______________________________
1 М.С.Строгович Курс советского уголовного процесса. Том1. М.;1968г. С.17
2 Б.А. Галкин Советский уголовно – процессуальный закон. М.:Госюриздат , 1962. С.249.
3 Н.В.Жогин, Ф.Н.Фаткуллин Предварительное следствие в советском уголовном процессе. М.:Юрид. Лит., 1965. С.34.
4 А.А.Рзаев Прекращение уголовного дела по нереабилитирующим основаниям в стадии предварительного расследования: Учеб. Пос. Караганда, 1982г. С.14.
қажеттілігі жойылу себебінен қысқартуды білдіретінін» көрсетеді1.
Осылайша, қылмыстық істерді ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту институтының болуы Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейді.
Күшіндегі заңнама олардың әрқайсысын анықтау кезінде тергеуші қылмыстық істі қысқартуға құқылы болып келетін ақтамайтын негіздерді қарастырады2:
1. Жазықсыз зиян келтіру (ҚР ҚК 23-б. 2,4-б).
2. Қылмысқа дайындалу және оқталу (ҚР ҚК 24-б. Ауыр немесе орташа ауырлықтағы қылмыс бойынша).
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 26-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту.
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 32-37 баптар (қажетті қорғану, қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зияе келтіру, аса қажеттілік орынды тәуекел ету, күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу, бұйрықты немесе өкімді орындау).
Аталған негіздердің айырмашылықтарының барлығына қарамастан, оларды біріншіден, олардың әрқайсысының ақтамайтын негіз болып табылатыны біріктіреді: тұлға нақты бір қоғамға қауіпті әркет жасаған, бірақ осы нақты жағдайда алдын ала тергеу органы оны фактілі түрде олай деп саналмайды3.
Екіншіден, тергеуші міндетті емес, тек аталған негіздердің кез-келгені бойынша істі қысқартуға немесе нақты негізі болған жағдайда қысқартпауға құқылы.
Үшіншіден, бұл негіздерді барлық негіздерге белгілі бір ортақ шарттардың болуымен байланысты оларды қолдану мүмкіндігі жағдайы біріктіреді.
Мұндайлардың қатарына мыналарды жатқызу керек:
-
Қылмыс фактісінің өзін анықтау, егер іс бойынша қылмыс оқиғасының өзі анықталмаса немесе іс-әрекетте қылмыс құрамының болуы дәлелденбесе, онда іс ақтайтын негіздер бойынша қысқартылуы тиіс.
-
Тұлғаның ол үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылатын
_______________________________
1 Я.О. Мотовиловкер О принципах объективной истины, презумпции невиновности и состязательности процесса: Уч. Пос. М.;1984г. С.92.
2 Уголовно процессуальный кодекс РК. ( Общая часть ) Комментарий / Под ред. И.И. Рогова, С.Ф. Бычковой , К.А. Мами , Алматы: Жеті жарғы , 2002г. С.44
3 Синев Д.В. Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Алматы, 2003г. С. 85.
қылмыс жасаудағы кінәлілік фактісін нақтылау. Осыған байланысты қандай процесуалдық актімен тұлғаның кінәлілігі белгіленетіндігі туралы мәселе туындайды. Ондай процессуалдық акт ретінде жауапқа тарту туралы қаулысы болуы мүмкін. Бұдан Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабында көзделген негіз бойынша қылмыстық істі қысқарту тұлғаны айыпталушы ретінде тартудан кейін мүмкін болатыны туралы қорытынды шығаруға болады.
-
Тұлға қылмыс белгілеріне жататын қоғамға қауіпті әрекетті бірінші рет жасаған.
-
Қылмыстық заңмен ол іс-әрекет ауыр немесе аса ауыр дәрежедегі қылмыс қатарына жатқызылмаса.
-
Тұлға өзіне қатысты қылмыстық істің қысқартылуына жалпы және дәл осы нақты негіз бойынша қысқартылуына келіседі.
-
Істің қысқартылуымен прокурор келіседі.
Сонымен қатар қылмыстық істі шын өкінуге байланысты қысқарту мүмкіндігі қарастырылған. Шын өкіну алғаш рет ауырлығы онша емес қылмыс жасаған тұлға өзін кінәлі деп есептейді және ол үшін өкініп, жасалған әрекеттің құқыққа қайшы сипатын сезінеді1.
Қылмыстық заң шынайы өкінудің белгілері ретінде ерікті түрде кінәсін мойындап келуі, қылмысты ашуға әрекеттесуді, келтірілген зардаптың орнын толтыру немесе өзге де түрде қылмыс нәтижесінде келтірілген зиянды өтеуді атайды.
Бұл жағдайлар қылмыстық істі тек қана сотпен емес, сонымен бірге құқық қорғау органымен алдын ала тергеу стадиясында қысқартуды мүмкін етеді. Қылмыстық істі қысқартуға дейін тұлғаға істерді қысқарту негіздері және осы негіздер бойынша істі қысқартуға қарсылық білдіру құқығы түсіндірілуі тиіс.
Оған қатысты қылмыстық іс қысқартылатын тұлғаға істі қысқартудың құқықтық негіздерін және шешім қабылдауға қарсылық білдіру мүмкіндігін түсіндіруі – бұл істі қысқарту мен қылмыстық жауаптылыққа тартылған тұлғалардың құқықтарының заңдылығы мен негізділігінің қосымша кепілдігі.
_______________________
1 Н.В. Жогин, Ф.Н.Фаткуллин Предварительное следствие в советском уголовном процессе. М., 1965г . С.114
2 Уголовно процессуальный кодекс РК. ( Общая часть ) Комментарий / Под ред. И.И. Рогова, С.Ф. Бычковой , К.А. Мами , Алматы: Жеті жарғы , 2002г. С.44
3 Синев Д.В. Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Алматы, 2003г. С. 85.
3.Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің заңды және дәлелді болуы.
3.1.Қылмыстық істі қысқартудың процесуалдық тәртібі
Күшіндегі қылмыстық іс жүргізу заңы қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқарту құқығын анықтау органына, тергеушіге, прокурорға және сотқа береді. Сонымен бірге, қылмыстық іс жүргізу заңы қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқарту процедурасын қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын (ҚР ҚІЖК-нің 37-бабы) және қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайларға сілтеме жасай отырып регламенттейді. Бұл мән-жайлардың әрқайсысында қарастырылып отырған шешімді қабылдаудың іс жүргізушілік тәртібінің белгілі бір спецификасы бар. Жоғарыда аталып өткендей, қылмыстық іс бойынша ақтайтын және ақтамайтын негіздермен байланысты адамды қылмыстық жауаптылықтан босату, қылмыстық іс бойынша өндірісті жүргізуші органдардың (ҚР ҚІЖК-нің 38-бабы) құқығы және міндеті (ҚР ҚІЖК-нің 37-бабы) де болуы да мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздерін белгілейтін Қылмыстық кодекстің кейбір баптары, өздерінің мазмұнында, іс жүргізушілік элемент – оларды қолдану субъектілерін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 66,68-баптарының, аталған кодексінің 69-бабының бесінші бөлігінің, 372,373,375-баптарының ескертпелерінің негізінде адамды қылмыстық жауаптылықтан босату арқылы қылмыстық істі қысқарту соттың ерекше құқығы болып табылады. Осылайша, алдын ала тергеу кезінде адамды қылмыстық жауаптылықтан ақтамайтын негіздерге байланысты қылмыстық іс бойынша өндіріс қысқартылуға жатады:
-
Императивтік тәртіппен рақымшылық ету актісі салдары (ҚР ҚІЖК 37-бабының 1-бөлігінің 3-тармағы, ҚР ҚК 76-бабы), мерзімінің ескіруіне байланысты (ҚР ҚІЖК 37-бабының 1-бөлігінің 4-тармағы, ҚР ҚК 69-бабының 1-бөлігі), ауыр емес қылмыс жасаған немесе адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты (ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлігінің 5-тармағы, ҚР ҚК 67-бабының бірінші бөлігі), қайтыс болған адамға қатысты ҚР ҚІЖК 37-бабының 1-бөлігінің 11-тармағы), ҚР ҚК ережелеріне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты (ҚР ҚІЖК 37-бабының 1-бөлігінің 12-тармағы, 5-бап, 15-баптың үшінші бөлігі, 24-баптың екінші және төртінші бөліктері, ҚР ҚК 26,125,165,193,233,234,236-баптарының ескертулері және т.б.);
-
Факультативтік тәртіппен орташа ауыр қылмыс жасаған адамның жәбірленушімен татуласуына байланысты (ҚР ҚІЖК 38-бабының бірінші бөлігі, ҚР ҚК 67-бабының екінші бөлігі), шын өкінуіне байланысты (ҚР ҚІЖК 38-бабының бірінші бөлігі, ҚР ҚК 65-бабы), ҚР ҚК ерекше бөлімінің баптарының ескертулерінің негізінде (ҚР ҚІЖК 38-бабының бірінші бөлігі, ҚР ҚК 376-379,381-баптарының ескертулері).
Қылмыстық іс сотпен, прокурор, тергеушімен және анықтау органымен тиісті құжаттың негізінде, яғни қылмыстық іс бойынша туындаған сұрақтарды толық көлемде ұйғарым немесе қаулы шығарумен өндіріс қысқартылады.
Қылмыстық істі дұрыс қолдану барысында қылмыстық және қылмысты дарды дұрыс қолдану міндетті болып табылады.
Әрекетті дұрыс саралау (квалификациялау) мен барлық процесуалдық әрекеттерді қатаң сақтау үшін заңды дұрыс қолдану іс үшін өте маңызды.
Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны тергеуші шығарады, ал пркурор тиісті құжаттың заңдылығын тексеріп, қысқарту мен келіскен жағдайда істі толығымен қысқартуға рұқсат береді.
Мұндай шешім қабылдау барысында қылмыс оқиғасын, фактісін, қылмыс жасаған адамды және оның әрекетін өзге де заңмен белгіленген негіздерді анықтау керек.
Қылмыстық істі тергеу барысында барлық заңмен белгілнеген тиісті тергеу әрекеттері орындалуы тиіс. Қылмыс жасаған адамды жауапқа тарту , яғни айыпталушы ретінде немесе сезікті ретінде тану керек, қылмыстық әрекеттен залал көрген жәбірленуші ретінде танып өзгедей тергеу әрекеттерін жүргізу.
Құқық қорғау органдарының шығаратын құжаттарына, яғни қаулысы мен ұйғарымына, соттың шығаратын нормативтік құжаты – үкімге қойылатын заңдылық және негізділік қағидасына мынадай талаптар қойылады:
Қаулы мен ұйғарым негізді болуы үшін келесідей талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1. Процесуалдық құжаттығы келтірілген қорытындылар мен шешімдер іс бойыша жиналған дәлелдемелерге негізделген;
2. Жиналған барлық дәлелдемелер басшылыққа алынған;
3. Бұл жиналған дәлелдемелер жиынтық бойынша жиналған;
4. Дәлелдемелердің негізінде тек бір ғана нақты қорытындының
болуы ;
5. Қорытындылардың фактілік жағдайларға қайшы келмеуі;
6. Процесуалдық құжаттың дәлелдеу бөлімі толығымен сипаттау бөліміне қайшылықсыз сәйкес болуы қажет.
Қылмыстық істі қысқарту барысында қылмыстық және қылмыстық іс жүргізушілік заңдарды дұрыс қолдану міндетті болып табылады.
Заңды дұрыс қолдану әрекетті дұрыс саралау (квалификациялау) мен барлық іс жүргізушілік тәртіпті қатал сақтауы үшін қажет.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізушілік кодексінің 8-бабында қылмытық процестің міндеттерінің бірі ретінде қылмыстық заңды дұрыс қолдану деп көрсетілген. Қылмыстық процесуалдық заңның талабын дұрыс орындау – бұл іс бойынша өндірісті дұрыс жүргізудің маңызды кепілдігі. Материалдық және процесуалдық құқықтың нормалары бұзылмауы үшін тиісті құзіретті тұлғаның қылмыстық істі шешуі үшін Қылмыстық Кодекс пен Қылмыстық іс жүргізу кодекстің тиісті баптарына сілтеме жасауы қажет.
Іс бойынша өндірісті қысқарту туралы шешім ҚР ҚІЖК 7-бабының 33 және 34-тармақтарының мазмұнында көрсетілгендей, ҚР ҚІЖК 202,269-баптарында бекітілген талаптарға сәйкес дәлелді қаулы нысанында шығарылады.
Қылмыстық істі қысқарту туралы процесуалдық акт үш бөлімнен тұрады. Мұндай іс жүргізушілік құжатты дәстүрлі түрде үш құрамдас, яғни:
-
Кіріспе
-
Сипаттама – дәлелдеу
-
Қарар бөліктеріне бөлу қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізушілік кодекстің 269-бабы 5-бөлігіне сәйкес қаулының кіріспе бөлімінде оның жасалған уақыты мен орны, тергеушінің аты – жөні мен лауазымы көрсетіледі. Тәжірибеде бұған қоса қылмыстық іс номері және осы іс қозғалған ҚР ҚК Ерекше бөлімінің бабы көрсетіледі.
Ал қаулының сипаттама – дәлелдеу бөлімінде істі қозғауға себеп пен негіз болған жағдайлар, іс бойынша қылмыс жасады деп сезік келтірілген немесе айыпталған адамдар, олардың мәнісі, қылмыстық – құқықтық біліктілік және бұлтарттпау шаралары туралы деректерді көрсете отырып, оны тергеу нәтижелері баяндалады. Сонымен қатар, қаулының сипаттама – дәлелдеу бөлімінде іс бойынша өндірістің барысы: қылмыстық істерді біріктіру немесе қылмыстық істерді бөлектеу, негіздерін көрсете отырып іс бойынша өндірісті тоқтата тұру көрініс табады.
Адам айыпталушы ретінде тартылды ма, қылмыстың жолын кесу шаралары қолданылды ма бұлар да көрсетіледі. Сипаттама – дәлелдеу бөлімінде адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға негіз болған қылмыстық заң нормалары және іс бойынша өндірісті қысқартуға негізді көздейтін қылмыстық іс жүргізу заңының нормалары көрсетіледі. Бұл бөлім қабылданатын шешімнің негізділігін көрсетеді.
Әдебиеттерде іс жүргізушілік құжаттағы дәлелдеу нысанының дұрыстығын растайды, шешімдегі қорытындыларды тексеруге көмектеседі. Сондай-ақ, сенімді дәйектелген құжат оған қатысты тұлғаларға тәрбиелік етеді.
Дәлелдеу қылмыстық істі қысқартуға негіздердің бар екендігін және тергеу барысында анықталған мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің тура, логикалық және бірізділік жүйесін қамтиды. Әдебиеттерде қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартқан кездегі қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларын дұрыс қолданудың қажеттігі көрсетіледі. Қылмыстық заңның дұрыс қолданылуы әрекетті дәл саралау және ҚР ҚК Ерекше бөлімінің барлық ережелерін қатаң сақтаумен көрініс табады. Қылмыстық істі қысқарту кезінде қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарын орындау – бұл іс бойынша өндірістің дұрылыс жүзеге асырлуының қажетті кепілі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 269-бабының 6-бөлігі.
Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының сипаттама – дәлелдеу бөлігінде көбінесе қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдары нормаларының мазмұны келтіріледі, олардың түсініктемелері беріледі және іс бойынша анықталған мән-жайлармен байлагысы көрсетіледі. Сонымен, қаулыда «Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 38-бабына сәйкес тергеуші прокурордың келісімімен жәбірленушімен татуласуына байланысты адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық істі қысқартуға құқылы» екендігі көрсетілуі мүмкін. ҚР ҚК 67-бабына сәйкес ауыр емес немесе орташа ауыр қылмысты бірінші рет жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін».
«ҚР ҚК 9-бабының екінші бөлігіне сәйкес қоғамға қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға не мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады».
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 269-бабының жетінші бөлігіне сәйкес қаулының қарар бөлімінде істі қысқарту үшін негіз болған осы Кодекстің бабын (бөлігі, тармағын) көрсете отырып, істі қысқарту туралы шешім, сондай-ақ бұлтартпау шарасын қолданбау туралы, мүлікті тұтқындауды алып тастау туралы, қызметінен уақытша босатуды тоқтатуды алып тастау туралы, хат-хабарды тұтқындау, сөйлескен сөдерді тыңдау мен жазып алу, заттай дәлелдердің тағдыры туралы нұсқау баяндалады.
Әдебиеттерде көрсетілгендей, қаулының қарар бөлігі оның сипаттама бөлігінен логикалық түрде шығуы тиіс.
Заң бойынша істі қысқартуға айыпталушының немесе жәбірленушінің келісімі бойынша ғана жол берілетін жағдайларда мұндай келісімнің бар екені қаулыда көрсетілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының бірінші бөлігінің, 1,2-тамақтарында және үшінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша қысқартылған ретте қаулыға оларға қатысты іс қысқартылған адамдардың кінәсіз екеніне күмән келтіретін сөз орамдарын енгізуге жол берілмейді. Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының көшірмесі прокурорға жіберіледі.
Істі қысқарту туралы және қысқарту негіздері туралы тергеуші сезіктіге, айыпталушыға, олардың қорғаушыларына, жәбірленушіге және оның өкіліне азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкілдеріне, сондай-ақ арызы бойынша іс қозғалған адамға немесе ұйымға жазбаша хабарланады. Тиісті адамдардың іс материалдарымен танысу құқығы және істі қысқарту туралы қаулыға шағым жасау тәртібі түсіндіріледі. Осы адамдардан келіп түскен өтініш бойынша оларға істі қысқарту туралы қаулының көшімесі тапсырылады.
Тергеушінің қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысына сезікті, айыпталушы, олардың қорғаушылары, жәбірленуші оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері, сондай-ақ арызы бойынша іс қозғалған адам немесе мемлекеттік органның немесе ұйымның өкілі тергеуге қадағалау жасап отырған прокурорға шағымдана алады. Іс прокурордың келісімімен қысқартылған жағдайда қаулыға жоғары тұрған прокурорға шағымдануға болады.Сондай-ақ қылмыстық ізге түсу органы шығарған қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының көшірмесі 24 сағаттың ішінде прокурорға жіберіледі. Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының күші жойылған жағдайда іс бойынша іс жүргізу қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің ескірілуі шегінде жаңартылады.
Айыпталушы ретінде жауапқа тартуға дейін немесе кейін, сипаттама – дәлелдеу бөлімде қылмыстық істі қозғаудың негіздері мен тиісті адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту, айыптаудың мәні баяндалады, қылмыстық істі қысқартудың негізі мен нақты дәлелдемелер көрсетіледі. Істі қысқартудың дәлелдерін келтіру ерекше орынға ие, яғни жүйелі түрде ойды өндірісті қысқартудың заңға сәйкестігін анықтау қажет1.
Қылмыстық істі қысқартудың негізін баяндағаннан кейін Қылмыстық іс жүргізу кодексінің баптарына сілтеме жасалып, осы негіздерді қарастыратын, сондай-ақ баптарға да, қылмыстық істі қысқартуға арналған тәртіпте құжат толтырылады2.
Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының күшін тергеуші өзі жоя алмайды. Шығарылған қаулыған қаулының заңдылығы мен негізділігін прокурор тексеріп, істің сотқа жіберілуін немесе қысқартылуына рұқсат етеді. Егер прокурор қылмыстық істің қысқартылуын заңсыз немесе негізсіз деп шешсе , мұндай жағдайда прокурор істі өзі қайта жалғастырады не тергеу бөлімінің бастығына нұсқау береді. Өндіріс бойынша қылмыстық істі қайта қарауды жалғастыру жүзеге асырылады, егер қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі ескірмесе3.
Қысқартылған қылмыстық іс бойынша мынадай жағдайларда4
1. Тергеушінің қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысының күші жойылғанда;
2. Сот қылмыстық істің негізсіз қысқартылуына берілген арызды іс жүргізушілік заңның тәртібімен қанағаттандырғанда қайта жалғастырылады.
Қысқартылған іс бойынша іс жүргізу адамды қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі өтпеген жағдайда ғана қайта жалғастырылуы мүмкін5.
__________________________
1 Синев Д.В. Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Алматы, 2003г. С. 85.
2Уголовно процессуальный кодекс РК. ( Общая часть ) Комментарийй / Под ред. И.И. Рогова, С.Ф. Бычковой , К.А. Мами , Алматы: Жеті жарғы , 2002г. С.44
3А.А.Рзаев Прекращение уголовного дела дела по нереабилитирующим основаниям в стадии предварительного расследования: Учеб. Пос. Караганда, 1982г. С.14.
4А.Н. Ахпанов, А.Л.Хан О понятии предварительного следствия и дознания в свете нового законодательства Республики Казахстан , Караганда 1999г, С.150.
5Төлеубекова Б.Қ. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім. Алматы 2000ж. 212-бет
Қорытынды
Бұл жұмыста қылмыстық істі қысқартуға байланысты негізгі сұрақтарға тоқталып, тәжірибеде қолдану барысында қиындық тудыруы мүмкін негізгі ережелеріне талдау жасалды. Қылмыстық іс жүргізу құқығында қылмыстық істі қысқарту күрделі институттың бірі болып табылады. Себебі бұл институт теориялық жағынан да тәжірибелік жағынан да терең зерттелмеген.
Б.Қ.Төлеубекованың берген түсініктемесі бойынша: қылмыстық істі қысқарту – соттың немесе қылмыстық ізге түсу органының іс жүргізушілік қызметінің аяқталғаны туралы шешімі.
Қылмыстық істі қысқарту – қылмыстық процесуалдық құқықтың институты. Аталған институттың ең басты кемшілігі, оның нормалары бүкіл Қылмыстық іс жүргізушілік кодексте шашырап жатыр. Бұл нормалардың кодексте шашыранды болуы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысы барысында қиындықтар туғызады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде аталған институтты жеке бөліп, тарау ретінде қараса тиімді болар еді.
Қылмыстық істі ақтайтын және ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту өндіріс бойынша соңғы саты болып табылады. Іс бойынша жиналған дәлелдемелерді бағалау мен анализдеу барысында мән-жайлар анықталып, тиісті орган қылмыстық істі қысқартуға байланысты шешім қабылдайды. Шешім заңда бекітілген тәртіпте және нысанда шығарылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37 және 38 баптарында қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар туралы айтылады. Осы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 269 бабының 1 бөлігінде осы Кодекстің 37 және 38 баптарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша қысқартылады.
Істі ақтайтын негіздер бойынша қысқартуда қылмыс оқиғасы мен қылмыс құрамдарының болмауы негізге алынады. Іс қысқартылғанға дейін сезіктіге айыпталушыға қысқартылу негізі мен осы негіздер бойынша қысқартылуға қарсылығын мәлімдеу құқығы түсіндіріледі (ҚР ҚІЖК 51-бабының 2-бөлігі). Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқартудың да маңызы төмен емес. Біріншіден, қылмыстық жауаптылықтан босатылған азаматтар өзінің әрекеттерімен болашақта жақсы ниеттерін дәлелдей алады. Екіншіден, алдын ала тергеу органдары өздерінің назарларын тұтас қоғаммен азамат мүдделеріне ауыр зиян келтірілген қоғамдық қауіптілігі өте жоғары қылмыстарды тергеуге жұмсай алады. Қылмыстық істі қысқарту жәбірленушінің де құқықтарын бұзбайды.
П.М. Давыдов пен Д.Я. Мирскийдің пікірінше ескіру мерзімі – бұл заңмен белгіленген мерзім, оның өтуі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартудың мақсаттылығы жойылса да іс міндетті түрде қысқартуға жатады1. Ал қылмыстық құқық ғылымына өз үлесін қосқан ғалымдар төмендегідей анықтаманы көрсетеді. А.Я. Дубинский және өзге де ғалымдар:
«Рақымшылық ету актісін қолданудың негізгі талабы ретінде тұлғаның жасаған қоғамға қауіпті әрекетінде қылмыс құрамының бар екендігі міндетті түрде нақты дәлелденген болуы тиіс», деп көрсетеді. Рақымшылық актісі әдетте, елде болған елеулі оқиғаларға немесе мерей тойларға байланысты қолданылады.
Қоғамға қауіпті іс-әрекет жасау сәтінде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкін болатын жасқа толмаған тұлғаға қатысты қылмыстық іс міндетті түрде қысқартуға жатады (ҚР ҚІЖК 37б , 1б ,10т).
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қайтыс болған адамға қатысты норма және қылмыстық жауаптылық мәселесі мүлде қарастырылмаған. Бірақ материалдық қылмыстық құқықтық қатынастың субъектісінің болмауы өзінің өмір сүруін тоқтатады.
Іс жүргізушілік заңның тиісті бабы мен бөлігіне сәйкес қылмыстық іс бойынша қайтыс болған адамға қатысты (қылмыс жасаған адам) ақтамайтын негіздер бойынша адамды қылмыстық жауаптылықтан босататын жағдайда қылмыстық іс қысқартылады.
Қылмыстық істі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағы бойынша қысқарту тәжірибеде біршама қиындықтарды туғызады. Себебі іс жүргізушілік кодексте нақты қай қылмыстар бойынша қысқартылатындығы немесе негізі атап көрсетілмеген. Мұнда бұл норманың заңдық мазмұнымен қолдану негізі жоқ.
Тараптарды татуластыру институты жәбірленушінің қылмыстық процестегі рөлі мен белсенділігін арттыруға, оның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын тез қалпына келтіруге бағытталған. Ал татуласу заңға сәйкес қылмыстық іс қозғалғанға дейін орын алуы қажет, яғни алдын ала тергеу жүргізу барысында немесе істі сотта қарау кезінде, бірақ соттың үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетуге дейін болуы шарт.
Есі дұрыс күйінде қылмыс жасаған, бірақ сот үкім шығарғанға дейін өзінің әрекеті жөнінде өзіне есеп беру немесе өзінің әрекетін басқару мүмкіндігінен айырылған, есі ауысу дертімен ауырып қалған адамды жазаға сот тартпайды және ол жөнінде қылмыстық іс қозғалмайды.
Қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық қудалауды тоқтату туралы күшін жоймаған қаулысы бар тұлғаға қатысты қылмыстық іс бойынша өндіріс ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 20-бабына сәйкес жойылады, яғни ешкімді де нақ бір қылмыс үшін қайтадан қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 1-бөлігі 7-тармағы бойынша өзі туралы белгілі бір айыптау бойынша соттың заңды күшіне енген үкімі не қылмыстық ізге түсудің мүмкін еместігін белгілейтін соттың күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты қылмыстық істің қысқартылуы, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 20-бабына сәйкес іс бойынша ары қарай өндірісті жалғастыру мүмкіндігін жояды, соттың шешімінің қылмыстық іс бойынша міндетті күшін көрсетеді, осы жағдай орын алған кезде қылмыстық жауаптылыққа негіз бойынша қайталап тарту мүмкіндігі жойылады
Қорыта келе қылмыстық процестегі «қылмыстық істі қысқарту» институтына байланысты мәселелер толық зерттелмеген. Зерттеу жүргізіп барлық дискуссиялы сұрақтарды шешу бұл институтқа ауадай қажет деп ойымды қорытындылаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |