді2.

Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату дегеніміз – бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы және өлім жазасы тағайындалуы мүмкін қылмыстарды қоспағанда, қылмыс жасаған уақыттан бастап кінәлі адамды сол қылмысы үшін заңда көрсетілген шарттарға сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтуіне байланысты кінәліні жауаптылықтан босату жөніндегі құқықтық нормалардың жиынтығы.

Заң бұл институтты қолданудың үш жағдайын көрсетеді3:



  1. Заңда көрсетілген мерзімнің өтуі;

  2. Осы мерзімдер ішінде адам жаңадан ауыр немесе аса ауыр қасақана қылмыс жасамаса;

  3. Тергеуден немесе соттан жалтармаса.

Заңда қылмыстық жауаптылықтан босату қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өтсе мүмкін болады:

        а) кішігірім қылмыс жасағаннан кейін екі жыл;

б) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін бес жыл;

в) ауыр қылмыс жасағаннан кейін он жыл;

г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл

Ескіру мерзімдері қылмыс жасаған күннен бастап және заңды күшіне енген кезге дейін есептеледі.

Ескіру мерзімі мынадай екі жағдайда тоқтатылады:


  1. Егер қылмыс жасаған соттан немесе тергеуден жалтарса, яғни қылмыстық жауаптылықтан босату мақсатын көздейтін қасақана әрекеттер: тұрғылықты жерінен кетіп қалу, аты-жөнін өзгерту, бөтен фамилиямен жаңа жерде өмір сүру және т.б. Бұл ретте ескіру мерзімінің өтуі адамның ұсталған немесе айыбын мойындап келген мерзімінен басталады, яғни осыған дейінгі өткен ескіру мерзімі күшін жоймайды деген сөз. Ал егер ескіру мерзімі тоқтатылмастан қылмыс жасаған уақыттан бері жиырма бес жыл өтсе, адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.

  2. Егер ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адам осы қылмыстыр үшін ескіру мерзімі өткенге дейін (10-15 жыл) жаңадан қылмыстар

_____________________
1 Давыдов П.М., Мирский Д.Я. Прекращение уголовных дел в советском уголовном процессе. М., Госюриздат 1973г. С.30

2 А.Н. Ағыбаев Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы, Жеті Жарғы 1999ж. 242-бет.

3 ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктеме. Жауапты редакторлар:С.М.Рахметов, Т.Ә.Бапанов, Алматы 2001ж. 140-бет.

жасаса ескіру мерзімі тоқтатылады. Мұндай жағдайларда ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейінгі уақытта жойылып,

жаңадан жасалған қасақана қылмыс пен бұрынғы ауыр немесе аса ауыр қылмыс үшін ескіру мерзімдері жаңадан жасалған        қылмыстардың жасалу уақытынан бастап қатар есептеледі.

Осы уақыттан бастап біріктірілмейтін, сіңірілмейтін екі жеке ескіру мерзімдері қатар басталады. Тиісінше, егер адам жаңа қасақана қылмыс жасағанға дейін ауырлығы онша емес немесе орташа ауыр қылмыс жасаған болса ескіру мерзімдері тоқтатылмайды. Сондай-ақ, егер адам ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаса, бірақ жаңа жасаған қылмысы қасақана қылмыс категориясына жатпаса ескіру мерзімі тоқтатылмайды. Мұндай жағдайда әрбір жеке қылмыс үшін ескіру мерзімдері олардың жасалған кезінен бастап есептеле береді1.

Қылмыстық заңда нақты белгіленген қылмыстың түрі бойынша жеңілдететін жаққа қарай өзгерістер ескіру мерзімінің өтуін есептеуде жаңа заң ескеріледі. Егер жаңа заң жазаны күшейтетін болса, онда ескіру мерзімі ескі заңмен ескеріледі. Ескіру мерзімі қылмыс жасаған күннен басталады. Жасау күні деп-24 сағатты қоса есептегенде, қылмыстық зардапты келтірілгендігімен байланыссыз немесе байланысты уақытты айтуға болады2.

Ескіру мерзімі жалпы белгіленген мерзімнің өтуіне байланысты соңғы күннің 24 сағаты өтуімен жойылады, басқа жағдайларда жылдық күнтізбе бойынша, сонымен қатар мерзімнің тоқтатылуы болғанда жылдың айлары не күндерімен есептелінеді. Егер үкім ескіру мерзімнің өтуінен кейін күшіне енген болса, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Осы мерзімнің өтуі созылмалы қылмыстар үшін уақыт бойынша, оның, яғни адамның өз еркімен тоқтатуына байланысты есептелінеді (айыбын мойындап келу, еркінен тыс құқық қорғау органымен ұсталуы). Ал жалғаспалы қылмыстар үшін – соңғы жасаған қылмыстан бастап есепке алынады3.

Ескіру мерзімнің өтуі, егер адам сотта немесе тергеуде бойтасаласа үзіледі. Өткен мерзім өзінің маңыздылығын жоғалтпайды, керісінше адамның кінәсін мойындап келуі немесе құқық қорғау органдарымен ұсталуы кезінен бастап жаңартылған мерзімге қосылады. Мысалы, 20 қаңтарда қылмыс жасалды. 3 айдан соң айыпкер тергеуден жалтарып 5 айдан кейін ұсталады, яғни 20 қыркүйекте деп белгіленсе, бұл жағдайда ескіру мерзімі 20 сәуірден 20 қыркүйекке үзіледі, 3 айлық ескіру мерзімінің өтуі 20 қыркүйектен кейін жаңартылады.

_____________________



1Д.С. Темирова Соотношение вменяемости, невменяемости и психических расстройств не исключающих вменяемости. Караганда 2001г , С.50-57.

2 Д.Б. Бұғыбай Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы, 2003ж. 273-бет.

3Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. Жауапты редакторлар: С.М.Рахметов, Т.Ә.Бапанов А., 2001ж. 140-бет.

Өлім жазасы түріндегі жаза қолданылуы мүмкін қылмысты жасаған адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Ол мәселені сот шешу кезінде қылмыс жасағаннан кейінгі кінәлінің мінез-құлқын Отан алдындағы еңбегін, наградасының барлығын және қоғамдық пікірді ескеруі тиіс. Ескіру мерзімінің бітіуіне байланысты сот адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін деп таппаса, өлім жазасы тағайындалмайды, оның орнына 25 жыл бас бостандығынан айыруды немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруды тағайындайды. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар Қылмыстық кодекстің 156-164 бабындағы қылмыстарға ескіру мерзімі қолданылмайды1. Яғни тұлғаның тек қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуі туралы ережелер тарайтын қылмыстарды жасауы. Сондықтан қылмыстық істі аталған негіз бойынша қылмыс жасаған тұлғаның кінәсінің толық дәлелденбеуінсіз қысқарту заңдылықты қатаң бұзуды, қылмыстық әрекеті туралы тергеу жүргізілген тұлғаның құқығын елеулі түрде шектеуді бұзуды білдіреді2.

Бұл пікір негізінен дұрыс, бірақ амнистияланған қылмысты жасаған тұлға белгілі болған жағдайда ғана, бірақ кім жасағанына байланыссыз іс-әрекеттің өзі амнистияланатын болса, онда міндетті түрде тұлғаны анықтау және оны айыпталушы ретінде жауапқа тарту, одан соң, барып қылмыстық істі қысқарту қажет деп түсіну дұрыс емес. Қылмыстық-процесуалдық заң мұны талап етпейді. Онда қылмыстық істің қозғалмайтыны, ал қозғалған іс қысқартылуға жататыны анық айтылған3.

Тұлғаларды белгілі бір категориялары да сол сияқты іс-әрекеттерде оны кім жасағанын байланыссыз немесе кім жасағанына қарамастан амнистияланады. Мысалы, қызметтік жалғандық қылмыстарының барлығы осыған жатқызылады.

Жоғарыда аталып көрсетілген негіз бойынша қылмыстық іс тек екі жағдайда бар болғанда қысқартылуы мүмкін:


  1. Амнистия актісінде нақты осы жағдайға байланысты шектеулерінің болмауы;

  2. Осы негіз бойынша істің қысқартылуына тұлғаның қарсы болмауы.

Мерзімнің ескіруі екі түрі белгіленген:

а) дифференциялық, яғни қылмыстың ауырлығына байланысты       болатын аралық;

б)  бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс               жасаудан басқа, жалпы қарастырылатын қылмыстардың түрлері,        тергеуден немесе соттан бойтасалап жүрген адамдарға 25        жылдық мерзімнің болуы.

_____________________



1 ҚР Қылмыстық кодексіне түсінік. Жауапты редакторлар:С.М.Рахметов, Т.Ә.Бапанов А., 2001ж. 141-бет.

2 Д.Б. Бұғыбай Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы, 2003ж. 172-бет.

3 Давыдов П.М., Мирский Д.Я. Прекращение уголовных дел в советском уголовном процессе. М., Госюриздат 1973г. С. 41

Сонымен қорыта келе ғалымдардың айтуы бойынша және тәжірибеде қылмыстық істі ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қысқарту сирек кездеседі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37- бабы 1-бөлігінің 3-тармағында көрсетілген қылмыскер жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актісінің салдары. Бұл негізді қарастыра отырып профессор ғалым А.Я. Дубинский мынадай қорытындыға келді:

Рақымшылық ету актісін қолданудың негізгі талабы ретінде тұлғаның жасаған қоғамға қауіпті әрекетінде қылмыс құрамының бар екендігі міндетті түрде нақты дәлелденген болуы тиіс деп көрсетеді1. Егер тұлғаның жасаған қоғамға қауіпті әрекетінде қылмыс құрамының бар екендігімен қоса оның жасаған әрекетіне кінәлілігі дәлелденбесе, онда біріншіден заңдылық принципінің бұзылуына алып келіп соқтырса, екіншіден әрекетті жасаған, жасамаған адамның құқықтары мен бостандықтары қатаң түрде бұзылып шектеледі.

Бұдан шығатын қорытынды алдын ала тергеу барысында тиісті орган өз қызметін тиісінше жүргізбегені және заңдылықтың бұзылуының көрсеткіші болып табылады.

Сонымен рақымшылық жасау туралы актіні адамдардың жеке айқындалмаған тобы жөнінде Қазақстан Республикасының Парламенті шығарады. Бұл бірқатар қылмыс санаттарына қатысты немесе жеке айқындалмаған сотталғандар тобына, мысалы жүкті әйелдерге, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, алпыс жастан асқан ер адамдарға бірінші, екінші топтағы мүгедектерге және тағы басқаларға қатысты шығарылатын нормативтік акті, яғни рақымшылық қолданылатын адамдар аладын ала анықталмайды осы белгісі арқылы рақымшылық нақты сотталғандарға қатысты шығарылатын кешірім актісінен ерекшеленеді2.

Жоғарыда көрсетілген акт белгілі бір қылмыстар үшін жауаптылықты белгілеген қылмыстық заңдарды немесе сот үкімін жоймай-ақ қылмыстық жауаптылықты немесе жазада немесе оған сот тағайындаған жазаны жеңілірек жазамен ауыстыруға не қысқартуға құқылы.

Рақымшылық актісі әдетте, елде болған елеулі оқиғаларға немесе мерей тойларға байланысты қабылданады. Мысалы, 1993 жылы 5 қазанда «Халықаралық отбасы жылына байланысты рақымшылық туралы», 1996 жылы 15-маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының бір жылдығына байланысты рақымшылық туралы Қазақстан Республикасының заңдары қабылданды.

______________________
1 Төлеубекова Б.Қ. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім. Алматы 2000ж. 215-бет.

2 Синев Д.Б. Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Диссертация. Алматы, 2003г. С.81

Рақымшылық актісінің нормативтік мәні бар. Бұл акт рақымшылық туралы заңда көрсетілген істеген қылмысының қашан белгілі болғанына қарамастан белгілі бір санатқа немесе топтарға жататын адамдар жөнінде қолданылады. Рақымшылық актісі қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуы мүмкін мысалы, 1994 жылы 5 қазандағы рақымшылық туралы заң, осы заңның 1-3- баптарындағы қылмыстарды 1997 жылдың 5 қазанына дейін жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босатты.

Қылмыстық істі қысқарту жаза және жазаланушылықпен тікелей байланысты. Егер Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабында аталған он екі негіздің бірімен істі қысқартсақ, онда кінәлі немесе кінәлі емес тұлға жазадан босатылады.

Рақымшылық заңы бойынша соттың тағайындаған жазаны қысқартуы немесе басқа жеңіл жазамен алмастыруы мүмкін1.

Тағы бір мысал ретінде 1994 жылы 5 қазанда рақымшылық бойынша 1-3-баптарының күші қолданылмайтын, абайсыздықпен жасалған қылмысы үшін сотталған адамдардың жаза мерзімінің өтелмеген бөлігінің тең жартысы қысқартылады.

Рақымшылық актісінің күші осы акт жарияланғанға дейінгі немесе осы актіде арнайы көрсетілген мерзімге дейін қылмыс жасағандарға қолданылады.

Рақымшылық шығару мынадай құқықтық салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін2:


  1. Кінәлі адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

  2. Тағайындалған жаза қысқартылады.

  3. Тағайындаған жаза неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылады.

  4. Жауаптылық қосымша жаза түрімен босатылады.

  5. Соттылығы алынуы мүмкін.

  6. Алдын ала тергеудегі және сотта қаралмаған қылмыстық істердің өндірісі қысқартылады.

Рақымшылық жасау құқықтық құбылыс ретінде мынадай ерекшеліктерге ие3:

  • мемлекеттік биліктің жоғарғы органының актісі бола тұра, рақымшылық нормативті сипатты иемденеді, яғни ол барлық органдар және лауазымды тұлғалар үшін міндетті;

  • рақымшылық актісі ерекше құқықтық құжат. Оның күші ол шыққанға дейінгі әрекеттерге ғана таратылады, солай бола тұра қысқа уақытқа созылады;

_________________________
1 Уголовно процессуальный кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. Под ред. И.И. Рогова, С.Ф. Бычковой , К.А. Мами Алматы: Жеті жарғы, 2002. С. 92

2 Синев Д.В. Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Диссертация. Алматы, 2003г. С. 84

3 Мусабеков С. Амнистия – акт гуманизма уголовной практики в Республике Казахстан. Фемида 2001г. №6 С.21-22.

- рақымшылық актісі тек қылмыстық емес әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін;



  • рақымшылық жалғаспалы және созылмалы қылмыстырға, егер олар рақымшылық актісі қабылданғанға дейін аяқталса ғана таратылады.

Рақымшылық жасау актісі негізінде тұлғаның өзін кінәлі деп тану-танымауы міндетті немесе маңызды емес. Заңда акт бойынша қылмыстық істі қысқартудың міндетті шарты ретінде кінәсін мойындау көрсетілмеген. Ал бұл жағдайдың тергеушінің істі қысқартуы, сонымен бірге нақты бір тұлғаны кешіру кезінде Президенттің ескеру мүмкіндігі – бұл басқаша жағдай.

Рақымшылық жасау кезінде айыпталушы өзінің ақталуы үшін тергеуді аяқтауды талап етуге құқылы. Рақымшылық актісі нормативтік сипатқа ие бола отырып осыған тап болған белгілі адамдарға қолданылады: яғни қылмыстық істі қозғауды қысқартуға қаулы шығаруды, қозғалған қылмыстық істі тоқтатуды, кінәлі адамды жауаптылықтан босатудағы соттың айыптау үкімінің күшін жою туралы қаулының шығарылуын көздейді. Рақымшылық акт әрқашан жүйелі сипаттамаға ие болған: ол барлық қылмыс нысандарына тарайды немесе субъектілер тобын қамтиды. Бұл нысандар әртүрлі белгілер бойынша анықталады: қылмыстың түрлері, яғни сипаты мен қауіпті дәрежесі және қылмыс субъектісінің тағы басқа белгілері бойынша.

Амнистия грек тілінен аударғанда «amnestia – рақымшылық» деген мағынаны білдіреді.

Сонымен қылмыстық құқық бойынша рақымшылық деп – Қазақстан Республикасы Парламенті актісі негізінде қылмыс жасаған адамға, оларға сенім білдіре отырып жеке бастарына жағымды шараларды қодануды түсінуге болады.

Рақымшылық актісі нормативтік сипатқа ие бола отырып, осыған тап болып отарған белгілі бір адамдарға қолданылады: яғни қылмыстық істі қозғауды қысқартуға қаулы шығаруды, қозғалған қылмыстық істі қысқартуды не тоқтатуды, кінәлі адамды жазадан босатудағы соттың кінәлау үкімінің күшін жоюды, қылмыстық істі қысқартудағы апелляциялық инстанциядағы бірініші соттың қаулысын, жазаны одан әрі өтеуден босату туралы қаулының шығарылуын қамтиды. Осы аталған құжаттар рақымшылық актісінің шешімін орындаудағы заңды негіздер болып табылады.

Қазақстан Республикасының ата заңы - Конституциясының 15- бабының 2- тармағында өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар. Рақымшылықтың кешірім жасаудан айырмашылығы:



  1. Рақымшылықты Парламент шығарады, ал кешірімді Президент жасайды.

  2. Рақымшылық кең көлемде таратылады, ал кешірім нақты әрекетке қатысты қолданылады.

  3. Рақымшылық ауырлығы онша емес қылмыс жасағандарға, ал кешірім жасау кез-келген санаттағы қылмыстарға қолданылады.

  4. Рақымшылық бойынша кінәлі адам жауаптылықтан және жазадан босатылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37- бабы 1-бөлігінің 10-тармағына сәйкес әрекет жасаған кезде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкін болатын жасқа толмаған адамға қатысты істі қысқартудың түсінігі.

Қоғамға қауіпті іс-әрекет жасау сәтінде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкін болатын жасқа толмаған тұлғаға қатысты қылмыстық іс міндетті түрде қысқартуға жатады.

Тұлғаның белгілі бір жасқа толуы қылмыс субъектісінің белгілерінің бірі болып табылады. Егер қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған тұлға заңмен белгіленген жасқа толмаса, (яғни он алты жас кейбір ерекше жағдайда, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15-бабының 2- бөлігінде 14 жас, аталған кодекстің Ерекше бөлімінің кейбір баптарында жауаптылық 18 жастан басталады) онда ол қылмыс субъектісі бола алмайды, және аталған іс әрекетте қылмыс құрамы жоқ деп танылады.

Яғни қылмыс құрамының міндетті төрт элементтерінің бірі болмағандықтан қылмыс та жоқ. Бұл негіздерді жеке бөліп көрсету,

П.М. Давыдов пен Д.Я. Мирскийдің ойынша, кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға қатысты қажеттігімен байланысты1.

Заңның қатаң талаптарын ескере отырып, құқық қорғау органдары кәмелетке толмағандардың жасын анықтауға зер салып қарауы тиіс. Қылмыскердің қылмыс жасаған уақыттағы жасы тура анықталуы керек (туған жылы, айы, күні). Адам белгілі жас мерзіміне (14,16,18 жас) туылған күні емес, келесі тәуліктен бастап белгілі бір жасқа толды деп саналады. Адамның жеке басын куәландыратын тиісті құжаттар (туу туралы куәлік, жеке куәлігі, ж.т.б) негізінде шешіледі2. Ал, егер адамның туылған күнін куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда адамның жасын сот-медициналық сараптама тағайындау арқылы анықтайды. Сараптама Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 241-бабының 3-бөлігімен тағайындалады. Бұл жағдайда субъектінің туылған күні сараптама атаған жылдың ең соңғы күні, яғни 31 желтоқсан деп есептеледі, ал ең төменгі және ең жоғарғы жас беріп анықтағанда, сараптама болжаған ең төменгі жас алынады.

Сараптаманы жүргізу кәмелетке толмаған тұлға қылмыстық жауаптылық жасына толған, бірақ тергеушіде кәмелетке толмағанның

________________________


1 Давыдов П.М., Мирский Д.Я. Прекращение уголовных дел в советском уголовном процессе. М., Госюриздат 1973г.

2Уголовно процессуальный кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. Под ред. И.И. Рогова, С.Ф. Бычковой , К.А. Мами, Алматы: Жеті жарғы, 2002. С. 92.

қоғамға қауіпті әрекет жасау кезінде психикалық ауытқулармен байланысты емес, психикалық дамуда артта қалуының әсерінен өзінің іс-әрекеттерінің сипатымен қоғамға қауіптілігін толық көлемде ұғына алмағаны оларды басқара алмағанына негіз бар болған жағдайда да міндетті болып табылады1.

Кәмелетке толдмағандардың қылмыстық ісі жөнінде оның өмірі мен көрген тәрбиесі, психикалық дамуының дәрежесіне көңіл аударылады1.

Сараптама қорытындысы оң болған жағдайда ондай тұлға ҚІЖК-ң 37-бабы 1-бөлігінің 10-тармағына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

Қылмыс жасаған адамды қылмыс субъектісі деп тану үшін ол заңда белгіленген белгілі бір жасқа толған болуы қажет2. ҚР Қылмыстық заңында қылмыстық жауаптылық жас – 16 жас деп белгіленген, ал заңда атап көрсетілген нақты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады.

Қылмыстық жауаптылық басталатын жасты белгілеу қажеттілігі адамның өз іс-әрекетінің сипаты мен әлеуметтік маңызын, қоғамдық қауіптілігін түсіну, өз тілегін және қажеттілігін қоғамдық тиым салу талаптарымен сәйкестендіру қабілеттілігімен және қылмыстық жазаны дұрыс қабылдау қабілеттілігімен байланысты3.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатады. Қылмыстық жауаптылықтың жалпы жасын 16 жас деп белгілеу кез-келген қылмыс үшін қылмыстық жауаптылық осы жастан басаталады деген сөз емес.

ҚР Қылымыстық кодексінің Ерекше бөлімінде көрсетілген кейбір қылмыстар үшін 18 жастан (мысалы, әскери қылмыстар, кәмелетке толмағанды қылмысқа тарту қылмысы үшін және т.б), сондай-ақ субъектінің ерекше белгілеріне байланысты одан да жоғары 25 жастан (көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгеде сот актісін шығару қылымысы үшін) басталады.

Қылмыстық кодекстің 15-бабының 2-бөлігінде көрсетілген қылмыстардың қоғамға қауіптілігі мен құқыққа қайшылығын адамның 14 жаста ұғынуға мүмкіндігінің бар екендігін және өз әрекетіне есеп бере алатындығын, осы қылмыстардың көпшілігінің арасында кең таралғандығын, бұл қылмыстардың қоғамға қауіптілігінің және ауырлығының жоғары екендігін қылмыстық жауаптылықтың 14 жас деп белгіленген жас шамасының жоғарыдағы жасты белгілеуде заң шығарушы көрсетілген жағдайларды ескерген.

Кейбір қылмыстар тек қана лауазымды тұлғамен, яғни арнайы субъектімен жасалады және оларды жасағаны үшін жауаптылық тек 18 жасқа келгенде туындауы мүмкін. Мұндай мәселелер қылмыстық кодексте арнайы бекітіліп көрсетілген.

Сонымен, қылмыстық жауаптылық басталатын ең төменгі жас 14 жас (ҚР Қылмыстық кодексінің 15-бабының 2-бөлігіндегі қылмыстар үшін) жалпы жауаптылық жасы – 16 жас (ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміндегі қылмыстарға толық көлемде жауап беретін жас), арнайы субъектінің жас шамасы 18 жастан, 25 жастан белгіленген1.

Қылмыстық заңда қылмыстық жауаптылық басталатын төменгі жас белгіленгенімен, қылмыстық жауаптылықтың жоғарғы жасы шексіз. Яғни ересек қартайған жаста қылмыс жасаған адам қылмыс субъектісі ретінде де танылады деген сөз.

Алайда заң шығарушы ізгілік қағидасына сүйеніп мұндай адамдарға қатысты жазалардың кейбір түрлерін қолдануда бірқатар шектеулерді қарастырады. Мысалы, өлім жазасы мен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы үкім шыққан кезде алпыс бес жасқа толған ер адамдарға, ал қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан асқан ер ададарға тағайындалмайды.

Сонымен қорыта келе, жоғарыда толығырақ атап көрсеткен тұлға қылмыстық жауаптылық басталатын жас мөлшеріне толмаса, алдын ала тергеу жүргізу кезінде бұл тұлғаның неше жасқа келуіне байланыссыз іс барлық жағдайда қысқартылуға жатады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 11-тармағына сәйкес қылмыстық іс бойынша қайтыс болған адамға қатысты (қылмыс жасаған адам) ақтамайтын негіздер бойынша адамды қылмыстық жауаптылықтан босататын жағдай да қылмыстық іс қысқартылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 5-бөлімі «Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату» бөлімінде қайтыс болған адамға қатысты мәселе қарастырылмаған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қайтыс болған адамға қатысты норма және қылмыстық жауаптылық мәселесі мүлде анықталмаған. Бірақ материалдық қылмыстық құқықтық қатынастың субъектісінің болмауы мұндай қатынас өзінің өмір сүруін тоқтатады.

Көрсетілген негіз бойынша қылмыстық істің көлемі, көрсеткіші аса жоғары емес. 2001 жылғы статистика орталығы берген мәлімет бойынша – 31% құрады. 61% жоғары аталған негіз бойынша қозғалған қылмыстық істер 259 (32,5%), 96 (9,6%), 175 (8,4%), 296 (7,2%), 251 (4,8). Егер қылмысты бірнеше адам (топ) жасағанда біреуінің өліміне байланысты қылмыстық істі қысқартпай, қылмыс жасаған адамның қайтыс болуына байланысты қылмысты қудалауды болдырмайтын қаулы шығарылады1.

Аталған негіз бойынша қылмыстық істі қысқыртудың алдында мына жағдайларды анықтау қажет2:


  1. Нақты қылмыстың оқиғасы орын алғандығы не алмағандығы;

  2. Қайтыс болған адамның өзінің жасаған қоғамға қауіпті әрекетіне кінәлілігі;

  3. Өзге де тірі көмектесуші не айдап салушы, орындаушы сияқты қылмысқа қатысушылардың бар жоқтығы;

Және өзге де жағдайларды тергеуші анықтап, нақтылау қажет, әрине егер ол мәліметтер іс үшін маңызды болып табылса.

Жоғарыда көрсетілген мән-жайлар алдын ала тергеуде анықталмаса, онда іс бойынша өндіріс Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 1-бөлігінің 11-тармағында көзделген негіз бойынша іс қысқартылады.

Егер қылмыстың оқиғасы орын алса, бірақ іс қайтыс болған адамға қатысты қылмыс құрамының немесе дәлелденбегендігіне байланысты қысқартылса, онда тергеу қылмыстық процесуалдық заңның мәні бойынша қылмыс жасаған қайтыс болған адамды ақтап, ал тірі қылмыскерге қатысты тиісті шаралар жүргізіледі3.

______________________________



1Төлеубекова Б.Қ. ҚР Қылмыстық ісжүргізу құқығы. Жалпы бөлім. Алматы, 2000ж. 216-бет.

2 Синев Д.В. Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Алматы, 2003г. С. 85

3Дубинский А.Я. Прекращение уголовного дела стадии предварительного расследования. Киев, 1975г. С.72

Ғылыми әдебиеттерде қайтыс болған адамның кінәлілігі күмәнсіз, жан-жақты дәлелденген болуы тиіс деп көрсетіледі. Мысалы, жол апаты оқиғасы болған кезде кінәлі адам қайтыс болуы мүмкін1.

Қайтыс болған адамның құқықтарын қорғау үшін және сотта туыстардың дұрыс шешім қабылдау үшін ықпал ететін қорғаушының бар болғандығы дұрыс деп ресей ғалымы А.Я. Дубинский өз ойын қорытындылайды2. Ал статистикалық мәліметке сәйкес орташа алғанда 2001-2003 жылдар аралығында Алматы қаласы бойынша 50% іс қайтыс болған адамға қатысты қысқартылған3.

Аталған ғылыми еңбекте Д.В. Синев төмендегідей мысал келтіреді4:

Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының дәлелдерді сипаттау бөлімінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 103-бабында көзделген қылмысты жасау фактісі бойынша іс қозғалған, айыпталушының кінәсіне байланысты дәлелдемелер келтірілген және алдын ала тергеу барысында №0006963 өлім туралы куәлікке байланысты М. деген айыпталушы 31.07.2003 жылы қайтыс болған.

Алдын ала тергеуді жүргізетін құқық қорғау органдарының тәжірибесінде қылмыс жасаған адамның қайтыс болуына байланысты қылмыстық өндірісті қысқарту жағдайлары жиі кездеседі, мысалы, Р. деген азамат Қазақсатан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін келесідей негіздер бойынша қылмыстық іс қысқартылды. Қылмыстық істің материалдарына байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының дәлеледерді сипаттау бөлімінде келесідей негіздер мен мән-жайлар анықталған. Р. деген азаматтың Ш. азаматшаны өлтіруіне байланысты кінәсі толық дәледенген. Ол келесідей қылмыстық іс материалдарында:



  1. Куәдан жауап алу кезінде Р. деген азамат мас күйінде біреуді өлтіргенін куәға ашық түрде айтқаны анықталған;

  2. Куәдан жауап алу барысында қылмыс оқиғасы орны алғанға дейін Ш. деген азаматша өзінің жақын досы Расул (Р.) деген азаматпен сыртқа шығып кеткені анықталған. Содан кейін Ш. деген азаматшаны ешкім көрмеген;

  3. Иіс іздерін одоралогиялық идентификация немесе теңестіру кезінде гильза патронынан тиісті іздер алынған. Бұл іздер орын алған

_______________________________


1Дубинский А.Я. Прекращение уголовного дела стадии предварительного расследования. Киев, 1975г. С.72

2Дубинский А.Я. Основания к прекращению уголовного дела стадии предварительного расследования. Киев, 1973г. С. 65

3Синев Д.В. Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Алматы, 2003г. С. 85

4Сол жерде.
қылмыс оқиғасымен тікелей тығыз байланысты. Өлім фактісі бойынша жедел іздестіру шаралары барысында және жүргізілген одоралогиялық сараптаманың барысында Р. деген азаматтың қанынан алынған иіс пен гильза патронындағы иіс бір-біріне теңестіріліп нұсқасы оң қорынды берді.

Осы қылмыстық істі тергеу барысында Р. Ш деген азаматшаны өлтірген , ал қылмыскер Р- ды Ш-ның жақын туысы Данияр өлтіргендігі анықталған.

Рахметов Расул Қалимоллаұлы өзінің танысы Ақтамбаева Шахризада Бекболатқызын өлтірген, ал қылмыскер Рахметов Расул Қалимоллаұлын Шахризаданың жақын туысы кек алу мақсатымен Ақтамбаев Данияр Иманғалиұлы өлтіргендігі анықталған.

Данияр жақын туысы Шахризаданың жоғалып кетуімен байланысты оны іздеуге шыққан. Көрген адамдардың берген мәліметтері бойынша Шахризаданы іздеп, Расулдың мәйітті (жақын туысы Ақтамбаева Шахризада Бекболатқызын ) ауыл сыртындағы жазық даладағы ағаштардың арасына апара жатқанын көріп, артынан ілесіп отырып, көмбек жерінен ұстап алып, ақыры шыдай алмай өзі кек алу мақсатымен қылмыскер Рахметов Расул Қалимоллаұлын өз қолымен, яғни басын тасқа жарып өлтірген.

Мұнда бірінші тұлғаға қатысты, яғни Рахметов Расул Қалимоллаұлы, қылмыскердің өліміне байланысты қылмыстық іс қысқартылады. Ал екінші тұлға, яғни Ақтамбаев Данияр Иманғалиұлы өз кінәсін мойындап келіп, шын өкінуіне байланысты іс сараланады.

Іс жүргізушілік заңның тиісті бабы мен бөлігіне сәйкес қылмыстық іс бойынша қайтыс болған адамға қатысты (қылмыс жасаған адам) ақтамайтын негіздер бойынша адамды қылмыстық жауаптылықтан босататын жағдайда қылмыстық іс қысқартылады.

Қазақстан Республикасының 1997-жылғы Қылмыстық іс жүргізу кодекстің жаңалығы болып, жаңа норма табылады, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі ережелеріне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты негіз қарастырылған».

Аталған норманы анализдейтін болсақ, отан ғалымдары әртүрлі және көбінде бір-біріне қарама-қарсы баға мен комментарийлер береді.

С.Д. Оспанов, Т.Е. Сарсенбаев, А.Л. Хан сияқты ғалымдардың пікірінше қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылықтан босатылуы жөнінде сөзді төмендегідей қозғайды.

Мынадай негіздерді көрсетеді:



  1. Шын өкіну (ҚР ҚК 66 бап);

  2. Жағдайдың өзгеруі (ҚР ҚК 68 бап);

  3. Жәбірленішімен татуласуы (ҚР ҚК 67 бап)1.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне түсініктеме берген авторлардың пікірінше аталған жағдайға Қылмыстық кодекстің 5-бөлімінде көрсетілген барлық жағдайларды жатқызуға болады. Бірақ бұл пікір дұрыс емес. Себебі көрсетілген негіздерді анализдеу барысында заң шығарушы «қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін» деген түсінікті қолданады, яғни аталған жағдайда құзыретті құқық қорғаушы органға адамды қылмыстық жауаптылықтан босататын (ҚР Қылмыстық кодекстің 67-бабының 1-бөлігін қоспағанда) шешім қабылдау арқылы құқық береді.

А.С. Нұралиева әділ пікір айтты. Көрсетілген баптар, яғни адамды қылмыстық жауаптылықтан босату тек қосымша түрде қолданылу тиіс2.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 38-бабында көрсетілген мән-жайларды пайдаланылудың іс жүргізушілік жағдайды құзіретті органға қылмыстық істі қысқартуды ескеруге міндетті емес, бірақ құқылы.

М.С. Нәрікбаев, Р.Н. Юрченко, М.М. Алиев сияқты ғалымдардың пікірінше қылмыстық іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағы мына төмендегі жағдайларда қысқартылады:

___________________________________
1Т.Е.Сарсенбаев, А.Л.Хан Уголовный процесс. Досудебное производство, Астана 2000г.,

2 А.С. Нуралиева Обстоятельства, позволяющие не осуществлять уголовное преследование, как основание прекращения уголовного дела (Материалы международной научно – практической конференции). «Проблемы борьбы с претупностю в контексте национальной концепции права» А: КазГЮУ, 2002г, С219-226.

1. Жазықсыз зиян келтіру (ҚР ҚК 23-б. 2,4-б).

2. Қылмысқа дайындалу және оқталу (ҚР ҚК 24-б. Ауыр немесе  

 орташа ауырлықтағы қылмыс бойынша).

3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 26-бабының                  1-бөлігі бойынша қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту.

4.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 32-37                     баптар (қажетті қорғану, қол сұғушылық жасаған адамды ұстау                  кезінде зиян келтіру, аса қажеттілік орынды тәуекел ету, күштеп                  немесе психикалық мәжбүрлеу, бұйрықты немесе өкімді                  орындау).

Мұндай көзқарастар қылмыстық заңнамаға сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 32-37- баптарында қарастырылған әрекеттер заңнамаға сәйкес қылмыс емес деп көрсетілмеген, қоғамға қауіпті әрекет жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 23-бабында жазықсыз зиян келтіру қылмыс болып табылмайды және қол сұғушылық жасаған адамды заң жауаптылыққа тартпайды.

Осы мәселеге байланысты 15 тамыз 2002 жылы №19 Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының Пленарлық отырысының қаулысында сот үкімінің 49-бабында толық және жан-жақты түсініктеме берілген.

Сонымен қатар, аталған нормативтік қаулыда бірнеше қарсылықтар бар. Судьялар төмендегі баптарға түсініктеме береді:

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 24-бабын 1-4 бөліктерінде ауыр немесе орташа ауырлықтағы қылмықа дайындалу кезінде және ауырлығы онша емес қылмысқа оқталу, 26-баптың 1-бөлігі (қылмыстан өз еркімен бас тарту) бұл аталғандар қылмыс болып табылмайды және жауаптылық жүктелмейді.

М.С. Нәрікбаев, Р.Н. Юрченко, М.М. Алиев сияқты ғалымдардың пікірлері өзге ғалымдарға қарағанда дұрыс болып отыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағында көзделген негіз бойынша қылмыстық іс қысқартылуға жатады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағына заң шығарушылардың берген анализі бойынша аталған заңның 38-бап жиынтығымен алғанда мынадай қорытынды береді: барлық негіздерге сәйкес адам қылмыстық жауаптылықтан босатылған кезде қылмыстық заңда көрсетілген негіздер бойынша факультативті немесе қосымша белгілер деп (ҚР ҚК 65,66,68,67 бап 2-бөлігі және ҚР ҚІЖК-ң 38-бабының 1-бөлігі басқа жағдайда, сонымен қатар ҚІЖК 37-баптың 1-бөлігінің 3,4,5,11-тармақтарымен) жеке анықталған.

Сонымен қоыта келе, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағы бойынша мынадай жағдайларда қысқартылады.

1. Қылмыстық заңның кері күші болған жағдайда, яғни үкім заңды күшіне енгенге дейінгі қылмыстылық пен әрекетке жауаптылық жаңа қабылданған заңмен алынып тасталған болса Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 5-бабына сәйкес әрекеттің қылмыстылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңілдететін заңның кері күші болады, яғни осындай заң күшіне енгенге дейін тиісті әрекет жасаған адамдарға, оның ішінде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 5-бабы қылмыстық заңның кері күшін қолдануға, яғни жаңадан қабылданған қылмыстық заңның күшінің оның заңды күшіне енгенге дейінгі жасалған іс-әрекетіне қолданылуына мүмкіндік береді1.

2. Егер кәмелетке толмаған адам қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасына толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартуға тиіс емес.

3. Ауыр немесе ерекше ауыр қылмысқа дайындалғаны үшін (ҚР ҚК 24-б. 2-б) және қылмыстық жауаптылық ауырлығы орташа, ауыр немесе ерекше ауыр қылмыс жасауға оқталғаны үшін (ҚР ҚК 24-б. 4-б.) жауаптылық басталады.

4. Қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартуы (ҚР ҚК 246-б.).

5. Қылмыстық жауаптылықтан арнайы босатқан жағдайда Қылмыстық кодекс Ерекеше бөлімінің арнайы баптарында (ескерту келесі баптарға 125,165,193,233,234,236 және т.б.) ескерту қарастырылған жағдайда қарастырылады.

Қылмыстық істі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағы бойынша қысқарту тәжірибеде біршама қиындықтарды туғызады. Себебі іс жүргізушілік кодексте нақты қай қылмыстар бойынша қысқартылатындығы немесе негізі атап көрсетілмеген. Мұнда бұл норманың заңдық мазмұнымен қолдану негізі жоқ. Статистикалық мәліметтерге сәйкес Алматы қаласының прокуратурасы 2001-2003 жылдары аралығында аладын ала тергеу сатысында аталған негіз бойынша шамамен 5,6% іс қысқартылған. Шамамен аталған көрсеткіштің жартысы аладын ала тергеу стадиясында қысқартылған.

______________________________
1 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодесіне Түсінік.//жауапты редакторлар // С.М.Рахметов, Т.Ә.Бапанов. Алматы 2001ж

2001-2003 жылдар аралығындағы қысқартылған істер мынадай баптармен қылмыстық іс қозғалған:

- ұрлық үшін – 31%;

- тұтынушыларды алдау – 13%;

- қару жарақтың заңсыз айналымы – 10,5%;

- бұзақылық – 7,9%;

- алаяқтық – 6,3%;

- тонау – 3,7%;

- иеленіп алу және ысырап ету қылмысы бойынша – 2,7% қылмыстық іс қозғалды.

Мысалы: Л. деген азаматты қылмыс жасауына байланысты айыптау қылмыстық ісі бойынша, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176-бабының 2-бөлігінің «в»-тармағы бойынша «сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету», яғни қызмет бабын пайдалана отырып жасау істі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағына сәйкес қылмыстық істі келесідей негіздер бойынша қысқарту:

Аталаған қылмыстық істер бойынша жүргізілген тергеу әрекеттері барысында жалақы мөлшерінен есепке кететін соманы ұстап қалғаны анықталған. Бұл жағдайда тергеуші әрекеттің Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 9-бабының 2-бөлігіне сәйкес сараланады деген қорытындыға келген1.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9-бабының 2-бөлігі аталған заңның ерекше бөлімінде көзделген қайсы бір әрекеттің белгілері формальді болса да бар, бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіптілігі жоғары емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған. Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде заңның 37-бабы 1-бөлігі 12-тармағына сәйкес Л. деген азамат қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Себебі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9-бабының 2-бөлігіне сәйкес Л-дың қоғамға келтірген залалы елеулі маңызды емес, сондықтан қылмыстық іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағына сәйкес іс қысқартылады2.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының пленарлық отырысының нормативтік қаулысының 49-бабында толық түсініктеме Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 9-бабына сәйкес берілген, онда әрекет елеулі болмағандықтан қылмыс болып табылмайды деп көрсетілген. Сондықтан әрекетті жасаған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.

_______________________________



1 Уголовно процессуальный кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. Под ред. И.И. Рогова, С.Ф. Бычковой , К.А. Мами , Алматы: Жеті жарғы, 2002. – С. 92.

2 Синев Д.В. Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Алматы, 2003г. С. 85.

Күдіктінің, айыпталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық істі қысқарту Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 5-тармағына сәйкес көрсетілген.

Тараптарды татуластыру институты жәбірленушінің қылмыстық процестегі рөлі мен белсенділігін арттыруға, оның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын тез қалпына келтіруге бағытталған1.

Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігі 5-тармағы бойынша негізге алынып осыған сәйкес қылмыстық іс қозғалмайды, себебі қозғалған қылмыстық іс не қысқартылады не тоқтатылады. Бұрынғы қолданыста болған Қылмыстық іс жүргізу кодексінде бұл көрсетілген жүйе бірнеше рет аз мазмұнды болған еді, Қаз ССР 1959 жылғы Қылмыстық кодексі жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату негіздерін мүлдем қарастырмаған2.

Ауырлығы онша емес қылмыс жасаған немесе адамның қайтыс болуымен не оның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес орташа ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса қылмыс жасаған адамның қылмыстық заң нормасы бойынша тараптар татуласқан болып есептеледі:

1. Қылмыс жасаған адамның қылмысты бірінші рет жасауы;

2. Қылмыс жасаған адамның әрекеті онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жатуы;

3. Қылмыс жасаған адамның жәбірленушіге келтірген зиянның есесін толтыруы;

4. Қылмыс жасаған адамның жәбірленушімен татуласуы;

Қылмыстық іс жүргізу кодексіне берілген түсініктемеде мынадай түсініктерді келтіреді3:

Біріншіден, кінәлінің жасаған іс-әркеті онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс деп танылуы керек. Сонымен қатар абайсыздық жағдайда жасалған қандайда да болмасын қылмыс немесе бас бостандығынан айыру бес жыдан аспайтын қасақана қылмыс үшін болуы.

Екіншіден, тұлғаға моральдық не физикалық немесе мүліктік зардаптың нақты түрде келтірілуі. Мұндай қылмыстың түрлеріне мысалы: 129- бап Жала жабу, 130-бап Қорлау, 175-бап Ұрлық, 104-бап Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру, 257-бап 1,2-бөлігі Бұзақылық және т.б.

_________________________________

1 Д.Б.Бұғыбай Қылмыстық құқық , Жалпы бөлім, Алматы 2003-жыл 168-бет 2 А.Н. Ахпанов, А.Л.Хан О понятии предварительного следствия и дознания в свете нового законодательства Республики Казахстан , Караганда 1999г, С.150-154.

3 Уголовно процессуальный кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. Алматы: Под ред. И.И. Рогова, С.Ф. Бычковой , К.А. Мами ,Жеті жарғы, 2002. С. 93.

Үшінші негіз болып, кінәлінің қылмысты бірінші рет жасауы, сотталғандық атақтың болмауы және бұрын жасаған басқада да қылмыстарының болмауы, не қылмысты жауапты болмауы.

67-баптың төртінші бөлігінің негізі болып, кінәлі адам жәбірленушімен өзара татуласып, мәмілеге келуі қажет. Ал татуласу заңға сәйкес қылмыстық іс қозғалғанға дейін орын алуы қажет, яғни алдын ала тергеу жүргізу барысында немесе істі сотта қарау кезінде, бірақ соттың үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетуге дейін болуы шарт.

Бесінші негіз болып жәбірленушіге келтірілген зиянның орны толтырылуы қажет. Орнын толтыр, толық түрде жәбірленушіге тигізілген зиянды салдарының орнын қалпына келтіру немесе көңілінен шығуы толық көлемде орын алуы. Жоғарыда айтылған негіздер тек жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың себептері ретінде 67-бапқа сәйкес іске асырылады. Сонымен қылмыстық істі қысқарту мәселесін шешу тергеуші, анықтау органы, прокурор немесе сотпен қарастырылады1.

Татуласу жәбірленушінің кінәлі адамға қарсы қозғалған қылмыстық істі тоқтату не қысқарту туралы өтініші түрінде болады. Жәбірленушінің өз еркін білдіруі жазбаша арызбен ресімделеді немесе алдын ала тергеу барысында одан, яғни жауап алу барысында толтырылған хаттамада көрсетіледі деп А.А.Рзаев өз еңбегінде көрсетеді2.

Жеке айыптау істері бойынша қылмыстық іс жәбірленушінің арызы (шағымы) бойынша қозғалады. Жәбірленушіге қозғалған қылмыстық іс бойынша қоғамға қауіпті әрекетпен моральдық, дене, мүліктік залал келтірілген болса, іс жәбірленушінің арызымен қозғалады. Егер жәбірленуші кәмелетке толмаған болса және өзінің психикалық немесе физикалық кемістері болған жағдайда сотта тергеуде оның мүддесін заңды өкілі білдіреді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабы 22-тармағына сәйкес «заңды өкілдер – сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің ата – аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ сезіктіні, айыпталушыны немесе жәбірленушіні қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен адамдардың өкілдері».

Егер жәбірленуші арыз беруге қабілетсіз болса, онда оның заңды өкілі берген арызы (шағымы) бойынша қылмыстық іс қозғалады3.

__________________________________


1 А.С. Нуралиева Обстоятельства, позволяющие не осуществлять уголовное преследование, как основание прекращения уголовного дела (Материалы международной научно – практической конференции). «Проблемы борьбы с претупностю в контексте национальной концепции права» А: КазГЮУ, 2002г, С.219-226.

2 А.А.Рзаев Совершенствование законодательства о прекращении уголовных дел, Караганда, 1984г, С.158.

3 Д.С.Темирова Соотношение вменяемости, невменяемости и психических расстройств не исключающих вменяемости, Караганда 2001г, С.55

Егер қылмыстық іс сезіктінің немесе айыпталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық істің қысқаруы тек заңды өкілдің мақұлдауымен жүзеге асырылады. Яғни жәбірленушінің заңды өкілі істі қысқартуға келісімін беруі қажет.

Жәбірленушінің арызы бойынша жеке немесе жеке – жариялық тәртіппен іске асырылады1. Жеке жариялы тәртіппен жүзеге асырылатын қылмыстық ізге түсу Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 103-бабында (бірінші бөлігінде), 104-бабында (бірінші бөлігінде), 117-бабында (бірінші және екінші бөлігінде), 120-бабында (бірінші бөлігінде), 121-бабында (бірінші бөлігінде), 135,139-баптарында,144-бабында (үшінші бөлігінде), 176-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде), 184-бабында (бірінші бөлігінде), 187-бабында (бірінші бөлігінде), 188-бабында (екінші бөлігінде), 189,200-баптарында, 226-бабында (бірінші бөлігінде), 227-бабында (бірінші бөлігінде), 228,229-баптарының (бірінші бөлігінде), 296-бабында (бірінші бөлігінде), 327-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстар туралы істер бойынша жәбірленушінің шағымы немесе арызы болмаған кезде басталмайды және қылмыстық іс бойынша қылмыстық іс қозғалмайды2.

Қазақстан Ресспубликасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің ++-бабы 2,4-бөліктеріне сәйкес жәбірленушінің арызы жазбаша нысанда болуы тиіс. Ал арызда төмендегідей мән – жайлар көрсетілуі қажет: арыз берілген соттың толық атауы, орын алған қылмыс оқиғасының жан–жақты сипаттамасы, қылмыс болған орны мен уақытын дәлелдейтін нақты дәлелдемелердің болуы сонымен қатар соттың өз өндірісіне көрсетілген істі алуы жөніндегі жәбірленушінің өтініші. Қылмыстық жауптылыққа тартылуы тиіс адамдар немесе қылмыскер тұлғасы туралы мәліметтері болса және куәгерлердің тізімі мен арыз берушінің қол қоюымен аяқталады3. Домалақ (аноним) арыздар сот өндірісіне алынбайды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 33-бабының 3-бөлігіне сәйкес істі жәбірленушінің арызынсыз-ақ тиісті орган қозғауға құқылы. Егер қоғамға қауіпті әрекет дәрменсіз күйдегі не өзге де күтімді қажет ететін тұлғаның мүддесіне қарсы жасалса және ол адам өз құқықтары мен мүддесін қорғай алмайтын болса прокурор жеке айыптау істері бойынша істі қозғауға құқылы4. Сонымен егер жәбірленушінің арызы болмаса өндіріс қысқартылады.Кейде жәбірленушінің арызынсыз тиісті орган қозғап, қысқартуға құқықылы.Жеке айыптаушы өз арызынан бас тарту жағдайы да кездеседі.

__________________________________________________

1 Төлеубекова Б.Қ. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім. Алматы 2000ж. 212-бет 2Уголовно процессуальный кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. – Алматы: Жеті жарғы, 2002. С. 92

3 А.Н. Ахпанов, А.Л.Хан О понятии предварительного следствия и дознания в свете нового законодательства Республики Казахстан , Караганда 1999г, С150.

4 Д.В. Синев Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Алматы, 2003г. С. 85.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 1-бөлігі 9-тармағында қылмыстық іс қозғау оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін қажет жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті есі кіресілі – шығасылы жағдайда жасаған адамға қатысты.

Жоғарыда аталып өткендей, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағаны үшін есі дұрыс адам заң бойынша жауап беруге, жазалануға тиіс және жасы толған адамдар ғана қылмыстың субъектісі болып табылады. Есі кіресілі – шығасылы адамдар қылмыстың субъектісі болып саналмайды, сол себептен де олар қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды1.

Адам қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеген уақытында өзінің мінез- құлқының қоғамға қауіптілігін сезетін, ұғынатын және өзі істеген іс-әрекетін басқара алатын болса, ол есі дұрыс адам деп саналады. Бұл –есі дұрыстықтың бірінші белгісі, ал екінші белгісіне адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетін істеген уақытта өзінің іс- әрекетінің мәнін сезіп, ұғынуы және оны басқаруға қабілетінің болуы қылмыстық құқықтағы кінә туралы түсінікпен тығыз байланысты. Яғни қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған кезде оны жасаушыға әйтеуір кінәнің бір түрі қасақаналық немесе абайсыздық болуы тиіс. Өйткені, кінә қылмыстық жауаптылықтың басты, негізгі алғышарты болып есептеледі. Егер кінә болмаса қылмыс та жоқ , қылмыс болмаса жауаптылық жоқ, мұндай жағдайда қылмыстық іс қозғалса өндірісті тез арада тоқтату қажет. Яғни қылмыстық іс қысқартылуы тиіс.

Егер адам қылмыс жасау барысында өзінің әрекетіне толық жауап бере алмаса және өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін толық көлемде ұғына алмаса мұндай жағдайда ол адамның денсаулығы бұзылған деп бағалауға болады.

Сот – психиатриялық сараптама тағайындалады. Сот – психиатриялық сараптаманың негізінде сезіктінің не айыпталушының жай- күйі анықталады. Адамды есі дұрыс емес деп тану үшін сот- психиатриялық сарапшының қорытындысы қажет2.

Есі дұрыс күйінде қылмыс жасаған, бірақ сот үкім шығарғанға дейін өзінің әрекеті жөнінде өзіне есеп беру немесе өзінің әрекетін басқару мүмкіндігінен айырылып қалған, есі ауысу дертімен ауырып қалған адамды жазаға сот тартпайды және ол жөнінде қылмыстық іс қозғалмайды.

Сондай-ақ есі ауысқан адам сот процесінің мәнін, жазаның мақсаттары мен мазмұнын дұрыс түсінбейді.


________________________________________

1 Д.С. Темирова Соотношение вменяемости, невменяемости и психических расстройств не исключающих вменяемости Караганда. 2001г. С.50-56

2 Уголовно процессуальный кодекс РК. ( Общая часть ) Комментарийй / Под ред. И.И. Рогова, С.Ф. Бычковой , К.А. Мами , Алматы: Жеті жарғы , 2002г. С.44

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 1-бөлігі 7-тармағында өзі туралы белгілі бір айыптау бойынша соттың заңды күшіне енген үкімі не қылмыстық ізге түсудің мүмкін еместігін белгілейтін соттың күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты. Соттың заңды күшіне енген үкімі тиісті тұлғаға қатысты бұрын қаралған шешімінің болуы.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабы 3– бөлігі 2-тармағында «бір құқық бұзылушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауаупқа тартуға болмайды» - деп көрсетілген.

Сондай-ақ ата заңның 77-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес.

Тиісті тұлғаның қылмысқа қатысты міндетті шішімді қамтитын қылмыстық іс жүргізуді жүргізіп жатқан заңды күшіне енген үкімі, қаулысы, ол туралы іс қарастырылып кеткен болса, шығарылуы мүмкін емес .

Ия, қылмыстық іс жүргізуші органның заңды күшіне енген үкімін немесе қаулысын белгіленген тәртіп бойынша күшін жою, сотталған (ақталған) тұлғаға қатысты белгі - бір процесуалдық әрекеттерді жүргізу мүмкіндігі жойылады.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 1-бөлігі 7-тармағы бойынша өзі туралы белгілі бір айыптау бойынша соттың заңды күшіне енген үкімі не қылмыстық ізге түсудің мүмкін еместігін белгілейтін соттың күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты қылмыстық істің қысқартылуы, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 20-бабына сәйкес іс бойынша ары қарай өндірісті жалғастыру мүмкіндігін жояды, соттың шешімінің қылмыстық іс бойынша міндетті күшін көрсетеді, осы жағдай орын алған кезде қылмыстық жауаптылыққа негіз бойынша қайталап тарту мүмкіндігі жойылады.

Сот шешімін немесе қаулысын шығарған кезде судьяға белгісіз болған жаңадан ашылған мән-жайлар анықталған кезде, олар күшін жоюы мүмкін.

Қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық қудалауды тоқтату туралы күшін жоймаған қаулысы бар тұлғаға қатысты қылмыстық іс бойынша өндіріс ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 20-бабына сәйкес жойылады, яғни ешкімді де нақ бір қылмыс үшін қайтадан қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
__________________________________

1 Төлеубекова Б.Қ. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім. Алматы 2000ж. 212-бет 2Уголовно процессуальный кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. Под ред. И.И. Рогова, С.Ф. Бычковой , К.А. Мами – Алматы: Жеті жарғы, 2002. – С. 92

Әрбір қылмыстық іс соңғы шешімін сотта табады. Соттың үкімі,

Құқық қорғау органының қаулысы не ұйғарымы заңдылық, негізділік және әділдік талаптарына жауап беруі тиіс.

Алдын ала тергеу соттық емес билік болып табылады, алдын ала тергеу қылмыстық істі қысқартуға құқылы бола отырып, сотты алмастыра алмайды.

Көптеген ғалымдардың пікірінше қылмыстық істерді ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту тек қана оған қатысты қылмыстық іс қысқартылатын тұлғаға қатысты жасаған жағдайда мүмкін. Өзгеше жағдайда осы негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту жосықсыз. Қылмыстық істерді ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту тұлға қылмыс емес, әрекет жасағаны үшін емес, қылмыстық жаза қолдану қажеттігін белгілейтін қылмысты жасаған тұлға мен қылмыстың сол қоғамдық қауіптілік дәрежесінің болмағаны үшін жүргізіледі1.

Бұл пікірді А.М.Ларин де қолдайды2. Оның ойынша, қылмыстық істі қысқарту қылмысты айып не кінәға ауыстыруға емес, қылмыстық жазаның мақсаттарына оны қолданусыз жетудің дәлелденген мүмкіндігіне негізделеді. Ондай ауыстыру айып не кінә осы ережедегі ішкі сәйкессіздіктің өзінен-ақ мүмкін емес – ақтамайтын негіз қылмыстың болуын, ал қылмысты айып не кінәға ауыстыру қылмыстың жоқтығын білдіреді. Қылмысты айып қатырына ауыстыру туралы айтылған тұжырым, сонымен бірге қылмыстық құқықтың негізгі қағидаларының біріне сәйкес келмейді, оған сәйкес іс-әрекеттің қылмыстылығымен жазаланушылығы ол әрекетті жасау кезіндегі әрекет еткен заңмен анықталады.

Әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығын жоюды, яғни «декриминализациялауды» тек қана одан кейін шыққан заң жүзеге асырады, себебі сол келесі заң ғана кері күшке ие. Тиісінше, бұл сот, прокурор, тергеуші немесе анықтау органының емес, заң шығарушы органдардың қызметі.

Жоғарыда келтірілген аргументтер жеткілікті дәрежеде болды. Бірақ бұл оларды жоққа шығарудың мүмкін еместігін білдірмейді.

Біріншіден, қылмыстық заңның бірде-бір нормасында құқық қолданушы деңгейінде қылмыстық – құқықтық нормалармен қарастырылған әрекеттерді де декриминализациялауға тікелей тыйым салынбаған.
_______________________________
1 В.В.Шимановский Прекращение уголовного дела в стадии предварительного расследования. Л.; 1979. С.28

2 А.М.Ларин Презумпция невиновности и прекращение уголовного дела по нереабилитирующим основаниям М.; 1982г. С.88.

Екіншіден, алдын ала тергеу органдарымен кешірім немесе амнистия (рақымшылық) қолдануға байланысты қылмыстық істер қысқартылып жатады. Және де қылмыстық істерді ақтамайтын негіздер бойынша қысқартуға қарсы болатындардың мұндай ереже ешқандай қарсылық тудырмайды.

Үшіншіден, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы бойынша істі қысқарту кезінде тұлға жасаған іс-әрекеттің қылмыс болып табылмайтыны анықталды және де тергеуші мұндай жағдайда істі қысқартуға міндетті.

Тергеуші әрбір жеке жағдайда өзінше іс-әрекетті қылмыстар қатарынан оның мардымсыздығына байланысты құқыққа қайшы болса да, бірақ қылмыстық емес өзге де түрге ауыстырудың болатын – болмайтынын және осы арқылы оны декриминализациялау мен қылмыстық істі қысқарту мәселесін шешуі тиіс.

Келесі бір байыпты тұжырым болып қылмыстық істерді ақтамайтын негіздер Конституцияға қайшы келмейтіні туралы ұйғарымның пайдасына айтылған істерді ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту кезінде құзыретті органның белгілі бір тұлғаның қылмыс жасағаны туралы шешімі оның қылмыстағы кінәлілігін білдірмейтіндік жағдайы табылады, себебі үкіммен салыстырғанда ондай шешім жалпыға міндетті болып табылмайды және заңдық зардаптарды тудырмайды.

М.С. Строгович осыған байланысты қылмыс жасауда тұлғаның «ең алдымен қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы өзіне қатысты қылмыстық іс қысқартылатын тұлғаны кінәлі деп тану актісі ешқандай бола алмайтындығын» жазған1.

Оны бұл тұжырымда Б.А. Галкин2, Н.Е. Жогин мен Ф.Н. Фаткуллин3, А.А.Рзаев4 қолдайды. Я.О. Мотовиловкер аталған көзқарасты аргументтей отырып, «қылмыстық істі (ақтамайтын негіздер бойынша) қысқарту туралы қаулыда тұлға ресми түрде кінәлі болып жарияланбауы тезисінің пайдасына қаулының өзі айыптау үкіміне теңестірілмейтіндігін, оның соттылықты тудырмайтынын, кінәсіздік презумпциясын жоққа шығармайтынын және үлкен маңызға ие болмайтынын атап көрсетеді, «бұл институттың ресми; мемлекет атынан тұлғаның қылмыс жасаудағы кінәлілігін жалпыға міндетті куәландыруды емес, қылмыстық істі шындығында, яғни кінәлілік немесе кінәлі еместік туралы мәселені зерттеу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет